Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті




Скачать 405.2 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
страница1/4
Дата конвертации12.01.2013
Размер405.2 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Қазақстан Республикасы

бас мемлекеттік санитарлық

дәрігерінің «05» 06 2009ж.

№ 9.05.219.09 бұйрығымен бекітілген

«Мир дезинфекции» ЖШҚ (Ресей) өндірген «Экобриз окси»

зарарсыздандыратын затын қолдану жөніндегі
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Астана, 2009 жыл

«Мир дезинфекции» ЖШҚ (Ресей) өндірген «Экобриз окси»

зарарсыздандыратын затын қолдану жөніндегі

әдістемелік нұсқаулық

Әдістемелік нұсқаулық Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ.д. К.С.Оспанов, орындаушы – профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция, дератизация бөлімінің меңгерушісі – О.А.Хасенова).

«Экобриз окси» зарарсыздандыратын затын талдаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері» бөлімін өндіруші фирма ұсынған.

Әдістемелік нұсқаулық емдеу-профилактикалық ұйымдарының персоналына, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне (басқармаларына), санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарына және зарарсыздандыру қызметімен айналысуға құқығы бар басқа да мекемелерге арналған.

1. Жалпы мағлұмат

  1. «Экобриз окси» зарарсыздандыратын заты (бұдан әрі – зат) ерекше иісі бар, түсі түссізден сары түске дейінгі, жуатын және хош иістендіретін қасиеті бар мөлдір сұйықтық болып табылады.

Әрекетті зат ретінде құрамында сутегі тотығы – 15%, полигексаметиленгуанидин гидрохлориді (ПГМГ) – 12%, сондай-ақ қосымша құрауыштар (қышқыл активаторлары, ионогенді ПАВ, тұрақтандырғыш, коррозия ингибиторы және т.б.) бар.

2. «Экобриз окси» затының грамтеріс және грамоңтайлы (туберкулез микробактерияларын, аса қауіпті және карантинді жұқпа қоздырғыштарын, вирустарды, Кандида және Трихофитон тектес ды қоса алғанда) бактерияларына қатысты микробқа қарсы белсенділігі бар.

3. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша аталмыш зат МЕСТ 12.1.007-76 сәйкес асқазанға енгізу барысында орташа қауіпті заттардың 3 класына жатады, теріге тиген кезде орташа қауіпті заттардың 4 класына жатады, ингаляциялық әсер ету кезінде бу түрінде ұшқындау дәрежесі бойынша зат аса қауіпті емес. Заттың тері мен көздің сілемейлі қабығына аз шамада жергілікті тітіркендіргіш және сенсибилизиттейтін әрекеті бар. Заттың 0,5% және одан жоғары концентрациясы теріге және көздің сілемейлі қабығына бір рет тигенде жергілікті тітіркендіру туғызады.

Әрекетті заттың жұмыс аумағының ауасындағы ПДК мынаны құрайды: сутегі қышқылы үшін – 0,3 мг/м3 (бу + аэрозоль, қауіптіліктің 3 класы, тері мен көзді арнайы қорғау керек); полигексаметиленгуанидин гидрохлориді үшін – 2 мг/м3 (аэрозоль, қауіптіліктің 3 класы).

4. Зат сумен жақсы араласады, мұздатқаннан кейін және ерігеннен кейін өзінің қасиетін жоғалтпайды.

5. Зат органикалық қоспаларды және қандай да болмасын материалдардан (шыны, айна, металл, керамика, хромдалған бұйымдар, кафель, резеңке, пластик, винил, фарфор, фаянс және т.б.) жасалған бұйымдардың үстіңгі беттерінен ақуыз қалдықтарын тиімді кетіреді, табиғи және синтетикалық сабындармен, анионды үстіртін-белсенді қоспалармен араластырмау керек.

Назар аударыңыз! Затты металдан жасалған және коррозияға қарсы төмен қасиеті бар материалдар (алюминий қорытпасы, көміртекті болат және т.б.) үшін қолдануға болмайды.

6. Заттың жарамдылық мерзімі – дайындаушының герметикалық ашылмаған қаптамасында 2 жылды құрайды, дайындалған жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі – 14 күн.
2. Қолдану аясы.
7. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі (клиникалық, микробиологиялық және т.б. зертханалар), мектептер мен балалар мекемелеріндегі, бактериялы (туберкулез бен АҚЖ қоса алғанда), вирустық және зеңді (кандидозалар, дерматофитиялар) жұқпа ауруларының ошақтарындағы алдын алу, ағымдағы және соңғы зарарсыздандыру.

8. Коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарындағы (мейманханалар, жатақханалар, шаштараздар, сән салондары, моншалар, кір жуу орындары, бассейіндер, спорт кешендері, мәдени-сауықтандыру кешендері, фитнес-клубтар, кинотеатрлар және т.б.) зарарсыздандыру.

9. Қоғамдық тамақтандыру мекемелеріндегі, өнеркәсіптік базарларындағы, ет өнеркәсібіндегі, автомобильді санитарлық көліктегі, теміржол көлігіндегі зарарсыздандыру.

10. Білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және пенитенциарлық мекемелеріндегі, қоғамдық дәретханалардағы зарарсыздандыру.

11. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі коррозияға қарсы металдар, шыны, резеңке, пластмассадан жасалған медициналық мақсаттағы бұйымдарды ультрадыбысты қолдана отырып, қолмен және механикаландырылған әдіспен стерилизациялау алдындағы тазартумен қатар жүргізілетін зарарсыздандыру;

12. ЕПМ-дағы эндоскоптарды жоғары деңгейлі дезинфекциялау (ЖДЗ);

13. Таңу материалдарын (мақталы-марлялы таңу материалы, мақта тампондары және т.б.), іш киім және бір рет қолданатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоса алғандағы, медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру.


3. Жұмыс ерітінділерін әзірлеу.

14. Аталмыш заттың жұмыс ерітінділері бөлме температурасындағы ас суына заттың сәйкес мөлшерін қосу жолымен (1 кестеге сәйкес) шыны, пластмассадан жасалған, сондай-ақ эмальданған (эмалі тұтас болуы керек) сыйымдылықтарда әзірленеді.

«Экобриз окси» затының жұмыс ерітіндісін дайындау

1 кесте

Жұмыс ерітіндісінің концентрациясы, %

Жұмыс ерітіндісін әзірлеуге қажетті зат концентратының мөлшері (мл):

Ерітіндінің 1л

Ерітіндінің 10л

препарат бойынша

ДВ

зат

су

зат

су

сутегі тотығы

ПГМГ

0,1

0,015

0,012

1,0

999,0

10

9990

0,2

0,03

0,024

2,0

998,0

20

9980

0,3

0,045

0,036

3,0

997,0

30

9970

0,5

0,075

0,06

5,0

995,0

50

9950

1,0

0,15

0,12

10,0

990,0

100

9900

1,5

0,225

0,18

15,0

985,0

150

9850

2,0

0,3

0,24

20,0

980,0

200

9800

3,0

0,45

0,36

30,0

970,0

300

9700

4,0

0,6

0,48

40,0

960,0

400

9600

5,00

0,75

0,6

50,0

950,0

500

9500

10,00

1,5

1,2

100,0

900,0

1000

9000


4. Затты алуан түрлі объектілерді зарарсыздандыру үшін қолдану
15. Зат ерітіндісін бөлмелердегі үстіңгі беттерді, бөлме жиһазын, санитарлық-техникалық жабдықтарды, жинау жұмыстарына арналған инвентарьді, іш киімді, ыдыс-аяқты, ойыншықтарды, науқастарды күтуге арналған заттарды, жалпы жинау жұмыстарын жүргізу барысында, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі стерилизациялау алдындағы тазартумен қатар жүргізілетін медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолданады. Зарарсыздандыру мақсатында пайдаланылатын заттың жұмыс ерітіндісі сәйкес экспозицияны сақтау барысында бір рет қана қолданылады.

16. Зарарсыздандыру жұмыстары суландыру, сүрту, матыру әдістерімен жүргізіледі.

17. Бөлмелердегі үстіңгі беттерді, қатты жиһазды, аспаптардың үстіңгі беттерін зат ерітіндісімен суланған шүберекпен сүртеді, затты шығындау нормасы 100мл/м2, немесе гидропультті, автомаксті қолдана отырып, 300мл/м2 есеппен суландырады, я болмаса «Квазар» типті бүркегішті қолдана отырып, 150мл/м2 есеппен суландырады.

18. Санитарлық-техникалық жабдықты зат ерітіндісімен щеткамен, ершпен тазалайды немесе суландырады. Зарарсыздандыру аяқталғаннан кейін санитарлық-техникалық жабдықты сумен шайып, жуады.

19. Резеңке кілемшелерді, пластмассадан, резеңкеден жасалған аяқ киімдерді зат ерітіндісіне салып, матырып қояды. Дезинфекциялық өңдеуден кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет

20. Іш-киімдерді 4кг құрғақ киімге 5л/кг есебімен зат ерітіндісіне салып, матырып қою керек (туберкулез, дерматофитиялар, күйдіргі кезінде), зарарсыздандырудан кейін іш-киімдерді жуып, шаю керек.

21. Жинау жұмыстарына арналған инвентарьді зат ерітіндісіне салып, матырып қояды. Зарарсыздандырудан кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет.

22. Асханалық және зертханалық ыдыстарды заттың ерітіндісіне матырып қою керек. Зарарсыздандырудан кейін оларды ағын ас суымен 5 минут бойы шаю керек.

23. Науқастарды күтуге арналған заттарды, ойыншықтарды зат ерітіндісіне интервалы 15 минут болатындай етіп, екі рет матырып, ерітіндіде суландырылған шүберекпен сүртеді. Зарарсыздандырудан кейін оларды сумен шайып, кептіру қажет.

24. Алуан түрлі жұқпалар кезінде зат ерітіндісімен объектілерді зарарсыздандыру тәртібі 2 кестеде келтірілген.

25. Жалпы жинау жұмыстары барысында 3 кестеде келтірілген зарарсыздандыру тәртібін басшылыққа алу керек.

26. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі Б және В класты медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру ҚРДМ бекіткен 23.06.2008ж. №362 «медициналық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарда» көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Қолданған таңу материалдары, салфеткалар, мақта тампондары, бір рет пайдаланатын іш киім зат ерітіндісі құйылған жеке ыдысқа салынып, суландырылады. Зарарсыздандыру аяқталғаннан кейін қалдықтарды пайдаға асыруға жіберу керек.

Медициналық мақсаттағы бір рет қолданатын бұйымдарды пластмассадан жасалған немесе эмальданған (эмалі тұтас болуы керек) қақпағы жабылатын сыйымдылықтарда зарарсыздандыру қажет. Зарарсыздандыру барысында бұйымды зат ерітіндісіне тұтасымен матыру керек. Зарарсыздандыру аяқталғаннан кейін бұйымды зат ерітіндісі құйылған ыдыстан алып шығып, пайдаға асыруға жіберу керек.

Медициналық қалдықтарды жинау мен жоюға арналған контейнерлерді сәйкес жұқпа тәртібі бойынша сүрту әдісімен өңдейді.

27. Коммуналдық, тұрмыстық (мейманханалар, жатақханалар, клубтар және т.б.), әкімшілік объектілеріндегі, қоғамдық тамақтандыру, ауыл шаруашылығы және сауда кәсіпорындарындағы, әлеуметтік қамсыздандыру, пенитенциарлық, білім беру, балалар мекемелеріндегі, автокөлік құралдарындағы, қоғамдық дәретханалардағы (биодәретханалар) профилактикалық зарарсыздандыру мен жалпы жинау жұмыстары туберкулезден басқа бақтериялық жұқпа кезіндегі зарарсыздандыруға арналған тәртіпке сәйкес жүргізіледі (2 кесте).

28. Монша, сауна, бассейн, шаштараз, спорт кешендері, санитарлық өткізу пункттеріндегі профилактикалық зарарсыздандыру мен жалпы жинау жұмыстары дерматофитиялар кезіндегі зарарсыздандыруға арналған тәртіпке сәйкес жүргізіледі (2 кесте).

29. Шаштараздар мен косметикалық құралдарды, соның ішінде бір рет қолданатын құралдарды зарарсыздандыру кезінде оларды сәйкесінше 60 немесе 15 минутқа зат ерітіндісі 1см асып тұратындай етіп, 1,0% немесе 2,0%-дық зат ерітіндісіне матырып қою керек. Бұйымның арналары мен қуыстарын зат ерітіндісімен толтыру қажет; ажыратылатын бұйымдарды зат ерітіндісіне ажыратылған күйде салу керек. Ілгекті жерлері бар бұйымдарды зат ерітіндісіне ашық күйде салу керек, арналары мен қуыстарына ерітіндінің жақсы енуі үшін бірнеше рет қозғалту керек.

Зарарсыздандыру аяқталғаннан кейін бұйымдарды 5 минут бойы ағын сумен шаю керек.

Бір рет қолданатын бұйымдарды зарарсыздандырғаннан кейін пайдаға асыруға жіберу керек.

30. Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды тасымалдауға арналған санитарлық көлікті сәйкес жұқпа кезіндегі өңдеу тәртібімен зарарсыздандырады, ал белгісіз этиологиялы жұқпа кезіндегі зарарсыздандыру вирусты жұқпа кезіндегі тәртіп бойынша жүргізіледі.

31. Күйдіргі кезінде объектілерді зарарсыздандыру үшін 60 минут экспозиция барысында 4%-дық зат ерітіндісін қолданған жөн, оба, туляремия, тырысқақ кезінде – 1,0% - 60 минут, 2,0% - 30 минут.

32. ЕПМ мен балалар мекемелеріндегі жалпы жинау жұмыстары №3 кестеде келтірілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Алуан түрлі объектілерді зарарсыздандыру тәртібі
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon«Бекітемін» Комитет төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшыларының 2012 жылғы 3-4...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті icon62538С сериялы, Диана 35 жалған препарат туралы ақпарат: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз»
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті «Байер каз» жшс ұсынған ақпаратқа...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
О. М. Хильченко әзірленген («Мир дезинфекции» аақ). «Миродез мусс» дезинфекциялау затын талдаудың «Физикалық-химиялық және талдамалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница