Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница1/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат


      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1301 қаулысымен     
бекiтiлген

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.         

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi

      Осы Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жоспарлау

      Ескерту. Кiшi бөлiмi және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. алынып тасталды

      2. алынып тасталды

      3. алынып тасталды

      4. алынып тасталды

      5. алынып тасталды

      6. алынып тасталды

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту

      7. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негiзiнде ғана қабылдайды.

      7-1. Тапсырыс берушi тиiстi бюджеттiң (бизнес-жоспардың, кiрiстер мен шығыстар сметасының) негiзiнде мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi.
      Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджеттi (бизнес-жоспарды, кiрiстер мен шығыстар сметасын) бекiткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi және ол мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
      1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберiнде сатып алынатын тауарлардың көлемi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. Тиiстi бюджетте бекiтiлген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетiледi;
      2) Заңның 4-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмдерiн;
      3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерiн;
      4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбiр қаржы жылына бөлiнген және көзделген сома шегiнде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерiн.
      Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына қосуға жатпайды.

      8. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оны мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жiбередi не ұсынады. Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не тапсырыс берушiнiң жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      9. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген шешiмнiң көшiрмелерiн және енгiзiлген өзгерiстерi және (немесе) толықтырулары бар мемлекеттiк сатып алу жоспарынан үзiндi көшiрмелердi бередi. Көрсетiлген шешiмдерге тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не тапсырыс берушiнiң жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
      Мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын тапсырыс берушi ақпараттық жүйелер мен электронды құжат айналымын пайдалана отырып, уәкiлеттi органға жiбередi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      10. Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын оны бекiткен (нақтылаған) күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тапсырыс берушiнiң веб-сайтына орналастырылады.

      11. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды екi кезеңдi рәсiмдi пайдаланып, конкурс тәсiлiмен өткiзген жағдайда ғана бюджет бекiтiлгенге дейiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiм қабылдай алады.
      Ескерту. Кiшi бөлiм 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

2. Жалпы ережелер

      12. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.

      13. Егер тапсырыс берушi өзiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушi өзiнiң бұйрығымен оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты етiп анықтайды.
      Егер тапсырыс берушiнiң құрылымдық бөлiмшесi заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс берушi бұйрықпен оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауап етiп айқындайды.
      Егер мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болып үшiншi заңды тұлға әрекет ететiн болса, онда тапсырыс берушi онымен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге шарт жасасады.
      Бұл ретте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет ететiн жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен, әлеуеттi өнiм берушiлермен, тиiстi комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста бiлдiретiн лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң қатарынан анықталады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Тапсырыс берушi тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушысы бiр тараптан әрекет ететiн жағдайларды қоспағанда, алдағы мемлекеттiк сатып алуларда оның мүддесiн бiлдiретiн тапсырыс берушiнiң лауазымды тұлғасын анықтайды.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      15. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекеме, оған қатысты мемлекеттiк басқару органы болып әрекет ететiн заңды тұлға не оған қатысты бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк басқару органы болып әрекет ететiн заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
      Мемлекеттiк кәсiпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
      Дауыс беретiн акцияларының елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi оған қатысты ол құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      16. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың арасынан мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың арасынан бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы;
      3) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде әрекет етуге құқылы;
      4) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн олардың арасынан мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын белгiлеуге құқылы;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi оларға қатысты құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшiн ол мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде әрекет етуге құқылы.
      Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды сақтаған кезде жол берiледi.

      17. Осы Ереженiң 16-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны анықтаған жағдайда тапсырыс берушiлер конкурсты ұйымдастырушыға ол белгiлеген мерзiмде конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу үшiн қажеттi ақпаратты, оның iшiнде белгiленген жылдық жоспарды, сатып алынатын тауарлардың (қызметтердiң) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн, құрылыс жұмыстарын сатып алу кезiнде объект салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ конкурсты бiрыңғай ұйымдастырушыны осы ақпараттағы барлық өзгерiстер туралы тез арада хабардар етедi. Бұл ретте тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды өткiзу жөнiндегi рәсiмдерге қатысу үшiн өзiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн анықтайды.
      Бiрыңғай ұйымдастырушы өткiзген конкурстың қорытындысы бойынша тапсырыс берушiлер жеңiмпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады.

      18. Күрделi техникалық сипаттамалары және ерекшелiгi бар тауарлар, жұмыстар, қызметтер мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi осы Ережеде анықталған тәртiппен уақытша заңды тұлғалар бiрлестiктерiнен (консорциумдардан) сатып алады. Уақытша бiрлестiктердiң мемлекеттiк сатып алуларында қатысқан жағдайда, осындай заңды тұлғалар өз бiлiктiлiк талаптарын бекiту үшiн осы Ережеде белгiленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиiс:
      1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелерi арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершiлiк шарты;
      2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялар.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

3. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

      19. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу мынадай дәйектi iс-шаралардың орындалуын көздейдi:
      1) тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлiн белгiлеуi;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiн анықтауы;
      3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекiтуi;
      4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және бекiтуi;
      5) тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттаманы бекiтуi;
      6) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
      7) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуi;
      8) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының осы Ереженiң 47-49-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiруi;
      9) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi тiркеу журналына тiркеуi;
      10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиiстi хаттамасын ресiмдеуi;
      11) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiлерге не олар туралы мәлiметтер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген олардың уәкiлеттi өкiлдерiне жiберуi;
      12) конкурстық комиссияның бiлiктiлiк талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау үшiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауы;
      13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн қалыптастыруы және жiберу туралы тиiстi хаттаманы ресiмдеуi;
      14) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмелерiн жiберуi;
      15) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердi конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналында мәлiметтердi тiркеуi;
      16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттердi ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын шығару);
      17) конкурстық комиссияның конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдеуi және оған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жiберуi;
      18) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жүргiзген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс берушi конкурстың жеңiмпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасады.

      20. Тапсырыс берушi Заңның 5-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница