Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




НазваниеМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
страница9/18
Дата конвертации12.01.2013
Размер2.15 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi

      295. Ерекше тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу, егер көрмелердi, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi құндық шамада тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын жағдайларда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 295-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      296. Көрмелердi, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 296-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      297. Көрмелердi, семинарларды, конференцияларды, кеңестердi, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 297-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      298. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Заңмен және осы Ережемен көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама рәсiмдерiне қосымша басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама мәтiнiн жариялауға құқығы бар.
      Ескерту. 298-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      299. Көрмелер өткiзу үшiн тауарларды, көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен жүзеге асырылады, ол мынадай дәйектi кезеңдер жиынтығын бiлдiредi:
      1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
      тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы не сарапшыны анықтауы;
      тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сараптау комиссиясының не сарапшының көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастыруы;
      Заңда және осы Ережеде көзделген екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi тұлғаларға техникалық тапсырманы ұсынуы;
      сараптау комиссиясының не жұмыс сызбалары жобасы мен тұжырымдамалар сарапшысының әлеуеттi өнiм берушiлердiң көрменi өткiзудi ұйымдастыру және сатып алынатын тауарлардың техникалық, сапалық және (немесе) басқа да сипаттарына қатысты мәселелердi олармен талдау үшiн оларды көрсетудi келiсу шарттарын қарауы;
      сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеуi;
      мемлекеттiк сатып алуды әзiрлеушiнiң қонкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бекiтуi;
      мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрменi өткiзудi ұйымдастыру үшiн бiрiншi кезеңде жұмыс сызбалары мен тұжырымдамаларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңгi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақыруды жiберуi;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар екiншi кезеңде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 299-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      300. Әлеуеттi өнiм берушiлер тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңгi рәсiмдердi пайдаланумен конкурстың бiрiншi кезеңiне қатысу үшiн Заңның 18-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрменi өткiзу үшiн осындай мемлекеттiк сатып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:
      1) заңды тұлғалар:
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу куәлiгiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
      көрме өткiзудi ұйымдастыру үшiн жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
      көрме өткiзудi ұйымдастыру жөнiнде жұмыс тәжiрибесiн көрсете отырып ұсыным хаттарды;
      2) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
      тиiстi мемлекеттiк орган берген заңды тұлғаның бiлiмсiз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына құқық берiлген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
      көрме өткiзудi ұйымдастыру үшiн жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
      көрменi өткiзудi ұйымдастыру жөнiнде жұмыс тәжiрибесiн көрсете отырып ұсыным хаттарды.
      Ескерту. 300-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      301. Әлеуеттi өнiм берушiлер тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен конкурстың екiншi кезеңiне қатысу үшiн көрменi өткiзу үшiн конкурстың бiрiншi кезеңiнiң қорытындысын жасаған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:
      1) заңды тұлғалар:
      әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны;
      2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
      әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны.
      Ескерту. 301-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      302. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен конкурсты өткiзу кезiнде конкурстық комиссия конверттердi ашу, рұқсат беру және конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларын жасайды.
      Ескерту. 302-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      302-1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мерзiмде көрмелердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен өткiзiлген конкурстың бiрiншi кезеңiнiң қорытындысын жасайды.
      Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мерзiмде көрмелердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен өткiзiлген конкурстың екiншi кезеңiнiң қорытындысын жасайды.
      Ескерту. 302-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      
      302-2. Конкурстық комиссия көрмелердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен өткiзiлген конкурстың бiрiншi кезеңiнде, егер:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе;
      2) көрменi ұйымдастыру үшiн жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобалары техникалық тапсырманың талаптарына жауап бермесе, берiлген конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
      Ескерту. 302-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
 
 
      302-3. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасы сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асатын болса, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi көрме өткiзу үшiн тауарларды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурстың екiншi кезеңiнде қайтарады.
      Ескерту. 302-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      302-4. Әлеуеттi өнiм берушiлер семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзу үшiн тауарларды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшiн, мұндай конкурстың өткiзiлуi туралы хабарланған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде Заңның 18-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мынадай құжаттарды:
      1) заңды тұлғалар:
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi/қайта тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
      семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзудi ұйымдастырудағы тәжiрибесi көрсетiлген ұсыным хаттарды;
      әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық iс жүзiндегi шығындарын қамтитын бағаны;
      2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
      патенттiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
      семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзудi ұйымдастырудағы тәжiрибесi көрсетiлген ұсыным хаттарды;
      әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық iс жүзiндегi шығындарын қамтитын бағаны тапсырады.
      Ескерту. 302-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      
      302-5. Семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзу кезiнде комиссия конверттердi ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.
      Ескерту. 302-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
 
      302-6. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер ашылғаннан бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмеген мерзiмде шығарады.
      Ескерту. 302-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
 
 
      302-7. Конкурстық комиссия, егер:
      1) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаса;
      2) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасы сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асатын болса, конкурстық өтiнiмнен бас тартады.
      Ескерту. 302-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
 
 
      302-8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретiн конкурстық өтiнiм ұсынған және конкурстық өтiнiмiнiң бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан аспайтын ең болмағанда бiр әлеуеттi өнiм берушi бар болса, конкурс өткiзiлдi деп таниды.
      Ескерту. 302-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
 
      302-9. Тапсырыс берушiлер, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссияның мүшелерi осы тараумен реттелмеген жағдайларда Заңды және осы Ереженi басшылыққа алады.
      Ескерту. 302-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртiбi

      303. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн (бұдан әрi - ерекше тәртiп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылатын тапсырыс берушiлер қолданады.

      304. Ерекше тәртiптi қолдана отырып, мемлекеттiк сатып алу бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерi мен мерзiмiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      305. Ерекше тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алу "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      306. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiлерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қолданылмайды:
      1) төлем қабiлетiнiң болуы;
      2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi материалдық және қаржы ресурстарына ие болу.

      307. Конкурстық комиссия отырысының конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi хаттамасының көшiрмесi әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкiлеттi өкiлдерiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы күнiнен кейiнгi төрт жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң веб-сайтында конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашудың қол қойылған хаттаманың мәтiнi жарияланады.

      308. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде қарайды (күрделi техникалық сипаттамалары мен ерекшелiктерi бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда осындай өтiнiмдердi қарау мерзiмi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күнге дейiндi құрауы мүмкiн). Конкурстық комиссия өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады және жоғарыда көрсетiлген мерзiмде тиiсiнше конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын жасайды.

                                                        Ережеге
                                                       1-қосымша    

       Тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер
                     номенклатурасы

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.        

                                                         Ережеге
                                                        2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
 
     _______жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн
                   қызметтердi сатып алу жоспары
                    (тапсырыс берушiнiң атауы)

N

Сатып
алы-
натын
тауар-
лар-
дың,
жұмыс-
тар
мен
көрсе-
тiле-
тiн
қыз-
мет-
тердiң
атауы

Сатып
алу
тәсiлi

Тауар-
лар-
дың,
жұмыс-
тар
мен
көр-
сетi-
летiн
қыз-
мет-
тердiң
қысқаша
сипат-
тамасы
(си-
патта-
уы)

Өлшем
бiрлi-
гi

Саны,
көлемi

Тауар-
ды
беру,
жұмыс-
тарды
орын-
дау,
қыз-
мет-
тердi
көр-
сету
мер-
зiмi

Тауар-
ды
беру,
жұмыс-
тарды
орын-
дау,
қыз-
мет-
тердi
көр-
сету
орны

Сатып
алу
үшiн
жос-
пар-
лаған
сома,
тең-
ге

Аванс-
тық
төлем
мөл-
шерi,
%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Сатып алынуы Заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиiс тауарлар, жұмыстар,
көрсетiлетiн қызметтер










Егер
тауар-
лар,
жұмыс-
тар
мен
көрсе-
тiле-
тiн
қыз-
меттер
сипат-
тама-
сын
осы
баған-
да
сипат-
тау
мүмкiн
бол-
маса,
онда
ол
жеке
қосым-
шада
көрсе-
тiледi
(тех-
ника-
лық
өзiн-
дiк
ерек-
шелiк)
және
мұнда
қосым-
ша-
(лар)-
ға
сiл-
теме
көрсе-
тiледi







Қажет
болған
кезде
өнiм
беру
(орын-
дау/
көр-
сету)
кес-
тесi
қоса
берi-
луге
тиiс













Жиыны

х

х

х

х

х

х




х

Сатып алынуы Заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын тауарлар,
жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер










Егер
тауар-
лар,
жұмыс-
тар
мен
көрсе-
тiле-
тiн
қыз-
меттер
сипат-
тама-
сын
осы
баған-
да
сипат-
тау
мүмкiн
бол-
маса,
онда
ол
жеке
қосым-
шада
көрсе-
тiледi
(тех-
ника-
лық
өзiн-
дiк
ерек-
шелiк)
және
мұнда
қосым-
ша-
(лар)-
ға
сiл-
теме
көрсе-
тiледi







Қажет
болған
кезде
өнiм
беру
(орын-
дау/
көр-
сету)
кес-
тесi
қоса
берi-
луге
тиiс













Жиыны

х

х

х

х

х

х




х




Бар-
лығы

х

х

х

х

х

х




х

         Сатып алынуы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмде жүзеге
        асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер

N

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң атауы

Сатып алу тәсiлi

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы (суреттеу)

Өлшем бiрлiгi

Саны, көлемi

Тауарды беру, жұмыстарды орындау, көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мерзiмi

Тауарды беру, жұмыстарды орындау, көрсетiлетiн қызметтердi көрсету орны

Сатып алу үшiн жоспарланатын сома, теңгемен

Аванстық төлем мөлшерi, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


































Жиыны




























Барлығы

























      
      Тапсырыс берушi басшысының лауазымы, тегi және қолы
      М.О.

                                                         Ережеге
                                                        3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                                   Бекiтемiн:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Похожие:

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconОтандық тауар өндiрушiлерден сатып алынатын азық-түлiк тауарларының тiзбесiн бекiту туралы
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес азық-түлiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconТв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Тв-ға жарнама орналастыру қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconКонкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Ашық конкурс әдісі арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница