Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница11/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi

      16. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер не олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: сағаттан бастап (конкурстық өтiнiмдердi қабылдау аяқталатын дәл күн және уақыт көрсету қажет) қоса алғанда (мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық почталық мекен-жайы, бөлме нөмiрi, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуге жауапты адамның (дардың) Т.А.Ә. көрсету қажет) бередi.
      17. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдерiне жеке өздерiне қайтарылады.
      18. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ресiмдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер қабылданбайды және тiркелмейдi.

Конкурстық өтiнiмдердi өзгерту және оларды қайтарып алу

      20. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      22. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
      1) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;
      2) осындай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу.
      23. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.

4. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық комиссияның ашуы

      24. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашуды келген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық комиссия жүргiзедi (конкурстық өтiнiмдер ашылатын және конкурс өткiзу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетiлген конкурстық комиссияның отырысы өткiзiлетiн дәл күнiн, уақытын және орнын көрсету қажет). Конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi мен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу арасындағы кезең екi сағаттан аспауға тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде және тәртiппен ұсынылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдер салынған конверттер ашылуға жатады.
      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм де ашылады.
      25. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерi өздерiнiң қатысуын растай отырып, олардың өкiлеттiктерiн растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналына тiркелуге тиiс (тiркеу орнын, күнiн және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашатын уақыттан бұрын болуға тиiс, ал тiркеу орны конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi өткiзiлетiн орынмен бiрдей болуға тиiс).
      Әлеуеттi өнiм берушiлер мен олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiн жазу үшiн пайдалануға ниет етiп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиiс.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      26. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң және оның уәкiлеттi өкiлдерiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметiне араласуына жол берiлмейдi.
      27. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:
      1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәлiметтер көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етедi:
      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
      конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң саны;
      әлеуеттi өнiм берушiлердiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру жөнiндегi әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзгенi;
      конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу фактiсiнiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ себептерi;
      тиiстi тiркеу журналына тiркелген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер;
      2) конкурстық комиссияның өкiлi не конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға белгiлеген тұлға:
      конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашады және өтiнiмде қамтылған құжаттардың тiзбесiн және олардың қысқаша мазмұнын жария етедi;
      3) конкурстық комиссияның хатшысы:
      тиiстi конверттердi ашу хаттамасын ресiмдейдi;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн конкурстық комиссия отырысының көрсетiлген хаттамасының көшiрмесiн ала алатын мерзiм туралы хабардар етедi.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.
      Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы хаттамасының көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуеттi өнiм берушiге немесе уәкiлеттi өкiлiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы өткiзiлген күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

5. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестiгi мәнiне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуеттi өнiм берушiлердi конкурсқа қатысуға жiберу

      28. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлердiң арасынан бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
      29. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау кезiнде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiлерден конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге бағытталған әрекеттерi түсiнiледi.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдi, егер онда ұсынылған өтiнiмнiң мәнiн қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретiн деп қарайды.
      30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиiстi түрде ресiмделмеген күйде ұсынған;
      2) оның сәйкестiгiн растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiк фактiсi анықталған;
      3) бiлiктiлiк талаптары жөнiнде жалған ақпарат ұсынған.
      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағына көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия соманың бiр процентiнен астам мөлшерде өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлген жағдайда, енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келедi деп таниды.
      31. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
      2) конкурстық комиссияның:
      конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
      қатысу үшiн өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
      өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету белгiлеген тұлғаны;
      конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету пайдасына енгiзiлiп отырған тұлғаны анықтауына мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнiс табатын конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге енгiзiлген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн қамтамасыз етудi өзге негiздер бойынша тануға жол берiлмейдi.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      32. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
      Егер әлеуеттi өнiм берушi осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмесе, онда:
      конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада осындай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн кейiнге қалдыру негiздемесi көрсетiледi;
      Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады.
      33. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия:
      1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурсқа қатысуға жiберiлетiн (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды;
      2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердiң проценттiк мәнiн қолданады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi және конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнiн, уақытын, орнын белгiлейдi.
      34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген хаттаманың көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiм берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге бередi немесе жiбередi, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң веб-сайтына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiмi Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

6. Конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын ресiмдеуi

      35. Конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресiмделедi:
      1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы  және оның мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) бекiтiлуi тиiс;
      2) конкурстық баға ұсынысында әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиiс;
      3) отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берiлуге тиiс.
      36. Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық баға ұсынысын конвертке желiмдейдi, оның беткi жағында әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiлуге тиiс: "САТЫП АЛУ ЖӨНIНДЕГI КОНКУРС (конкурстың атауын көрсету қажет) - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күнi мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙIН АШУҒА БОЛМАЙДЫ".
      Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуi сияқты, бiрден артық конкурстық баға ұсынысын беруiне жол берiлмейдi.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница