Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница12/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңiмпазын анықтау

      37. Конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген күнi, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткiзедi.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәлiметтердi конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына хронологиялық тәртiппен енгiзедi.
      Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан белгiлеген тұлға:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердi оларды тiркеудiң хронология тәртiбiмен ашады;
      конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртiбiмен жария етедi;
      конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi бередi.
      38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердiң мазмұнымен танысуға құқылы.
      39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi аудио және бейне түсiрiлiмдер жүргiзу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияны көрсетiлген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиiс.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсiмiн жеңiлдету үшiн конкурстық комиссия әр түрлi валютада берiлген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
      41. Конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi осы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын керi қайтарады;
      2) егер оның бағасы демпингтiк болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын керi қайтарады;
      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары керi қайтарылғаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың екi және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген өлшемдердiң проценттiк мәнiнiң олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
      4) ең төмен шартты төмен шартты баға негiзiнде конкурстың жеңiмпазын анықтайды.
      42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттама ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ хатшысы қол қояды.
      43. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәлiметтер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей оған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн қайтарусыз негiзде ұсынуға мiндеттi.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

8. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қамтамасыз етудi қайтару

      44. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен.
      45. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайларда:
      1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алса;
      3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.

9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

      46. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалады.
      47. Тапсырыс берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтарады.
      48. Заңның 37-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
      49. Шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу туралы жағдайларды қамтуы тиiс.
      50. Егер әлеуеттi өнiм берушi Заңда белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге ұсынбаса немесе мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi енгiзбеген жағдайда мұндай әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
      51. Әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс берушi:
      1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және тиiстi мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
      2) мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.

                                                    Үлгi конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        1-қосымша

       Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн
                       қызметтердiң тiзбесi

Лот
N

Тапсы-
рыс
беру-
шiнiң
атауы

Тауар-
лардың
(жұ-
мыс-
тың,
қыз-
мет-
тiң)
атауы

Өлшем
бiрлi-
гi

Саны,
көле-
мi

Беру
шарт-
тары
(ИНК
ОТЕРМС
2000
сәй-
кес)

Тауар-
лар
беру,
жұмыс-
тарды
орын-
дау,
қыз-
меттер
көрсе-
ту
мер-
зiмi

Тауар-
лар
беру,
жұмыс-
тарды
орын-
дау,
қыз-
меттер
көрсе-
ту
орны

Аванс-
тық
төлем
мөлше-
рi,
%

Кон-
курс
тәсi-
лiмен
мемле-
кеттiк
сатып
алу
үшiн
бөлiн-
ген
сома
(N
лот
бойын-
ша),
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10







(Та-
уар-
лардың
(жұ-
мыс-
тар-
дың,
қыз-
мет-
тер-
дiң)
сипат-
тама-
лары
техни-
калық
ерек-
шелiк-
терiн-
де
көрсе-
тiле-
тiн
жағ-
дайда
бұл
баған-
да
тауар-
дың
(жұ-
мыстың
не
қыз-
мет-
тiң)
қысқа-
ша
атауы
және
әрбiр
ұста-
ным
бойын-
ша
техни-
калық
ерек-
шелiк-
тiң
нақты
бөлi-
мiне
сiл-
теме
көрсе-
тiле-
дi)






















        * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшелiктерде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы Тапсырыс берушi басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы
____________________/______________/   _____________/______________/
Күнi______________                     Күнi______________
М.О.                                   М.О.

                                                     Үлгi конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың/қызмет көрсетулердiң
техникалық ерекшелiктерi

Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс______________________
                                        (толық атауын көрсету қажет)

      Осы техникалық ерекшелiкте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қажеттi ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың/қызметтердiң толық сипатын және талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамасын беруi тиiс және берiлетiн тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер сәйкес болуы тиiс халықаралық немесе iшкi стандарттарды көрсетуi тиiс. Қажет болған кезде тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттамаға сiлтеме жасалуы тиiс.
      Қажет болған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы техникалық ерекшелiкте тауарларды/қызметтердi беру кезiнде тапсырыс берушiге қажет iлеспе қызметтердi (монтаждау, оңдау, оқыту, тауарларды тексеру әрi сынау және т.б.) және олар қай жерде жүргiзiлуi тиiс, тауардың шыққан жылын, кепiлдiк мерзiмiн көрсетедi.

                                                     Үлгi конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        3-қосымша

      Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелiктерi

Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурс_____________________
                                        (толық атауын көрсету қажет)

      Осы техникалық ерекшелiкте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қажеттi ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздердi қоса алғанда, сатып алынатын жұмыстардың толық сипатын және талап етiлетiн техникалық және сапалық сипаттамасын беруi тиiс және орындалатын жұмыстар сәйкес болуы тиiс халықаралық немесе iшкi стандарттарды, кепiлдiк мерзiмiн көрсетуi тиiс.
      Сондай-ақ осы техникалық ерекшелiкте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлiк-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергiлiктi ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесiн беруi тиiс және объектiнi пайдалануға беру кезiнде қайшылықтарды болдырмайтын объектiнiң толық құрамын, аумақты инженерлiк дайындау, өндiрiс технологиясы мен жабдық, инженерлiк қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектiнi жарақтандыру жөнiндегi талаптарды көрсетуi тиiс.

                                                     Үлгi конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        4-қосымша

                  Конкурсқа қатысуға өтiнiм
                   (заңды тұлғалар үшiн)

Кiмге
__________________________________________________________________
  (мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетiледi)
Кiмнен
__________________________________________________________________
         (әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы көрсетiледi)

      1. Конкурсқа қатысуға үмiткер заңды тұлға (әлеуеттi өнiм берушi) туралы мәлiметтер:

Әлеуеттi өнiм берушiнiң заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары




Заңды тұлғаның банктiк деректемелерi (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететiн банктiң немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы




Заңды тұлғаның бiрiншi басшысының аты-жөнi




      2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетiледi) осы өтiнiммен конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуеттi өнiм берушi ретiнде қатысуға ниет бiлдiредi және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi - қажетiн көрсету керек) жүзеге асыруға келiсiм бiлдiредi.
      3. Әлеуеттi өнiм берушi осы өтiнiммен "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердiң бұзылуы жоқтығын растайды.
      Осымен, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi - қажетiн көрсету керек) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiм бiлдiредi.
      4. Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзiнiң құқықтық қабiлеттiлiгi, бiлiктiлiгi, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берiлетiн тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi - қажетiн көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiгi, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулердi сақтауы туралы хабардар етiлгендiгiн растайды.
      Әлеуеттi өнiм берушi осы конкурсқа қатысуға өтiнiмде және оған қоса берiлетiн құжаттарда мұндай дұрыс емес мәлiметтердi бергенi үшiн өзiне толық жауапкершiлiктi қабылдайды.
      5. (5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. (6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. (7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. (8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Осы конкурстық өтiнiм___күн iшiнде қолданылады.
      10. Бiздiң конкурстық өтiнiм жеңдi деп танылған жағдайда, бiз мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгiземiз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзу көзделген болса көрсетiледi).
      11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу сәтiне дейiн конкурсқа қатысуға осы өтiнiм Сiздiң оны жеңдi деп тапқан хабарламаңызбен бiрге бiздiң арамыздағы мiндеттi түрдегi шарт рөлiн орындайтын болады.
_________________________________________________
______________________________/__________________/
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның - әлеуеттi өнiм берушiнiң лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница