Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

НазваниеАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница14/15
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.3 Mb.
ТипДокументы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы мақсаттық мәнi

Көрсеткiштiң есеп беру жылындағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

100

4. Шағымдану үдерiсi

4.1.Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2011 жылғы 29 сәуiрдегi
N 464 қаулысымен    
бекiтiлген      

«Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрлерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын  өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрлерiн беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi — мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректерi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң аумақтық инспекциялары (бұдан әрi – Аумақтық инспекциялары) ұсынады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 8-бабы 32) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының
      2) «Жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz  және мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Аумақтық инспекциялардың үй-жайларында iлiнген стендтерде орналасқан.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi - қағаздағы жеткiзгiштегi жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарға есептiк нөмiрлер (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi ұсыну мерзiмi 9 (тоғыз) жұмыс күнiнен аспайды, оның iшiнде:
      Аумақтық инспекцияның аудандық бөлiмшесi өтiнiш түскен күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi;
      Аумақтық инспекцияның облыстық бөлiмшесi құжаттар пакетi түскен күнiнен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде есептiк нөмiрдi беру не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады;
      республикалық маңызы бар қала, астана ведомствосы аумақтық бөлiмшесi өтiнiш түскен күнiнен бастап 7 (жетi) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде есептiк нөмiрдi беру не оны беруден бас тарту туралы шешiм бередi;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi ең жоғары рұқсат етiлетiн күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға ең жоғары рұқсат етiлетiн күту уақыты — 30 (отыз) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде жүзеге асырылады. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет құнын екiншi дәрежелi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейдi.
      Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеу кезiнде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол ақы төлеу тәсiлi кезiнде - ақы төлеу туралы түбiртек;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде - төлем тапсырмасы.
      9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жыл 13 желтоқсанда Заңда белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады). Аумақтық инспекциялары ғимаратына физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар және оларға қойылатын талаптар тiзбесi:
      есептiк нөмiр беруге өтiнiш;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк көшiрмесi немесе жеке кәсiпкер куәлiгiнiң көшiрмесi;
      объектiнiң қызмет түрi, өндiрiлетiн өнiмнiң көлемi мен түрi туралы еркiн нысанда жасалған ақпарат;
      мемлекеттiк қызмет ақысын растайтын құжат.
      12. Өтiнiш осы Стандарттың 11-тармағының ережелерiн ескере отырып, еркiн нысанда толтырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша, Аумақтық инспекцияның лауазымдық адамдарына өтiнiш жасайды.
      14. Тұтынушының қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тiркеу нөмiрi мен күнi және мемлекеттiк қызметтi алатын күн көрсетiлген талон болып табылады.
      15. Тұтынушыға есептiк нөмiрлер берiлуi жөнiнде растау жеке өзi  не оның өкiлi келген кезде жүзеге асырылады немесе пошта арқылы жолданады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар:
      1) тұтынушының осы Стандарттың 11-тармағында анықталған құжаттар пакетiн толық ұсынбауы;
      2) өндiрiс объектiсiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Аумақтық инспекцияның лауазымды адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау;
      4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Аумақтық инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Инспектордың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша Аумақтық инспекция кеңсесiнiң лауазымды адамы жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Аумақтық инспекция бастығының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша демалыс және мереке күндерiн есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-га дейiн берiледi.
      23. Тұтынушының көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағым жазбаша еркiн нысанда (дәлелдi бас тартудың көшiрмесiмен - болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Аумақтық инспекция кеңсесiнде қабылданады.
      25. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретiнде берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi бойынша қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжай бойынша Аумақтық инспекция кеңсесiнде және аумақтық инспекцияда iлiнген стендтерден ала алады.

«Жануарлар өсiрудi, жануарларды,      
жануарлардан алынатын өнiмдер мен     
шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды,   
қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын  
өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ       
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен 
жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу
жөнiндегi ұйымдарға есепке алу нөмiрлерiн беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты        
1-қосымша                   

Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрi

Ақмола облысы

Ақмола облысының аумақтық инспекциясы

Көкшетау қ. Абай к., 89

8(7162)401494

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81

8(71638)21100, 22312, 20188

Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы

Аршалы к-тi, Комсомол к., 3

8(71644)22483, ф. 21634

Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы

Астраханка а., Әл-Фараби к., 49

8(71641)22808, 22286

Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы

Атбасар қ, Жеңiс к., 67

ф. 8(71643)42902, 41388

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы

Макинка қ., Углинский к., 42

8(71646)21530, ф.21009

Егiндiкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Егiндiкөл а., Жеңiс к., 7

8(71642)21965, ф.21334

Еңбекшiлер аудандық аумақтық инспекциясы

Степняк қ., Рысқұлов к., 2

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Похожие:

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница