Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница8/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Тапсырыс берушiлердi, электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыларды және әлеуеттi өнiм берушiлердi Жүйеге тiркеу

      Ескерту. "Тапсырыс берушiлердi, электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыларды және әлеуеттi өнiм берушiлердi Жүйеге тiркеу" кiшi бөлiмiнiң тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      207. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер көрсетудi электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор жүзеге асырады.
      Ескерту. 207-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      208-220. (Ескерту. 208-220-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Жүйенiң жұмыс iстеу тәртiбi және Жүйедегi жұмыстың шарттары

      Ескерту. Кiшi бөлiмi мен 221-231-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттiк
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру

      Ескерту. Кiшi бөлiмi мен 232-234-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

      Ескерту. Кiшi бөлiмi мен 235-248-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

9. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi

Жалпы ережелер

      249. (Ескерту. 249-тармағы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      250. Арнайы тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу, бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң рәсiмдерi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Құқық тәртiбi мен ұлттық қауiпсiздiктiң, құпиялылық режимiнiң сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi

      Ескерту. Кiшi бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      251. Ерекше тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң ерекше шарттарын белгiлеу талап етiлетiн жағдайда, құқық тәртiбi мен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 251-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      252. Құқық тәртiбi мен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жабық рәсiмдердi қолдана отырып конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 252-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      253. Жабық рәсiмдердi қолдана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, веб-сайтта мәтiндерге тапсырыс берушiлердi жариялауды, конкурсқа қатысуға рұқсат туралы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерi ашылған конверттердегi қол қойылған хаттамаларды және конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын жариялауды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 253-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      254. Жабық рәсiмдердi қолдана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзген кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысу үшiн өздерi шақырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аттарына олардың осындай шақыруды алғанын растауы шартымен жазбаша хабарлама жiбередi.
      Ескерту. 254-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      255. Конкурсқа қатысу үшiн жазбаша хабарлама жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және оның органдары белгiленген тәртiппен беретiн рұқсаты болуы тиiс.
      Конкурсқа қатысу үшiн жазбаша хабарлама жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.
      Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      256. Осы тарауда реттелмеген жағдайда тапсырыс берушiлер, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялардың мүшелерi Заңды және осы Ереженi басшылыққа алады.
      Ескерту. 256-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      257. Құқық тәртiбi мен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзiлiк Банк, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi, Азия Даму Банкi, Ислам Даму Банкi, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi) беретiн қарыздардың қаражаты есебiнен сатып алынатын жағдайларда, егер бұл қарыз берудiң мiндеттi шарты болып табылса, сатып алу кредит берушiнiң рәсiмдерi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 257-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнде
көзделген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және амбулаториялық, дәрiлiк қамтамасыз ету
жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртiбi

      Ескерту. Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Дәрiлiк заттарды сатып алудың ерекшелiктерi

      Ескерту. Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Амбулаториялық дәрiлiк қамтамасыз ету жөнiндегi
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру
және өткiзу ерекшелiктерi

      Ескерту. Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн
қызметтердi, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргiзу үшiн
қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртiбi

      273. Iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде мiндеттi түрде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрi - МҒТС) жүргiзiлетiн, олар үшiн Заңда сатып алуды жүзеге асырудың басқа тәсiлi көзделмеген мемлекеттiк сатып алу конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылуға тиiс.

      274. Ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстың ерекше тәртiбi, жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың конкурсын өткiзу, мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы жүргiзу және МҒТС өлшемдерi мен параметрлерiне сәйкес келуiн бағалау негiзiнде ғылыми бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру туралы шешiм қабылдау қажеттiлiгiнен тұрады.

      275. Ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалардың және (немесе) жобалардың конкурсы негiзiнде өткiзуге болады.

      276. МҒТС талаптарына сәйкес конкурстық өтiнiмдердi бағалау талаптары мен өлшемдерiн белгiленген тәртiппен тапсырыс берушi анықтайды және конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын Нұсқаулықта көрсетiледi.

      277. Мемлекеттiк сатып алу бойынша iс-шаралар тiзбесiн тапсырыс берушi Заңның 29-бабының негiзiнде және "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес анықтайды.

      278. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi әрбiр бағдарлама, жоба (лот) бойынша ресiмдейдi және бағдарламалар мен жобаларды iске асыру кезiнде ұсыныстың ғылыми-техникалық тиiмдiлiгiн, әлеуметтiк, экологиялық және басқа да салдарын және зерттеулердiң нәтижелерiн сараптамалық бағалау үшiн қажеттi және жеткiлiктi ақпаратты, сондай-ақ қабылданған мiндеттемелердi орындау үшiн кәсiби бiлiмдердiң, тәжiрибенiң, беделдiң, қажеттi қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттарды қамтуға тиiс.

      279. Конкурстық құжаттаманы Заңның 17-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әзiрлейдi және МҒТС бағдарламалары мен жобаларын бағалау талаптары мен өлшемдерiн қамтуға тиiс.

      280. Бастапқы конкурстық өтiнiмдердi ашу және түпкiлiктi қабылдау мерзiмiн тапсырыс берушi Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес белгiлейдi.

      281. Әлеуеттi өнiм берушi дайындаған және ұсынатын конкурстық өтiнiм мынадай құжаттарды қамтуға тиiс:
      1) конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырылған конкурсқа қатысуға өтiнiм;
      2) әлеуеттi өнiм берушi конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi бiлiктiлiктi меңгергендiгiн куәландыратын құжаттамалық дәлелдер;
      3) сатып алынатын қызметтердiң техникалық, сапалық және өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстар және оларды көрсету шарттары;
      4) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсыну үшiн қажеттi басқа да құжаттар.

      282. Бастапқыда конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берушiлердiң Заңның 8-бабында санамаланған бiлiктiлiк талаптарға және конкурстық өтiнiмдердiң техникалық ерекшелiгi мен бағаларының талаптарына сәйкестiгiн қоспағанда, конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкестiгiн қарайды.

      283. Конкурстық өтiнiмдердi ашу кезiнде конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi егер:
      1) оны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмесе;
      2) егер конкурстық өтiнiм конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе, қайтарады.

      284. Ашу нәтижелерi осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес тиiстi жеке хаттамамен ресiмделедi.

      285. Ашу нәтижелерi бойынша Заңның 8-бабының талаптарына және конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкес келедi деп танылған конкурстық өтiнiмдердi конкурстық комиссия ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастыратын мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптамаға жiбередi.

      286. Қажет болған жағдайда бағдарламалар және ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң жобалары арнайы (экологиялық және/немесе басқа) сараптамаға жiберiлуi мүмкiн.

      287. МҒТС ұсынымы бойынша конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң және бағдарлама жобасының (жобаның) техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi мәселесiн қарайды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыруға арнап бөлiнген қаржыландыру көлемiнiң шеңберiнде қызметтердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ескере отырып бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.

      288. Салыстыру және салыстырып тексеру мақсатындағы бағадан басқа, конкурстық өтiнiмдердi бағалау мынадай өлшемдердi қамтуы тиiс:
      1) жобаның конкурс жарияланған бағдарламаның негiзгi бағыттарына сәйкес келуi;
      2) жоспарланатын жұмыстардың жаңашылдығы, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетi, перспективалығы, кешендiлiгi, отандық және шетелдiк ұқсастармен салыстырғанда күтiлетiн нәтижелердiң басымдығы;
      3) жобаның iске асыруға дайындық деңгейi, технологиялық iске асырымдылығы, ғылыми-техникалық бөлiмiнiң болуы;
      4) жұмыстарды iске жүргiзудiң экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығы;
      5) қойылған мiндеттi орындау үшiн орындаушылар ұжымының жеткiлiктi бiлiктiлiгi мен оның тәжiрибесi (кадр құрамы, ғылыми-өндiрiстiк әлеует);
      6) қойылған мiндеттi орындаудың ұйымдастыру және  материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi;
      7) сұрау салынатын қаржыландырудың негiздiлiгi.

      289. Ерекше тәртiптi қолдана отырып ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ осы зерттеулердi жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурсты өткiзу кезiнде конкурстық өтiнiмнiң қолдану мерзiмi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнiнен бастап кемiнде 75 күнтiзбелiк күнде белгiленедi.

      290. Конкурстық комиссия жұмысының қорытындылары ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес осы зерттеулердi жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi сатып алу бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама нысанында шешiммен ресiмделедi.

      291. Ғылыми ұйымдар ғылыми қызмет ерекшелiгiне орай конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етуден босатылады.

Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншiк құқығында тиесiлi тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi

      292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушiнiң веб-сайтында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде әлеуеттi өнiм берушiлер конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиiс:
      1) жеке тұлға үшiн жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      2) СТН (ЖСН) көшiрмесi;
      3) тұрғын үйге құқығын белгiлейтiн құжаттар.

      293. Конверттердi тiркеу осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi. Конверттердi конкурстық комиссия белгiленген мерзiмде келген өнiм берушiлердiң және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.

      294. Құжаттарды қарау әлеуеттi өнiм берушiлердiң және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Әлеуеттi өнiм берушiлер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.

Көрмелердi, семинарларды, конференцияларды,
жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi
өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница