Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы




Скачать 174.03 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы
Дата конвертации12.01.2013
Размер174.03 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы N 1710 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" газетi 10, 11 қараша 2009 жыл № 369-370, 371-372 (25767, 25769) "Казахстанская правда" от 20.01.2010 г., № 12 (26073)


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары бекiтiлсiн:
      1) "Шағын өлшемдi кемелердi басқару құқығына куәлiк беру";
      2) "Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу";
      3) "Жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде өзен кемелерiн мемлекеттiк тiркеу";
      4) "Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу";
      5) "Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу";
      6) "Темiр жол жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2009 жылғы 29 қазандағы
N 1710 қаулысымен  
бекiтiлген     

"Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк
тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу" қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - стандарт) шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49 қаулысының (бұдан әрi - Ереже), сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1  қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi — тiркеушi орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - ХҚКО) арқылы балама негiзде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны кеме билетiн беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасында тiркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына олардың тiркелген орны бойынша берiлген сенiмгерлiк басқару негiзiнде шетелдiк заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      тiркеушi органға өтiнiш бiлдiрген кезде;
      тiркеушi органның мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi тұтынушының қажеттi құжаттары келiп түскен сәттен бастап: отыз күнтiзбелiк күн;
      1) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 20 минуттан аспайды;
      2) кеме билетiн алған кезде кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты: 30 минуттан аспайды;
      ХҚКО-ға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi тiркеушi органға қажеттi құжаттардың келiп түскен күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудiң ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы болып табылады.
      Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алымдар тiркеудi жүзеге асыру орны бойынша жергiлiктi бюджетке төленедi, алым ставкалары "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген және мыналар үшiн келесiнi құрайды:
      1) қуаттылығы 50 ат күшiнен (37 кВт) жоғары өздiгiнен жүретiн шағын өлшемдi кемелер — алым төленген күнi қолданыстағы үш еселенген айлық есептiк көрсеткiш;
      2) қуаттылығы 50 ат күшiне (37 кВт) дейiн өздiгiнен жүретiн шағын өлшемдi кемелер - алым төленген күнi қолданыстағы екi еселенген айлық есептiк көрсеткiш;
      3) өздiгiнен жүрмейтiн шағын өлшемдi кемелер - алым төленген күнi қолданыстағы бiр жарым еселенген айлық есептiк көрсеткiш.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      Тiркеушi органға өтiнiш бiлдiрген кезде:
      демалыс және мерекелiк күндердi қоспағанда, түскi асқа үзiлiспен аптаның бес күнiнде көрсетiледi. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi жұмыс кестесi сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн.
      ХҚКО-на өтiнiш бiлдiрген кезде:
      жексенбi және мерекелiк күндердi қоспағанда, түскi асқа үзiлiссiз аптаның алты күнiнде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес ұсынылады. Қабылдау "электронды" кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (үзiндi көшiрмелерi) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкiндiктерi шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тiркеушi орган ғимараттарында жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет, сондай-ақ мүмкiндiктерi шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күтiп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргiзу, жұмысты одан әрi жетiлдiру үшiн қоғамдық пiкiрдi зерделеу мақсатында тiркеушi орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кiтабы жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлуi үшiн тұтынушы мыналарды ұсынады:
      1) кеменiң негiзгi техникалық деректерi, оның тұрақтау орны, иесiнiң атауы және заңды мекенжайы, тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрақты тұратын жерi, жұмыс орны көрсетiлген жазбаша өтiнiш, өтiнiштiң нысанын тiркеушi органның қабылдауды жүргiзетiн қызметкерi бередi;
      2) шағын өлшемдi кеменi не кеме өз күшiмен жасалған болса, материалдарды алғанын немесе сатып алғанын растайтын құжат (шоттар, дүкендердiң тауарлық чектерi, материалдарға анықтамалар, сатып алу-сату шарттары, сыйға беру актiлерi, мұраға қалғаны туралы куәлiктер, сот шешiмi және басқалары);
      3) шағын өлшемдi кемелердi тұрақты тұратын орны (тiркеу) бойынша мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек;
      4) зауытта жасалған кеменiң техникалық паспорты және сауда ұйымының олардың сатылғаны туралы белгiсi бар қозғалтқыштың техникалық паспорты, ал жеке жасалған немесе қайта жабдықталған кемелер үшiн - нормативтерге және уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес келетiн кеме жасауға арналған құжаттар мен техникалық құжаттама.
      Кемелердi мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
      құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс;
      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде жария етiлуi тиiс. Қажет болған жағдайларда қарауға, сондай-ақ оларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi қабылдануы мүмкiн. Ұсынылатын құжаттар шет тiлiнде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берiледi;
      құжаттардың мәтiндерi анық жазылуы, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылуы, оларды растауды талап етiлетiн данасында қолы мен мөрi болуы тиiс;
      мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстiнен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерiлмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бiр мағынада түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi болуға тиiстi емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиiс;
      тiркеуге қажеттi барлық құжаттар екi данада ұсынылады, олардың бiреуi - түпнұсқа, ал екiншiсi нотариалды куәландырылған көшiрме болуы тиiс. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иесiне қайтарылуы тиiс.
      13. Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң нысанын тiркеушi органның қызметкерi бередi, сондай-ақ ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады.
      14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша тiркеушi органның немесе ХҚКО-ның кеңсесiне көрсетiледi.
      Тiркеушi орган мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазу енгiзедi. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы берiледi.
      ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына құжаттардың сәйкестiгiн тексерудi, журналда тiркеудi және жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына құжаттарды берудi жүзеге асырады.
      ХҚКО жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинақтауды, тiзiлiмдi жасауды және тiркеушi органға жөнелтудi жүзеге асырады.
      Тiркеушi орган ХҚКО-дан құжаттардың пакетiн алғаннан кейiн олардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және отыз күнтiзбелiк күн iшiнде өзен кемесiн және оған құқықтарды тiркеудi жүргiзедi.
      Тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) ұсынылған құжаттар тiзбесiнiң Ережеде қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарау және мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн негiздеменiң жоқ екендiгiн белгiлеу;
      2) тiркеуден бас тарту үшiн негiздемелер жоқ болған кезде кеме кiтабына жазба енгiзу;
      3) шағын өлшемдi кемеге тiркеу нөмiрiн беру және кеме билетiн ресiмдеу.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын тiркеушi органнан ХҚКО-ға келiп түсуi тиiс.
      15. Тiркеушi орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берiлетiн күн (уақыт) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған тiркеушi органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлiп, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16. Кеме билетiн тiркеушi органның кеңсесi шағын өлшемдi кеменi кеме кiтабына тiркегеннен кейiн кеме билеттерiн беру журналына қолын қойдырып иесiне бередi.
      ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды берудi ХҚКО инспекторы "терезе" арқылы қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн, егер:
      1) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi емес тұлғаның ұсынса;
      2) Ережеде көзделген талаптар сақталмаса.
      Тiркеушi орган ХҚКО-дан келiп түсетiн құжаттардың пакетiнде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн жағдайларды анықтаған кезiнде құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды қайтару себептерiн жазбаша негiздеп ХҚКО-ға қайтарады.
      Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi оларды алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны хабардар етедi және тiркеушi органның бас тарту себебi туралы жазбаша негiздемесiн бередi.
      Егер өтiнiш берушi құжаттарды алуға мерзiмiнде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай iшiнде олардың сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды тiркеушi органға бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тiркеушi орган мен ХҚКО-ның қызметi адамның конститутциялық, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тiркеушi орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн тiркеушi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет сапасы мен қол жетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағым беру тәртiбiн осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерiнiң қызметкерлерi түсiндiредi.
      ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағым беру тәртiбiн осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлерi түсiндiредi.
      22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына берiледi. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесiне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрi осы стандарттың 24-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының атына жiберiледi. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының шағымды қарау нәтижесiне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрi осы стандарттың 25-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi басшылығының атына жiберiледi.
      ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берiлуi мүмкiн.
      Даулы мәселелер азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
      23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап бiлуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген шағымның екiншi нұсқасы не шағымның көшiрмесi шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
      Шағым заңнамада белгiленген тәртiппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс жасау ақпараты

      24. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке жауапты тiркеушi органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесiнiң телефоны (7172) 24-27-08.
      ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: (7172) 24-13-12.
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, N 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

"Шағын өлшемдi кемелердi 
мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi

Р/с
N

Бөлiмшелердiң атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы

1.

Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша "Солтүстiк" өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы

Көкшетау қ., Абай к-сi, 87

8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc.gov.kz

2.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша "Батыс" өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы

Ақтөбе қ., 312-шi атқыштар дивизиясы даңғылы, 5 А

8-(7132) 54-29-03 ktk_aktb@mtc.gov. kz

3.

Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша "Жетiсу" өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы

Талдықорған қ., Шевченко к-сi, 131

8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc. gov. kz

4.

Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша "Каспий" өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы

Атырау қ., Привокзальный 5 шағын ауданы, 17-үй

8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc.gov.kz

5.

Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша "Сарыарқа" өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы

Қарағанды қ., Гапеева к-сi, 5

8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz

6.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Ертiс" өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы

Павлодар қ., Бектұров к-сi, 107

8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz

7.

Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша "Оңтүстiк" өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы

Шымкент қ., Молдағұлова к-сi, нөмiрсiз

8-(7252) 56-08-94 ktk_uko @mtc. gov.kz

"Шағын өлшемдi кемелердi   
мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына  
2-қосымша          

Р/с
N

Орталықтардың атауы

Орталықтардың орналасқан мекенжайлары

Телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚКО

Көкшетау, қ. Әуезов көш., 189 "а" үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚКО

Ақтөбе қ., Тургенев көш., 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚКО

Талдықорған қ., Тәуелсiздiк көш., 61 "б" үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХҚКО

Атырау қ., Баймұханов көш., 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО

Өскемен қ., Белинский көш., 37 "а" үй

51-03-46

6

Жамбыл облысының ХҚКО

Тараз қ., Қойгелдi көш., 158 "а" үй

43-84-18

7

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО

Орал қ., Жамбыл көш., 81-үй

23-68-81

8

Қарағанды облысының ХҚКО

Қарағанды қ., Чкалов көш., 7-үй

41-63-03

9

Қостанай облысының ХҚКО

Қостанай қ., Таран көш., 114-үй

54-10-20

10

Қызылорда облысының ХҚКО

Қызылорда қ., Мұратбаев көш., нөмiрсiз

23-08-46

11

Маңғыстау облысының ХҚКО

Ақтау, 15 ш/а, 67 "б" үй

31-85-16

12

Павлодар облысының ХҚКО

Павлодар қ., Павлов көш., 48-үй

33-47-55

13

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚКО

Петропавл қ., Әуезов көш., 157-үй

33-31-03

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚКО

Шымкент қ., Мәделi қожа көш., нөмiрсiз

30-06-79

15

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО

Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 221-үй

263-82-51

16

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО

Алматы қ., Ходжанов көш., 9-үй

248-17-77

17

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Төле би көш., 155-үй

378-47-01

18

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО

Алматы қ., Марков көш., 44-үй

239-65-52

19

Алматы қаласы Түрксiб ауданының ХҚКО

Алматы қ., Зорге көш., 9-үй

234-09-35

20

Астана қаласы Алматы ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Жұбанов көш., 2-үй

37-02-06

21

Астана қаласы Алматы ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 70 "а" көш.

40-65-62

22

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 ХҚКО

Астана қ., Пушкин көш., 97-үй

32-42-79

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 ХҚКО

Астана қ., 81 көш., 85-үй

37-74-34

"Шағын өлшемдi кемелердi   
мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк
қызмет көрсету стандартына  
3-қосымша          

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтунышылардың %-ы (үлесi)










2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресiмдеген жағдайлардың (жүргiзiлген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесi)










3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтердiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










Похожие:

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы
...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Астана қ
...
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 21 тамыздағы №342-343 (26186); "Казахстанская правда" от 21. 08. 2010 г., №223 (26284); Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница