Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы




Скачать 265.52 Kb.
НазваниеОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
страница1/2
Дата конвертации12.01.2013
Размер265.52 Kb.
ТипДокументы
  1   2
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 Қаулысы
"Казахстанская правда" от 26.03.2011 г., № 103-104 (26524-26525)


      Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                             К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 11 наурыздағы
№ 252 қаулысымен  
бекiтiлген     

Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасы (бұдан әрi – Қағида) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Бюджеттiк субсидиялар тауар өндiрушiлерге сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi – маңыздандырылған азық) құнын iшiнара арзандатуға (45%-ға дейiн), сондай-ақ сүт, биязы қой жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн), қой етiн, жылқы етiн, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндiрушiлерге сиыр етi, шошқа етi, сүт, қой етi, жылқы етi және биязы жүннiң есептiк нөмiрлерi бар қайта өңдеу кәсiпорындарына (бұдан әрi – қайта өңдеу кәсiпорындары), сою алаңдарына (пункттерiне) немесе қайта өңдеу кәсiпорындарының қызметiн пайдалану шартымен еркiн нарықта, ал құс етi, тағамдық жұмыртқа, қымыз және шұбаттың облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен квоталар шегiнде еркiн нарықта сатылған iс жүзiндегi көлемiне төленедi.
      3. Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi. Мал шаруашылығы өнiмдерiнiң субсидияланған көлемiнiң квоталарын анықтау тұқым мен өнiмдiлiк бағытына байланысты өнiм шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшiн негiз ретiнде өнiмдiлiктiң орташа аудандық статистикалық көрсеткiшi алынады.
      4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшамен белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндiрушiлер өндiрген сиыр етi, шошқа етi, биязы жүн, қой етi, жылқы етi, қымыз, шұбат, құс етi, тағамдық жұмыртқа және сүт (бұдан әрi – өнiм);
      2) тауар өндiрушiлер одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнiм;
      3) өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилирленген қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге берудi немесе сатуды қоспағанда, аффилирленген құрылымдарға тауар өндiрушiлер айырбас бойынша сатқан өнiм;
      4) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;
      5) жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндiк және шектеу iс-шараларының әрекет ету кезеңiнде тауар өндiрушiлер алған өнiм.
      5. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограмына, 1 (бiр) данасына арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) келiсiмi бойынша облыс әкiмiнiң шешiмiмен мынадай құжаттар бекiтiледi:
      1) субсидиялар алуға өтiнiмдер нысаны;
      2) аудан бойынша мал шаруашылығы өнiмiн сату туралы жиынтық актiнiң нысаны;
      3) мал шаруашылығы өнiмiнiң субсидияланатын көлемiн өндiруге квоталар мен тауар өндiрушiлер арасында субсидиялар мөлшерiн бөлу жиынтық тiзiмiнiң нысаны;
      4) мал шаруашылығы өнiмiнiң сатылған көлемi және субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомостiнiң нысаны;
      5) облыс бойынша қаражатты игеру жөнiнде есеп (ақпарат) нысаны;
      6) мал шаруашылығы өнiмiн сату көлемi жөнiнде есеп (ақпарат) нысаны.
      7. Облыстар және субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен анықталады.
      8. Министрлiк бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге аударады.

2. Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi

      9. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 1 наурыздан кешiктiрмей тиiстi ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте құс фабрикалары өздерiнiң бюджеттiк субсидияларды алуға арналған өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiсiп, содан соң Бөлiмге тапсырады.
      10. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң және құс фабрикаларының белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi және олар белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттiк субсидиялар алушылардың жиынтық тiзiмiн жасайды және оны аудан әкiмiне бекiтуге жiбередi, ал өтiнiмдер белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ұсынылған өтiнiмдердi қабылдамаудың себептерiн көрсете отырып, оларды тауар өндiрушiлерге керi қайтарады.
      Бөлiм жиынтық тiзiмдi бекiткеннен кейiн, оны тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiмен бiрге облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша орынбасары төрағалық ететiн облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған облыстық комиссияның (бұдан әрi – Комиссия) қарауына жiбередi. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның құрамына Басқарманың, Министрлiктiң АӨК-дегi мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
      11. Комиссия:
      1) жетi жұмыс күнi iшiнде Бөлiмдер ұсынған өтiнiмдердiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қарайды;
      2) бекiтiлген нормативтер негiзiнде мал шаруашылығы өнiмiнiң субсидияланатын көлемiн өндiруге квоталар мен тауар өндiрушiлер арасында субсидиялар мөлшерiн бөлудiң жиынтық тiзiмiн құрып, облыс әкiмiнiң бекiтуiне ұсынады.
      12. Тауар өндiрушiлер өтiнiм бiлдiрген бюджеттiк субсидиялар көлемi облысқа жеткiзiлген бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, Комиссия табынындағы асыл тұқымды малдың үлес салмағы неғұрлым жоғары тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiн басымдық ретiмен қанағаттандырады.
      13. Облыс әкiмi Комиссияның ұсынуы бойынша мал шаруашылығы өнiмiнiң субсидияланатын көлемiн өндiруге квоталар мен тауар өндiрушiлер арасында субсидиялар мөлшерiн бөлудiң жиынтық тiзiмiн бекiтедi. Бекiтiлгеннен кейiн Басқарма Министрлiкке, тиiстi Бөлiмдерге, ал құс өнiмдерi бойынша «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн бiр-бiр данадан жiбередi.
      14. Сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сүт, биязы жүн бойынша бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тiзiмге енгiзiлген тауар өндiрушiлер өнiмнiң сатылуына қарай ай сайын, бiрақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей Бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өнiмдi қайта өңдеу кәсiпорындарына сатқан жағдайда:
      сатылған өнiмге төлем құжатының (қайта өңдеу кәсiпорнының есептiк нөмiрi көрсетiлген) көшiрмесiн – банктiң төлем тапсырмасы немесе кiрiс-кассалық ордер, сондай-ақ шот-фактура (бұдан әрi – төлем құжаттары);
      2) өнiмдi дербес сатқан жағдайда:
      сатылған өнiмге төлем құжатының көшiрмесi;
      өнiмдi бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн (өнiмдi өзiнiң қайта өңдеу кәсiпорындарына немесе цехтарына тапсыру жағдайларын қоспағанда) төлем құжатының (қайта өңдеу кәсiпорнының есептiк нөмiрi көрсетiлген) көшiрмесi.
      3) өнiмдi өзiнiң қайта өңдеу кәсiпордарына немесе цехына берген жағдайда:
      белгiленген үлгiдегi жүкқұжат;
      сатылған өнiмге тауарлы-көлiктiк жүкқұжаттардың тiзiмi.
      Қымыз және шұбат бойынша бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тiзiмге енгiзiлген тауар өндiрушiлер мен құс фабрикалары Бөлiмге сатылған өнiмге төлем құжатының көшiрмесiн, ал құс етi және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тiзiлiмiн ұсынады.
      15. Бөлiм ай сайын, құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, осы Қағиданың 16-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тексередi. Олар осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша өнiмдi сату туралы жиынтық акт жасайды және аудан әкiмi бекiткеннен кейiн жиналған құжаттарды осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда облыс бойынша бiрiктiрiлген жиынтық ведомость пен төлеуге берiлетiн шоттар қалыптастыратын Басқармаға қарауға және төлеуге ұсынады.
      16. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде оларды керi қайтару себептерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiлерге қайтарады.
      17. Тиiстi тауар өндiрушiлердiң және құс фабрикаларының банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шоттардың 2 данасымен қоса төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      18. Қандай да бiр облыс бөлiнген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 2011 жылға арналған бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде облыстар бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
      19. Басқарма Министрлiкке ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей бекiтiлген нысандар бойынша бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептi ұсынады.

Облыстық бюджеттердiң мал        
шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн  
және сапасын арттыруды субсидиялауға  
2011 жылғы республикалық бюджеттен  
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидасына          
1-қосымша               

Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер

Р/с


Көрсеткiштер

Өлшем бiрлiгi

Қолда бары

1. Iрi қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(I деңгей)*

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына бордақыланатын мал басының болуы

Бас

1000 кем емес

2.

Күтiп-бағу және азықтандырудың тиiстi технологиясы бар (су жылыту, механикаландырылған азық тарату, сондай-ақ азық дайындау техникасы) қуаты 5 мың iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың болуы

3.

Iрi қара малды бордақылау тұрақты болуы тиiс

4.

Iрi қара малдың тiрiлей салмағы (союға өткiзгенде)*

кг

430 кем емес

5.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Жемшөп базасының болуы

2. Iрi қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндiрушiлерге(II деңгей) **

1.

Өздерiнде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

100 кем емес

оның iшiнде асыл тұқымды мал

%

50 кем емес

2.

Бордақыланатын мал басының (бордақылаудағы орташа жылдық мал басы) болуы

бас

70 кем емес

олардың iшiнен өз төлiнен өсiрiлген

%

50 кем емес

3.

Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайлардың немесе алаңдардың болуы

4.

Iрi қара малды бордақылау тұрақты болуы тиiс

5.

Iрi қара малдың тiрiлей салмағы (союға өткiзгенде)*

кг

350 кем емес

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

7.

Жемшөп базасының болуы

8.

Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiнде тiркеуде болуы ***

3. Iрi қара малды бордақылаумен айналысатын тауар өндiрушiлерге (III деңгей) **

1.

Өздерiнде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

50 кем емес

2.

Бордақыланатын мал басының (бордақылаудағы орташа жылдық мал басы) болуы

бас

30 кем емес

олардың iшiнен өз төлiнен өсiрiлген

%

50 кем емес

3.

Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайлардың немесе алаңдардың болуы

4.

Iрi қара малды бордақылау тұрақты болуы тиiс

5.

Iрi қара малдың тiрiлей салмағы (союға өткiзгенде)*

кг

320 кем емес

6.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру


 
 


 
 

7.

Жемшөп қорының болуы қажет


 
 


 
 

8.

Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiнде тiркеуде болуы ***


 
 


 
 

4. Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге (I деңгей)

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына өздерiнде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

600 кем емес

оның iшiнде асыл тұқымды мал

%

100 кем болмауы

орташа жылдық сауынды сиырлар (2010 жылдың қорытындысы)

бас

400 кем емес

табын бойынша орташа сауым

кг

4500 кем емес

тиiстi инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң жою, азық тарату, автосуару және азық цехi) болуы

Немесе асыл тұқымды малдармен жинақталған (жаңа сүт комплексi) және 2007 жылдан бастап пайдалануға енгiзiлген жаңа өндiрiс

2.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3.

Шағылыстыру контингентiн аталық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыру

4.

Жемшөп базасының болуы


 
 


 
 

5.

Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiнде тiркеуде болуы ***

5. Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге (II деңгей)

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына өздерiнде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

300 кем емес

оның iшiнде асыл тұқымды мал

%

50 кем болмауы

орташа жылдық сауынды сиырлар (2010 жылдың қорытындысы)

бас

200 кем емес

табын бойынша орташа сауым

кг

3000 кем емес

2.

Сүт жинағышы бар машиналы сауынның (танк) болуы

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4.

Шағылыстыру контингентiн аталық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыру

5.

Жемшөп базасының болуы

6.

Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiнде тiркеуде болуы ***

6. Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге (III деңгей)

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына өздерiнде сиырлар мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы

бас

100 кем емес

орташа жылдық сауынды сиырлар (2010 жылдың қорытындысы)

бас

30 кем емес

табын бойынша орташа сауым (2010 жылдың қорытындысы)

кг

2200 кем емес

2.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3.

Бұқалар ұрығымен шағылыстыратын құрамды 100% қолдан ұрықтандыру

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiнде тiркеуде болуы ***

7. Шошқаны бордақылаумен айналысатын тауар өндiрушiлерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына негiзгi және мал басын толықтыратын мегежiндердiң болуы

бас

50–ден кем емес

олардың iшiнен асыл тұқымды малдар немесе тұқымаралық шағылыстырудан алынған малдар

2.

Бордақыланатын мал басының (бордақылаудағы орташа жылдық шошқа) болуы (2010 жылдың қорытындысы)

бас

100 кем емес

3.

Оның iшiнде өз төлiнен өсiрiлген

4.

Шошқаны бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайлардың немесе алаңдардың болуы

5.

Шошқаны бордақылау тұрақты болуы тиiс

6.

Шошқаның тiрiлей салмағы (союға өткiзгенде) *

кг

90 кем емес

7.

Азықтардың бар болуы


 
 


 
 

8.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру


 
 


 
 

8. Қой етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына саулықтардың (2 жастан ересек) болуы

бас

600 кем емес

2.

Қой күтiп-бағуға арналған мамандандырылған үй-жайлардың болуы

3.

Қойдың тiрiлей салмағы (союға өткiзгенде)*

кг

40 кем болмауы

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

9. Жылқы етi өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына биенiң (3 жастан ересек) болуы

бас

75 кем емес

2.

Жылқының тiрiлей салмағы (союға өткiзгенде) *

кг

300 кем болмауы

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

10. Қымыз өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына аналық жылқы басының (3 жастан ересек) болуы

бас

50 кем емес

2.

Орташа жылдық сауынды жылқылар саны

бас

30 кем болмауы

3.

Цехтiң (ғимарат, қымыз өндiретiн және (немесе) жинайтын ыдыс) болуы

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

11. Шұбат өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына iнгендердiң (3 жастан ересек) болуы

бас

30 кем емес

2.

Орташа жылдық сауынды iнгендер

бас

10 кем болмауы

3.

Цехтiң (ғимарат, шұбат өндiретiн және (немесе) жинайтын ыдыс) болуы

4.

Жемшөп базасының болуы

5.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

12. Биязы жүн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге

1.

2011 жылдың 1 қаңтарына қойлардың аналық басының (2 жастан жоғары) болуы

бас

600-ден кем емес

2.

Асыл тұқымды малдың болуы

%

100 кем болмауы

3.

Қойларды күтiп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған мамандандырылған үй-жайлардың болуы

4.

Қырқылған жүннiң физикалық салмағы (2010 жылдың қорытындысы)

кг

3 кем емес

5.

Жүннiң сапасы ***

64 сападан кем емес

6.

Жемшөп базасының болуы

7.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

13. Құс етi өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(I деңгей)

1.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда ұстау, торлық немесе едендiк ұстау үшiн технологиялық құрылғылардың болуы қажет, құрама жем өндiру қондырғылары 8 жылдан жоғары болмауы тиiс, аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) немесе 2007 жылдан бастап қолданысқа енгiзiлген жаңа нысан (жаңа құс фабрикасы) болуы

2.

Өндiрiстiң жылдық көлемi (2011 жылдың жоспары)

тонна

300 кем емес

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

(II деңгей)

1.

Өндiрiстiң жылдық көлемi (2011 жылдың жоспары)

тонна

300 кем емес

2.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

14. Тауарлық жұмыртқа өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге (I деңгей)

1.

Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда ұстау, торлық немесе едендiк ұстау үшiн технологиялық құрылғылардың болуы қажет, құрама жем өндiру қондырғылары 8 жылдан жоғары болмауы тиiс, аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) немесе 2007 жылдан бастап қолданысқа енгiзiлген жаңа нысан (жаңа құс фабрикасы) болуы

2.

Жылдық орташа жұмыртқалайтын тауықтар ****

бас

100 000 кем емес

3.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

(II деңгей)

1.

Жылдық орташа жұмыртқалағыш тауықтар ****

бас

100 000 кем емес

2.

Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

      Ескертпе:
      * Малдардың тiрiлей салмағы (союға сатылғанда), тауар өндiрушi қызметтерiн пайдаланған (малдарды сою бойынша), есепке алу нөмiрi бар (код) мал өнiмдерi сатылған өңдеушi кәсiпорын немесе тiркеу нөмiрi (код) бар союға сатылған анықтамамен расталған болуы тиiс.
      ** Сүт бағытындағы iрi қара мал шаруашылығыман айналысатын тауар өндiрушiлерi үшiн сиыр етiн сатудың жоспарланатын көлемiне квотаны айқындаған кезде тек III-деңгейдiң өлшемдерiн қолдану қажет.
      *** Iрi қара мал өсiрумен айналысатын тауар өндiрушiлер Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiнде тiркелуi және малдарға ветеринариялық және зоотехникалық есеп жүргiзу тиiс.
      **** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.
      ***** Құс фабрикалары үшiн тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлемiне квотаны жеткiзген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалағышты негiз ретiнде алу керек (1 жұмыртқалауыш тауыққа 280 данадан көп емес).

Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы
өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын
арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы
республикалық бюджеттен берiлетiн 
ағымдағы нысаналы трансферттердi 
пайдалану қағидасына       
2-қосымша           
  1   2

Похожие:

Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
Н ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымша
Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconМал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы №625 Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconМал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Лыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы
Уралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекiту
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconОблыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына...
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница