Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы




НазваниеТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы
страница1/15
Дата конвертации12.01.2013
Размер1.78 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 29 сәуiрде тiркелдi. Тiркеу N 2256

      Ескерту: Бұйрықтың атауына өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ бұйрығымен, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ бұйрығымен.

      Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2010.04.30 N 137-НҚ бұйрығымен.
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту туралы ереже бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ бұйрығымен, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ бұйрығымен.
      2. "Субъектiлердiң тауарларына, жұмыстарына, қызметтерiне бағалар (тарифтер) бекiтудiң және енгiзудiң тәртiбi туралы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 қыркүйектегi нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 881 нөмiрмен
тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарының 1999 жылғы N 3 нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған) Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 6 тамыздағы N 59-ОД бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (A.T.Шабдарбаев) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
      1) оны белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Төраға

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды  
реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң
2003 жылғы 19 наурыздағы 
N 82-НҚ бұйрығымен   
бекiтiлген      

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп
көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк
сметалар бекiту туралы ереже

      Ескерту: Атауына өзгертулер енгiзiлдi;
      Нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша "қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)", "қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)" деген сөздердi тиiсiнше "реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды)", "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)" деген сөздермен ауыстырылды;
      Нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша "тарифтердiң", "тарифтi", "тарифтер" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(бағалардың, алымдар ставкаларының)", "(бағаны, алым ставкасын)", "(бағалар, алымдар ставкаларын)" деген сөздермен толықтырылды;
      Нұсқаулықтың барлық мәтiнi бойынша "осы Нұсқаулықтың", "осы Нұсқаулыққа" деген сөздер "осы Ереженiң", "осы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылқы 9 қазандағы N 253-НҚ бұйрығымен, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту ережесi (бұдан әрi - Ереже) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту және енгiзу тәртiбiн айқындайды.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ бұйрығымен.

      2. Осы Ереженiң мақсаттарында пайдаланылатын ұғымдар:
      1) уәкiлеттi орган – табиғи монополия салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      2) құзыреттi орган – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      2-1) өңiрлiк электр желiсi компаниясы – өңiрлiк деңгейде электр желiсiн пайдаланатын энергия берушi ұйым (бұдан әрi – ӨЭК);

      3) өтiнiм - табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) оның iшiнде сараланған және инвестициялық тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту туралы уәкiлеттi органға берген ресми өтiнiшi (арызы);

      4) алынып тасталды;
      4-1) салыстырмалы талдау әдiсi – электр энергиясын беру және тарату бойынша ӨЭК реттелiп көрсетiлетiн қызметiне тариф қалыптастырудың, уәкiлеттi орган және электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган қалыптастырған ӨЭК тобындағы осы ӨЭК қызметiнiң тиiмдiлiгiн салыстыруды көздейтiн әдiсi;
      4-2) сараланған тариф – уәкiлеттi орган бекiткен табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған, тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдерi бойынша сараланған тариф;

      5) төтенше реттеушi шаралар - азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлiктерiн қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган қабылдайтын шаралар;

      6) тарифтiк смета - уәкiлеттi орган реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) бөлiнiсiнде бекiтетiн кiрiстер мен шығыстардың баптары, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдерi туралы көрсеткiштер және уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң басқа да экономикалық көрсеткiштерi;

      7) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      8) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) уәкiлеттi орган бекiткен құнының ақшалай көрiнiсi;

      9) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектiлерде көрсетiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бiр инвестициялық жобаның шеңберiнде бекiткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейiн қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шектi деңгейi.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 269-НҚ, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ, 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚ, 2006 жылғы 19 шiлдедегi N 177-НҚ, 2007.05.31. N 148-НҚ,  2010.04.30 N 137-НҚ бұйрықтарымен.

      3. Уәкiлеттi органмен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның iшiнде сараланған тарифтердi бекiту мынадай жағдайларда:
      1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң бастамасы бойынша;
      2) уәкiлеттi органның бастамасы бойынша;
      3) төтенше реттеушi шаралары ретiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2010.04.30 N 137-НҚ бұйрығымен.

      4. Уәкiлеттi орган мен табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын), оның iшiнде сараланған тарифтер жобасын бекiту туралы өтiнiмдердi бергенде және шешiм қабылдағанда, сондай-ақ тарифтiк сметаның атқарылуы туралы есептi қарағанда "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi органмен бекiтiлген Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн (бұдан әрi -  Ерекше тәртiп), салық заңнамасының бухгалтерлiк есебiнiң стандарттарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қоса өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекiтiлген табиғи монополия субъектiлерiнiң  реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеудiң салалық әдiстемесiн басшылыққа алады.
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006.03.07 N 66-НҚ, 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрықтарымен.

2. Тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) жобаларын
бекiтуге өтiнiмдер беру және оны қабылдау

      5. Табиғи монополия субъектiсiн құру немесе қайта ұйымдастыру кезiнде, сондай-ақ қолданылу мерзiмiн шектей отырып бекiтiлген тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының), оның iшiнде сараланған тарифтердiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге өтiнiм беруге мiндеттi.
      Табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға қажет болған кезде кез келген басқа жағдайларда тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге өтiнiм жолдауға құқылы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2010.04.30 N 137-НҚ бұйрығымен.

      6. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын), оның iшiнде сараланған тарифтердi өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екi айда бiр реттен жиi емес жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006.03.07 N 66-НҚ, 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрықтарымен.

      6-1. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтiң (бағаның, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларының өзгерiсiн тарифтер және тарифтiк сметалар туралы ақпаратты тексерудiң нәтижелерi бойынша қорытындының негiзiнде бастамашылық етедi.
      Ескерту: 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚ бұйрығымен.

      7. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне арналған өтiнiммен бiрге тарифтiк сметаны және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тоқсан күннен кешiктiрмей, ал инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтуге арналған өтiнiммен - инвестициялық жобаны табыс етедi.
      Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектiсi экономикалық негiзделген есептер мен жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм берген кездегi көлемде өзге ақпарат ұсынуға мiндеттi.
      Тарифтер (бағалар, алым ставкалары) төтенше реттеушi шаралар ретiнде қайта қараған жағдайда, оның iшiнде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезiнде табиғи монополия субъектiсi өтiнiммен бiрге оларға ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтiк смета және тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) жобаларын ұсынады, бұл ретте осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ, 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚ, 2007.05.31. N 148-НҚ бұйрықтарымен.

      8. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiтуге берiлген өтiнiмге:
      1) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту қажеттiгi туралы түсiндiрме жазба;
      2) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) жобасы;
      3) ұйымның бухгалтерлiк балансы;
      4) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
      5) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;
      6) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
      6-1) қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба;
      7) еңбек жөнiндегi (1-т нысаны) есеп;
      8) жекелеген лауазымдар мен кәсiптер бойынша қызметкерлер жалақыларының мөлшерi туралы есеп (2-Т проф);
      9) 1-ПФ нысаны бойынша кәсiпорынның (ұйымның) өндiрiстiк-қаржылық қызметi туралы есеп, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн 2-МП нысаны бойынша қызметтiң негiзгi көрсеткiштерi;
      10)  негiзгi қаражаттар мен материалдық емес активтердiң болуы және қозғалысы туралы есеп (N 11 нысаны);
      11) осы Ережеге берiлген 1 қосымшаға сәйкес жиынтық деректер;
      12) тарифтiк сметаны, нақты шығындарды негiздейтiн материалдарды қоса отырып, орындау туралы есеп;
      13) дебиторлық және кредиторлық берешектердi ашып көрсету;
      14) алынып тасталды
      15) өзге және басқа шығыстарды ашып көрсету;
      16) бекiтiлген инвестициялық бағдарлама (жоба);
      16-1) уәкiлеттi органның мәлiмдеген кезеңге бекiткен:
      нормативтiк техникалық ысыраптардың
      персоналдың нормативтiк санының
      шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының болуын растайтын мәлiмет;
      16-2) уәкiлеттi органмен мәлiмдеген кезеңге келiсiлген:
      штат кестесiнiң және әкiмшiлiк персоналы басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң шектi деңгейiнiң (жарғылық капиталын мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлға болып табылатын немесе жарғылық капиталын мемлекеттiң қатысуымен аффилиирленген табиғи монополия субъектiсiнiң);
      негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн, ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасының
      есепке алу саясаттың болуын растайтын мәлiмет;
      17) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссиялардың шешiмi;
      18) негiзгi құралдарды қайта бағалаудың соңғы нәтижелерi туралы мәлiмет;
      19) негiзгi құралдарды пайдалануға берiлген мерзiмдерi көрсетiлген амортизациялық аударымдардың есебi;
      20) Ерекше тәртiпке сәйкес тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн, нақты жұмсалған шығыстар туралы мәлiметтер;
      21) алынып тасталды
      22) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған көлемдерiн (ниет хаттамаларын, шартты, жалпыға бiрдей сапалы қызмет көрсету мiндетiнiң қағидатына сүйене отырып, тауарлар өндiрiсi көлемiнiң есебiн және табиғи монополия субъектiлерiнiң мүмкiндiктерiн, немесе тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жоғары деңгейiн қолдау мақсатында, өндiрiс көлемдерiн төмендетуге жол бермеудi, тұтынушы сұранысын маркетингтiк зерттеулер материалдарын) растайтын құжаттар;
      23) табиғи монополия субъектiсiнiң жобалық қуаты туралы және оны нақты пайдалану туралы деректер қоса берiледi;
      24) Ерекше тәртiптiң талаптарына сәйкес осы Ереженiң 2-27 және 29-қосымшаларында көрсетiлген нысан бойынша тарифтiк сметаның жобасы;
      25) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетiн таза табысты (пайданы) пайдалану туралы ақпарат;
      26) амортизациялық аударымдарды пайдалану туралы ақпарат;
      27) нормативтен тыс ысыраптар болған кезде оларды жою жөнiндегi, сонымен қатар уәкiлеттi орган белгiлеген өлшемге және мерзiмге нормативтiк техникалық ысыраптарды төмендету, оның iшiнде мәлiмделген кезеңге арналған iс-шаралар жоспары, ол экономикалық тиiмдiлiк есебiн және деректердi қамтитын (электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы, су шаруашылығы саласындағы, мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектiсi ұсынады).
      Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 9 қазандағы N 253-НҚ, 2004 жылғы 19 шiлдедегi N 322-НҚ, 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ, 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚ, 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрықтарымен.

      8-1. Инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтуге арналған өтiнiмге:
      1) бекiтiлген инвестициялық бағдарлама (жоба);
      2) алынып тасталды;
      3) қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасына пайда есептеу;
      4) пайданы бөлу туралы ақпарат;
      5) құзыреттi орган растаған ұсынылатын қызметтердiң жоспарланып отырған көлемдерi;
      6) табиғи монополия субъектiсiнiң жобалық қуаты туралы мәлiметтер;
      7) ақша ағысын бөлу туралы ақпарат;
      8) инвестициялық тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) жобасы қоса берiледi;
      9) Ерекше тәртiптiң талаптарына сәйкес осы Ереженiң 2–27 және 29-қосымшаларында көрсетiлген нысан бойынша тарифтiк сметаның жобасы.
      Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ, 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚ, 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрықтарымен.

      8-2. Төтенше реттеушi шаралар ретiнде тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны бекiтуге берiлген өтiнiмге:
      1) азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеушi шаралар ретiнде тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны бекiтудiң себептерi көрсетiлген түсiндiрме жазба;
      2) осы Ереженiң 30-қосымшасында көрсетiлген нысан бойынша Ерекше тәртiптiң талаптарына сәйкес тарифтiк сметаның жобасы. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда тарифтiк сметадағы стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын бабы ғана түзетiледi;
      3) азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеушi шаралар ретiнде тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаны бекiту қажеттiгiн растайтын құжаттар.
      Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, сатып алынатын стратегиялық тауарлардың құнын арттыруды, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiне қатер төндiретiнiн растайтын құжаттар (конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөнiндегi конкурстық (тендерлiк) комиссиялардың шешiмдерi, шарт, шот-фактуралар, шығын деңгейiн есептеу), алдағы кезеңге бекiтiлген нормативтiк техникалық ысыраптар, тарифтердi төтенше реттеушi шаралар ретiнде бекiтуге өтiнiм беруге стратегиялық тауарлар құнының өзгеруi себеп болып табылатын, оның шығыс нормаларының бар екендiгi туралы ақпаратты.
      Ескерту: 8-2-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.05.31. N 148-НҚ, 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрықтарымен.
      8-3. Су шаруашылығы жүйелерi аясында реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тұтыну көлемi бойынша сараланған тарифтi бекiтуге арналған өтiнiмге:
      1) осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттар;
      2) су шаруашылығы жүйелерi салаларындағы қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн жеке тұлғалардың суды тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасының жобасы;
      3) су шаруашылығы жүйелерi салаларындағы қызметтердiң реттелiп көрсетiлетiн жеке тұлғалардың суды тұтыну көлемiнiң негiзделген шамасының есебi;
      4) өтiнiм берудiң алдындағы төрт тоқсан үшiн немесе алдыңғы күнтiзбелiк жыл үшiн текше метрдегi (м3) тұтынушылар топтарының бөлiнiсiнде (оның iшiнде тұрғындардың, бюджеттiк ұйымдардың, жылуэнергетика саласындағы мекемелердiң, басқа заңды тұлғалардың) суды тұтыну көлемi бойынша ақпарат;
      5) суды жеке есепке алу аспабы жоқ абоненттер үшiн өтiнiм берудiң алдындағы төрт тоқсанға немесе алдыңғы күнтiзбелiк жылға текше метрдегi (м3) суды тұтыну көлемi бойынша және азаматтарды тiркеу кiтабында тiркелген әрбiр адамның саны бойынша ақпарат;
      6) суды жеке есепке алу аспабы бар абоненттер үшiн өтiнiм берудiң алдындағы төрт тоқсанға немесе алдыңғы күнтiзбелiк жылға текше метрдегi (м3) суды тұтыну көлемi бойынша және азаматтарды тiркеу кiтабында тiркелген әрбiр адамның саны бойынша ақпарат қоса берiледi.
      Ескерту: 8-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрығымен.

      9. <*>
      Ескерту: 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚбұйрығымен.

      10. Өтiнiмге қоса берiлген есептер мен негiздеушi материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиiс:
      1) өтiнiмнiң материалдары тiгiледi, нөмiрленедi және мөрмен және табиғи монополия субъектiсi басшысының қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға табиғи монополия субъектiсiнiң басшысы және бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және олар табиғи монополия субъектiсiнiң мөрiмен расталады;
      2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беруден бұрынғы төрт тоқсан iшiндегi және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
     табиғи монополия субъектiсi өтiнiмдi қарауға қабылдағаннан кейiн 15 күннiң iшiнде уәкiлеттi органға өтiнiм беруден бұрынғы 4 тоқсанның iшiндегi шығындар туралы нақтыланған нақты деректердi ұсынуға құқылы;
      3) тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) арналған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерiнiң маусымдық ауытқу әсерiн болдырмау мақсатында жылға арналған есептегi деректер, мұндай есеп салықтық есептiң ұстанымдарымен сай келмейтiндiгi жағдайын қоспағанда, негiзге алынады;
      4) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының), оның iшiнде сараланған тарифтiң жобаларын базаға есептеу кезiнде өтiнiмдер беруден бұрынғы төрт тоқсан iшiндегi немесе өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерi қабылданады;
      5) реттелiп көрсетiлетiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерiн төмендету кезiнде төмендетудi негiздейтiн және растайтын материалдар ұсынылуға тиiс;
      6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрi жеке-жеке дайындалды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2010.04.30 N 137-НҚ бұйрығымен.

      10-1. Осы Ереженiң 10-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар төтенше реттеушi шаралар ретiнде тарифтi (бағаны, алым ставкасын), оның iшiнде сараланған тарифтi және тарифтiк сметаны бекiту жағдайына қолданылмайды.
      Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2007.05.31. N 148-НҚ, 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрықтарымен.

      11. Уәкiлеттi орган өтiнiм алған күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және табиғи монополия субъектiсiн өтiнiмдердi қарауға қабылдау туралы немесе өтiнiмдердi қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде бас тартудың себептерiн келтiре отырып, хабардар етуге мiндеттi.
      Табиғи монополия субъектiлерiнiң өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартудың себептерi:
      1) өтiнiм берудiң мерзiмдерiн бұзу;
      2) осы Ереженiң 7, 8, 8-3-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды ұсынбау;
      2-1) табиғи монополия субъектiсiнде мәлiмделген кезеңге уәкiлеттi орган бекiткен және (немесе) келiсiлген:
      нормативтiк техникалық ысыраптардың
      персоналдың нормативтiк санының
      шикiзат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының
      штат кестесiнiң және әкiмшiлiк персоналы басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң шектi деңгейiнiң (жарғылық капиталын мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлға немесе жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуымен аффилиирленген заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополия субъектiсi);
      негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн, ағымдағы және күрделi жөндеулерге және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасының
      есепке алу саясатының болмауы;
      3) ұсынылған құжаттардың осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес келмеуi;
      4) инвестициялық тарифтi бекiтуге берiлген өтiнiммен табиғи монополия субъектiсiнiң өтiнiштерiн беру жағдайларын қоспағанда, заңда белгiленген, сондай-ақ өзге тәсiлдермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу туралы талаптарды бұзу;
      5) сенiмдi емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.
      Осы Ереженiң 8-2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау төтенше реттеушi шаралар ретiнде тарифтi (бағаны, алым ставкасын), оның iшiнде сараланған тарифтi және тарифтiк сметаны бекiтуге берiлген табиғи монополия субъектiсiнiң өтiнiмiн қарауға қабылдауға уәкiлеттi органның бас тартуы және бекiтiлген нормативтiк техникалық ысыраптар, тарифтердi төтенше реттеушi шаралар ретiнде бекiтуге өтiнiм беруге стратегиялық тауарлар құнының өзгеруi себеп болып табылатын, оның шығыс нормаларының болмауы үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 108-НҚ, 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚ, 2007.05.31. N 148-НҚ, 2010.04.30 N 137-НҚ Бұйрықтарымен.

      11-1. Көрсетiлген себептер бойынша өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартқан кезде табиғи монополия субъектiсi бас тартылған сәттен бастап отыз күннен ерте емес өтiнiммен уәкiлеттi органға жүгiне алады.
      Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚбұйрығымен.

      12. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты өтiнiм берушi "коммерциялық құпия" деген белгiмен ұсынады және жеке мұқабамен жiберiлуi мүмкiн, бiрақ сонымен бiрге өтiнiштi қарауға арналған ақпараттар (құжаттар) пакетiне мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
      Ақпарат құрамындағы коммерциялық құпия оны уәкiлеттi органға ұсынудан бас тартудың негiзi бола алмайды, сонымен бiрге мүдделi тұлғалар ақпаратты уәкiлеттi органға ұсыну кезiнде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң түбегейлi тiзбесiн көрсетуге не коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн бекiту туралы мүдделi тұлғаның актiсiнiң көшiрмесiн қоса беруге тиiс.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Похожие:

Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы icon«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы»
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы №82-НҚ...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметаларының шектi деңгейiн бекiту ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы n 149-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы n 155 Қаулысы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconРеттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды
Жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидасын бекіту туралы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconТабиєи монополиялар субъектiлерiнiѕ реттелетiн ќызметтерiне (тауарларына, жўмыстарына) арналєан тарифтерді (баєаларды, алымдар ставкаларын)
Немесе олардыѕ шекті деѕгейлерiн бекiтуге берiлген ґтiнiмдерді ќарау кезiнде жария тыѕдаулар ґткiзу ережесiн бекiту туралы
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconСубъектінің атауы
Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына,...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерiнiң өзге қызметтi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiштерiн ұсыну және оны қарау ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы n 70-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница