11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар




Название11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар
страница1/6
Дата конвертации12.01.2013
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
11-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

42-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.
      2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртiбiн, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:
      1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн;
      а) қол қойылатын бонусты;
      б) коммерциялық табу бонусын;
      в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;
      2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;
      3) үстеме пайда салығын қамтиды.
      Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.

      4. Су басқан, дебиті аз және бұрын қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), көмірсутегі шикізатының өте тұтқыр түрлерін игеретін, сондай-ақ қызметін рентабельділігі төмен келісімшарттар, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Қызметін жер қойнауын пайдалануға рентабельдігі төмен келісімшарттар бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы тиісті минералдық шикізатқа әлемдік нарықта қолайсыз конъюнктура кезеңінде белгіленеді. Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы жер қойнауын пайдалануға әрбір осындай келісімшарт үшін күнтізбелік жылдағы оның экономикасы және тиісті минералдық шикізатқа әлемдік нарықтың конъюнктурасы ескеріле отырып белгіленеді және жыл ішінде қайта қарауға жатпайды.
      Егер тиісті күнтізбелік жылға пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасы аталған жыл ішінде белгіленген жағдайда, онда күнтізбелік жыл басынан бері пайдалы қазбаларды өндіруге төленген салық осы тармаққа сәйкес белгіленген ставка бойынша қайта есептеледі.
      Жер қойнауын пайдаланушы бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, өндірген минералды шикізатты (пайдалы қазбаны) кейіннен одан әрі қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын белгілеу мақсатында рентабельділік деңгейі тұтастай заңды тұлға бойынша айқындалады.
      Бұл ретте, рентабельділікті есептеу үшін заңды тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғадан өңдеу үшін алынған және (немесе) сатып алынған минералды шикізатты қайта өңдеуді қоса алғанда, минералды шикізатты (пайдалы қазбаны) өндіруге және қайта өңдеуге тікелей байланысты кірістері мен шығындары қызметтің өзге түрлері бойынша кірістер мен шығындар ескерілместен, бөлек салықтық есепке алудың деректері негізінде есептеледі.
      Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкаларын белгілеу тәртібін қоса алғанда, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе бұрын қазылған санатқа жатқызу тәртібін және осындай келісімшарттардың, кен орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      308-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
               жүргізу жөнiндегi қызметке салық салу

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 – 200-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келiсiмшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келiсiмшарт шеңберiндегi кен орындарының бір бөлігін) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келiсiмшарт шеңберiндегi осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгi) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және ставкалар бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге мiндеттi.
      Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөнiндегi келiсiмшарттарға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
      Өндiрiлуi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделмеген және қорларын осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы бекіткен мұнайды, минералды шикізатты, жерасты суларын, сондай-ақ емдік балшықты коммерциялық өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді төлеуге мiндеттi.
      4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.
      5. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келiсiмшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.
      Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.
      Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.
      Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.
      6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.
      308-1-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың
                  салық міндеттемесін орындау тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта айқындалған салық режимi мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер үшiн сақталады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
      Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агентi ретiнде әрекет ететiн салыққа қатысты салық мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта төлем көзiнен ұсталатын салық салу тәртiбiн реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөнiндегi мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың салық режимiнде көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiмшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және осы келiсiм (келiсiмшарт) бойынша салық мiндеттемесiн орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келiсiмнiң (келiсiмшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режимiне сәйкес аталған келiсiмнiң (келiсiмшарттың) салық мiндеттемесiн орындайды.
      3. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салық міндеттемелерін орындау төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауы дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттемелер бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде – жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;
      2) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауды өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен табыс етуді (кері қайтаруды) осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде оператордың деректемелерін көрсетіп, оператор жүзеге асырады.
      4. Егер жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау барысында операторда салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушідегідей (салық агентіндегідей) салық міндеттемелері пайда болса, онда мұндай салық міндеттемелерін оператор дербес орындайды.
       309-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға
                 жатпайтын қызметке салық салу

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемелері туындаған күні Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

       310-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар
                 бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің
                 негізгі принциптері

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 4-тармағында айқындалған рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының тобын) әзірлеген кезде келісімшарт қызметі бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
      2. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:
      1) тікелей табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
      2) жанама табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;
      3) жалпы табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асыруымен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында бөлуді талап ететін жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;
      4) жалпы тіркелген активтер – келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;
      5) жанама тіркелген активтер – пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді;
      6) өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік пен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты емес басқа да шығындарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысы бар өндіріс шығындарын білдіреді.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.
      Жер қойнауын пайдаланушы алғашқы бекітілген салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) көшірмесін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатына (есепке алу саясатының бөлігіне) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) жаңа нұсқасы бекітілгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
      Осы тармақ ережелері сол сияқты осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.
      4. Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
      1) корпорациялық табыс салығы;
      2) қол қойылатын бонус;
      3) коммерциялық табу бонусы;
      4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
      5) үстеме пайда салығы;
      6) осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимдері негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі.
      5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;
      2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеуді;
      3) корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді;
      4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді;
      5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.
      6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған қандай да бір нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдары есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.
      7. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.
      Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.
      Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.
      Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.
      Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.
      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 8-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      8. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады. Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.
      Бағамдық айырмашылық бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.
      Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.
      9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:
      1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде алған табыстарының жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;
      2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;
      3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;
      4) мына баптардың бірі бойынша – жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;
      5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тiзiмдiк санына келісімшарт қызметіне қатысатын қызметкерлердің орташа тiзiмдiк санының үлес салмағы бойынша;
      6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.
      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
      Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі процентімен (0,01 %) айқындайды.
      10. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында өндірген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған жағдайда, осындай операция бойынша табысты өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын және 20 процентке ұлғайтылған өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
      Минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін өткізген жағдайда, осындай операциялар бойынша жиынтық жылдық табысқа Қазақстан Республикасы трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын сақтай отырып, бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімін өткізу бағасы негізінде, бірақ құнынан төмен емес негізде айқындалған табыс қосылады.
      Осы бөлімнің мақсатына орай шахта, кен, карьер, ұсату зауыты (қондырғы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндіріс немесе металлургия цехы (зауыт) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.
      11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:
      1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;
      2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;
      3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;
      4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.
      12. Мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы баптың 11-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті мұнай немесе тау-кен келісімшарттары бойынша салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс.
43-тарау. БОНУСТАР

      311-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
      1) қол қойылатын бонус;
      2) коммерциялық табу бонусы.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар iconЖалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар
Осы Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар icon13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер
...
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар icon9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану
Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген...
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар icon1. жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі...
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар iconПайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (590. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Декларацияны жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендік минералды құралымдардан пайдалы...
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар icon1-БӨлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды...
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар iconКоммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны жасау Ережесі (520. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Осы ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес...
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар icon110. 00-нысан Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Декларацияның өзінен (110. 00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу...
11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар iconI- тарау. Жалпы ережелер 1-шi бап. Студенттiк ұйымның ұйымдастыру формасы
«Тура би» бұл осы жарғыдағы нақтылы мақсаттарға жету үшін,студенттердің өз еркін білдіру арқылы құрылған дербес, студенттік ұйым
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница