Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

НазваниеАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
страница8/15
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.3 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

«Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ветеринариялық препараттарға, оларды мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу) тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) мына мекенжай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 1-бабы 13) тармақшасының, 8-бабы 13) тармақшасының
      2) «Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарға мемлекеттiк тiркеу және Мемлекеттiк реестр жүргiзу Ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы № 349 бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, Комитеттiң үй-жайында iлiнген стендтерде орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi ветеринариялық препараттарды тiркеу куәлiгiн (қағаз тасымалдағышта) беру, не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      тiркеу (қайта тiркеу) сынақтарын ескере отырып - 96 (тоқсан алты) күнтiзбелiк күннiң iшiнде;
      байқаудан өткiзудi ескере отырып - 2 (екi) жыл 41 (қырық бiр) күнтiзбелiк күннiң iшiнде;
      Оның iшiнде:
      Комитет кеңсесi құжаттар пакетiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарастырады (бас тартады), сараптамаға және сынаққа жiбередi;
      ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми-техникалық Кеңестiң сараптаманы жүзеге асыруы - 1 (бiр) айдан аспайды;
      тiркеу сынақтары - 55 (елу бес) күнтiзбелiк күннен аспайды;,
      байқаудан өткiзу - 2 (екi) жылдан аспайды;
      уәкiлеттi орган зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi негiзiнде 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде жүзеге асырылады Ветеринариялық препараттарды бақылаудан өткiзу, серияларын бақылау және тiркеу сынақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағалар прейскурантына сәйкес тұтынушының қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет құнын банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi деңгейлi банктер немесе ұйымдар арқылы төлейдi.
      Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеген кезде құжаттардың мынадай нысандарын толтырады:
      1) қолма-қол ақы төлеу тәсiлi кезiнде - ақы төлеу туралы түбiртек;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде — төлем тапсырмасы.
      Мемлекеттiк қызмет үшiн ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бенефициарына аударылады, СТН 620300015504, IBAN KZ1084905KZ000609209, Кбе 16, бенефициар банкi «Нұрбанк» АҚ филиалы, Астана қ., БЖС 030140001998.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.23 N 1090 Қаулысымен.
      9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады). Комитеттiң ғимаратына физикалық мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар мен оларға қойылатын талаптар тiзбесi:
      1) осы Стандарттың 1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша ветеринариялық препаратты мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткiзуге өтiнiш;
      2) ғылыми-техникалық құжаттама (бұдан әрi - ҒТҚ) екi дана мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал шетелдiктер үшiн ағылшын мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресми аудармасы бар құжаттар пакетi (қайта тiркеу кезiнде - бiр пакетi);
      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiлеген нормативтерге сәйкес ветеринариялық препараттардың үлгiлерi;
      4) фармакологиялық заттарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде - үлгiмен қоса ветеринариялық препарат субстанциясының үлгiсiн табыс етуге мiндеттi;
      5) мемлекеттiк қызмет құны төленгенiн растайтын құжат.
      12. Осы Стандарттың 1-тармағындағы мекенжай бойынша Комитетте берiлетiн белгiленген өтiнiш нысаны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында және Комитеттiң стендтерiнде орналастырылады.
      13. Өтiнiш пен осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттардың тiзбесi: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz мекенжайы бойынша Комитеттiң кеңсесiне тапсырылады.
      14. Тұтынушының қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат - күнi мен тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк қызметтi алатын күн көрсетiлген талон болып табылады.
      15. Ветеринариялық препаратты тiркеу куәлiгiн беру тұтынушының жеке өзi не оның өкiлi келген кезде жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың болмауы;
      2) ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми техникалық кеңестiң терiс қорытындысының нәтижелерi және апробация мен тiркеу (қайта тiркеу) сынақтарының нәтижелерi бар сараптама актiсi негiз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Комитеттiң лауазымды адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау;
      4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Комитеттiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң лауазымды адамның әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz, Комитеттiң заң қызметi маманы жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 202-кабинет, телефон (8-7172) 555-763, www.minagri.gov.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.
      22. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701 кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.кz, жұмыс күндерi, демалыс және мереке күндерiн есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.
      23. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Шағым жазба түрiнде (еркiн) нысанда (дәлелдi бас тартудың көшiрмесiмен - болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Комитет кеңсесiнде қабылданады.
      25. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретiнде берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: vetermar@minagri.кz Комитет кеңсесiнен, Комитетте iлiнген стендтерден ала алады.

«Ветеринариялық препараттарға, оларды 
мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу)
тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 1-қосымша         

ӨТIНIШ

      Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараты мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi), апробацияны өткiзудi сұраймын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (ветеринариялық препараттың саудалық және жалпы қабылданған аты)
1. Ветеринариялық препаратты Мәлiмдеушi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (заңды тұлғаның аты, жеке тұлғаның Ф.А.Ә.)
2. Мәлiмдеушiнiң мекен-жайы, телефоны, факсi, банкiлiк реквизиттерi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Ветеринариялық препарат туралы мәлiмет:___________________________
_____________________________________________________________________
3.1. Құрамы__________________________________________________________
3.2. Емдеу үлгiсi____________________________________________________
3.3. Тағайындау______________________________________________________
3.4. Препаратты әзiрлеушi____________________________________________
                           (жеке тұлғаның Ф.А.Ә. заңды тұлғаның аты,
                                       мекен-жайы)
3.5. Препаратты өндiрушi_____________________________________________
                          (заңды тұлғаның аты, жеке тұлғаның Ф.А.Ә.
                                         мекен-жайы)
4. Мәлiмдеушiнiң өкiлi_______________________________________________
                              (Ф.А.Ә. және өкiлдiң лауазымы)
5. Өтiнiшке мынадай нормативтiк-техникалық құжаттар енгiзiледi
_____________________________________________________________________
6. Мәлiмдеушi ветеринариялық препаратты мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге), (керегiн сызу қажет) шығымдарды төлеуге кепiл болады.
_____________________________________________________________________

Өтiнiш берiлдi:
200_ж."___"______________ __________________________________________
              (қолы)             (Мәлiмдеушiнiң өкiмiнiң Ф.А.Ә.)
8. Өтiнiш қабылданды:
200_ж."___"___________ _____________________________________________
              (қолы)      (өтiнiштi қабылдаушың қызметi және Ф.А.Ә.)
9. Өтiнiш қабылданды:
200_ж."___"___________ _____________________________________________
               (қолы)     (өтiнiштi қабылдаушың қызметi және Ф.А.Ә.)

«Ветеринариялық препараттарға, оларды    
мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу)  
тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызметi  
стандартына 2-қосымша             

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылғы мақсаттық мәнi

Көрсеткiштiң есеп беру жылындағы ағымдық мәнi

1

2

3

4

1. Уақытылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

100

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң             
2011 жылғы 29 сәуiрдегi    
N 464 қаулысымен      
бекiтiлген          
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Похожие:

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница