Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница6/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын беруi

      128. Әрбiр әлеуеттi өнiм берушi мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс тек бiр баға ұсынысын ғана бередi:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы, заңды және iс жүзiндегi мекен-жайы (заңды тұлға үшiн), патентiнiң және жеке куәлiгiнiң (паспортының) нөмiрi, тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн), СТН-i және банктiк деректемелерi;
      2) жеткiзiлетiн тауарлардың атауы, сипаттамасы мен саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң атауы мен көлемi;
      3) тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн орын мен мерзiмi;
      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiр бiрлiгiнiң құны оған енгiзiлген шығыстар туралы мәлiметтердi көрсете отырып.

      129. Баға ұсынысындағы тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттары мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы орналастырған баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы электрондық хабарландырудағы (жазбаша шақырудағы) шарттарға қайшы келмеуге тиiс.

      130. Баға ұсынысы бар мөрленген конверттiң беткi жағына әлеуеттi өнiм берушi мыналарды көрсетуге тиiс:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайы;
      2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының электрондық хабарландыруында және жазбаша шақыруында көрсетiлген ұқсас мәлiметтерге сәйкес келуге тиiстi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен почталық мекен-жайы;
      3) қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысы берiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы.

      131. Баға ұсынысы конвертке салынып мөрленедi және әлеуеттi өнiм берушi оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы электрондық хабарландыруда немесе жазбаша шақыруда көрсеткен кезеңде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға бередi.

      132. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы:
      1) баға ұсынысы салынған конверттi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнiң өкiлiнiң өкiлеттiктерiн құжаттамалық растаудың болуын тексередi;
      2) баға ұсынысы салынған конвертте осы Ереженiң 130-тармағында көзделген мәлiметтердiң болуын тексередi. Осы Ереженiң көрсетiлген тармағының талаптарын бұза отырып ресiмделген баға ұсыныстары салынған конверттер тiркелмейдi және:
      баға ұсыныстары салынған конверттi почта байланысымен алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерге;
      баға ұсыныстары салынған конверттi берген әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiне дереу қайтарады;
      3) тиiстi түрде ресiмделген баға ұсыныстары салынған концерттердi қабылдайды және осы Ереженiң 134-тармағының тармақшаларында көзделген мәлiметтердi баға ұсыныстарын тiркеу журналына енгiзедi.
      Ескерту. 132-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      133. Баға ұсыныстарын берудiң түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн берiлген конверт тiркелуге жатпайды және осы Ереженiң 132-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiппен және мерзiмде қайтарылады.

      134. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын тiркеу журналында мынадай мәлiметтердi көрсетедi:
      1) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      2) тапсырыс берушiнiң және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;
      3) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      4) әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы және почталық мекен-жайы, оның СТН-i;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысының тiркелген күнi мен уақыты.

      135. Баға ұсыныстарын тiркеу журналында осындай бас тартудың себебi баяндала отырып, баға ұсыныстарын тiркеуден бас тартылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзiмi көрсетiлуге тиiс. Баға ұсыныстарын тiркеу журналы тiгiлуге, беттерi нөмiрленуге және оған мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi бұрыштама қоюға тиiс, баға ұсыныстарын тiркеу журналының соңғы бетi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiлуге тиiс. Бiр қаржы жылы iшiнде баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi барлық мемлекеттiк сатып алу бойынша бiрыңғай баға ұсыныстарын тiркеу журналын жүргiзуге жол берiледi.
      Егер баға ұсыныстарын беру мерзiмiнiң iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстары салынған кемiнде екi конверт ұсынылғанда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзiмiн бес жұмыс күнiне ұзартады. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзiмi бiткен күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Заңның 31-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген iс-шараларды орындайды.

Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына
сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын шығару

      136. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстары салынған конверттердi ашады және белгiленген мерзiмде ұсынылған және тиiстi журналда тiркелген әлеуеттi оны берушiлердiң баға ұсыныстарын баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi күн iшiнде салыстырады.

      137. Сатып алынатын тауарды жеткiзушiнi, жұмысты орындаушыны, қызметтер көрсетушiнi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ең төменгi баға ұсынысының негiзiнде айқындайды.

      138. Егер ең төменгi баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушi ұсынған болса, баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.

      139. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын беруi аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының шешiмiмен баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары бекiтiледi.
      Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тiкелей не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмiн орындауға жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесi атынан тапсырыс берушiнiң өзi әрекет еткен жағдайда, осындай мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.

      140. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын бекiту туралы шешiмде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс:
      1) тапсырыс берушiнiң және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекен-жайы;
      2) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тегi, аты, әкесiнiң аты, ол атқаратын лауазымы;
      4) баға ұсыныстарын берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн баға ұсыныстарын берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң толық атауы, тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге олар мәлiмдеген баға;
      5) қабылдамау себептерiн негiздей отырып, қабылданбаған баға ұсыныстары туралы;
      6) баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудағы жеңiмпаз туралы, сондай-ақ жеңiмпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi туралы не баға ұсынысы жеңiмпаз ұсынған бағадан кейiн ең аз баға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi туралы.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын бекiткен күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен қорытындылар туралы ақпаратты Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат орналасқан веб-сайтта орналастыруға мiндеттi.
      Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын жариялау туралы талап олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды.

5. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастыру және өткiзу

      141. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тапсырыс берушi Заңның 32-бабында белгiленген жағдайда қабылдайды.

      142. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу мынадай дәйектi iс-шараларды орындауды көздейдi:
      1) тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алудың осы тәсiлiн қолдануды негiздей отырып, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы шешiм қабылдауы;
      2) тапсырыс берушiнiң бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
      3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн, тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын, орны мен мерзiмдерiн, ақы төлеу шарттары мен мерзiмдерiн әзiрлеуi;
      4) тапсырыс берушiнiң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн, сондай-ақ тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын, орны мен мерзiмдерiн, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзiмдерiн бекiтуi;
      5) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген мәлiметтердi көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жiберуi;
      6) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаны негiздеудi растайтын құжаттарды қарауы;
      7) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдеуi;
      8) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушiге ұсынуы.

      143. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны не сараптама комиссиясын тартуға құқылы. Сарапшыны не сараптама комиссиясын тарту осы Ереженiң 35-тармағында белгiленген шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады.

      144. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесi сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi.

      145. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiнiң бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмiн қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге жазбаша нысанда Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақыру жiбередi.

      146. Осы Ереженiң 124-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде әлеуеттi өнiм берушiге бiр көзден сатып алу шарты туралы жiберiлетiн ақпарат өтпей қалды деп танылған конкурстың конкурстық құжаттамасының шарттарына сәйкес болуы тиiс.

      147. Осы Ереженiң 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайда сауал жiберiлетiн әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
      Осы Ереженiң 124-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiге ең жоғарғы шартты шегерiммен рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес сауал жiбередi.

      148. Осы Ереженiң 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiге не конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданбаған болып табылатын конкурсқа қатысушыға сауал жiбередi.

      149. Әлеуеттi өнiм берушi тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға оның жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу процесiне байланысты шектеулердiң жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзiнiң жазбаша келiсiмiн, сондай-ақ жеткiзiлетiн тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын бағаны жiбередi.
      Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелiкке сәйкес келмеуiне жол берiледi.

      150. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiге қол қою үшiн берiлетiн бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиiс:
      1) бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды қолдану негiздемесi;
      2) бiр көзден сатып алу тәсiлiмен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
      3) әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi туралы;
      4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы.

      151. Егер бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн сараптама комиссиясы не сарапшы бекiтiлген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тiркеледi.

      152. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң веб-сайтына орналастыруға тиiс.

      153. 152-тармақтың шарты тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын оларды бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.

      154. Егер әлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асып түскен жағдайда, осындай ұсыныс қабылданбайды және бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу өтпей қалды деп танылады.

6. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу

      155. Тапсырыс берушi қол қоюға және тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi әр бетiне бұрыштама соғуға тиiс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгi шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының екi данасын тапсырыс берушi өнiм берушiге жiбередi.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазына қорытындылар туралы хаттаманың бiр данасын жiбередi.

      156. Мөлшерi төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын тиiстi қаржы жылына арналған тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзген жағдайда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге тиiс.
      Ескерту. 156-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      157. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.

      158. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мөлшерiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.

      159. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
      2) Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.
      Ескерту. 159-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      160. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.

      161. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.

      162. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап ашық тауар биржалары арқылы айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.
      Ескерту. 162-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      163. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.

      164. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница