Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі




Скачать 79.97 Kb.
НазваниеАсубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі
Дата конвертации12.01.2013
Размер79.97 Kb.
ТипДокументы
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі

Құрметті кент тұрғындары,қазіргі уақытта барлық жердің барлық деңгейдегі әкімдері халық алдында есеп беруде.Бүгінгі күні бізде алдарыңызда 2010 жылы Асубұлақ кенті әкімі аппартының атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, сіздердің арыз шағымдарыңызды, ары қарай жұмыс барысын жақсарту мақсатында пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды тыңдайық деп жиналдық.

Кенттің әлеуметтік – экономикалық дамуы:

Асубұлақ кенті әкімі аппаратына қарасты жалпы халық саны -2829 адамды құрайтын 1 елді – мекен бар. Кент бойынша зейнеткерлер саны – 617 адам, 1,2,3 топ мүгедектер саны – 146 адам, тыл қызметкерлерінің саны – 150 адам, мүгедек балалардың саны – 7 адам, оралмандар отбасы - 24.
Негізгі экономикалық көрсеткіші:

Кентте -893 аула бар. Оның ішінде 352 – қосалқы шаруашылық иелері. Кентте ірі қара мал -1201, жылқы-81,қой мен ешкі -993, шошқа-15, құс -1395 басты құрайды. Кентте бір дәрігер лицензиат жұмыс істейді Ж. Мусагалиев. Жылына 2 рет қан алу және мал егу жұмыстары өтеді.

41 га жерге картоп, 3,6 көкеніс егілді. Ауылшаруашылық техникасы барлығы- 25, дөңгелекті-6, шыншыр табанды трактор - 8, 1- экскаватор. Кентте 14 мекеме мен ұйымдар жұмыс жасайды. Әкімшілік ғимараты ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы бар, 22 дүкен, 1 киоск. Кент тұрғындары Өскемен қаласының «Алтын нан» фирмасының сапалы нанымен қамтамасыз етіледі. Ең қажетті 37 тауарларға баға 10 пайыздан жоғары қосылмауын әкімшілік қызметкерлерімен жұмасына 2 рет қадағалауда. Бүгінгі күні кентте «Казақтелеком» акционерлік қоғамының бөлімшесі, «Казпошта» акционерлік қоғамының бөлімшесі, Шығысэнерготрейд, ж.к. «Пожелаев» жанар-жағар май станциясы, Асубұлақ полиция бөлімшесі, өрт сөндіру бөлімшесі, Асубұлақ орта мектебі,Асубұлақ ауылдық ауруханасы, Асубұлақ орман шарушылығы, ЖШС «LТД Белогорстрой», ЖШС « Тау -2002», ЖШС «ГРК БГОК»,ЖШС «Красный Кардон», ж.к. Канапьянова, павильон-закусочная, шаштараз, жеке кәсіпкер Е. Байжуменовпен мал соятын алаң, дөңгелек жөндеу цехы жеке кәсіпкер Буш В. ашты, ашық кіші рынок жұмыс жасайды.Кентте Ұлан ауданы ауылшаруашылық бөлімімен 400 мыңға мал қорымы салынды. Клабукова В. өндіріс тауарларын сататын «Халима» дүкені, М. Ибрашова «Дастархан» киоскісін ашты. Өскемен қаласына 5 уақыт автобус қатынас жасайды, жеке меншік автокөліктері тасымалдайды.
Асубұлақ кенті аумағында Асубұлақ орта мектебінде:
Оқытушылар – 43, оқушылар саны -302, кіші балабақшаға баратын балалар

саны -31

Асубұлақ орта мектебіне - жол картасы бағдарламасы бойынша 10,5 млн теңге бөлінді: Барлығы 14 адам жұмыс істеді, оның ішінде жұмыссыздық есебінен - 12 адам.

Бөлінген қаражатқа жылу жүйелеріне ағымды жұмыстары жүргізілді, мектепке кіре беріс шатыры жөнделді, мәжіліс залы жөнделді

Асубұлақ ауылдық дәрігерлік ауруханасында

Барлық жұмыс істеушілер – 63 адам, 6 - дәрігер, 28 – медбикелер, 29- жұмыщылар бар. Стационарлық жататын 20 төсек, емделгендер саны – 659 адам, күндізгі емделуге 8 төсек бар, емделгендер саны -599 адам

Асубұлақ ауылдық ауруханасына ағымды жұмыстар жасады.Тегін тексеруден 656 адам өтті. 50 пайыздық жеңілдікпен 525 000 теңгеге медициналық көмек көрсетілді. Әйлдер өлімі жоқ, туған балалар өлімі - 2. Ұлан аудандық ауруханасынан Таврия ауылынан УЗИ аппараты берілді. Бірақ дәрігерді дайындықтан өткізу қажет.

2010 жылдың 01 қаңтарына жұмыссыздар есебінде 37 адам тұрды.

Қоғамдық ақылы жұмысқа - 80 адам тартылып, төмендегідей жұмыстар атқарды: Үнгірлі өзенінің жағалауынан бастап Тайынты өзененің жағалауына дейін 4 қоғамдық жұмыскер,шетіндегі теректерді қиып, тазалады өзен бойындағы жақын тұрған үйлер мен қораларды баспау мақсатында күнделікті мейрам,десалыс күндерде де мұз ойылып арнасы тазаланып отырады, 9 - мамыр мейрамы алдында Даңқ саябағының іші жөнделді, әктеліп, боялды, 10 орындықтар боялып қойылды, обелисктің сырты шынжырмен қоршалды. Саябаққа 100 қайың, 100 қарағай ағаштары отырғызылып, бір адам жаз бойы суарып күтті. Ленин көшесіндегі су құбырының маңайын кірпішпен көтеріп, жылылап, тұрғындар өздері қоршады. Жазғы мерзімде кіші базардың, орталық көшелердің су ағатын қанаулары тазаланды. Мира, Ушанова ,Солнечная көшелеріне трактормен қоқыс шығарылып отырады, соған тағы басқа көшелердің қосылса көшелерде қоқыс болмайтын еді. Күз мезгілінде аурухананың ауласы тазаланып, қоқыс шығарылды. Мира көшесіндегі және кіші базардың, мешіт, шіркеудің қасындағы қоқыстар шығарылды. Ушанова, Октябрьская көшелерінің канализация құбырлары тазаланды. Зейнеткер, оралмандар отбасына отынмен көмек көрсетілді және 2-ші топ мүгедек Т. Скачкоға отын берілді, қоғамдық жұмыссыздықтан 2 адам (Сегизбаева Н., Ибраимова А) 1 топтағы мүгедектерге көмек жасады. Көктемде су тасқынымен шайылып қалған Казаченко көшелеріндегі екі көпір жөнделді,су шайған өзен жағалауы бұзылған үйлерден шығарылған құрылыс материалдырымен бекітілді.Жұмыс аяқталған жоқ, көктем уақытында ары қарай жалғасытырылады

Асубұлақ кентінде 15 жаңа жұмыс орны ашылып, оның ішінде - 15 адам жұмыссыздық тіркеуінде тұрғандар. Бүгінгі күнге жұмыссыздар есебіне 21 адамға азайды. 92 адам тұрғын үй көмегін алды, әлеуметтік көмекке 25 жанұя құжат тапсырды, материалды көмек 28 адамға берілді, 18 жасқа дейінгі балалардың арналған жәрдемақысын 53 жанұя алды.

2011 жылдың 01 қаңтарына жұмыссыздар есебінде 16 адам тіркеуде тұр.

Кентте 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Қалыпты қызметтік жұмысын қамтамасыз ету үшін полиция инспекторына қызметтік автокөлік Нива 2121 ұсынылған.1 айға 80 литр бензин беріледі.Қызметтік кабинеті, телефоны бар. Учаскелік инспектордың алдын алу есебінде - 88 адам тұр. Қылмыстық іс - 13 қозғалды. Құқық бұзушылық бағдарламасын жүзеге асыру бағытында қылмыстың алдын алуда жасалған жұмыстар: тұрғындармен тоқсан сайын кездесулер, сұхбаттасу ұйымдастырылған,жазғы каникул кезінде қиын жасөспірімдер мен тұрмысы нашар отбасылары балаларына сауықтыру демалысын ұйымдастырылған, қоғамдық ұйымдар мен педагогикалық патруль жұмыстары жалғастырылуда.

2006-2010 жж «Жемқорлыққа қарсы өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру» барысында Асубұлақ кенті әкімінің аппараты қызметкерлерінің арасында тәртіп бұзушылық жоқ. «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы» арналған аумақтық бағдарламаларын басшылыққа ала отырып,жастар мен кәмелетке толмағандардың арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық ұйымдармен, нарколог дәрігермен бірлесе жастар бос уақыттарын өткізуге көп жиналатын жерлерде есірткі және психотропты заттарды қолданатын адамдарды анықтау мақсатында жедел алдын алу шараларын жүргізуде. Әкімшілік учаскеде жалпы саны 7 адамды құрайтын қоғамдық кеңес құрылған және жұмыс істейді.
Кент тұрғындарының үштен бір бөлігі азқамтылған отбасынан және қарт адамдардан құралады, сондықтан ақсақалдар алқасы, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесінің атқаратын жұмыстарының маңызы зор. Жалғызбасты - 29 зейнеткерге,

4 балаға әкімшілік тарапынан 4 әлеуметтік қызметкерлермен көп,1 адам қоғамдық жұмыссыздардан көмек көрсетеді. Қоғамдық кеңестер мүшелері тәртіп бұзушыларымен және тұрмыс жағдайы нашар отбасыларының құқық бұзушыларды дұрыс жолға салу жұмыстарын жүргізеде. 2010 жылы кент әкімшілігіне жазбаша келіп түскен арыз-шағымдар саны-36, ауызша түскен арыздар - 38. Барлығына қанағаттанарлық жауап берілді.

Әскери есеп столында 213 адам тіркеуде тұр,оның ішінде: жарамдысы- 172, жарамсызы-21, ҚР әскери қатарында - 3 адам өз әскери міндетін атқаруда.

Кент әкімшілігінде халыққа қызмет көрсету бойынша 2010 жылы сенімхаттар- 138 және арыздағы қолды растау – 26 жасалды. Жыл бойында шаруашылық кітаптарға толықтандыру жүргізу үшін 2 рет үйлерді аралап мал, құс санағы жүргізілді.

Асубұлақ кенті аумағында екі діни мекеме жұмыс істейді, олар «Қасен-Қажы» атындағы мешіт, «Астана және Алматы Епархиясынының Богородице-Рождественский приходы» шіркеу. Осы екі діни мекеме Асубұлақ кентінде достықты, өз ара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді.

Асубұлақ кентінде мәдени көпшілік шаралар өткізу ортасы болып Асубұлақ орта мектебі саналады.Барлық салтанатты жиындар осы жерде өткізіледі,белсенді қатысушыларға сыйлықтар мен мақтау қағазы беріледі. Тұрғындар алдында жергілікті көркемөнерпаздардың концертін тамашалайды.

Жылдағы Қарттар және мүгедектер күні мейрамдалатын болды, 80 жастан асқан зейнеткерлер назардан тыс қалмайды. Қарттар және мүгедектерге сыйлықтар және демеушілерден көмек көрсетіледі

2010 жылы «Қарттар және мүгедектер» күніне берілген сыйлықтар:

1. Асубұлақ кентінің әкімшілігі - 10 адамға дастархан жасап,сыйлықтар табыс етті.

2. Учаскелік аурухана – 5 адамға 1000 теңге көлемінде сыйлық табыс етті.

3. Телеграф - 2 адамға мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

4. Пошта - 1адамға сыйлық табыс етті

5. ТОО «Экострой» - 21 адамға 800 тенге көлемінде сыйлық табыс етті.

6. Өрт сөндіру бөлімі – 2 адамға көмек көрсетіп, мерекелік дастархан жайылды.

7. Полиция бөлімі – 2 адамға 6 000 тенге ақшалай көмек көрсетілді.

8. Асубұлақ орта мектебі - 11 адамға 15 мың теңге көлемінде дастархан жасап.

9. Орман шаруашылығы – 5 адамға 2000 теңгеден сыйлықтар табыс етілді.

10.Асубұлақ орта мектебінде қазанның 2 күні Қариялар және мүгедек күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.

9- мамырда Ұлы отан соғысы ардагерлеріне Коротовский А. Т, Габдуллин Т., Томилов М. пәтер кілті берілді. Асубұлақ кентіндегі барлық ұйымдар мен мекемелер соғыс және тыл ардагерлеріне арнап сыйлық берді. Мерекелік концерт өтті. Үшінші жыл кентте тұрғындар үшін Жаңа жыл бал маскарад өткізіледі. Жақсы костюм кигендерге сыйлықтар беріледі. Мейрамдар өткізу кезінде барлық ұйымдар мен мекемелер демеушілік көмек көрсетеді. Мысалы: Асубұлақ орман шаруашылығы, ЖШС «LТД Белогорстрой», өрт сөндіру бөлімі,әкімшілік қызметкерлері, Асубұлақ орта мектебі, Асубұлақ аурухана учаскелік бөлімі және тағы басқалары.

Сонымен қатар ойын-сауық орталығы «Болашақ» жұмыс жасайды. Онда әртүрлі секциялар жүргізіледі: Мысалы: Еркін күрес,тоғыз құмалақ, шахмат-дойбы, волейбол. Барлығы – 104 адам қатысады. Қыс мезгілінде барлық іс шаралар мектепте өткізіледі.

2010 жылға 239 мың теңге қаражат санитарлық тазалау жұмыстарына бөлінді, оның ішінен 39,5 мың теңгеге кезбе 13 итті атуға жұмсалды. Асубұлақ кент әкімішілігіне 199 мың теңге бөлініп, Токтарова, Казаченко, Мира (Шанхай) тағы басқа көшелерден 60 тонна қоқыс шығарылды. Жаз мезгілінде үйлерге қауіп төндіріп тұрған Ушанов, Ленин , Токтарова, Казаченко көшелерінде кейбір теректер түбіне дейін, кейбірі 3 метрге дейін кесілді өз күшімізбен.

Бюджеттен 950 мың теңге көшелерге су бұрғылауға бөлінген.

Кентте жарық орнатуға 900 мың теңге қаржы, Мир көшесінің басынан Октябрьская көшесінің көпіріне дейін 11 электр столбтары қойылды.

Жолдарға ағымды жөндеу жұмыстары өткізу мақсатында демеушінің көмегімен 1 тонна цемент алынып Мира (орталық), Октябрьская көшелерінің шұңқырлары ұсақ грави тастарымен жабылды.

Бұзылған көпқабатты үйлердің орындарын тазалауға жауапты тұлғалармен келісім-шарт жасалған, Кирова, 7,28, Ушанова, 29, Ленина, 19, Ушанова 10, 12 тұрғын үй бұзылған ғимараттың орнын жартылай тазалады,мерзімінде орындамаған жауапты тұлғалардың мекен жайлары Өскемен қаласы бойынша анықталуда, шара қолдану барысында Ұлан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына және Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хат жолданған. Ешқандай нәтиже болмағаннан облыстық экономиялық сотына құжаттары дайындалып аудан әкімшілігіне жіберілді.

Кент тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтамасыз етілген. Байланыс абоненттерінің саны 777 адамды құрайды

Қыс мерзімінде кент ішіндегі жолдарды тазалауға КГКП «Ұлан жолдарынан» Асубұлақ кентіне трактор бөлінген.

2010 жылы мүлік салығы – 52.999 теңге, 100 пайыз, жер салығы - 197 482, 103 пайызға орындалды, бір жолғы талондар бойынша – 70.910 теңгені құрайды.
2011 жылдық басылымға жазылу жұмыстары ұйымдастырылды. Мысалы «Дидар» газетіне – 38, Рудный Алтай - 51, Егеменді Қазақстан - 27, Казахстанская правда - 25, Ұлан таны - 215 және Ұлан таны - 40 дана

жалғызбасты,мүгедек адамдарға тегін жазылымдар беріледі.
2011 жылға жоспарланып отырған жұмыстар:

1. бұзылған ғимараттардың орнын тазалау

2. Бюджеттен бөлінген қаржыға су бұрғылау, теректердің басын кесу,

шам жарығын орнату, кезбе иттерді ату, тағы да басқа жұмыстар жүргізіледі.

Құрметті кент тұрғындары, 2010 жылы қаңтар айында болған жиында қойылған сұрақтар бойынша көптеген жұмыстар атқарылды, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар көп.

Похожие:

Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2012 жылы жоспарланған іс- шараларды талқылау үшін кездесіп отырмыз
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconАсубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық...
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconАзовое ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Округтың жалпы көлемі 56493 га құрайтын үш елді мекеннен құралған,адам саны 1037
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconАлмасай ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар ! Елбасының 6 сәуір 2005 жылғы №1546 «Жергілікті атқарушы органдарының жергілікті тұрғындар алдында атқарған жұмыстары жайындағы есебі»
...
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconЕкібастұз ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Жаңа 2010 жылдың табалдырығын аттаған кезеңде кездесіп отырмыз. 2010 жыл Бүтіндей Қазақстан үшін оның ішінде біздің Екібастұздықтар...
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconТаврия ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
...
Асубұлақ кентінің әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconЕгінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті округ тұрғындары!
Ауылдық округ әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница