Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе




НазваниеБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
страница1/6
Дата конвертации12.01.2013
Размер0.62 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

болжамына баяндама.
Кіріспе

Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы №1251 қаулысымен бекітіліген әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленген.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының құрамында, әлеуметтік параметрлер болжамы, Бұқар жырау ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары мен басымдылықтары, үш жылға арналған салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттары бар.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, жергілікті мемлекеттік органдар дамуындағы стратегиялық жоспарларының әзірленуі үшін негіз болып табылады.

-Даму және бюджеттік параметрлер болжамы келесі бөлімдерден тұрады:

2007-2009 жылдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары туралы баяндама.

-2010-2014 жылдарға даму келешегі.

-2010-2012 жылдарға аудандық бюджет параметрлерінің болжамы.
1. Бұқар жырау ауданы дамуының экономикалық тенденциялары.

1.1. 2007-2009 жылдарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауы.


      1. Өнеркәсіп

Талдау кезеңіне өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсуде. 2008 жылы ауданның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9132,6 млн.тенге, 2007 жылмен салыстырғанда 89,4% өскен. 2009 жылға өндірістік өнім көлемі 10146,7 млн.теңгеге жоспарланған.

Өнеркәсіп салаларының дамуы

Өнеркәсіптің негізгі құрушылары тау-кен өндірістік және өңдеу салалары.

2008 жылы тау-кен өндіру саласының өсу қарқыны 2007 жылғы төмендеуге қарағанда маңызды, өндіріс көлемі төрт есе өсіп, 626 млн.теңгені құрады, бұл «Қазақмыс» Корпорациясы кәсіпорының көмір тұтынуының артуына байланысты. 2009 жылы өндірістік өнім өндірісінің көлемі былтырғы жылдың деңгейіне 1,2 % өседі.

Тау-кен өндірісінің негізгі өндірушілері болып көмір өндіру және сатумен айналысатын Қушоқы көмір кенші болып табылады. 2008 жылы көмір өндірумен айналысуға арналатын ЖШС «Қамбар Тау-кен руда компаниясы» Тоғызқұдық селолық округының аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізді. 2009 жылы кәсіпорын 50 мың.тонна аумағында бастапқы өндіруді жүргізбек.

Осы кәсіпорындармен қатар ауданда жер қойнауын пайдаланатын құрлыстық құм, саз, қиыршық тас, сылама әк және т.с.с өндірумен айналысатын бірқатар шағын кәсіпорындар өз қызметін жүзеге асырады.

Өңдеуші өнеркәсіптің өнімі ауданның жалпы өндірістік өнімінен 90 % құрайды, олардан көп бөлігі ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысады. Өңдеуші өнеркәсіп өнімінің өндірісі 2008 жылы 8486,6 млн.теңгені құрады немесе 2007 жылдың деңгейіне 95,8% өсті. 2009 ж өндіру көлемдерінің 2008 ж қарағанда 0,4%-ға немесе 9512,5 млн.теңге сомасына өсуі жоспарлануда.

Жоғары құн қосылған экспортқа негізделген өнімнің шығарылымы.

Экспортқа негізделген өнімді шығару қажеттілігі болып, өндіріс процессінің иновациясына ену болып табылады, сондай ақ отандық тауарөндірушілерді шығаратын өнім сапасы жүйесін басқаруды жетілдіруді тұрақтандыру.

Осы мәселенің индикаторлары болып халық аралық стандарттардың талабына сәйкес менеджмент жүйесін сертификацияланған кәсіпорындар мен ұйымдардың санын көбейту болып табылады.

2007 жылдан бастап ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінде МСЖ енгізу бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. Осының салдарынан бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сатумен айналысатын 8 кәсіпорын ЖШС «Ақнар ПФ», АҚ «А-Алтын», ЖШС «ПКФ Медео», ЖШС «АПК Волынский», ЖК Мухарлямова «Морская империя», ЖШС «ХПП Ак Нұра», ЖШС «ALIAN», ШҚ «Соммер 2», ИСО 9001-2001 сериясының сапа менеджменті жүйесін сертификаттады.

2009 жылға СМЖ тағыда 2-кі кәсіпорында енгізу жоспарланған. «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және ЖШС «КНИИР және С».

Технологиялар мен инновацияның дамуы

Ауданда 4 кәсіпорын анықталған: ШҚ «Шұғыла» сыр өндіретін зауыт, өндірістік қуаттылығы ауысымына 1 тонна, 4 жұмыс орны құрылған. «Нехтар» ШҚ кешенінде өндірістік қалдықтарды өңдеу, цемент шығару бойынша техникалық кешен, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 80 тонна, 20 жұмыс орны құрылған.

«Казтерн» ЖШС панельді радиаторларды өндіру өндірісі бойынша зауыт, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 380 тонна, 50 жұмыс орны құрылған.

«Өсімдік майын өндіру бойынша цех «Жасұлан» ШҚ, тәулігіне өндірістік қуаттылығы 6 тонна, 8 жұмыс орны құрылды.


      1. Кәсіпкерліктің дамуы

Үкіметтік және жергілікті деңгейде де шағын және орта бизнесті қолдау шараларына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы негізгі көрсеткіштердің дамуымен сипатталады, шағын бизнестің дамуы негізгі көрсеткіштердің өсуімен сипатталады.

2009 жылы тізімге алынған шағын кәсіпкерліктің санын 1705 бірлікке жеткізу жоспарлануда, осының салдарынан шағын кәсіпкерлікте жұмыстылар саны 3592 адамға жетеді, өндірілетін өнімнің көлемі 3607 млн.теңгеге дейін арттырылсын.

Негізгі көрсеткіштердің орындалуы шағын кәсіпкерліктің дамуы 2008 жылға 2007 жылмен салыстырғанда:

Тізімге алынған шағын бизнес субьектілерінің саны 1689 бірлік, былтырғы жылдың деңгейіне өсім 3,4 % құрады.

Шағын бизнес субьектілерінің артуы және жаңа жұмыс орындарының құрылуы жаңадан тізімге алынған жеке кәсіпкерлердің есебінен болды.

Шағын бизнесте жұмыстылар саны 3587 адамды құрады.

Өндірістік өнім (жұмыс, қызметтер) жеке көлемдері 3536,2 млн.теңге жеткізілді, 2007 жылдың деңгейіне өсім 44 % құрады.

01.01.2009ж жағдайына ауданда шағын кәсіпкерліктің 78 заңды тұлғасы бар, олардан әрекет етудегісі 68, қызмет етпейтіні 10.

Жыл басынан ауданда 12 шағын кәсіпорын ашылған: (өңдеуші өнеркәсіп 2, қаржылық қызмет-1, ауыл шаруашылығы -2, құрлыс-2, сауда- 4, коммуналды, әлеуметтік және жеке қызметтерді ұсыну-1).

Әлеуметтік көзқарастан кәсіпкерлік халықтың жұмыстылығы мәселесін шешуге, кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күресті нығайтуға көмегін тигізеді. 01.01.2009 жыл жағдайына шағын кәсіпкерлік саласында 170 жоспарында 252 жұмыс орны құрылған, орындалу жоспарға 148,2 % құрады.


      1. Құрлыс

2007-2008ж жылдарында аудан бойынша барлығы 8632 м2 тұрмыстық нысан енгізілген, соның ішінде жеке тұрмыстық нысан 8268 м2, арендалық (коммуналдық) тұрмыстық 364 м 2, 8495,0 м 2 немесе 102% жоспарында, соның ішінде:

2007 ж – 2588 м 2

2008ж- 6043,6 м 2

2009 ж 7000 м 2 енгізу жоспарлануда, бұл 115,8% құрайды.

Үштөбе аулының Сокурская көшесіндегі жеке тұрмыстық үйлерге инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның құрлысына 2007 жылы 15,5 млн.теңге, 2008 жылы 32,0 млн.теңге бөлінді.

Келесі жұмыстар жүргізілді: 3029 м су құбыры желілері өткізілді, суағар 140 м. Бір насостық станса салынды, екі сквашина тесілді, 10/0,4 кВ электр беру желісі өткізілді. Бір су қысымдық мұнара және 250/10/0,4 Кв КТП орнатылған.

Нысан 1.12.2008 жылы мемлекеттік комиссиямен қабылданған.

2009 жылға Ботақара кентінде инженерлі-инфрақұрылымның дамуына 4,0 млн.теңге бөлінді.

Коммуналдық және ипотекалық тұрмыстық нысандардың құрлысына 2007 жылы қаражат бөлінген жоқ. 2008 жылы жалдық (коммуналды) тұрмыстық нысанның құрлысына 24 млн.теңге бөлінді. Екі үй салынды.

Нысандар мемлекеттік комиссиямен 2008 жылдың қыркүйек айында қабылданды.

2009 жылы Ботақара кентіндегі бір 12-кі пәтерлік жалдық (коммуналды) тұрмыстық үйдің құрлысына 48 млн.теңге бөлінді және Ботақара кентіндегі бір 2-кі пәтерлік жалдық тұрғын үйдің құрлысына 10 млн.теңге бөлінді.

2009 ж 6212 м2 жеке тұрғын үй, 788 м2 арендалық (коммуналдық) тұрғын үй салу жоспарлануда, 2008 жылдың фактсіне 1,2 есе арту.

2007-2008 жылдары 80 отбасына тұрмыстық нысанды жақсарту енгізілді.

2007-2008жж жеке тұрмыстық құрлысқа 272 өтініш берілген, 260 өтініш қанағаттандырылған, қалғандары тізімге алынуда.

2009ж жеке тұрмыстық нысанға 7 учаске бөлінген.

1.1.4. Ауыл шаруашылығы

2009 жылдың басына ауданда өз қызметін 30 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны жүзеге асырды, 884 жеке шаруа қожалықтары, 11072 жеке қосалқы шаруашылық. Жыл сайынғы өсімдік өсіру және мал өсіруде өнім өндіру көлемінің өсуі есепке алынуда. 2008 ж ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 14078 млн.теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың деңгейіне 127,5% құрайды. Осының өзінде мал шаруашылығы өнімінің алға шығуы көрінуде.

2008 жылы бидай егу шаруашылығының барлық санаттарында 105,1 мың.га бидай егілді, бұл былтырғы 2007 жыл деңгейіне 100,4% құрады.

2007 жылдың 120 га қарсы, алаңда 270 га жиналған, жалпы жинау - 4,9 мың.тонна, 2007 жылдын деңгейіне өсім 2,8 м.т. 2007 ж деңгейінің асыра орындалуы 233 % құрады, орташа өнімділік -183 ц/га (2007-182 ц/га)

Жазғы кезеңнің құрғақшылық жағдайларынан аудан бойынша 12,8 мың.тонна бидай өнімдері есептен шығарылған, сондықтан өнім жинау алаңы 92,3 мың. гектар, бұл 2007 ж жинақтау алаңына 88,6% құрайды, соның ішінде бидай 74,6 мың.га, арпа 17,2 мың.га, сұлы 0,5 мың.га. Бидай өнімдерінің жалпы жинағы 52,8 мың.тоннаны құрады.

Картоп 1124,7 гектар жиналды, бұл 2007 жылғы - 1016 га деңгейіне қарсы, жалпы жинақ 19,5 мың.тоннаны құрайды (2007ж -17,2 м.тонна). АМКК «өсімдік өсіру және селекция Қарағанды ғылыми-зерттеу институты» кешенінде жаңа бидай түрлерінің шығарылуы бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. Өсімдік өсіру өнімін өсіруде өндіріске бастапқы технологияларды енгізу бойынша.

Жалпы алғанда мал шаруашылғы өндірісі бойынша малдың барлық түрлері бойынша, құстан басқа 2008 жылы бағдарламалық тапсырмалар сәтті орындалды. 2008 жылға меншіктің барлық нысандары бойынша 25,2 мың.тонна ет, 59,8 мың.тонна сүт, 66,6 млн.дана жұмыртқа және 62,2 мың.тонна жүн өндірілді.

2008 жылы 2007 жылдың деңгейіне мал өсіру шаруашылығы өнімінің өсуі байқалады: ет 4,3% -ға, сүт 3,4% -ға, жұмыртқа 30,2 %-ға, жүн 64%-ға.

Жылқы бастарының өсуі байқалуда: жылқы 5,5 %-ға (13,2 мың.бас), қой және ешкі 6,7%-ға (51), шошқалар 1,6%-ға (50,1), құстың барлық түрлері 12%-ға (920,3). Былтырғы жылдың деңгейіне ІҚМ бастары 4%-ға төмендеп 56,4 басты құрады. Негізінен мал басы жем-шөптің қымбаттауынан жеке үйлерде азайды. Ұрғашы ІҚМ басы сақталған.

2008 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері «Қарағанды облысының АПК тұрақты дамуы» аймақтық бағдарламасы бойынша мемлекеттік жәрдем алды. 1546,7 млн.теңге сомасына, бұл былтырғы 2007ж деңгейіне 143% құрайды. 2009 жылы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерін қолдау бойынша жұмыс жалғасуда.

2008 жылда жеке қаражаттар есебінен және лизингке 65 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы және жаңа жабдықтар 548,1 млн.теңге сомасына алынды, 2007 ж 51 бірлік 133,8 млн теңге сомасына. 2009 ж 172,2 млн.теңге сомасына арнайы 3 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды.

2009 жылы ауданның ауыл шаруашылығы нысандарымен 12000 тонна көлемінде тұқым егілген, бұл қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді.

2009 жылы ауданның ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері 112 м.га- бидай, 1150 га-картоп, 300 га-көкөніс егеді.

2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің болжамдағы жалпы көлемі 14500 млн.теңгені құрайды, былтырғы жыл деңгейіне өсім 3% құрайды.

2009 жылы бидайдың жалпы өнімі 63,2 мың.тонна, былтырғы жылдың деңгейіне өсім 8,5% құрайды. Мал өсіру өндірісі құрайды: ет-26,5 мың.тонна, 2008 ж деңгейіне өсім 3%, сүт-61,7 мың.тонна немесе 2008 жылға өсім 3%, жұмыртқа 86,9 млн.дана, өсім 35%.


      1. Транспорт және коммуникациялар

1.01.2009 жылдың жағдайына аудан бойынша автокөлік жолдарының жалпы қашықтығы 1718,2 км, соның ішнде республикалық маңыздағы жолдар 494 км, 732,2 км жолдар жергілікті маңыздағы және 492,2 км жолдар аудандық маңыздағы, соның ішінде ішкі кент жолдары 402,2 км.

Жалпы қатты жабындағы жолдар 73,8% елді мекендерде ғана, 30% ауылдар қиыршық тас жолдарды пайдалануда.

80 жылдардан бастап ауыл шаруашылығы нысандарының қирауынан кейін жолдар иесіз қалып жөндеуден өткізілмеген. Қазіргі таңда ішкі кент ауыл жолдары авариялық жағдайда, тозу пайызы 80 % құрайды.

2007 ж аудандық бюджеттен ауданның ішкі кент жолдарының ағымдағы жөнделімі бойынша барлығы 2,1 млн.теңге бөлінді, 2008ж -11,6 млн.теңге.

2008 ж ішкі кент жолдарының ағымдағы жөнделіміне 80 млн.теңге қажеттілігінде 13,8 млн.теңге бөлінді.

Жергілікті және республикалық маңыздағы автожолдарда жыл сайын орта және күрделі жөндеулер бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2007 ж облыстық маңыздағы автожолдардың орташа жөнделіміне 83,6 млн.теңге бөлінді, 2008 жылы 103,0 млн.теңге, 2009 жылдың жоспары 84,3 м лн.теңгені құрайды.

Облыстық маңыздағы жолдардың күрделі жөнделіміне 2007 ж қаражаттар бөлінген жоқ, 2008 жылы 605,5 млн.теңге бөлінген, 2009 ж 76,4 млн.теңге сомасында қаражаттар жоспарланған.

Республикалық маңыздағы жолдардың күрделі жөнделіміне есептік кезеңде қаражаттар бөлінген жоқ, күрделі жөндеу жүргізілген жоқ.

Аудан бойынша жүк тасымалдауды ЖШС «Қарағанды транс» жүзеге асырады. Автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 2008 ж 2007 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға өсті және 23,0 м.тоннаны құрады. 2009ж жүк тасымалдау көлемі 24 мың.тоннаны құрайды.

Аудан аумағында жолаушылар тасымалдауды ЖШС «Сапар» Қарағанды қ, ЖШС «Трансагентство КZ» Теміртау қ. 2007 жылы аудан аумағында жаңа 2 автокөлік маршруттары ашылды, осының салдарынан жолаушылар тасымалдау саны өсті. Егер 2007ж жолаушылар тасымалдау саны 108 м.адамды құрады, ал 2008ж 114 мың.адамды құраған.

Халыққа байланыс қызметін 30 СТС жүзеге асырады, олардан 15 АТС электронды.

Жалпы жөнделген сиымдылық 12259 нөмірді құрайды, әрекетте 67,4 %. 2007 жылдың деңгейіне мониторлы сиымдылықтың артуы 58 % құрады.

Қала аралық, халық аралық байланыс қызметін ұсыну 2008 жылы 1210,6 мың.минутқа артады, 2007 жылмен салыстырғанда -9895,4 мың.минут, 2009 жылы трафикті 17,8 % арту болжануда және 11661,3 мың.теңгені құрады.

01.01.2009 жылға телефондар тығыздылығы 100 тұрғынға 13,1 телефонға артты, бұл 01.01.2008 ж 12,5 пайызына қарсы және 104,8 % құрады.

Аудан бойынша Интернет қызметін пайдалануы 01.04.2009 жылға 652- абонентті құрады, с.і 550 абонент жеке тұлғалар, 2007 ж салыстырғанда (171 абонент, с.і 140 жеке тұлғалар) көбею 481 немесе 381,3 % құрады.

2007жыл кезеңіне Қушоқы к, Ботақара к, Ғ.Мұстафина. к, Нұра стансасы, және Доскей, Гагарина, Ақтөбе және Дубовка ауылдарында сандық стансалар орнатылды. Аудан бойынша 36 сөйлесу пункіттері ашылды.

Аудан бойынша байланыс сапасын жақсартуға келесі жұмыстар жүргізілді:

-Теміртау-Мұстафин арасында талшықты-оптикалық байланысты орнатуға, сандық беруді берумен қала аралық байланысқа шығумен, Мұстафина мен Нұра;

- Ғ.Мұстафинамен Ростовка, Мұстафина мен Қаражар арасында АТСК ні АТСЭ –ге айрыбастау жолымен желілерді қайта жаңарту бойынша, радиорелейлі станса арқылы сандық ағымды беру жолымен.;

-Дубовка, Новоузенка селоларында байланыс кабельі желілерінің күрделі

жөнделімі бойынша.

-Қарғанды-Ботақара-Қарқаралыда ВОЛС салу бойынша, Тұзды, Петровка,

Ботақара және Шешенқара селоларында АТСК-ні АТС-Э айрыбастау және қосумен.

-Қарақұдық және Тоғызқұдық селоларын АТС-қа қосуда, Қарағанды мен

Қарқаралыны кабельді магистральға қосуға дайындық жұмыстары жүргізілді. Келесі елді мекендер бойынша СДМА-450 радиоөтім бойынша телефонды кешенді стансалардың құрлысы аяқталды: Құрлыс селосын қамтумен с.Үштөбе, Заречное, Новостройка; Қызыл жар селосын қамтумен с.Молодецкое, Баймырза, Чкалово, Самарқанд, Астаховка, Тегісжол, Центральное селоларын қамтумен Гагарин селосы, Ақбел, Жаңа қала, Жастілек, Плотинное селоларын қамтумен Ботақара кенті, Ақжар (36 өтініш бар), Алғабас, Ақөре және Белағаш селоларын қамтумен Керней селосы.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБҰҚар жырау ауданының 2012-2016 жылдарғА Әлеуметтік – экономикалық дамуының болжамы ботақара к. – 2011ж. Мазм ұ н ы
Бұқар жырау ауданының 2012-2016 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер болжамы
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБекітемін бұқар жырау ауданының әкімі Е. Нашаров бұқар жырау ауданының әкімі аппаратының
АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков)
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon2008 ж. 2008 ж. «БҰҚар жырау ауданының жастары – 2008-2010 Ж. Ж.»
Бұқар жырау ауданының әкімі Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Нашаров А. Жүніспеков
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon341 кітапхана, 254 клуб үлгісіндегі ұйымдар, 21
Ақтоғай ауданының Жидебай, Бұқар жырау ауданының Алғабас, Жаңаарқа ауданының Атасу станциясында, Қарқаралы ауданының Абыз, Бастал,...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы
«Бұқар жырау ауданының селолық округтері мен кенттері бойынша митингілерді, жиналыстарды өткізу үшін орындар белгілеу туралы» №9...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconБұқар жырау ауданының селолық округтері мен кенттері бойынша митингілерді, жиналыстарды
Республикасы Заңының 10 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімінің Бұқар жырау ауданы бойынша митингілерді, жиналыстарды өткізу...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon2013-2017 жылдарға арналған Қостанай ауданының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы Кіріспе
Республикасы Үкіметінің №423 қаулысымен бекітілген әлеуметтік – экономикалық даму болжамын рәсімдеу ережесіне енгізілген өзгерістерге...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе iconҚарағанды облысы 2009 жылдың жартыжылдығы
Ақтөбе, Қаражал, Берлағаш; Шет ауданының Киікті, Ақжал ауылдарының клубтары мемлекеттік жүйеге берілді;Ақтоғай ауданының Жижебай,...
Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе icon1 тоқсан 2008 жылғы Тарбағатай ауданының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы хабарлама
Ауданның 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік экономикалық дамуын өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, оның...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница