Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница5/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс)
бағалау және салыстыру

      106. Конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушi (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конверттi беруге тиiс.

      107. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген күнi, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiнде отырыс өткiзедi.

      108. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген мерзiм iшiнде конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшiн конкурсқа қатысушылардың өкiлдерiнде өкiлеттiктерiнiң құжаттамалық расталуының болуына көз жеткiзедi;
      2) конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурсқа қатысушылар не олардың уәкiлеттi өкiлдерi туралы мәлiметтердi енгiзедi.

      109. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген уақыт өткеннен кейiн ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.

      110. Конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы осындай бас тартудың себебiн баяндай отырып, конкурсқа қатысушылардың тiзiмiн көрсетедi.

      111. Конкурстық комиссияның отырысында:
      1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерiнiң арасынан төраға белгiлеген адам:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi оларды тiркеудiң хронологиялық тәртiбiмен ашады;
      конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тiркеудiң хронологиялық тәртiбiмен жариялайды;
      конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттердi бередi;
      2) конкурстық комиссия:
      конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асып түсетiн конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;
      осы Ережеде белгiленген жағдайда демпингтiк бағаны айқындайды және демпингтiк болып табылатын конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
      егер осы тармақшада көрсетiлген негiздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың екi және одан да көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген өлшемдердiң пайыздық мәнiн қолдану арқылы айқындайды;
      конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың iшiнен ең төменгi шартты баға негiзiнде конкурстың жеңiмпазын айқындайды.
      Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып анықталады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiлерiнiң конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде конкурстың мәнi болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында көбiрек тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып анықталады.
      Ескерту. 111-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      112. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша:
      1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргiзу күнi:
      конкурстық комиссияның отырыстарына қатысып отырған адамдарға конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiн жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңiмпазын хабарлайды;
      конкурс жеңiмпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны бередi;
      конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкiлеттi өкiлдерiне конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесi ұсынылатын күн, уақыт пен орын туралы ақпарат бередi;
      2) конкурстық комиссияның хатшысы:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссия отырысы өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерiнiң, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысының қол қоюын және әрбiр бетке бұрыштама қоюын қамтамасыз етедi;
      ол туралы мәлiметтер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiм берген кез келген әлеуеттi өнiм берушiнiң талап етуi бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде осындай әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiне жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн өтеусiз негiзде жiбередi не ұсынады;
      конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде тапсырыс берушiге көрсетiлген хаттаманың көшiрмесiн ұсынуды қамтамасыз етедi.

      113. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде:
      1) хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң веб-сайтына орналастыруға;
      РҚАО-ның ескертуi!
      Ескерту. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап 113-тармақтың 2) тармақшасы ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен алынып тасталады.
      2) Заңға сәйкес уәкiлеттi орган белгiлеген заңды тұлғаға конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген Мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бюллетенiнде жариялау үшiн ақпарат жiберуге тиiс.
      3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру.

      114. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамадағы және тапсырыс берушiнiң веб-сайтына орналастырылған мәлiметтер барлық қызығушылық бiлдiрген адамдарға ақы алынбастан танысу үшiн қол жетiмдi болуға тиiс.
       Ескерту. 114-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын айқындау тәртiбi

      115. Әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол мемлекеттiк сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшiн) және жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады.
      Ескерту. 115-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      116. Әлеуеттi өнiм берушiнiң консультациялық қызметтерге арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына орташа арифметикалық бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады.
      Ескерту. 116-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      117. Әлеуеттi өнiм берушiнiң тауарларға арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына орташа арифметикалық бағасынан отыз пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады.
      Ескерту. 117-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      118. Конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға ұсынылатын конкурстық өтiнiмдердiң демпингтiк бағасын ұсыну фактiсiн анықтаған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға конкурстық өтiнiмдердi қабылдамау себебiн көрсету мақсатында мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) конкурстық өтiнiмнiң орташа арифметикалық бағасын есептеу тәртiбi;
      2) конкурстық өтiнiмнiң орташа арифметикалық бағасы;
      3) бағасы демпингтiк деп айқындалған конкурстық өтiнiмдер.

Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурсты өткiзу

      Ескерту. Кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      119. Ескерту. 119-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      120. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн:
      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi ерекшелiктерiн тұжырымдау және олардың техникалық және осы сипаттамаларын анықтау күрделi және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлерден ұсыныстар сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөздер жүргiзу қажет болғанда;
      2) ғылыми зерттеулер, сынақтар, iздестiрулер немесе әзiрлемелер жүргiзу қажет болғанда.
      Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      121. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай тiзбектi кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
      1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
      тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы немесе сарапшыны анықтауы;
      тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      тапсырыс берушiнiң веб-сайтын анықтау және уәкiлеттi органды осындай веб-сайттың электрондық мекен-жайы туралы хабардар ету;
      РҚАО-ның ескертуi!
      Ескерту. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап 121-тармақтың 1) тармақшасына ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен өзгерту енгiзiледi.
      Бюллетенде және тапсырыс берушiнiң веб-сайтында екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарландыру жариялау;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдi рәсiмдер пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi адамдарға техникалық тапсырма беру;
      әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрленген техникалық ұсыныстарды беруi;
      сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және (немесе) өзге сипаттамаларына қатысты мәселелердi, оларды берудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарт талаптарын талқылау;
      сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеуi,
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның мiндетiн атқаратын тұлғаның бекiтуi;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi кезеңде техникалық ұсыныстар берген әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақырулар жiберу;
      2) екiншi кезеңде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар жүзеге асырылады.
      Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      122. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдалана отырып, конкурсты өткiзу кезiнде конкурстық комиссия конверттердi ашу және конкурстың әрбiр кезеңiне конкурстың қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.

      123. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде де өткiзу кезiндегi рәсiмдер мен ереже пайдаланылады.
      Ескерту. 123-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
өтпей қалды деп тануға негiздемелер

      124. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды мынадай жағдайларда өтпей қалды деп таниды:
      Ескерту. 124-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      1) берiлген өтiнiмдер болмағанда;
      2) екiден кем өтiнiм берiлгенде;
      3) конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;
      4) конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе;
      5) конкурсқа қатысушының бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;
      6) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса.

      124-1. Арнайы тәртiптi қолдана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда өткiзiлмедi деп танылады:
      1) ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарының болмаса;
      2) конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға
ұсыныстарының тек бiреуi қалса;
      3) арнайы тәртiптi қолдана отырып, конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса.
      Ескерту. 124-1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертуi!
      Ескерту. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап 4-бөлiм мен кiшi бөлiмдерi ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен алынып тасталады.

4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк
сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

      Ескерту. Бөлiмдегi "Ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiне", "Ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi", "Ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiмен" деген сөздер тиiсiнше "Ұйымдастырушыға", "Ұйымдастырушы", "ұйымдастырушымен" деген сөздермен ауыстырылды - 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асыру туралы әлеуеттi өнiм
берушiлердi хабардар ету

      125. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы барлық ұсыныстарды беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тапсырысшының веб-сайтында не ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттiк сатып алудың осы тәсiлiн қолдану мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн кез келген басқа веб-сайтта электрондық хабарландыруды орналастыруға тиiс.

      126. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
      1) тапсырыс берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайы;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы;
      3) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      4) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген соманы көрсете отырып жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын тауарлар саны, орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер көлемi;
      4-1) сатып алынатын тауарлардың (техникалық жағдайларды көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаты;
      4-2) тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;
      4-3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмi;
      5) әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын беру орны мен басталу және аяқталу мерзiмi;
      6) әлеуеттi өнiм берушiнiң тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстарды баға ұсынысына енгiзу қажеттiгi туралы талап;
      7) елеулi шарттарды көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
      8) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қою талап етiлетiн мерзiм.
      Ескерту. 126-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      127. Тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен оларды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiнiң не уәкiлеттi органның веб-сайтында жарияламастан кемiнде екi әлеуеттi өнiм берушiге осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысу туралы жазбаша ұсыныс жiбередi. Бұл ретте жазбаша ұсыныста Заңның 31-бабының 1-тармағында көрсетiлген ақпарат болуға тиiс. Шақыруға елеулi талаптарды көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы қоса берiлуге тиiс.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница