Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница7/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау

      165. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелiгi, құны, оларды жеткiзу (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) орны мен мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиiс.

      166. Тапсырыс берушi мен өнiм берушi көрсетiлген шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледi.

7. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асырудың арнайы тәртiбiне қойылатын үлгi талаптар

Әлеуеттi өнiм берушiлердi бiлiктiлiгi бойынша алдын ала
iрiктеудi тұрақты негiзде жүргiзу тәртiбiне
қойылатын талаптар

      167. Арнайы тәртiптi Заңның 42-бабының 1-тармағында көрсетiлген тапсырыс берушiлердiң басқару органдары бекiтедi және мыналарға:
      1) әлеуеттi өнiм берушiлердi бiлiктiлiгi бойынша алдын ала iрiктеудi тұрақты негiзде жүргiзу тәртiбiне;
      1-1) бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге;
      2) бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн қалыптастыру тәртiбiне;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бiлiктiлiгi бойынша алдын ала iрiктеуден өткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу негiзiнде өнiм берушiнi таңдау рәсiмдерiне және мерзiмiне;
      4) отандық тауар өндiрушiлерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлерге қолдау көрсету тәртiбiне қойылатын талаптарды қамтиды.
      Ескерту. 167-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      168. Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiне (бұдан әрi - Тiзбе) енгiзу үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерге бiлiктiлiгi бойынша iрiктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнiн, сондай-ақ Тiзбеге енгiзу үшiн бiлiктiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы әлеуеттi өнiм берушiлерге берiлетiн хабарлама (бұдан әрi - Хабарлама) мәтiнiн директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiтедi.

      169. Хабарлама мәтiнiнде бұлардан басқа, тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар сұрау салу болуға тиiс.
      Ескерту. 169-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      170. Ескерту. 170-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      171. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi әлеуеттi берушiлердiң арасында бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы Хабарлама берудi жүзеге асырған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы:
      РҚАО-ның ескертуi!
      Ескерту. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап 171-тармақтың 1) тармақшасы ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен алынып тасталады.
      1) Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарландырудың мәтiнiн Заңға сәйкес уәкiлеттi орган белгiлеген заңды тұлғаға хабарландыру мәтiнiн Бюллетенде жариялау үшiн жiберуге;
      2) тапсырыс берушiнiң веб-сайтында Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарландырудың мәтiнiн орналастыруға;
      3) уәкiлеттi органға Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарландырудың мәтiнi орналастырылған тапсырыс берушiнiң веб-сайтының электрондық мекен-жайын жiберуге;
      4) тапсырыс берушiнiң веб-сайтында хронологиялық тәртiппен Хабарлама алған адамның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарламаны табыс ету фактiсiнiң тiркелуiн қамтамасыз етуге тиiс.
      Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиiс.

      172. Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiне енгiзу үшiн әлеуеттi өнiм берушiлердi бiлiктiлiгi бойынша iрiктеуге қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн (бұдан әрi - Өтiнiм) қарау директорлар кеңесi не бiрiншi басшы белгiлеген мерзiмде жүргiзiледi.

      173. Әлеуеттi өнiм берушiлер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тiзбесiн ұсынуға тиiс.

      174. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң Өтiнiмдерi тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қаралады.
      Ескерту. 174-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      175. Тiзбеге енгiзуге өтiнiмдердi қарауды директорлар кеңесi не бiрiншi басшы құрған комиссия жүзеге асырады.

      176. Өтiнiмдердi қарау кезiнде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:
      1) Өтiнiмдердi қарауды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың Өтiнiмдерiне байланысты материалдарды және түсiндiрмелердi;
      2) Өтiнiмдерде бар мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұратады.
      Өтiнiмдi жетiспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге орай Өтiнiмдi Хабарламаның талаптарына сәйкес келтiруге байланысты комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi.

      177. Комиссия Өтiнiм, егер Өтiнiмде берiлген мәндi қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетiн ретiнде қарайды.

      178. Комиссияның отырысына әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның уәкiлеттi өкiлдерi аудиожазба және бейнетүсiрiлiмдердi жүргiзу құқығымен қатыса алады.

      179. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның Өтiнiмi Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса, Тiзбеге енгiзiлмейдi.

      180. Егер әлеуеттi өнiм берушi Тiзбеге енгiзiлмеген жағдайда, онда Тiзбеге енгiзу туралы хаттамада Өтiнiмдi қайтарудың негiздемесi көрсетiледi.

      181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуға терiс пиғылды қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлу үшiн уәкiлеттi органға жiберiлуге тиiс.

      182. Комиссия Өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына және Хабарламаның өзге де талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және оларды Тiзбеге енгiзедi.

      183. Тiзбеге енгiзу туралы хаттамаға комиссияның төрағасы, отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ комиссияның хатшысы iрiктеуден өткен әлеуеттi өнiм берушiлердi Тiзбеге енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды.

      184. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Тiзбеге енгiзу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлердi комиссияның қабылдаған шешiмi туралы:
      1) Тiзбеге енгiзу туралы хаттаманың көшiрмесiн беру не жiберу;
      2) қол қойылған хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң веб-сайтында орналастыру арқылы хабарлауға тиiс.

      185. Комиссияның Тiзбеге енгiзу туралы шешiмiне Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн
қалыптастыру тәртiбiне қойылатын талаптар

      186. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Тiзбеге енгiзу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Тiзбенi қалыптастырады.

      187. Директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiткен мерзiмде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы:
 
      РҚАО-ның ескертуi!
      Ескерту. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап 187-тармақтың 1) тармақшасы ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен алынып тасталады.
      1) Заңға сәйкес уәкiлеттi орган айқындаған заңды тұлғаға Тiзбенiң мәтiнiн Бюллетеньде жариялау үшiн Тiзбенiң мәтiнiн жiберуге;
      2) Тiзбенiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң веб-сайтында орналастыруға;
      3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталына тiзбе мәтiнiн орналастыруға тиiс.
      Ескерту. 187-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      188. Тiзбе директорлар кеңесi не бiрiншi басшы белгiлеген бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ең аз санынан тұруға тиiс.
      РҚАО-ның ескертуi!
      Ескерту. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап 188-тармақтың 2) тармақшасына ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен өзгерту енгiзiледi.
      Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тiзбенi жаңартып отыруға тиiс. Тiзбеге енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiткен мерзiмде олардың тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына және Хабарламада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн растауды беруге тиiс. Осындай талаптарға сәйкестiгi расталмаған жағдайда, көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушi директорлар кеңесi немесе бiрiншi басшы бекiткен мерзiмде Тiзбеден шығарылады. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженiң 187-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиiс.

Бiлiктiлiгi бойынша алдын ала iрiктеуден өткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарына сұрау салу негiзiнде өнiм берушiнi таңдау рәсiмдерiне және мерзiмiне қойылатын талаптар және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу

      189. Сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу мерзiмiн директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiтедi.

      190. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелiктi, шарттың орындалуын қамтамасыз етудi, шарттың елеулi талаптарын, сондай-ақ өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрi - Талаптар) әзiрлейдi және тапсырыс берушiге бекiтуге ұсынады.

      191. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi Талаптарды бекiткеннен кейiн олардың сатып алу затын жеткiзуге Өтiнiмдер беру мерзiмi мен тәртiбiн, сондай-ақ мұндай өтiнiмдердi қарау тәртiбiн көрсете отырып, оларды Тiзбеге енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi.

      192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда көрсетiлген күнi, уақыты мен орнында өткiзiледi. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) аудиожазба және бейнетүсiрiлiмдердi жүргiзуге құқығы бар оның уәкiлеттi өкiлi қатысуға тиiс.

      193. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға Талаптарда көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi табыс етедi.

      194. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуiне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын керi қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.

      195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртiппен конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi Талаптарда белгiленген мерзiм өткенге дейiн енгiзедi.

      196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлер және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады және оларға әрбiр конкурстық баға ұсынысын жариялайды.

      197. Әлеуеттi өнiм берушiлер және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердiң мазмұнымен танысуға құқылы.

      198. Конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтiк бағаны есептеу тәртiбi осы Ережеде айқындалады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.

      199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргiзiлген күнi қатысушыларға конкурс жеңiмпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны бередi.

      200. Конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы айқындалған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

      201. Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды, онда әрбiр лот бойынша конкурс жеңiмпаздары көрсетiледi.

      202. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң веб-сайтында орналастыруға;
      РҚАО-ның ескертуi!
      Ескерту. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап 202-тармақтың 2) тармақшасы ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен алынып тасталады.
      2) Заңға сәйкес уәкiлеттi орган айқындаған заңды тұлғаға конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын Бюллетеньде жариялау үшiн ақпарат жiберуге тиiс;
      3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталына конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиiс.
      Ескерту. 202-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      203. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына өзi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң жазбаша сауалын алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей оған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн өтемсiз негiзде табыс етуге тиiс.

      204. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгi шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi.

8. Электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi

      Ескерту. 8-бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. "Жалпы ережелер" кiшi бөлiмi алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      205. Электрондық мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында электрондық қызметтердi көрсету арқылы жүзеге асырылады. Электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу осы Ережелермен белгiленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiне сәйкес ережелермен көзделген мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiне және басқа мүдделi тұлғаларға электрондық қызметтердi көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      206. Мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiне және басқа мүдделi тұлғаларға электрондық қызметтердi көрсетудiң ережелерiн мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Ескерту. 206-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница