Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2




Скачать 292.32 Kb.
НазваниеҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2
страница1/3
Дата конвертации13.01.2013
Размер292.32 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3



Қарағанды облысы әкімдігінің

2008 жылғы 29 желтоқсандағы

35/02 қаулысымен

бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу»

1. Жалпы ережелер


  1. Осы стандарт уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1-бабының негізінде жүзеге асырылады.

  4. Мемлекеттік қызметті «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) және қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер), тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) көрсетеді. Басқарманың, Бөлімдердің және ХҚО-ның байланыс ақпараттары осы стандарттың 1,2-қосымшаларында көрсетілген.

  5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беру немесе уәжделген бас тарту.

  6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік жер пайдаланушыларға (тұқым шаруашылықтары мен асыл тұқымды зауыттарға) көрсетіледі.

  7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – он жұмыс күні ішінде:

1) ұсынылған құжаттарды тексеру және оларды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарағанды еншілес мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК) және оның филиалдарына жіберу өтініштерді тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК және оның филиалдарының байланыс ақпараттары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген.;

кәсіпорын актіні үш жұмыс күні ішінде әзірлейді;

сараптама жүргізу және өтініш берушіге акті беру өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 40 минуттан көп емес.

  1. Қызмет үшін ақы «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК тағайындаған бағамдарға сәйкес төленеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты Басқармада, Бөлімдерде, ХҚО-да және «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК-да, сондай-ақ Басқарманың сайтында орналастырылған.

  3. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

  4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалынған: санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы талаптарға жауап беретін күту орны (столдар, орындықтар), өтініштерді, бланкілерді толтыру үшін үлгілер, көрсеткіштер.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І және ІІ топтағы мүгедектерге кезектен тыс қызмет көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Тұтынушылар мемлекеттік қызметті алу үшін төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:

өтініш, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы қаулыдан үзінді, сот шешімі, немесе жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеуге тапсырыс бланкісі (жұмыстың жерге орналастыру түрлерін орындауға лицензиясы бар мекеменің бәсекелестік ортасында әзірленеді);

салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), ереженің, статистикалық карточканың, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен бірге беріледі.

Өтінішке бірінші басшы немесе оның орнын басатын тұлға қол қояды.

  1. Өтініштер бланкісін Басқармадан, Бөлімдерден, «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК -дан және ХҚО-дан алуға болады.

  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар және өтініш Басқарманың, Бөлімдердің, ХҚО-ның және «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК мамандарына осы стандарттың 1,2,3-қосымшаларында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылады.

  3. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің сұралған түрі, берілген құжаттардың аталуы мен аяқталған күні және анықтамалық қызмет телефонының нөмірі, сондай-ақ құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

  4. Дайын құжаттарды беру Басқармада, Бөлімдерде немесе ХҚО-да қолхат пен тұлғаны растайтын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылады.

  5. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға құжаттарды ресімдеудегі қателер (түзетулер, өшірулер және т.б.), қажетті құжаттардың болмауы, алдын ала жалған мәлімет беру негіз бола алады.



3. Жұмыс қағидаттары

 

  1. Қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдардың қызметі келесі жұмыс қағидаттарына негізделеді:

адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықтарды сақтау;

нақтылы және толық ақпарат беру;

ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелері


  1. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.



5. Шағымдану тәртібі


  1. Лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсінік, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті жоғары тұрған мемлекеттік органдарда – облыс, қалалар мен аудандар әкімі аппараттарынан алуға болады.

  2. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе электронды түрде облыс, қалалар мен аудандар әкімдерінің атына беріледі. Қалалар мен аудандар әкімі аппаратының электрондық поштасының мекенжайлары осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген.

  3. Шағымды қабылдауды растайтын құжат өтінішті қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты, телефондар көрсетіледі. Шағым Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен көзделген мерзімде қаралады.


6. Байланыс ақпараты


  1. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органдардың және олардың жоғары тұрған органдарының байланыс деректері:

  1. Басқарманың, Бөлімдердің, ХҚО және «ҚарағандыжерҒӨО» ЕМК электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефондары осы стандарттың 1,2,3-қосымшаларында көрсетілген.

  2. қалалар мен аудандар әкімдерінің аппаратының веб-сайты, электрондық поштаның мекенжайы, заңды мекенжайы, телефондары, сондай-ақ әкімдердің азаматтарды қабылдау кестелері осы стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қосымша ақпаратты тұтынушы «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мына мекенжай бойынша ала алады: 100008, Қарағанды қаласы, Гогольа көшесі, 34, электрондық поштаның мекенжайы: uzo_kanc@krg.gov.kz, байланыс телефоны: (7212) 56 08 99.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

1-қосымша

Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының

және қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдерінің байланыс деректері



Мемлекеттік мекеменің

атауы

Заңды мекенжайы,

телефон нөмірлері

Веб-сайт,

электрондық почта

«Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

100012, Қарағанды облысы,

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі,34 үй

тел. (4712) 560899

факс (7212) 560899

www.karzemotn.kz,
uzo_kanc@krg.gov.kz

«Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100300, Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5 үй

тел. (71036) 49753,

факс (71036) 41059

www.zemlya.balkhash.kz

«Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100600, Қарағанды облысы,

Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы, 1 үй

тел. (87102) 773318,

факс (87102) 773432

zhez_zemkom@

krg.gov.kz

«Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100000, Қарағанды облысы,

Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 16 үй

тел. (7212) 420307

факс (87212) 420307

akimat07@mail. ru

«Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100700, Қарағанды облысы,

Қаражал қаласы, С.Сары-тоқа көшесі, 1 үй

тел/факс (71032) 27197




«Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101100, Қарағанды облысы,

Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 9/2 үй

тел. (71039) 53248

факс (71039) 54516.

http://www.zher-priozersk.kz/
prio_zo@krg.gov.kz

«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101200, Қарағанды облысы,

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67 үй

тел. (72137) 44403




«Сәтпаев қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101301, Қарағанды облысы,

Сәтпаев қаласы, Қ.И. Сәтпаев даңғылы, 108 үй

тел. (71063) 38469

www.satpaev.kz
satp_zem@krg.gov.kz




«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101400, Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы,12 үй

тел. (7213) 917573

факс (7213) 920192

zemcom.temirtau.kz

«Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101600, Қарағанды облысы,

Шахтинск қаласы, Московская көшесі, 29 үй

тел./факс (72156) 55755

www.shahtinsk.kz
zemljash@mail.ru

«Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100100, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Курчатов көшесі, 43 үй

тел. (72131) 41643

www.abay-akimat-karaganda.kz

«Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы,

Бөкейхан даңғылы, 5 үй

тел/факс (71037) 2-13-83

ergan_77@mail.ru

«Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті,

Абылай хан көшесі, 38 үй

тел/факс. (72154) 21832

www.ozo.bukhar-zhirau.kz

«Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 2 үй

тел. (71030) 2-64-59,

факс (71030) 2-64-59

www.zhanaarka-akimat.kz,
zhanaarka_akimat@

mail.ru

«Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Бөкейханов көшесі, 40 үй

тел/факс (72146)31404

www.karkaraly.kz
karkar_orgotdel@

mail.ru

«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Сейфуллин көшесі, 34 үй

тел. (72144) 21195

www.nurinsk.kz.

«Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Новая көшесі, 36 үй

тел. (72149) 42084

www.osak_акимат.kz
оsak_izbirkom@

mail.kz

«Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

101500. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 23 үй

тел.71035

факс 21322

zem_kom82@mairu



Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

2-қосымша
  1   2   3

Похожие:

Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21. 12 №28/07 қаулысына 2 қосымша
«2008 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы» Қарағанды облыстық Мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІII сессиясының...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы n 17/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының VIII сессиясының...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – Қарағанды облысында тоқсан сайын белгіленетін кедейшілік шегінен төмен айлық орташа...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – Қарағанды облысында тоқсан сайын белгіленетін кедейшілік шегінен төмен айлық орташа...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы № қаулысына
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы бекіту туралы»...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2
Осы стандарт жер учаскелері туралы анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2
Осы стандарт жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 7 желтоқсандағы n 27/05 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының III сессиясының...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық
...
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 2 iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қазан
Осы стандарт уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница