«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012




Скачать 63.06 Kb.
Название«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Дата конвертации12.01.2013
Размер63.06 Kb.
ТипДокументы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«6M070800 – МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ» МАМАНДЫҒЫНА МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012
ҚР жалпы міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған 6M070800 – мұнай-газ ісі мамандығына кешенді емтихан бағдарламасы (бағдарлама авторларының ғылыми дәрежесі, Ф.А.Т.) х.ғ.д., проф. Е.А. Әубакіровпен; х.ғ.д., проф. Е.Қ. Оңғарбаевпен; PhD докторы, доц. Е.О. Досжановпен құрастырылған.

Химиялық физика және материалтану кафедрасы мен физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедра мәжілістерінде қарастырылған

Хаттама № __ «__» ____________ 2012 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ Алдабергенов М.К.
Кафедра меңгерушісі ___________ Түлепов М.І.


Химия және химиялық технология факультетінің

методбюро мәжілісінде ұсынылған

Хаттама № __ «__» ____________ 2012 ж.
Методбюро төрайымы ___________ Сыздықова Л.И.

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

Хаттама № __ «__» ____________ 2012 ж.
Факультет деканы __________ Оңғарбаев Е.Қ.
Ғылыми хатшы ____________ Тусупбекова А.С.


МАЗМҰНЫ


  1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері

Мамандықтың қысқаша сипаттамасы: бітіруші түлектің кәсіби қызметінің нысаны: мұнай-газ кешенінің мекемелері, құрлықтағы және теңіздегі мұнай, газ және газ конденсатты кен орындары, мұнай және газ бұрғылау бойынша скважиналары, магистралды мұнай газ құбырлары, газды жерастында сақтау және мұнайды сақтау қоймалары мен базалары.

Қызметке орналасу мүмкіндігі: магистерлік бағдарлама мұнай-газ саласы өндірістің проблемаларымен айналысуға, мұнай өңдеу және мұнай-газ өндірісінің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

Мамандықтың мақсаты, міндеттері:

- мұнайхимиялық, мұнай өңдеу және мұнайгаз өндірісі аймағына магистранттарды терең теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау есебінен жоғары сапалы білімге жету, әлемдік ғылымда тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін тұрақты білімді меңгеру;

- белсенді өмір қызметінің барысында өзбетімен шығармашылық жаңа білімді игеру, өзін-өзі жетілдіруге және дамытуға қабілетін қалыптастыруға үйрету;

- қазіргі ғылыми және практикалық проблемаларды жүйелендіріп шешуге, кәсіби қызметін сәтті жүзеге асыра алатын қабілетті азаматтық ұстанымы бар кәсіби мәдениеті жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау;

6М070800 – мұнайгаз ісі мамандығы бойынша бітіруші келесі компетенцияны игеру керек:

- оқу, оқу-зерттеу және ғылыми қызметте проблемалық ситуацияларды шығармашылық тұрғыдан шешкенде қазіргі мұнайгаз саласының күйі мен даму келешегі, аралас салалы мекемелерді ұйымдастырудың ерекшелігі, құрлықтағы және теңіздегі мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын жобалау және сараптау принциптері;

- практикалық қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдағанда мұнайгаз ісі бойынша базалық және элективтік пәндерін оқығанда алған білімді қолдана білу;

- мұнайгаз ғылымның маңызды бағыты бойынша ақпаратты сақтау мен құжаттарды жасау үшін ақпараттық технологияны меңгеру;

- жеке мәнсапты жасау үшін өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзін дамытуды, сонымен қатар ғылыми, техникалық және технологиялық салалардағы проблемаларды шешу үшін әлеуметтік қатынасты игеру;

- мұнайгаз циклдағы пәндер бойынша сапалы білімді игеруге көшбасшылық қабілетті қалыптастыру және өз бетінше білім алуға ынталану;

- этикалық және әлеументтік жауапкершілік аясында алған білімді күрделі мәселелерді шешуде қолдана білуді игеру;

- мұнайхимиялық ғылымда белгілі проблемаларды шешуге жауапкершілікпен қарауды меңгеру;

- зертханалық практикумда қауіпсіздік техникасын сақтауды толық игеру;

- ғылыми-зерттеу нысанын идентификациялау үшін физикалық-химиялық әдістерді кеңінен қолданып, нақты өлшеуді жүзеге асыруды меңгеру.
3. Пререквизиты образовательной программы

  1. PM 1209 - Қолданбалы механика. 3 кредит

  2. FIZ 1203 – Физика. 3 кредит

  3. Him 1203 – Химия. 3 кредит

  4. NGIG 1204 – Сызба геометриясы және компьютерлік графика. 4 кредит

  5. Ele 3206 – Электротехника. 3 кредит


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Мұнай-газ ісі негіздері» пәні бойынша

Пәнде қабаттың коллекторлық қасиеттері, мұнай мен газдың физикалық қасиеттері, геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен кезеңдері, ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері, ұңғымаларды аяқтау бойынша жұмыстардың түрлері, қабат энергияның түрлері, кенішті игеру режимдері, мұнай және газды ұңғымаларын игеру, қабаттың түп маңы аймағына ықпал ету әдістері қарастырылады. Сонымен қатар, ұңғымаларды пайдалану тәсілдері, кәсіпшілікте мұнай мен газды жинау және дайындау, көмірсутектерді тасымалдау және сақтау, мұнай мен газды өңдеу тәсілдері қарастырылады.
«Мұнай-газ саласының техникасы және технологиясы» пәні бойынша

Мұнай және газ ұңғымаларды бұрғылау. Тау жыныстарын бұзу. Бұрғылау қондырғылар мен жабдықтар. Теңіз мұнай-газ құрылғылары. Бұрғылау және тампонажды ерітінділер. Ұңғымаларды шаю. Бұрғылау режимдері. Ұңғымаларды аяқтау. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру. Бұрғылау процесі кезіндегі қиындықтар мен апаттар. Бұрғылау кезіндегі бақылау-өлшеу құралдары. Тау жыныстарының коллекторлы қасиеттері. Мұнай алуды жоғарлату әдістері. Мұнай-газ ұңғымаларын эксплуатациялау әдістері. Ұңғымаларды эксплуатациялау кезіндегі құралдар мен инструменттер. Газ және газ конденсатты кен орындарын жөндеу. Газдарды жер асты сақтау.
«Мұнай-газ жабдықтарын коррозияға қарсы қорғау» - пәні бойынша

Металл коррозиясы туралы жалпы мәліметтер. Коррозия үрдістерінің жіктелуі және түрлері. Коррозия жылдамдығы. Металды коррозиядан қорғаудың әдістеріне қысқаша шолу. Металдардың химиялық коррозиясы. Электрохимиялық коррозия. Топырақ коррозиясы. Кәсіпшілік жабдықтар коррозиясы. Кәсіптік жабдықтардың ішкі коррозиядан қорғау. Кәсіпшілік жабдықтар, құбырлар мен резервуарлардың электрохимиялық қорғанысы.
5. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әбедиеттер:

1. Коршак А.П., Шоммазов П.П. Основы нефтегазового дела. УФА. Полиграф.2002.-638с.

2. Элияшеский Н.В. Технология добычи нефти и газа. М., Недра. 1976.-256с.

3. Калинин А.Г., Левицкий А.З., Никитин Б.А. Технология бурения разведочных скважин нефти и газа. М., Недра. 1998.-448с.

4. Круглицкий Н.Н., и др. Физико-химическая механика тампонажных растворов. Киев. Наукова думка. 1974.-288с.

5. Середа Н.Г., Муравьев В.М. Основы нефтегазового и газового дела. М., Недра. 1980.-287с.

6. Баликатов А.Д. Прогрессивные технологии соорудения скважин. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 2003-554с.
Қосымша әдебиеттер:

1. Гилязов Р.М. Бурение нефтяных скважин с боковыми стволами. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 2002.-255с.

2. Булатов А.И., Макаренко, Проселков Ю.М. Буровые промывочные и тампонажные растворы. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 1999.-424с.

3. Иванова М.М., Чоловский Н.П., Брагин Ю.И. Нефтегазопромысловая геология. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 2000.-414с.

4. Булатов А.И., Проселков Ю.М., Шаманов С.А. Техники и технология бурения нефтяных и газовых скважин. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 2003.-1007с.

5. Басаргин Ю.М., Будников В.Ф., Булатов А.И. Теория и практика предупреждения осложнений и ремонта скважин при их строительства и эксплуатации. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 2001.-399с.

6. Газизов А.А. Увеличение нефтеотдачи неодноразных пластов на поздней стадии разработки. М.:ОАО Недра-Бизнесцетр. 2002.-639с.

Калинин А.Г., Левицкий А.З., Мессер А.Г., Соловьев Н.В. Практическое руководство по технологии бурения скважин на жидкие и газообразныен полезные ископаемые. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 2001.-450с.

7. Басаргин Ю.М., Булатов А.И., Проселков Ю.М. Осложнении и аварии при бурении нефтяных и газовых скважин. М.: ОАО Недра-Бизнесцентр. 2002.-296 с.

Похожие:

«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon6М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізбесі «Макроэкономика»
М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M042200 – баспа ісі» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
Баспада орындалатын технологиялық үдерістер, олардың кезеңдері. Баспада орындалатын технологиялық үдерістердің ерекшеліктері мен...
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconПәні 1 тақырып. Логиканың даму тарихы
«Философия» мамандығына түсушілерге арналған мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconС. Д. Асфендияров атындағЫ
М110300 – Мейірбике ісі мамандығы бойынша магистратураға 2011-2013 оқу жылдарына оқуға түсу емтиханының бағдарламасы
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6М020500 «Филология» (Қазақ тілі мен әдебиеті ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Алматы, 2012 Емтихан тақырыптары
БАҚ – қазақ әдеби тілінің тарихында қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан ерекше стиль түріне жатады. Бақ беттеріндегі тіл мәдениетінің...
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon6М011500 – Құқық және экономика негіздері мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚтары маркетинг: түсінігі, қағидалары және қызметі «Нарықтық сұраныс»
Хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси, мәдени процестер: тарихы және тарихнамасы
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«6M060900-География» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы, 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Қазақстанның физикалық географиясы»
П. П. Семенов-Тян-Шанский, Ш. Ш. Уәлиханов, Н. А. Северцов, И. В. Мушкетов, Л. С. Бергтің қосқан үлестері. Кеңес уақытында мемлекет...
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon6M060600 Химия мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Бейорганикалық химия
Молекулалық орбиталдар (МО) әдiсiнiң негiзiгi қағидалары. Мо – аоск әдiсi. Мо толтыру ретi. Иондық байланыс. Эффективтi заряд. Иондардың...
«6M070800 – МҰнай-газ ісі» мамандығына магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 icon«Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау,салу және пайдалану» кафедрасы. Мұнай қоймалары
Тауарлық мұнай өнімдерінің негізгі түрлері және сапалық көрсеткіштері. Отын, оның қасиеттері және қолдану аясы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница