Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы




Скачать 61.67 Kb.
НазваниеФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Дата конвертации12.01.2013
Размер61.67 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМА 4/3-06/02

ПП КГМА 4/02
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Патологиялық физиология кафедрасы валеология курсымен

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырыбы: Асқорыту патофизиологиясы.
Мамандығы: 051302 Стоматология
Пән: Патологиялық физиология
Курс: ІІІ
Құрастырушы: оқытушы Өмірбаева Е.Қ.


Қарағанды 2009

Кафедра мәжілісінде талқылап

және бекітілген.

№ __20__ хаттама «_28_» ____04____ 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Жәутікова С.Б.



  • Тақырыбы: Асқорыту патофизиологиясы.

  • Мақсаты: Асқазан-ішек трактысының секреторлық, моторлық және сіңіргіш қызметтерінің типтік бұзылыстарын игеру.

  • Оқыту мақсаты:

  1. ауыз қуысында, асқазанда және ішектегі асқорытудың негізгі бұзылу себептерін, механизмдерін білу

  2. асқазанның ойық жара ауруының, панкреатиттің, ішектік өткізгіштіктің бұзылуы патогенездірінің жаңа теорияларын білу

  3. асқазан секрециясының көрсеткіштерін анықтау негізінде асқазанның секреторлық қызметтерінің бұзылуының негізгі формаларын ажырата білу

  4. асқорытудың патологиялық физиологиясының дамуындағы отандық ғалымдардың (И.П. Павлов, И.П. Разенков, К.М. Быков, Е.С. Лондон) рөлі туралы білу

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ауыз қуысындағы асқорытудың бұзылу себептері: шайнау актысының бұзылуы; кариес, пародонтоз этиологиясы мен патогенезі, гипер- және гипосаливация себептері мен салдары

  2. Асқорыту трактысының әртүрлі бөлімдерін алып тастаудың салдары

  3. Асқазанның ойық жара ауруының этиологиясы мен патогенезі

  4. Асқазанның ойық жара ауруының эксперименталдық моделі

  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

- жануарларға эксперименттік зерттеулер жүргізу, клинико-физиологиялық әдістерді игеру, аппаратуралармен жұмыс жасау, зерттеу нәтижелерін талдау, хаттамаларды жазу.

  • Әдебиеттер:

  1. Н±рм±хамбетов Є.Н.Патофизиология//Алматы, 2000.-567.

  2. Нұрмұхамбетұлы, Әдiлман. Патофизиология: Оқулық/ҚазММа //Алматы. - 2007.- 648 .

  3. Н±рм±хамбетов Є.Н., Дєленов Е. Патологиялық физиология// Алматы.- 1995. –Б. 7-80; 235-247.

  4. Адо А.Д., Адо М.А., Пыцкий В.Н., Порядин Г.В., Владимиров Ю.А Патологическая физиология.// М.:Триада-Х. - 2000.- 574 б.

  5. Адо А.Д., Новицкий В.В. Патологическая физиология. // Томск.-1994.- 461 б.

  6. Воложин А.И., Порядина Г.В. Патологическая физиология //М.:“МЕДпресс”.-2000.-525 б.

  7. Зайко Н.Н. Патологическая физиология.//Элиста АОЗТ “Эсен”.- 1995.- 549 б.

  8. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Основы общей патологии // С.-Петербург. “Элби- СПБ”. – 1999. – 470 б.

  9. Литвицкого П.Ф. Патофизиология. Курс лекций; Учебное пособие. // М. - 1995. – 741 б.

  10. Михайлов В.В. Основы патологической физиологии // М., “Медицина”- 2001. – 703 б.

  11. Тель Л.З., Серебровская И.А. Избранные лекции по патологической физиологии// Алматы.- 1995. - 420 б.

  12. Тель Л.З., Серебровская И.А. Физиология человека и общие механизмы болезней. //Алматы”Казахстан”.- 1994. - Ч.1-2. – 344 б, 167б.

  13. Горизонтов Л.Д. Гомеостаз. // М. “Медицина”. - 1976. - 115 б.

  14. Горизонтова П.Д. и Сиротинина Н.Н. Патологическая физиология экспериментальных состояний. // М. “Медицина”. - 1973. - 73 б.

  15. Петленко В.И. Философские вопросы теории патологии.// Л., “Прогресс”. - 1971, 256 б.

  • Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Ауыз қуысындағы асқорытудың бұзылу себептері: шайнау актысының бұзылуы; кариес, пародонтоз этиологиясы мен патогенезі, гипер- және гипосаливация себептері мен салдары

  2. Асқорыту трактысының әртүрлі бөлімдерін алып тастаудың салдары

  3. Асқазанның ойық жара ауруының этиологиясы мен патогенезі

  4. Асқазанның ойық жара ауруының эксперименталдық моделі

  5. Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жара ауруы

  6. Аурудың этиологиясындағы психо-эмоциялық күйзелістердің, тамақтану режимінің бұзылуының және басқа да факторлардың маңызы.


Тесттік тапсырмалар:

1. Тәбеттің бұзылуының 3 түрін атаңыз:

  1. гиперрексия

  2. гипертония

  3. анорексия

  4. бұрмалану

  5. атония

2. Қазіргі уақытта асқазанның және 12 елі ішектің ойық жараларының даму механизмін байланыстырады:

  1. кортико-висцеральдық теориямен

  2. тамырлық теориямен

  3. жүйке-рефлекторлық теориямен

  4. кілегей қабатына қышқыл асқазан сөлінің агрессивті пептидтік әсері мен кілегей қабаттың қарсыласуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуымен

  5. өттің 12-елі ішек пен асқазанға өттің лақтырылуымен

3. Қышқыл асқазан сөлінің “агрессиясын” басады:

  1. гистамин

  2. ацетилхолин

  3. глюкокортикоидтар

  4. гастрин

  5. минералокортикоидтар

4. Демпинг-синдромға тән емес симптом:

  1. тахикардия

  2. ентігу

  3. лоқсу

  4. құсу

  5. артериялық қысымның тербелуі

5. Шіру процесінің нәтижесінде түзілетін ауалардың немесе газдардың асқазаннан шығуы салдарынан дамиды:

  1. ықылық

  2. құсу

  3. кекіру

  4. лоқсу

  5. іш өту

6. Дисфагия себебі емес:

  1. өңештің ісігі

  2. өңештің тыртықтық тарылуы

  3. ұзақ уақытты стресс

  4. гиперсаливация

  5. өңешті қысатын кеуде қуысының ісігі

7. Асқазан сөлінің гиперсекрециясы қатар жүреді:

  1. іш қатумен

  2. іш өтумен

  3. гиперволемиямен

  4. ацидозбен

  5. ентігуімен

8. Асқазан сөлінің гипосекрециясы қатар жүреді:

  1. қыжылдаумен

  2. іш қатумен

  3. іш өтумен

  4. гиперволемиямен

  5. метеоризммен

9. Асқазанның моторикасының бұзылуы сипатталады:

  1. өт бөлінудің бұзылуымен

  2. асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуімен

  3. сілекей бөлінудің төмендеуімен

  4. жұтудың бұзылуымен

  5. асқазандағы заттардың эвакуациясының бұзылуымен

10. Асқазанның бұлшық ет ұлпаларының жиырылуының күші мен ырғағын жаңдандырады:

  1. симпатикалық жүйкелердің тітіркенуі

  2. n. vagus тітіркенуі

  3. секретин

  4. катехоламиндер

  5. полипептидтер (гастроингибирлеуші, вазоактивті)


Жағдайлық есептер:

1. 50 жасар науқас эпигастральдық аймағында ауырсыну сезінетініне, ауамен кекіруіне, лоқсу, құсуға, анорексияға шағымданады. Аш қарынға асқазан сөлін тексерген кезде: 10 мл сұйықтық сілекей араласқан, жалпы қышқылдығы - 10 ммоль/л, бос тұз қышқылы - 0. Базальды секреция: бос тұз қышқылы - 5-10 ммоль/л, жалпы қышқылдығы - 15-20 ммоль/л, тұз қышқылының дебит-сағаты - 0,3 ммоль. Гистаминдердің стимуляциясына жауап ретіндегі секрецияны” сағаттық мөлшері - 45 мл, бос тұз қышқылы - 15 ммоль/л, жалпы қышқылдық - 30-40 ммоль/л. Асқазанның секреторлық функциясын сипаттаңыз?

2. 39 жасар науқас тамақ ішкен соң 2-2,5 сағаттан кейін асқазан аймағында ауырсыну болатынына шағымданады. Ішіне пальпация жасағанда асқазан аймағы ауырсынады. Асқазан сөлінің анализі: жалпы қышқылдығы - 125 ммоль/л, бос тұз қышқылы - 95 ммоль/л. Асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуына сипаттама беріңіз?

3. 53 жасар науқас эпигастральды аймағында ауырсыну болатынына, әсіресе тамақ қабылдаған соң дамитынына, ауамен кекіретініне, лоқсу, құсуға, тәбетінің жоқтығына шағымданады. Аш қарынға асқазан сөлін тексерген кезде 10 мл сілекей аралас сұйықтық алған, бос тұз қышқылы - 0, жалпы қышқылдығы - 10 ммоль/л. Асқазанның секреторлық қызметінің бұзылуына сипаттама беріңіз?

4. 33 жасар науқас асқазан аймағының ауыруына, тәбетінің төмендеуіне, ауамен кекіруге шағымданған. 4 жыл бойы ауырады. Асқазан сөлін тексергенде: бос тұз қышқылы - 0, жалпы қышқылдық - 12 ммоль/л. Сіздің диагноз?

5. 34 жасар науқас 4 ай бойы эпигастральдық аймағындағы ауырсынуға, әсіресе аш қарынға дамитындығына шағымданған. Аш қарынға асқазан сөлін тексерген кезде 140 мл сұйықтық алынған, бос тұз қышқылы - 40 ммоль/л, жалпы қышқылдығы - 55 ммоль/л. Базальды секреция: сағаттық мөлшері - 340 мл, бос тұз қышқылы - 54 ммоль/л, жалпы қышқылдығы - 72 ммоль/л. Гистаминдік стимуляция: секрецияның сағаттық мөлшері - 396 мл, бос тұз қышқылы - 80 ммоль/л, жалпы қышқылдығы - 80 ммоль/л. Асқазанның секреторлық функциясын сипаттаңыз?

Похожие:

Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Реаниматологиямен лор, көз аурулар кафедрасының мәжiлiсiнде талқыланған және бекітілген
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстары, олардың түрлері және механизмдері
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырып: Көз ағзасының қызметтері. Жасына байланысты өзгеруі. Физиологиялық оптика. Рефракция, аккомодация
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: Бүйректіњ зәр бөлу ќызметініњ типтік бұзылуларыныњ себептері мен механизмдерін зерттеу
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: жоғарғы нерв қызметінің бұзылысы. Невроздар, этиологиясы, патогенезі
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдануы себептері мен даму механизмдерін, коронарлық жеткіліксіздік патофизиологиясын...
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: Патологиядағы ағза реактивтілігінің рөлін анықтау, оның патологиядағы бейімделушілікке мүмкіншілігін оқу
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырыбы: Қан жүйесі патологиясы кезінде (анемиялар, лейкоздар) жақ-бет жүйесі аурулары ағысының ерекшеліктері
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-08/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Тақырып: Офтальмологиялық тәжірибеде кездесетін негізгі синдромдар. Көрудің біртіндеп ауырсынусыз төмендеу синдромы. Клиникасы, ағымы,...
Ф кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconФ кгма 4/3-06/02 пп кгма 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Мақсаты: лейкоздардың әртүрлеріндегі шеткі қанның жасушалық құрамы мен қан жасаудың ерекшеліктерін, лейкоздар кезіндегі организмдегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница