Құрметті министр! Қадірлі әріптестер!




Скачать 285.67 Kb.
НазваниеҚұрметті министр! Қадірлі әріптестер!
страница1/4
Дата конвертации13.01.2013
Размер285.67 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Тіл комитетінің төрағасы Е.Қажыбектің баяндамасы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде қаралатын «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асуы туралы

Құрметті министр!

Қадірлі әріптестер!
Министрліктің алқа мәжілісінің күн тәртібіндегі бүгінгі басты мәселенің бірі ретінде қойылып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы мен оны іске асырудағы келелі міндеттер бәрімізге ортақ әрі елдік, ұлттық мүддеміз үшін жауапкершілігі мол сындарлы талап екендігі белгілі.

Конституциямызға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі ұлы даламызды мекен еткен байырғы қазақ халқы мен қазақстандық басқа да ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын біріктірген, теңдік пен татулық мұраттарын ұстана отырып, бейбітшіл азаматтық қоғамды қалыптастыруға қол жеткізіп отырған бірден-бір ұлы нышаны.

Өткен ғасырлардағы бодандық және тоталитарлық саясаттың қастандық әсерінен қазақ халқы мен оның ана тіліне түскен қасіретті кезеңдер біздің ұлттық санамыздан орын алғандығын да еш ұмытуға болмайды. Дегенмен оның да орнын толтыруға тамаша мүмкіндіктер туды.

Бүгінде Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, тіпті бар-жоғы он бес жыл ішінде әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына да қадам басып отырмыз. Осындай өркениетті кезеңде еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуымен бірге ұлттық сипатын асқақтата отырып, мемлекеттік тіліміздің де әлемдік бәсекеге төтеп беруіне күш салу қажеттілігі де ескеріліп отыр. Мұның өзі ұлтымыздың рухани болашағына жарқын жол ашудың негізі деп толық айтуға болады.

Ел келешегін көздеген Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан кейін 2006 жыл тіл саясатының, соның ішінде мемлекеттік тіліміздің қоғамдық өмірімізде кең көлемде зор серпіліс танытқан жылы болды деп санаймыз. Өйткені бұлай деуге де бірнеше себептердің бар екендігін де айтуға тиіспіз.
Тіл комитеті өз қызметінің негізгі бағытына сәйкес мемлекеттік тіл саясатының белгіленген мынадай басымдықтарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізді.

І. 2006 жылдың өзінде 8 нормативтік құқықтық актілер әзірленіп бекітілді және бекітілу үстінде. Атап айтсақ:

1. Өздеріңізге белгілі, «Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы №528 Өкімінің 21-тармағын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығы жарияланды.

Аталған Елбасы Жарлығында мемлекеттік тілді насихаттау және оны қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енгізудің тетіктері белгіленді. Атап айтқанда, республикадағы тіл саясатын іске асырудың басты шарттарын тиісті заңнамаларға сәйкес орындай отырып, мемлекеттік тілді еліміздің барлық азаматтарының еркін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайлар жасаудың толық мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды.

Әрине, бұл үшін мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас таныта отырып, сапалы оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар, оның ішінде қазіргі заманғы жаңа технологияларда жабдықталған компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асыру алдыңғы кезекте тұр.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ономастика мәселелері бойынша атау мен қайта атауға байланысты 3 қаулысы жарық көрді.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы №1025 «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданды. Аталған қаулымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары бекітіліп, Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия жанынан үш бағытта - тілдерді дамыту, ономастика және терминология мәселелері бойынша; ғылыми-білім беру мәселелері бойынша және нормативтік-құқықтық мәселелер бойынша сараптама топтары құрылды.

Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның екі отырысы өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша хаттама жасалынып, аталған бағытта ғылыми негізделген стратегиялық жоспарлар түзілді, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында тиімді, нақты жұмыстар белгіленді.

5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Мемлекеттік тілді оқыту аймақтық орталықтарын ашу туралы» Өкімінің;

6. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобалары әзірленіп, қарауға ұсынылды.

7. Сонымен бірге мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның бәсекелестігін дамыту Тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, ұсынылу үстінде.
ІІ. Басты басымдықтардың бірі – мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында, халықаралық қызметте қолдану

(Облыстардың таблицасы, диаграммалары көшкен облыстар ерекшеленіп көрсетілуі керек.

Министрліктердің таблицасы, диаграммалары. Көшкендері мен 2007 жылы көшетіндерінің таблицасы)
Жалпы айтқанда, бұған дейін 8 облыс (Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, соның ішінде Қарағанды облысы 2006 жылғы желтоқсан айынан бастап көшкенін ескеру керек) пен Алматы қаласы мемлекеттік тілде іс жүргізуге ресми түрде көшті деп айта аламыз.

Аталған Жарлықпен нақты белгіленуі бойынша өткен 2006 жылы екі орталық орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкендерін мәлімдеді. Қазір іс оңға басып келе жатқанын айта кеткен орынды.

Оның алдындағы жылдармен салыстырғанда, бірқатар мемлекеттік тілде жүргізу барысы мәселен, мына жергілікті өңірлерде - Батыс Қазақстан облысы бойынша кіріс құжаттарының 59,6%, шығыс құжаттарының 81,4%, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кіріс құжаттарының 74,1%, шығыс құжаттарының 72,1%, Ақтөбе облысы бойынша кіріс құжаттарының 53%, шығыс құжаттарының 81%, Алматы облысы бойынша кіріс құжаттарының 32,5%, шығыс құжаттарының 64,4% және Павлодар облысы бойынша кіріс құжаттарының 26,2%, шығыс құжаттарының 58,8%-ға өсіп отыр. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда елеулі көрсеткіш.

Бұл арада жетістіктермен қатар кемшіліктердің де орын алып отырғаны байқалады. Мемлекеттік тілге көшкен облыстардың бірқатарында іс жүргізудің басым пайызы орыс тілінің үлесінде болып тұр. Мәселен, Жамбыл облысында – мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттары – 16,8 пайыз, шығыс құжаттары 16,8 пайыз, Қызылорда облысында – кіріс – 40,7 пайыз, шығыс – 36,6 пайыз, Маңғыстау облысында – кіріс – 16,3 пайыз, шығыс – 21,2 пайыз, Алматы қаласында – кіріс – 6,5 пайыз, шығыс – 2,4 пайызды құрап отыр. Мұның өзі көп жағдайда мемлекеттік тілге көштік деген атты жамылып, бәз-баяғы қалпынша жұмыс істеп жатырмыз деген іс-қимылды көрсетсе керек.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы №24-35/750 тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының орындалуы жөнінде тексеріс жүргізілді. Тексеру барысына акт жасалып, кемшіліктерді жою жөніндегі анықтамалар ҚР Үкіметіне, Бас Прокуратураға және тексерілген органдарға жіберілді.
Сол сияқты өткен жылдармен салыстырғанда, бірқатар орталық органдардағы мемлекеттік тілдегі кіріс-шығыс құжаттарының айналым көрсеткішінің елеулі артқаны байқалады. Мәселен, Сыртқы істер министрлігіндегі кіріс құжаттары - 17%, шығыс құжаттар - 59,4%, Көлік және коммуникация министрлігіндегі кіріс құжаттары - 16,5%, шығыс құжаттары - 54,1%, Индустрия және сауда министрлігіндегі кіріс құжаттары - 17,4%, шығыс құжаттары - 60%, Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі кіріс құжаттары - 50,1%, шығыс құжаттары - 41,2%-ға артып отыр.

Ал енді мемлекеттік тілде іс жүргізуде сын көтермейтін орталық атқарушы органдар қатарында мәселен, Қаржы министрлігінде кіріс құжаты - 11 пайыз, шығыс құжаты 5,4 пайыз, Қоршаған ортаны қорғау министрлігіндегі кіріс құжаты – 4,8 пайыз, шығысы құжаты – 2,7 пайыз, Энергетика және минералды ресурстар министрлігіндегі кірісі – 2,6 пайыз, шығысы – 8,1 пайыз, Денсаулық сақтау министрлігінде кірісі – 5,9 пайыз, шығысы – 8,9 пайыз, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде кірісі – 0,3 пайыз, шығысы 14,1 пайыз, Статистика агенттігінде кірісі – 14,6 пайыз, шығысы – 0,1 пайыз, Жер ресурстарын басқару агенттігінде кірісі – 7,6 пайыз, шығысы – 11,6 пайызды құрауы осы маңызды іске әлі немқұрайдылық танытып отырғаны деп қарауымыз керек.

Барлық орталық атқарушы органдардағы қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің де өсіп келе жатқанымен іс жүргізе білетіндерінің әлі де төмен дәрежеде екендігі көрініс береді. Жалпы айтқанда, 22 орталық органдағы штат бойынша 4857 қызметкерлердің мемлекеттік тілде іс жүргізе алатыны – 1885 (38,8 пайызы), оқып түсіне алатыны – 2388 (49,1 пайыз), мүлдем білмейтіні – 349 (7,1 пайыз) адамды құрап отыр. (Таблицада көрсетіледі).

Сонымен қатар орталық органдарда мемлекеттік тілді оқып-үйрену мен дамытуға бөлінген қаражаттың да 2006 жылға қарағанда 2007 жылға арттырылып отыр. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2006 жылы 1 млн. 204 теңге, 2007 жылға 38.598 мың теңге, Ішкі істер министрлігінде 2006 жылы 26.085 мың тг., 2007 жылы 99.000 мың тг., Кедендік бақылау комитетінде 2006 жылы 2.088 мың тг., 2007 жылы 32.108 мың теңге қарастырылып отыр.

Облыстық жергілікті органдар бойынша да мемлекеттік тілді оқып-үйрену және дамытуға бөлініпі отырған қаржы да келесі жылға көбейтіліп отыр. Мәселен, Алматы облысы – 2006 жылы 21.671 мың тг., 2007 жылы 35.931 мың тг., Қостанай облысы – 2006 жылы 16.000 мың тг., 2007 жылы 60. 673 мың тг., Павлодар облысы – 2006 жылы 22.400 мың тг., 2007 жылы 108.000 мың тг. көзделді.

Сонымен бірге биылғы 2007 жылдан бастап 20 орталық мемлекеттік басқару органдары мен Алматы, Павлодар және Астана қаласы мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшуге оң қадамдар бастап отыр.

Комитет тарапынан тіл саясатын одан әрі жетілдіре отырып, алдымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қоғамдық салаларда жан-жақты дамытуға бағытталған ұйымдастыру-практикалық іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бұл ретте басқа да түрлі шаралармен қоса мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мақсатында өткен жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Оралбай Әбдікәрімовтің төрағалық етуімен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды іске асыру жөнінде нақты міндеттер қойылды.

Аталған дөңгелек үстелдің №03-5.7 хаттамалық шешіміне сәйкес Комитет ҚР Бас прокуратурасымен бірге «ҚР Тіл туралы» Заңы мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінде орындалуы тексерілді. Тексеріс нәтижесінде Бас Прокуратура мен министрлік тарапынан ҚР Үкіметіне кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар беріліп, аталған органдарға да жіберілді.

Осы арада бір айта кетерлік жәйт, мемлекеттік тілдің қолданылуы мен іске асырылуын қадағалау мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының қатысуымен барлық мемлекеттік басқару органдардың басшылары мен осы іске жауапты тұлғаларды қатыстыра отырып, арнайы жиын өткізуді дәстүрге айналдырып отырмыз. Сонымен қатар Мемлекеттік хатшының қатысуымен Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіліміздің қолданылу мәселесі бойынша арнайы көшпелі мәжілістер өткізілді. Биылғы жылы да бірнеше облыстарда Мемлекеттік хатшының қатысуымен осындай көшпелі мәжілістер өткізу жоспарлануда. Соның бірі ретінде алдағы 22-24 қаңтар күндері Мемлекеттік хатшының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысындағы тілдерді қолдану мен дамытуға байланысты көшпелі мәжіліс өткізу белгіленіп отыр. Мұның өзі тіліміздің өріс алуына көп себептерін тигізуге мүмкіндік беріп отыр деп айта аламыз.
Тіл комитеті тарапынан мемлекеттік тілде іс жүргізуге қатысты мәселелер бойынша барлық мемлекеттік басқару органдарына қажетті кітаптар, сөздіктер, әдістемелік әдебиеттермен және электрондық нұсқадағы көмекші құралдармен қамтамасыз етуді жалғастырып келеді. Мәселен, «Қаржы, салық салалары бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу үлгілері», «Көпсалалы қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздік», «Бекітілген терминдер сөздігі» және тағы басқа да CD дискілері әрқайсысы 3000 дана тапсырыспен әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға (жергілікті және жоғарғы атқарушы органдарға) тегін таратылды.

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық жұмыстар жасалуда, мемлекеттік тілді үйретудің ақысыз курстары, оқу-әдістемелік құралдары мен тілашар-анықтамалық сөздіктер, әдебиеттер қамтамасыз етілуде.

Есепті мерзімде мемлекеттік тілді оқып үйренушілердің қажеттігіне қарай көрсетілген тақырыптарда оннан аса әдістемеліктер мен оқулықтар басылып шығарылды. Мысалы аудармашылар үшін «Делопроизводство на государственном языке», «Аудармашыға көмек», «Аударматану», қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер, т.б. шығарылды. Атқарылған жұмыстар қатарында қазақ әріптерін енгізу, мәтіндерді автоаудару, дұрыс жазуды тексеру және мемлекеттік тілді іс қағаздарға ендірудің тағы да басқа компьютерлік бағдарламалары жасалды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде әзірленіп жатқан барлық аталмыш әдістемелік құралдар мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерге тегін беріліп келеді.

  1   2   3   4

Похожие:

Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconҚұрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі әріптестер!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған жылдың 8 айы мазмұнды әрі жемісті өтті. Осы уақыт аралығында біз Сіздермен тығыз қарым қатынаста...
Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті алқа мәжілісіне қатысып отырған әріптестер және шақырылған қонақтар!
Экономикалық даму және сауда министрлігінің жұмысы келесі негізгі бағыттарда атқарылды
Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер!

Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер !

Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconАқпараттық хат Құрметті әріптестер!

Құрметті министр! Қадірлі әріптестер! iconАқпараттық хат Құрметті әріптестер!

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница