Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница15/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

_____________________________      _____жылғы "___"__________
     (Орналасқан жерi)

      Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын______________________
                                   (Тапсырыс берушiнiң толық атауы)
атынан____________________________________________________________,
       (уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
бiр тараптан және бұдан әрi Өнiм берушi деп аталатын,
____________________________________________________________ атынан
      (өнiм берушi - конкурс жеңiмпазының толық атауы)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
        (Жарғы, Ереже және т.с.с.)
__________________________________________________________________
      (уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
 
екiншi тараптан, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрi - Заң) және ___жылғы "__"_______ өткен Мемлекеттiк сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бiр көзден тәсiлiмен) қорытындыларының негiзiнде осы Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты және мына төмендегi келiсiмге келдi:
      1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы - (мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетiлсiн) Тапсырыс берушi үшiн мемлекеттiк сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялады  және Мердiгердiң (сомасы сандармен және жазумен көрсетiлсiн) (бұдан әрi - Шарттың бағасы) мөлшерiнде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтiнiмiн қабылдады.
      2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады (жобаның аты, объектiнiң атауы мен орналасқан жерi)
      Бас жобалаушы (ұйымның атауы мен мекен-жайы)
__________________________________________________________________
      3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсiнiк берiледi:
      1) "Тапсырыс берушi" - мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
      2) "Бас мердiгер" (бұдан әрi - Мердiгер) - Тапсырыс берушiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта оның контрагентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (сатып алуды жүзеге асыру ережесiнде көзделген жағдайларда);
      3) "Қосалқы мердiгер (бiрлескен орындаушы)" - Шарт бойынша учаскеде (объектiде) жұмыстардың бiр бөлiгiн орындауға Мердiгермен шарты және (немесе) келiсiмi бар адамды немесе ұйымды бiлдiредi;
      4) "Техникалық қадағалаушы" - мердiгерлiк жұмыстарды Мердiгердiң Шарттың ережелерiне сәйкес орындауы жөнiндегi бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс берушi тағайындаған және Мердiгерге хабарланған адамды бiлдiредi;
      5) "Объект" - мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Мердiгердiң Шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушiге беруге тиiс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
      6) "Учаске" - Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргiзуге бөлiнген аумақты бiлдiредi;
      7) "Шарттың құны" - Шарттың Мердiгер өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде көрсеткен және Тапсырыс берушi қабылдаған жалпы сомасын бiлдiредi;
      8) "Шарт" - "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Тапсырыс берушi мен Мердiгердiң арасында ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейiнгi барлық толықтырулар мен өзгерiстер қабылдау жолымен жасалуы мүмкiн. Шарт Жобалаушы мен Мердiгер, Тапсырыс берушiлер мен Қосалқы мердiгерлер арасындағы қандай да бiр шарттық қатынастар қалыптастыратындай түрде түсiндiрiлуге тиiс емес;
      9) "Уақытша құрылыстар" - Объектiнiң құрылысын салу мен жөндеу үшiн қажеттi, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектiнiң құрылысын салуды аяқтағаннан кейiн Мердiгер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды бiлдiредi;
      10) "Материалдар" - Объект құрылысын салу үшiн Мердiгер мен Қосалқы мердiгер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын бiлдiредi;
      11) "Жабдық" - Мердiгер мен Қосалқы мердiгердiң Объектiнiң құрылысын салу үшiн учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетiктерiн бiлдiредi;
      12) "Құрылыстың ұзақтық мерзiмi" Мердiгер Объектiнiң құрылысын салуды аяқтауға тиiс мерзiмдi бiлдiредi;
      13) "Күндер" - күнтiзбелiк күндер, "айлар" - күнтiзбелiк айлар;
      14) "Өзгерiстер" - Тапсырыс берушi Шартқа қол қойылғаннан кейiн берген өзгерiстер;
      15) "Ақау" - жұмыстардың Шарт ережелерiн бұзып орындалған бөлiгi;
      16) "Шалалықтар мен ақауларды жою кезеңi" - жұмыстардың орындалуын тексеру үдерiсiнде табылған шалалықтар мен ақауларды жою кезеңi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлiгi болып табылады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) Шарттың мәнi/сатып алынатын жұмыстардың тiзбесi;
      3) техникалық өзiндiк ерекшелiк;
      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу конкурстық құжаттамада көзделген болса көрсетiледi);
      5) жобалау-сметалық құжаттама/жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмiрлерi мен олардың күндерi көрсетiлсiн):
      Құжат
      Атауы
      Нөмiрi және күнi
      6) Толықтырулар (осындайлар болса):
      Құжат
      Атауы
      Нөмiрi мен күнi
      7) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс берушi Шарттың құжаттарына енгiзгiсi келетiн қосымша құжаттар көрсетiлсiн)
      ____________________________________________________
      ____________________________________________________
      5. Өнiм берушi Шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзуге тиiс. Өнiм берушi Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға:
      1) Тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдi ақшалай жарнаны;
      2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
      6. Өнiм берушiнiң Шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi бiр тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнаға толығымен не бiр бөлiгiнде талап ету құқықтарының туындауын келтiрiп шығаратын iс-әрекеттер жасауына жол берiлмейдi. Тапсырыс берушiнiң Өнiм берушi енгiзген кепiлдi ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берiлмейдi.
      7. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындармен мемлекеттiк сатып алу шарты бiр қаржы жылынан астам мерзiмге мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада оларды аяқтау мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржылық жылда (жылдарында) көзделген жұмыстарды сатып алған жағдайда жасалуы мүмкiн.
      Бұл ретте, қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан астам мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттарға жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша анықталған өнiм берушiлермен ғана рұқсат етiледi.
      Конкурс нәтижелерi бойынша жасалған Мемлекеттiк сатып алу шарты өнiм берушiнiң уәкiлеттi органға өтiнiм мен мемлекеттiк сатып алу бойынша уәкiлеттi органға шартты баға арасындағы айырма ретiнде алынған кiрiстi пайдалану бойынша ақпарат бергенi туралы келiсiм шарттарын қамтуы тиiс.
      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар басқару органы немесе көрсетiлген тұлғалардың жоғарғы органы бекiткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржылық жылға (жылдарына) белгiленген iс-шараларды орындау үшiн қажеттi жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасулары мүмкiн.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Мердiгер осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етудi мiндетiне алады.
      9. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының бейрезидентiмен жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
      10. Шарт мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады.
      Шартты төрелiк сотта қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты тараптар алмасатын барлық хат алмасу мен басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.
      Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгертпеу шартымен мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзуге:
      1) ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келiсiмi бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлiгiнде;
      2) егер мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлсе және Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылданған, осындай өзгерiстiң сомасынан қосымша ақша бөлу туралы шешiм қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлiгiнде;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген жұмыстарды қоспағанда, осы жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген жұмыс бiрлiгi үшiн бағаны өзгертпейтiн шартпен сатып алынатын жұмыстардың көлемiндегi қажеттiлiктiң азаюына немесе ұлғаюына байланысты шарттың бағасын азайту не ұлғайту бөлiгiнде. Мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында осы жұмыстарды сатып алу үшiн көзделген соманың шегiнде жол берiледi;
      4) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың не Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгерiсiне байланысты еңбек пен материалдық ресурстар құнының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту және ұлғайту бөлiгiнде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда, мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзу шартымен шарттың орындалу мерзiмдерiн тиiсiнше өзгерту бөлiгiнде жол берiледi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
      12. Тапсырыс берушi мен Мердiгер арасындағы Объект құрылысын салу мәселелерiне қатысты ресми қатынас жазбаша түрде ғана күшке ие болады.
      13. Мердiгер қосалқы мердiгерлiк ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемiнiң (мердiгерлiк бағасының) 2/3 бөлiгiнен аспайтын Шарт жасаса алады, және Тапсырыс берушiнiң жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшiншi тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердiгерлердiң болуы Тапсырыс берушi мен Мердiгер арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейдi.
      14. Учаскеде қосалқы мердiгерлер бар болса Мердiгер өзiнiң жұмыстарын олармен үйлестiрiп отыруы тиiс.
      15. Тапсырыс берушi Мердiгерге объектiнiң құрылысын салуға (жөндеуге, қайта жаңартуға) жобалау-сметалық құжаттаманы бередi (мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс құрылысты "Дайын тапсыру" шартымен өткiзiлген кезде бұл талап осы Шартта ескерiлуi тиiс).
      16. Мердiгер негiзгi қызметтерге бiлiктiлiгi туралы мәлiметтерде көрсетiлген қызметкерлердi жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердiгер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушiнiң келiсiмiн алуы тиiс. Жаңа қызметкерлердiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтерде санамаланған қызметкерлердiң бiлiктiлiгiне тең немесе одан жоғары болуы тиiс.
      17. Егер Тапсырыс берушi Мердiгерден Мердiгердiң немесе қосалқы мердiгердiң қызметкерi болып табылатын адамды, себептерiн көрсете отырып, Объектiде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердiгер мұндай адамды 72 сағат iшiнде құрылыс объектiсiнен кетiруге мiндеттi, одан кейiн бұл адамның осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиiс.
      18. Мердiгер Тапсырыс берушiнiң мүлкiне, меншiгiне шығындар немесе залал келтiрумен және өз қызметкерлерiнiң денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерiнiң мерт болуымен байланысты және Шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшiн жауапты болады.
      19. Тапсырыс берушi тәуекелдiң ерекше түрлерi, атап айтқанда: соғыс, көтерiлiс, революция, азаматтық соғыс, бүлiктер, тәртiпсiздiктер (егер онда Тапсырыс берушiнiң қызметкерлерi қатысса) тәуекелi үшiн жауапты болады. Сондай-ақ, Мердiгер тапқан және конкурстық құжаттамада көрсетiлмеген топырақтың уытты және жарылғыш нәрселермен улануы және егер осы табылғандар жұмыстардың орындалуына тiкелей әсер ететiн болса да Тапсырыс берушiнiң тәуекелi болып табылады.
      20. Мердiгер ақауларды жою кезеңiн қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен жұмыстар толық аяқталғанға дейiнгi кезеңге Тапсырыс берушiнiң атына сақтандырумен жабуды қамтамасыз етедi.
      Сақтандыру объектiлерi және сомасы __________________________
__________________________________________________________________
(жабдықтар берудi сақтандыру, адамдарды және т.б. сақтандыру)
      21. Мердiгер сақтандыру полистерi мен сертификаттарын Тапсырыс берушiге жұмыстар басталатын Күнге дейiн ұсынуы тиiс.
      22. Егер Мердiгер талап етiлетiн сертификаттарды ұсынбаса, Тапсырыс берушi Мердiгердiң қамтамасыз етуi тиiс сақтандыруды жүргiзуi және осы шығыстарды Шарттың құнынан ұстауы мүмкiн.
      23. Мердiгер Тапсырыс берушiнiң келiсiмiнсiз сақтандыру шарттарын ешқандай өзгерте алмайды.
      24. Екi тарап та сақтандыру полистерiнiң барлық шарттарын сақтауға тиiс.
      25. Тараптардың әрқайсысы олардың бiрлескен iс-қимылдары немесе кемшiлiктерiнiң нәтижелерi болып табылған шығындар бойынша шығындар, шығыстар және талап-арыздар, адамдардың денсаулығына залал келтiргенi және өлiмi үшiн жауап бередi және оларды басқа тарапқа өтейдi.
      26. Мердiгер Объектiдегi жұмыстар өндiрiсiнiң қауiпсiздiк техникасы үшiн толығымен жауап бередi.
      27. Тапсырыс берушi Мердiгердiң объектiнiң құрылысын салуға бөлiнген Учаскенiң барлығын пайдалануға рұқсат етедi. Егер құрылысқа берiлген Учаскенiң бiр бөлiгi Учаске берiлетiн күнге берiлмеген болса және осы себеппен жұмыстарды орындау кiдiртiлсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс берушi жұмыстарды аяқтау мерзiмiн осы Учаскенi берудi кiдiрткен мерзiмге ұзартуы тиiс.
      28. Тапсырыс берушi немесе оның уәкiлеттi тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың әзiрлеушiлерi Учаскеге немесе Шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан рұқсаты болады.
      29. Тапсырыс берушi мен Мердiгер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келiспеушiлiктердi немесе дауларды тiкелей келiссөздер үдерiсiнде шешуге барлық күш-жiгерлерiн салуға тиiс.
      30. Егер осындай ресми емес келiссөздер басталғанынан 21 (жиырма бiр) күн iшiнде Шарт бойынша дауды Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi бейбiт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгенi бұл мәселенi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешудi талап етуi мүмкiн.
      31. Егер мердiгер Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындамаса, сондай-ақ егер Мердiгер жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейiн орындауға қабiлетсiз болып шықса, Тапсырыс берушi жазбаша нұсқамамен Мердiгерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерiн жойғанға дейiн жұмыстардың бiр бөлiгiн тоқтату туралы өкiм бере алады.
      32. Егер Мердiгер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткiсi келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендiру) және тапсырыс берушiден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейiн жетi күн iшiнде жазбаша немесе әрекеттерiмен жауап бермесе тапсырыс берушi көрсетiлген жетi күн мерзiм өткеннен кейiн өзiнiң талабын қайталауға құқылы. Егер Мердiгер келесi жетi күн мерзiмi iшiнде көрсетiлген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс берушi өзiнiң басқадай әсер ету әдiстерiн қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшiмен орындай алады. Мұндай жағдайларда негiзiнде Мердiгерге төленуi тиiс болған сомадан Тапсырыс берушiнiң қосымша қызметтер үшiн мәжбүрлi шығындары өтемiн қоса алғанда, көрсетiлген Ақауларды түзету құны шегерiлетiн өзгерiстер туралы тиiстi бұйрық шығарылады. Егер Мердiгерге төлеуге тиiстi сома көрсетiлген шығыстарды жабу үшiн жеткiлiксiз болса, Мердiгер Тапсырыс берушiге айырманы өз қаражатынан төлеуге мiндеттi.
      33. Мердiгер_____________________ мерзiм iшiнде Тапсырыс берушiге Объектiнiң құрылысын салу бойынша жұмыстарды орындау тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ Тапсырыс берушi тарапынан оның конкурстық өтiнiмiне сәйкес төлемдердi жүргiзу кестесi мазмұндалған жұмыстардың өндiрiс кестесiн бекiтуге ұсынады.
      34. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшiн қосымша мерзiмдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үдерiсiнде қосымша еңбек шығындарын талап ететiн жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс берушi жұмыстарды орындау мерзiмiн ұзартады. Бұл ретте Мердiгер азаматтық заңнамада көрсетiлген рәсiмге сәйкес Тапсырыс берушiнi жазбаша хабардар етуi тиiс.
      35. Мердiгер бiлiмiн және қолда бар барлық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға мiндеттi. Мердiгер құралдар, әдiстер, техника, дәйектiлiк және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестiру үшiн толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.
      36. Мердiгер өз қызметкерлерiнiң, Қосалқы мердiгердiң (лердiң), Қосалқы мердiгердiң (лердiң) қызметкерлерiмен сенiм бiлдiрiлген адамдарының, сондай-ақ Мердiгермен шарт негiзiнде Шарт шеңберiндегi жұмыстардың бiр бөлiгiн орындайтын басқа да адамдардың iс-әрекеттерi мен кемшiлiктерi үшiн Тапсырыс берушi алдында жауапты болады.
      37. Тапсырыс берушi жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшiн сынақ жүргiзе алады. Егер тексеруден кейiн тексерiлген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, Мердiгер жұмыстардың Ақауын түзетедi және (немесе) конструкцияны алмастырады.
      38. Тапсырыс берушi табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзiмiн көрсете отырып, Мердiгердi жазбаша түрде хабардар етедi.
      39. Мердiгер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс берушi көрсеткен уақыт кезеңi iшiнде жоюға мiндеттi.
      40. Ақы төлеу нысаны________________________________________
                           (аудару, қолма-қол есептеу және т.б.)
      41. Төлемдердiң түрлерi мен мерзiмi_________________________
(төлемдердiң қалай жүргiзiлетiнi және төлеу мерзiмi көрсетiлсiн: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы)
      42. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:____________________
(шот-фактура немесе орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру актiсi немесе т.с.с.)
      43. Тапсырыс берушi Мердiгерге___сомада аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргiзуi мүмкiн. Мердiгер төленген авансты осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн талап етiлетiн материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиiс.
      44. Тапсырыс берушi аванстық төлемдердi жүзеге асырған жағдайда ай сайынғы төлемдерден____орындалған жұмыстардың көлемiне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердiң сомасын шегере отырып түзетiледi. Төлем мерзiмi____.
      45. Егер Тапсырыс берушi Мердiгерге тиесiлi соманы Шартта көрсетiлген мерзiмде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердiгерге мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн____тиесiлi сомасының____0,1 %-ы мөлшерiнде кiдiртiлген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбы келесi төлеммен жүргiзiледi. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргiзiлуi тиiс болған күннен бастап есептеледi және соңғы төлем жүргiзiлген кездегi күнмен аяқталады.
      46. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзiмiн өзгертуге немесе Мердiгерге ақшалай өтемақы төлеуге алып келедi:
      1) Тапсырыс берушi Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың орындалуын кiдiртедi. Бұл жағдайда Тапсырыс берушi осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзiмiн ұзартуға мiндеттi;
      2) Тапсырыс берушi Мердiгерге Шартта жоспарланбаған сынақтарды өткiзу үшiн жұмыстарды тоқтатуға нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бiр ақауларға нұсқамаса, онда сынақ өткiзу үшiн жұмыстарды тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзiмiне қосылады;
      3) аванстық төлем кешiктiрiлсе;
      4) Объектiде бiрнеше мердiгерлер болса, Тапсырыс берушiнiң басқа мердiгерлер үшiн жасаған жұмыстар кестесi осы Шарт бойынша Мердiгердiң жұмыстарды орындау мерзiмiне келеңсiз әсер етсе.
      Өтемақы сомасы Мердiгермен келiсiледi.
      47. Ұсталған сома Мердiгерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн және шалалықтар мен Ақаулар тiзбесi жойылғаннан кейiн ғана төленедi.
      48. Мердiгер Тапсырыс берушiге шарт бойынша жеткiзiп берiлетiн материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық өзiндiк ерекшелiктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн деңгейге дейiн төмендететiн ақауларсыз орындалатынына кепiлдiк бередi. Осы талаптарға сәйкес келмейтiн, жеткiлiксiз негiзделген және рұқсатсыз өзгертiлген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердiгер (қосалқы Мердiгер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендiру ережелерiн бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткiлiксiз техникалық қызмет көрсету себебiнен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезiнде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлiнуi себебiнен залалды өтеу немесе түзету Мердiгер беретiн кепiлдiктерге кiрмейдi. Тапсырыс берушiнiң талап етуi бойынша Мердiгер материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын құжаттарды беруге тиiс.
      Мердiгер Тапсырыс берушiге пайдалануға кепiлдiктi____жыл мерзiмге бередi.
      49. Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуiр бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс берушi немесе Мердiгер Шартта көрсетiлген мерзiмге дейiн Шартты бұза алады.
      50. Шарттың талаптарын едәуiр бұзу мынаны қамтиды, бiрақ санамаланғанмен шектелiп қалмайды:
      1) егер Мердiгер жұмыстар кестесiн орындау мерзiмiн бiрнеше рет бұзса, Тапсырыс берушi Шартты бұза алады;
      2) Мердiгер Тапсырыс берушiнiң тоқтатуға рұқсатын алмай мерзiмi__________дейiн жұмысты тоқтата тұрса;
      3) Мердiгер Тапсырыс берушi белгiлеген негiздi уақыт кезеңi iшiнде Тапсырыс берушi көрсеткен Ақауларды жоймаса;
      4) Тапсырыс берушi Мердiгерге жұмыстар барысын кiдiртуге нұсқама_______________ күн iшiнде күшiн жоймаса;
      5) не Тапсырыс берушi, не Мердiгер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бiрлесуiн қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бiр себептермен таратылса;
      6) Тапсырыс берушi Мердiгерге Тапсырыс берушiнiң Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома расталған күннен кейiнгi күн iшiнде төлемесе;
      7) Мердiгер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу ережелерiн, нұсқаулықтарын және ережелерiн ескермейтiн болса.
      51. Егер Шарт Мердiгердiң Шартты едәуiр бұзуы себебiнен бұзылса, Тапсырыс берушi Тапсырыс берушiнiң жаңа Мердiгердi таңдауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Мердiгерге iс жүзiнде орындалған жұмыстар үшiн қалған соманы төлейдi. Егер Тапсырыс берушiнiң Шартты бұзуға байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердiгерге тиесiлi жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушiге төленуге жататын борышты құрайды.
      52. Тапсырыс берушi Мердiгерге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiледi, Шарттың күшi жойылған жұмыстарының көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi айтылады.
      53. Мұндай жағдайларда Тапсырыс берушi барлық орындалған жұмыстардың құнын, сатып алынған жабдықтар үшiн, Объектiден машиналар мен тетiктердiң шығарылуына шығыстарды және Объектiнi консервациялау құнын төлейдi.
      54. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негiзiнде Шарт жойылған кезде, Мердiгер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана ақы талап етуге құқылы.
      55. Мына фактiлердiң бiрi анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:
      1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердiң бұзылуы;
      2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе;
      Егер Шарт бұзылса Мердiгер дереу жұмысты тоқтатып, Объектiнi консервациялауды және белгiленген тәртiппен оны Тапсырыс берушi тапсыруды қамтамасыз етедi.
      56. Егер Мердiгердiң Шарт талаптарын едәуiр бұзуы себебiнен Шарт бұзылатын болса, Объектiдегi барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушiнiң меншiгi болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешiлгенге дейiн оның билiгiнде болады.
      57. Егер дүлей апат, әскери iс-қимылдар немесе Тапсырыс берушi немесе Мердiгер бақылай алмайтын қандай басқа бiр басқа форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс берушi Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердiгер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа мерзiмде Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс берушi Мердiгерге Объектiнi тоқтатқан күнге дейiн орындалған жұмыстардың барлық көлемi үшiн және Объектiнi консервациялауға байланысты жұмыстар үшiн ақы төлеудi жүргiзедi.
      58. Мердiгер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерiнен қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Мердiгер өзiнiң жұмыстарын жүргiзу кезiнде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушiге тиесiлi меншiктi және оған тиесiлi құрылыстарды қандай да бiр зақымдану түрлерiнен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүлiктiң өзге де түрлерiн қоса алғанда (бiрақ, онымен шектелiп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиiс. Мердiгер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушiнiң тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
      59. Тапсырыс берушi Мердiгердiң жоғарыда айтылған себептермен оларды толық аяқтағанға және қабылдағанға дейiн жұмыстардың қандай да бiр зияны немесе зақымдануы үшiн жауапкершiлiк көтермейдi және Мердiгер қосымша өтеусiз қандай да бiр зиянды барлық түзетудi, қандай да бiр зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесiнде өзге де ақауларды жүзеге асырады.
      60. Мердiгер өнiм берудi ұйымдастыру, Мердiгер беретiн, Объектiге жеткiзiлуге тиiс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшiн жауапты болады. Өнiмдi беру тек қана Мердiгердiң атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да Тапсырыс берушi өнiм беруге, өңдеуге, сақтауға және көлiк құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшiн жауап беруге тиiс емес. Ешқандай да өнiм беру Тапсырыс берушiнiң атына жiберiлмейдi.
      61. Мердiгер Тапсырыс берушiге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесiн бередi. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшiн Тапсырыс берушi рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкiн. Егер Мердiгер өзiнiң материалдары мен жабдықтарын тиеудi және сақтауды кiдiртетiн болса, және егер мұндай кiдiрту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтiретiн болса, Тапсырыс берушi Мердiгердiң материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердiгердiң есебiнен жүзеге асыруы мүмкiн (бiрақ құны жасауға мiндеттi емес). Егер тиеудi немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкiл тәуекелдi Мердiгер көтередi.
      62. Тапсырыс берушi беретiн материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс берушi мен Мердiгер бiрлесiп қабылдайды және тексередi. Құрылыс алаңында тиеудi Мердiгер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердiгер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиiс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгiленуге тиiс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейiн Мердiгер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуi мен сақталуы үшiн толық жауап бередi және, жоғарыда көрсетiлген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап бередi. Мердiгер өзiнiң жұмыстарын аяқтағаннан кейiн қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушiге қайтарылуға тиiс.
      63. Егер Шартта Тапсырыс берушiнiң материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердiгер Тапсырыс берушiнi оларды беру үшiн қажет болуы мүмкiн мерзiм туралы күнi бұрын хабардар етуге тиiс. Бұл мерзiмдер Мердiгердiң жұмыс кестесiнде көзделген болуы тиiс.
      64. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс берушi осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшiн негiздi көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиiс болса, Мердiгер қосудың орындалуы үшiн және су мен электр энергиясын Тапсырыс берушi белгiлеген қосу нүктесiнен бөлу үшiн жауап бередi. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегi үзiлiстер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшiн негiз болып табылады.
      65. Мердiгер Учаскенiң аумағын таза ұстайды. Мердiгер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскенi жедел түрде тәртiпке келтiруге тиiс.
      66. Егер Мердiгер Учаскенi осы Шарт талап ететiндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс берушi шығыстарды Мердiгердiң есебiне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкiн.
      67. Мердiгер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн Тапсырыс берушiге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жiбередi. Тапсырыс берушi жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөнiндегi комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
      68. Жұмыс комиссиясы Мердiгердiң қатысуымен өткiзiледi.
      69. Жұмыс комиссиясы актiсiнiң күнi жұмыстар аяқталған күн болып саналады.
      70. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тiзбесiн жасайды және оларды жою мерзiмiн көрсетедi. Шалалықтарды жою күнi Шарттың аяқталған күнi болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактiсi Объектiнi пайдалануға түпкiлiктi қабылдау актiсiмен (Мемлекеттiк комиссия актiсiмен) анықталады.
      71. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер мердiгер Шартта айтылған мерзiмде жұмысты орындамаса Тапсырыс берушi Шарттың шеңберiнде өзiнiң басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бiр мерзiмi өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.
      72. Осы Шарттың күнiне енетiн күнi жұмыстардың басталған мерзiмi болып саналады (не осы күн Шартта белгiленедi).
      73. Мердiгер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерiн жұмыстар басталғаннан кейiн (күн саны көрсетiлген) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей аяқтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      73-1. Әлеуеттi өнiм берушi (мердiгер) конкурстық өтiнiмге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етудi мiндетiне алады.
      Ескерту. 73-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      74. Тапсырыс берушi осы Шарт бойынша орындалған көлем үшiн осы Шартта айтылған соманы төлеуге мiндеттенедi.
      75. Мердiгер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетiлсiн) Тапсырыс берушi барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тiзбесiн жойғаннан кейiн Мердiгерге төленетiн орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрi - Түпкiлiктi ақы төлеу).
      76. Осы Шарт бойынша Мердiгерге түпкiлiктi ақы төлеудi Тапсырыс берушi Мердiгер осы Шарт бойынша мiндеттемелердi және Ақауларды түзету жөнiндегi өзiнiң барлық мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда жүргiзедi.
      77. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Мердiгер белгiленген тәртiппен келiскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн.
      78. Мердiгер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi (егер осындай қамтамасыз етудi енгiзу конкурстық құжаттамада көзделсе).
      79. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органында тiркегеннен кейiн (мемлекеттiк органдар мен мекемелер үшiн) және Мердiгер Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.
      80. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелерi:

      Тапсырыс берушi                         Өнiм берушi
  _____________________________         ________________________
      (толық атауы)                           (толық атауы)
  _____________________________         ________________________
  _____________________________         ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
  _____________________________         ________________________
      (телефоны, факсы)                      (телефоны, факсы)
  _____________________________         ________________________
         (Т.А.Ә.)                                (Т.А.Ә.)
  _____________________________         ________________________
         (қолы)                                  (қолы)
  ________ж."__"__________              _________ж."___" _______

      М.О.                                   М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тiркелген күнi (мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер үшiн):_____________________
      Осы Мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт Тапсырыс берушiнiң жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруы үдерiсiнде Тапсырыс берушi мен Мердiгер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейдi. Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс берушi конкурс қорытындылары негiзiнде жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың өз жобасын әзiрлеуге тиiс. Бұл ретте осы Шартқа енгiзiлетiн кез келген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi заңнамасына, Тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттамасына, Мердiгердiң конкурстық өтiнiмiне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиiс. Осы Шартта курсивпен бөлiп көрсетiлген түсiндiрулердi Тапсырыс берушi толтыруға тиiс.

                                                           Ережеге
                                                          6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница