Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні




Скачать 457.84 Kb.
НазваниеУнтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
страница1/4
Дата конвертации12.01.2013
Размер457.84 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4


ЭОЖ 378.016.026:796.325(574) Қолжазба құқығында

УНТАЕВ ХОЛДАР ҚАМБАРҰЛЫ

Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні


13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010
Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы

Х.Ф. Анарқұлов
Ресми оппоненттері педагогиа ғылымдарының докторы

С.І. Қасымбекова

педагогика ғылымдарының кандидаты

Ә.Ж. Тастанов

Жетекші ұйым С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 жылы 27 қараша, сағат 12.00 Қазақтың спорт және туризм академиясының жанындағы Д 14.41.03 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83/85, факс: 87272926805, телефон 8-727-2923007
Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында танысуға болады

Автореферат 2010 жылы «____» қазанда таратылды

Диссертациялық кеңесінің

ғалым хатшысы,

педагогика ғылымдарының докторы Ө.Е. Бектұрғанов
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 29 қаңтар 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің дене шынықтыру мен спорт саласындағы саясаты айқын берілген, оның мәні: дене шынықтыру мен спорт құралдарын, соның ішінде республика алдында тұрған рухани бай, моральдық таза, денелік жетілген саяси, экономикалық, идеялық мәселелерді шеше алатын ұрпақты қалыптастыратын Қазақтың ұлттық түрлерін тиімді қолдануда.

Республикамыздағы дене шынықтыру мен спорттың даму күйі Қазақстан ел басының қолдауына сай келмей отыр. Қазіргі уақытта дене шынықтырумен және спортпен республика тұрғындарының 10% ғана шұғылданады, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50% құрайды.

Қазақстанда дене тәрбиесінің қалыптасуының және дамуының әлеуметтік-педагогикалық шарттарының сараптамасы жинақталған педагогикалық тәжірибені қазіргі кезеңде қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Тарихи-педагогикалық және ғылыми әдебиеттерді зерттеу - Қазақстанда халықтық дене шынықтырудың педагогикалық мүмкіндігі осы уақытқа дейін арнайы ізденісте бола қойған жоқ деген шешім қабылдауға негіз болады. Сонымен, дене шынықтырудың педагогикалық мазмұнын оны заманауи спорттық-тәрбиелеу тәжірибесіне көшіру мақсатымен айқындау және оның тарихи-әдістемелік және мазмұнды салаларының жеткіліксіз түзілуі арасында қарама-қайшылықтар туындайды.

Зерттеу мәселесі – қазақтардың дене мәдениеті дәстүрлерінің педагогикалық мазмұны және оларды заманауи спорттық-білім беру тәжірибесінде қолдану жолдары.

Зерттеу нысаны – қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы.

Зерттеу пәні – қазақтың ұлттық дене шынықтыру дәстүрлерінің педагогикалық мәні.

Зерттеу болжамы – қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруын зерттеп, жинақтау, оның педагогикалық мазмұнын ашу ұлттық дәстүрлерді сақтауда және республикамызда дене тәрбиесін жетілдірудің заманауи жүйесін жетілдіруде маңызды рөл атқаруы қажет.

Зерттеу мақсаты – қазақ халқының ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын айқындау.

Зерттеу міндеттері:

1. Қазақтың халықтық дене шынықтыруының жалпы мәдениет құрылымында алатын орнын анықтау.

2. Отбасылық, еңбек денелік тәрбиенің ұлттық мектеп үдерісіндегі өзара байланысын айқындау.

3. Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруының қызметін, мазмұнын анықтап, оның құралдарының, яғни ойындардың, дене жаттығуларының жіктемесін түзу.

4. Дәстүрлі дене шынықтырудың заманауи жағдайлардағы идеяларын қолдану және оларды жүзеге асыру жолдарын көрсету.

Берілген диссертациялық жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт бойынша мамандарды дайындап, осы саланы дамытуды жетілдіру жүйесі» республикалық бағдарламасы бойынша өткізілген зерттеулер шеңберінде орындалды.

Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; дәйектемелі материалды республиканың түрлі аймақтарына далалық жорыққа шығу жолымен жинақтау; сауалнама жүргізу; сауалнамалық сұрақ жауап алу; ақсақалдармен сұрақ-жауап жүргізу; сұхбат жүргізу; педагогикалық бақылау.

Зерттеудің жетекші идеясы – қазақтың ұлттық дене шынықтыруының мәнін тұрғындарды денелік тәрбиелеудің заманауи жүйесінде айқындауда.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2007-2008 оқу жылы) зерттеудің мақсаты, пәні және нысаны анықталды, қарастырылатын мәселенің күйі зерттелді, зерттеу бағдарламасы түзілді, тарихи және шынайы материалдар (соның ішінде дала жағдайында алынған) жинақталды.

Екінші кезеңде (2008-2009 оқу жылы) жинақталған материалға жүйелі-құрылымды сараптама жүргізіліп, бағалама берілді. Библиографиялық деректемелерді зерттеу жалғастырыла берді.

Үшінші кезеңде (2009-2010 оқу жылы) материалдарды бір жүйеге келтіріп, жүйелендіру, нәтижелер апробациясы жүргізілді, диссертацияның әдеби көркемделуі орындалды.

Зерттеудің әдістемелік негізін диалектиканың негізгі қағидалары құрады, атап атйқанда: құбылыстардың себептілігі және негіздемелігі; қисындылық пен тарихи бірлестігі; ғылымилық және объективтілік; тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі. Зерттеу барысында біз оқымыстылардың төменде көрсетілген бағыттар бойынша ғылыми еңбектеріне сүйендік:

- мәдениет теориясы бойынша [А.И. Арнольдов, 1993; С.А. Арутюнов, 1989; Н.С. Баллер, 1987; Н.С. Злобин, 1980; С.Н. Иконникова, 1987; М.С. Каган, Т.В. Холостова, 1988; В.М. Межуев, 1999 және т.б.];

- дене шынықтыру теориясы және әдістемесі бойынша [В.К. Бальсевич, 1988; И.М. Быховская, 1993; Н.Н. Визитей, 1989; М.Я. Виленский, 2000; В.М. Выдрин,1999; Л.И. Лубышева, 1992; Л.П. Матвеев, 1991; Ю.М. Николаев, 1997; Ю.М. Столяров, 1988 және т.б.];

- педагогика және этнопедагогика бойынша [Г.Н. Волков, 1974; В.А. Сластениен, 1997; Ю.П. Сокольников, 1993 және т.б.];

- дене тәрбиесі педагогикасы бойынша [С.Д. Неверкович, 2005; А.А.Тер-Ованесян, И.А. Тер-Ованесян, 1988; В.И. Элашвили, 1973 және т.б.].

Алға қойылған міндеттерді шешіп, болжамды тексеру үшін тарихи-педгогикалық зерттеу әдістерінің жиынтығы қолданылады, атап айтқанда: философиялық, әлеуметтану, этностық, мәдени, психологиялық-педагогикалық және спорттық әдебиеттердің теориялық сараптамасы мен жүйелендірілуі; мұрағатты құжаттар мен педагогикалық әдебиеттің тарихи-қисынды сараптамасы, қазақ халқының шынайы қолданыстағы педагогикалық тәжірибесін дала жағдайында бақылау және оған сипаттама беру; қазақ халқы тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық, этностық-мәдени, этностық-психологиялық және басқа да факторларын ескеретін жүйелі сараптама жүргізу; дене шынықтырудың халықтық құралдарын ұлттық білім беру жүйесінде қолдану бойынша жұмыстарды құрастыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруы қалыптасуының және дамуының тарихи алғы шарттары айқындалды;

  • оның этностық-педагогикалық мазмұны ашылды;

  • отбасылық, еңбек және денелік тәрбиелеудің білім беру дамуының заманауи кезеңдегі қазақ мектебінің педагогикалық үдерісінде жүйелі қолданылу тәжірибесі жинақталды;

  • қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарына бүтін әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізілді;

  • олардың жіктемесі түзілді;

  • дәстүрлі дене шынықтырудың философиямен, қазақтың ұлттық педагогикасымен, педагогикалық көзқарас тарапынан қарастырылатын әлеуметтік өмірмен байланысы айқындалды;

  • дәстүрлі дене шынықтырудың ауызша ұлттық шығармашылықтағы, өнердегі және әдебиеттегі айқындалу деңгейі көрсетілген;

  • дене шынықтыру ұлттық құралдарының Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі білім беру жүйесінде қолданылу жолдары анықталған.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

- қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын бүтіндей ұғыну;

- оны ұлттық этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи күйінде келтіру.

Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарының теориялық сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығының мәні – алынған нәтижелер дене шынықтырудың заманауи теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді. Жұмыстың жүргізілуі барысында алынған ғылыми нәтижелер дене шынықтырудың қазақи ұлттық құралдарына басым көңіл бөле отырып отбасылық, мектепке дейінгі, мектеп деңгейіндегі және жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі үдерісінде қолданылуы мүмкін.

Зерттеу материалдары тарихи, педагогикалық спорттық ғылымдарды жаңа мәліметтермен, фактілермен және идеялармен толықтыра түседі. Жұмыс мазмұны дене шынықтыру тарихы, этностық педагогика және Қазақстан тарихы курстарына қажетті материал бола алады.

Диссертанттың қосқан жеке үлесінің мәні бірқатар:

  • қазақтың дәстүрлі дене шынықтыруының орнын мәдениеттің жалпы құрылымында анықтай білуінде;

  • отбасылық, еңбек және денелік тәрбиенің өзара байланысын айқындауда;

- қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруының қызметін анықтап, мәнін ашып, оның құралдарының жіктемесін беруде;

- дәстүрлі дене шынықтыру идеяларының қазіргі жағдайларда қолданылуы және оның құралдарын жіктеу;

- дәстүрлі дене шынықтыру идеяларын заманауи жағдайларда қолдану және жүзеге асыру жолдарын айқындау;

- ғылыми-әдістемелік ұсыныстар түзіп, оларды халық тұрмысына енгізу;

- диссертация авторының көпжылдық ғылыми-педагогикалық және спорттық-педагогикалық қызметі;

- білім беру саласы мен ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің бақылауы бойынша республикалық және халықаралық Комитет басылымдарында бірқатар ғылыми еңбектердің жариялануында.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

- дәстүрлі қазақ дене мәдениетінің тәрбиелеу жүйесінің тәжірибесі бай, ол ғасырлар бойы тіршілік жағдайларына сай қалыптасып, халықтың ұлыс ретіндегі тіршілік әрекеті қалыптасуын қамтамасыз етті;

- қазақ дене шынықтыруының мәні оның діл арнайылығымен байланысты және ұлыстың ұлттық ерекшеліктеріне, философиясына сай еңбек, тұрмыстық, әскери, діни дәстүрлерін, мерекелерін және салттарын айқындайтын қимыл әрекеттерінен тұрады. Отбасылық, еңбек және дене тәрбиесі - бірегей тәрбиелік, білім беру және сауықтыру үдерісі болып табылады;

- қазақтың дене шынықтыру дәстүрлері мәнінің педагогикалық негізін ұлттық спорт түрлері, халықтық қимыл-қозғалысты ойындар және дене жаттығулары, өскелең ұрпақтың рухани, зияткерлікті және денелік дамуына ықпал ететін шынықтыру және гигиена құралдары құрайды;

- дене шынықтырудың республиканың халық шаруашылығын дамыту стратегиясындағы, соның ішінде Қазақстан халықтарының білім беру саласындағы маңызы үлкен. Осыған орай, адамның дене шынықтырудың (мәдениеттің) өзара қарым-қатынасының әлеуметтік-этностық салалардағы мәнін ашатын кешенді зерттеулер жүргізу қажет. Қазақ дене шынықтыруының педагогикасында заманауи педагогиканың, соның ішінде дене тәрбиесі педагогикасының көптеген міндеттерін тиімді шешуге арналған нақты мүмкіндіктері бар.

Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы зерттеудің бастапқы өлшемдерінің әдістемелік негіздемелігімен, оның міндеттерінің, қисынының және әдістемесінің берілген әдеби базамен сәйкестілігімен, теориялық, тарихи, педагогикалық және спорттық сараптамаларының үйлестірілуіне негізделеді.

Нәтижелердің жүзеге асырылуы. Зерттеу нәтижелері Қазақтың спорт және туризм академиясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Республикалық спорт колледжінің, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің оқу үдерісіне енгізілген.

Нәтижелердің жариялығы. Зерттеу нәтижелері 11 мақала түрінде жарияланған, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда 5 мақала.

Жұмыс апробациясы жұмыс нәтижелерін республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда (6 мақала), ҚазСТА әр жылдық қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференцияларында, дене шынықтырудың теориялық-педагогикалық негіздері, ҚазСТА ұлттық спорт түрлері және халықтық ойындар кафедраларының мәжілістерінде талқыланды.

Диссертация көлемі және құрылымы зерттеу мазмұнын толық айқындайды, ол кіріспеден, төрт тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 207, олар орыс, қазақ және шетел тілдерінде берілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ


  1. Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының даму тарихы


Дене шынықтырудың адамның денелік мүмкіндіктерін жетілдіруге арналған қимыл әрекетінің қалыптасқан және ежелгі түсінігінен ерекшелігі – қоғамда ең алдымен дене шынықтырудың тарихи және философиялық-мәдени ұстанымдарын сипаттайтын дене шынықтыру құндылықтары туралы Қазақстандағы дене шынықтырудың заманауи даму кезеңі оның әлеуметтік маңыздылығының артуымен сипатталады, сондай-ақ, ғылымның өзінің бірлестікті басымдылықтары бұл мәселені бірлестікті әдістемелік тәсіл ретіндегі бүтін жүйе ретінде ұғынуды талап етеді. Әсіресе, адам мәдениеті мен мәселелерін жаратылыстанулы танымдылық пәні ретінде ғылымның әдістемесімен, мәдениеттің философиялық мәселелерімен шұғылданушы оқымысты мамандар мойындаған тәсілінің маңызы зор [М.С. Каган, 1987; Т.В. Корсаевская, 1980; С.В. Молчанов, 1991; Н.И. Пономарев, 1976 және т.б.]. Олардың әдістемелік ұстанымдары бізге дене шынықтыруды жалпы мәдениеттің бөлімі ретінде зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін белгілеу үшін ауқымды материалды сараптамадан өткізуге мүмкіндік береді. Жалпы мәдениеттің заманауи даму сатысына "тек қана мәдени құбылыстарды тар ауқымды мамандандыру қағидасынан зерттеудің меңгеру емес, олар туралы мәдениет теориясымен түзілген бір-бірімен нашар байланысқан, әлсіз көзқарастарды алмастыру" тән [Г.Г. Котожеков, 1991, б.20]. Дене шынықтыру әлде де мәдениет теориясы тарапынан қолдау таппай отыр. Дене шынықтыруды зерттеу әдістемесі оның мазмұнының, байланысының және қарым-қатынасының байлығын толыққанды айқындауға мүмкіндік бермей отыр.

Адамзаттың әлеуметтік тәжірибесінің сақталу, байытылу, берілу құралдарының маңызды біреуі – дәстүр. "Дәстүр" сөзі латынның "traditio" сөзінен алынған, "беру" деген мағына береді.

Дәстүрлер – күрделі әлеуметтік құбылыс болып табылады. Мұнымен, ең алдымен ғылыми әдебиеттерде олардың бірегей, жалпылама қабылданған анықтамасының жоқтығы түсіндіріледі. Бірқатар ғалымдардың пайымдауы бойынша, дәстүрлер - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан және қоғамдық пікір ықпалымен сақталынып келе жатқан адамдардың қоғамдық қарым-қатынастарының тарихи қалыптасқан, бекітілген жалпылама нормалары мен қағидалары.

В.И. Воловик дәстүрді "нақты бір қоғамдық қауымдастық (халық, тап және т.б.) шеңберінде тарихи қалыптасқан қоғамдық іс-әрекеттің бекітілген, қайталанбалы, мықты және жалпылама танылған түрлері мен тәсілдері. Олар осы қоғамның тіршілік етуінің қоғамдық-экономикалық, таптық және басқа да ерекшеліктерімен анықталады" деп есептеді [В.И. Воловик, 1973, б.5].

Ю. Бургита дәстүрге "кез келген мейлі материалдық, мейлі материалдық емес болсын өткеннің немесе өткеннен қайсібір адамдар тобына арналып жаңғыртылған, шыққан тегіне сай қайта қаралған, сондықтан келешек ұрпақтарға іріктеліп беріліп отыратын мұрасын жатқызады" [Ю.О. Бургита, 1975].

Л.Л. Харапинский дәстүрге "қоғамдық сананың өнегелілікпен, салтпен, дағдылармен, әдістермен, тәжірибелік іс-әрекетінің түрімен, адамдардың көзқарастары, тіршілік салты, іс-әрекеті, мәдениет құбылыстары, моральдық ұстанымдары, дүниетанымдылығы арқылы айқындалатын тұрақты құбылыстар" деп түсініктеме береді [Я.Л. Харапинский, 1971].

Н.П. Денисюктің пікірі бойынша " салт-дәстүрлер қоғамдық іс-шаралар, өткеннен қалған мұра немесе адамдардың іс-әрекетінің өлшемдері ғана болуы мүмкін емес. Оларда арнайы түрде қоғамдық іс-тәжірибенің нәтижелері, әлеуметтік тіршіліктің барлық салалары бойынша қол жеткен жетістіктердің тамаша үлгілері бекінген [Н.П. Денисюк, 1979].

Салт-дәстүрлер тек қана адамдарды қандай да бір іс-әрекетке мұқтаждап қою үшін ғана емес, осы нәтижелерді, соның ішінде еңбек нәтижелерін бекіту үшін қалыптасады". Салт-дәстүрлер ұжымдық естелік ретінде қарастырыла тұрып, этностық өзіндік сана элементі болып табылады. Үдемелі дәстүрлерге баулу халықтар мәдениетінің танымдылығын қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты тәрбиелеудің қажетті бір саласы болып табылады [Е.В. Белоусова, 1998].

Салт-дәстүрлердің – түрлері мен қызмет ету ерекшеліктері іс-әрекет пен қарым-қатынастың реттеушісі ретінде өндіріс саласының түріне, халық тіршілігінің жағдайына, әрбір нақты іс-әрекет саласының ерекшелігіне тәуелді. Салт-дәстүр рухани өндіріс саласында, фольклордың ұлттық түрлерінде, кейде тіпті ғылым мен философияда маңызды күшке ие болады. Ол іс-әрекет, сонымен бірге оның мәдени реттеушісі болып табылады. Сонымен, әрбір халықтың өмірінде өндіріс тәсілінің және мәдениет деңгейімен жүзеге асырылатын, өндірістік және қоғамдық тіршілікке, мораль ережелеріне, ғылымға, мәдениетке енгізілетін, келесі ұрпақтар тәжірибесімен байытылып отыратын қамтамасыз етілетін салт-дәстүрлер дамып-жетіледі. Олай болса, салт-дәстүрлер қоғамдық сипатты болады, олар жаңа буынның еркі мен санасына тәуелсіз болып, айқындалуы бойынша терең мағынада ұлттық болып келеді. Әрбір халық өзінің ұлттық психологиясына, тіршілік салтына сай тек өзіне ғана тән салт-дәстүрлерді түзеді.

Сонымен, салт-дәстүрлер туралы көптеген ғалымдардың түсінігінен келіп туындайтыны – бұл жерде әңгіме қоғамдық сананың "бөлшектенген құрылымдары" ретінде қарастырылатын іс-әрекеттерді, көзқарастарды, пікірлерді, сенімдерді, рухани құндылықтарды, әдеттерді, іс-әрекет тәсілдерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру туралы болады. Бұл дегеніміз, салт-дәстүрлер адамдардың қоғамдық қарым-қатынастары түрінде айқындалатын объективті, материалды негіздемелі болады.

Қазақтардың педагогикалық мәдениетінің қалыптасу үдерісі, соның ішінде дене тәрбиесінің халықтық педагогиканың маңызды бір жолы ретінде орнығуын бірқатар тарихи кезеңдерге шартты түрде бөлуге болады:

  1. Қазақтардың дене тәрбиесі дамуының бастапқы кезеңдері.

  2. Қазақстан түркі тілдес халықтары дене тәрбиесінің негіздері.

  3. XV- XVIII ғасырлардағы қазақтардың дене тәрбиесі.

  4. Дене тәрбиесінің кеңестер дәуірінен кейінгі кездердегі қалыптасуы мен дамуы.

  5. Қазақтардың ұлттық дене тәрбиесінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы.

  1   2   3   4

Похожие:

Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
...
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconАлимханов елемес ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды
Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconАға оқытушы Ахметов Бақытжан Раушанбекұлы
Дене тәрбиесінің сабағында қазақтың ұлттық қимыл – қозғалыс ойындарынгың тәрбиелік мәні А. Жұбанов аму 2004ж
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconБаетов Көбжасар Дүрменұлы
Алматықаласы. Қазақ мемлекеттік дене тәрбие институты 1991 жыл. Дене тәрбиесі мұғалімі
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconӘож 94. 512. 122 МырзашөЛ ӨҢіріндегі ортағасырлық Ұтырлы (ҮтіртөБЕ) Қаласы
Жібек жолы бойындағы қалалардың халқы 20 ға жеткен екен, ал дәл осы кезде Еуропада қала халқы 12% болған [2]. Демек, дүниежүзілік...
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconП.ғ. к., доцент Оразбаев Ерғали Дүйсенбекұлы
Алматықаласы. Қазақ мемлекеттік дене тәрбие институты 1982 жыл. Дене тәрбиесі мұғалімі
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconАбай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Униерситеті Көркем сурет факультеті
«Бейнелеу өнері, музыка және хореографияны оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбаева...
Унтаев холдар қамбарұлы қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні iconҚостақов амандық Қамбарұлы қазақстанның оңтүстігіндегі ашық сұр топырақ жағдайында мақта егістігінің арамшөптерімен химиялық күресу әдістері
Диссертациялық жұмыс Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында орындалған
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница