Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың




Скачать 210.29 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың
Дата конвертации13.01.2013
Размер210.29 Kb.
ТипДокументы


Оңтүстік Қазақстан облысында

тілдерді қолдану мен дамытудың

2007-2008 жылдарға арналған

өңірлік бағдарламасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығын іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (қоса тіркеледі) мақұлдансын және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясына бекітуге ұсынылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ.Мыңбайға жүктелсін.

Облыс әкімі Ө.Шөкеев

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2006 жылғы «____» _____________

№___ қаулысына

қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың

2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).

Әзірлеуге негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығына сәйкес әзірленген.

Негізгі әзірлеуші

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Мақсаты

Оңтүстік Қазақстан облысы халықтарының тілдерін дамыту стратегиясы мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының өзге де тілдерін дамыту мақсатын айқындайды.


Міндеттері

Бағдарлама мақсаттарын іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

барлық мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің негізгі іс жүргізу тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын іске асыру мақсатында облыс көлемінде облыстық бюджеттің, ұйымдардың қаржылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен азаматтарға мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарының жұмыстарын нығайту;

мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында орыс тілінің қызметін қамтамасыз ету;

этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкілдерінің ана тілін оқуына мемлекеттік қолдау көрсету.

Қаржыландыру көздері

Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету осы Бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттен бөлінетін, аудандық және қалалық бюджеттерде қаралатын қаражат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да көздер қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыру үшін бюджет қаражатына деген ең төменгі есептік қажеттілік 32,0 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 2007 жылға қаралғаны – 15,5 млн. теңге, ал 2008 жылға 16,5 млн. теңге жоспарланып отыр.

Күтілетін нәтижелер және орындалу мерзімі

Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік тілдің қолданылу аясын және іс жүргізудегі әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейтуге, этникалық топтардың тілдерін дамыту үшін оңтайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасы 2007-2008 жылдарға арналып есептелген.



2. Кіріспе
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) екі жылға арналған. Бағдарламада облыстағы тіл құрылысының ұзақ мерзімдегі келешегінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері айқындалып, сондай-ақ оларды іске асырудың басты бағыттары мен тетіктері белгіленген.

Белгіленген мақсаттарды, міндеттерді және басымдықтарды жүзеге асырудың нақты іс-әрекеттері Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы әзірлеп, белгіленген тәртіппен облыстық мәслихат бекітетін Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың екі жылдық қысқа мерзімді жоспарлары түрінде жасалынады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына (бұдан әрі — «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы №3186 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тіл саясаты тұжырымдамасына, сондай-ақ «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлықтарына сәйкес әзірленген. Сонымен бірге, Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы (2005ж.) «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», – деген қағида жан-жақты басшылыққа алынады.

Тіл құрылысының оңтайлы процесі этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктерді толыққанды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамда азаматтық татулықты нығайтуға және оның одан әрі топтасуына жағдай жасайтындықтан, мемлекет өмірінің аса маңызды әлеуметтік қырларының бірі болып табылады. Бұл облысымызда тілдерді дамыту мәселелерін мемлекеттік реттеу қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі оның дамуының басымдығын білдіретін жоғары деңгейдегі топтастыру әлеуетінен көрінеді.

Осы бағдарламаны әзірлеу облыста оңтайлы функционалдық-лингвистикалық кеңістік құру үшін мемлекеттік биліктің барлық тармақтары мен тұтас қоғамның мақсатты бірізді қызметін жүзеге асырудың бірыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттігінен туындайды.
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған сәттен бері, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалып, негіздер қаланды. Бұл мемлекеттік органдар мен тұтас қоғамның үйлестірілген, мақсатты күш-жігерінің нәтижесі болды.

Қазіргі уақытта тұтастай алғанда өңірде тілдердің функционалдық дамуын табысты іске асыру үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Тіл құрылысының үдерістері қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр.

Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің талап етілуінің арту үрдісі байқалады. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік ұйымдарында іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі 80%-дан асты.

Өкінішке орай, қол жеткен нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілді еркін меңгерген мемлекеттік қызметшілер санын көбейту проблемасы бұрынғысынша өзекті күйінде қалып отыр. Сол себепті өңірлік бағдарламаны іске асырудағы басты міндеттердің бірі мемлекеттік тілді меңгерген білікті кадрлар даярлау болып табылады.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі біртіндеп артып келеді. Облыстық білім департаментінің мәліметі бойынша 2005-2006 оқу жылында, облыс мектептеріндегі 530481 оқушының 380276-сы (71,6%) – қазақ тілінде, 64244-і (12,1%) – орыс тілінде, 82736-сы (15,5%) – өзбек тілінде, 3225-і (0,6%) – тәжік тілінде білім алуда. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің жалпы саны біртіндеп өсіп, 2005 жылы облыстағы мектептердің жалпы саны 1007-ге жетті.

Қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 109-дан 137-ге жетті.

Орта арнаулы оқу орындары мен кәсіптік білім беретін мектептердің қазақ тілінде оқытатын бөлімдеріндегі оқушылардың саны 2005 жылы 63,9%-ды (19540 адам) құраса, орыс тілінде оқытатын бөлімдеріндегі оқушылардың саны – 22,6%-ды (9622 адам), өзбек тілінде оқытатын бөлімдеріндегі оқушылардың саны 4,6,%-ды (1408) құрап отыр. Қазақ тілінде оқытатын бөлімдер санының жалпы өсуіне қарамастан, осы тілде оқытылатын мамандықтар санын көбейтуге назар аудару керек.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы» бүгінгі таңда облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 104 ұйымның төрттен бірін ғана қамтып, жергілікті 23 басқарма мен департаменттердегі 270 қызметкерге аптасына бір рет мемлекеттік тілде іс жүргізуді оқытып отыр. Шымкент қаласы әкімдігінің «Қазақ тілін оқыту және салт-дәстүрін насихаттау орталығы» қалалық бюджеттен қаржыландырылатын 113 мекеменің 60-ында ғана мемлекеттік тілді оқытып отыр және орталықтарда мемлекеттік тілді үйретудің стандарттық бағдарламасы жасалмаған, оқытушылар тіл үйретудің осы заманғы жаңа әдіс-тәсілдерін меңгермеген. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.Ахметовтің төрағалық етуімен өткен кеңестің 2006 жылғы 30 маусымдағы хаттамалық шешіміне сәйкес облыстық «Мемлекеттік тілді оқыту орталығын» ашу қажеттілігі туындауда.

Облыс аумағындағы тарихи атауларды жүйелеу мен қалпына келтіру және жер-су атаулары мен басқа да атауларды қолданыстағы заңнамада айқындалған фонетикалық, таңбалық және лексикалық қағидаттарға сәйкестендіру жұмысы жандандырылуда. Осы уақытқа дейін 7 аудан, 5 кент, 350-ден астам ауылдық округ пен ауыл, сондай-ақ 400-ге жуық білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және тағы басқа объектілер жаңа атауларға ие болды.

Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттік тілді дамытуда белгілі бір оң нәтижелерге қол жетті. Қазақ тіліндегі телехабарлардың көлемін ұлғайту бағытында оң қадамдар жасалды. Бұл ретте мемлекеттік тілдегі хабарларының ара салмағы 71%-ды құрайтын «Қазақстан-Шымкент» РТРК ОҚОФ-ның жұмысын атап өткеніміз жөн. Облыста жұмыс істеп тұрған 19 телеарнаның барлығында мемлекеттік және басқа тілдердегі хабар тарату уақытының заң актілерімен айқындалған сандық арақатынасы сақталып отыр.

Мемлекеттік басқару органдары жүйесінде, халыққа қызмет көрсету, мәдениет және өнер салаларында ресми түрде қолданылатын орыс тілінің қолданылуы дәстүрлі түрде күшті болып отыр. Білім саласында орыс тілі күні бүгінге дейін мейлінше көп қолданылатын тіл болып табылады, оның бұқаралық ақпарат құралдары саласында жетекші тіл болып қалуы жалғасуда. Мысалы, 2005 жылы облыста орыс тілінде оқытатын 11 мектеп, орыс тілінде оқытатын сыныптары басым 211 аралас мектеп есепке алынды. Қазақ, орыс, өзбек тілдерінде 280-нен астам газет шығарылып, 19 телеарна жұмыс істейді, телехабар үш тілде таратылады.

Облыс аумағында тұрып жатқан барлық диаспоралар тілдерін дамытуға мемлекеттік органдар тарапынан көмек көрсетілуде. Ұлттық тілдерді дамыту мақсатында облысымызда жексенбілік мектептер мен тілдерді оқыту курстарында 11 тіл: неміс, иврит, иран, курд, корей, татар, армян, поляк, ұйғыр, түрік және ағылшын тілдері ана тілі ретінде оқытылды. Типтік ереже бойынша жұмыс істейтін жексенбілік мектептерде оқытудың мұндай түрі өзін жақсы жағынан көрсетіп келеді және әрі қарай да келешегі бар.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрініс тапқан, облыста лингвистикалық өрісті қалыптастырудың функционалдық қағидаттарына сәйкес сараланған көзқарас негізінде тіл құрылысын мынадай үш бағытта жүзеге асыру орынды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени функцияларын сақтау; облыстағы этникалық қауымдастықтардың (диаспоралардың) тілдерін дамыту.

Бағыттарға жеке тұрғыдан қарау функционалдық-лингвистикалық топтардың әрқайсысының алдында тұрған міндеттердің айырмашылығымен түсіндіріледі. Бұл ретте қазақ тілін дамыту бағыты оның мемлекеттік мәртебесін іске асыру қажеттілігімен айқындалады; мемлекеттік қызметшілерге және кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне, басқа санаттардағы мамандарға мемлекеттік тілді кеңінен оқыту жөнінде шаралар қолдану қажет; орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында оның қызметін сақтау болып табылады; этникалық топтардың лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандыру, әркімнің өз ана тілін пайдалануға, қарым-қатынас, оқу-тәрбие және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға конституциялық құқығын іске асыру, облыстағы диаспоралар тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауды талап етеді.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы жөнінде бекітілген кесте бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда тексеру жұмыстарын жүргізеді және осы заңның 21-бабының үшінші, төртінші, бесінші бөлігін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Сондай-ақ, қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді білуге арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім», мектеп оқушылары арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша «Мен көп тілді білемін», көп тіл білетін студент жастардың арасында «Полиглот» конкурстарын және «Ана тілі және отбасы» атты арнайы жобаның іс-шараларын өткізеді. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жобаларға мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурстар ұйымдастырылатын болады.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын кеңейту мен нығайту өз кезегінде мына міндеттерді шешуді талап етеді:

1. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету:

1) мемлекеттік қызметшілердің өз функционалдық міндеттерін орындаулары үшін мемлекеттік тілді жеткілікті деңгейде меңгерулері үшін облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығын ашу жөнінде шаралар қолдану керек;

2) мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік органдарда кесімдерді әзірлеу мен қабылдауда негізгі тіл ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;

4) барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс жүргізудің негізгі тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдайлар жасау:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын іске асыру мақсатында облыстық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен азаматтарға мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарының бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

2) ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдастыру шараларын және материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

3) меншік нысанына қарамастан барлық үлгідегі мектеп жасына дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының тәрбиеленушілері мен оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеруі саласындағы білім мен дағдылардың барынша жоғары деңгейіне қол жеткізулерін қамтамасыз ету;

3. Ономастикалық жұмыстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасына сәйкес қамтамасыз ету;

4. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету:

1) мәдени-көпшілік іс-шараларын мемлекеттік тілде ұйымдастыру;

2) мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шараларға, әсіресе, тіл оқыту орталықтарына ақпараттық-насихаттық қолдау көрсету;

3) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік тілді компьютерлендіру мәселелерін шешу;

5. Орыс тілінің қолданылуын сақтау мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешуге назар аудару қажет:

1) мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету;

2) ғылым және білім беру салаларында орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету;

3) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету;

6. Этникалық топтардың тілдерін дамыту мақсатына қол жеткізу мына міндеттерді шешуді талап етеді:

1) этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) өкілдерінің ана тілін оқуына мемлекеттік қолдау көрсету;

2) этникалық қауымдастықтар тілдерінің мәдениет саласында қолданылуына жағдайлар жасау;

3) этникалық қауымдастықтар тілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылуына жәрдемдесу.
5. ТІЛДІК ДАМУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
Тілдік дамудың басым бағыттары

Жоғарыда аталған үш функционалдық-лингвистикалық топ үшін дамудың басым бағыттары алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып қалыптасады. Осылайша, басымдықтарды таңдау олардың әрқайсысы үшін заңмен айқындалған әлеуметтік функциялармен тікелей байланыста болады. Басымдықтар сатылық тәртіппен тізбектеледі:

1-басымдық:

Мемлекеттік басқару, сот ісін жүргізу, іс жүргізу салаларында, құқық қорғау органдарында және халықаралық қызметте мемлекеттік тілді дамыту;

2-басымдық:

Білім беру және тілдерді оқыту салаларында тілдік дамуға, мемлекеттік тілді облыстың барлық азаматтарының еркін меңгеруіне ықпал ететін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау;

3-басымдық:

Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму.
Облыстық мемлекеттік органдардағы тіл

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік ұйымдарында 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді.

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту кадрлардың тиісті тіл даярлығын талап етеді, ол уақыт өте келе біліктілік талаптары мен функционалдық міндеттеріне қарамастан мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін міндетті болуға тиіс. Осы мақсатта бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламаларға негізделіп, мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесінің әдісі бойынша жұмыс істеу қажет. Облыста оны қалыптастырумен ОҚО әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы» айналысуда. 2006 жылы облыстық департаменттер мен басқармаларда 96 сағаттық оқыту бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді үйрету сабақтары жүргізілуде. 2007-2008 жылдары оқыту бағдарламасын жетілдіру және сабақтарды әрі қарай жалғастыру қажет.

Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде дайындау жүйелілік сипатына ие бола бастады. Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдар жұмысында құжаттарды алдымен орыс тілінде дайындап, кейіннен мемлекеттік тілге аудару тәжірибесі әлі де болса сақталып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта құжаттамаларды тікелей мемлекеттік тілде дайындауға барынша назар аудару қажет.

Мемлекет егемендігінің аса маңызды атрибуттарының бірі ретінде мемлекеттік тіл елдің халықаралық қызметінде лайықты көрініс табуы керек. Бағдарлама облыста өтетін ресми халықаралық кездесулердің мемлекеттік тілде жүргізілуін көздейді.
Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдік даму

Тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып отыр. Аталған жүйе түрлі деңгейлерде және әр түрлі нысандарда жүзеге асырылатын өзара байланысты сабақтас және мүмкіндігінше үздіксіз процесс болып табылады. Қазіргі уақытта бұл саладағы негізгі назар жеткілікті көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым оңтайлы әрі табиғи жолы болып табылатын әр түрлі типтегі оқу және тәрбие мекемелеріне аударылып отыр. Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең игеру үшін қажетті үздіксіздік принципі оқытуды мектепке дейінгі тәрбие мекемесі – мектеп – жоғары (орта арнаулы) оқу орны классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Алайда, аталған модель оның жоғары сапалық көрсеткіштері бола тұра, талап етілетін сандық аспектіні, яғни халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарын кеңінен қамтуды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды. Осыдан барып, азаматтардың тілдік даярлығын жүзеге асырудың басқа да жолдары мен тәсілдерін іске асыру қажеттігі туындайды.

Балалардың әлеуметтік коммуникациялардың алғашқы дағдыларын құрдастарымен араласу кезінде алатынын ескере отырып, олардың бастапқы тіл даярлығында мектепке дейінгі мекемелер зор рөл атқаруға тиіс. Сондықтан, олардың санын көбейту жөнінде мүмкін болатын барлық шараларды қолдану керек. Атап айтқанда, қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейтуге мейлінше назар аударған жөн.

Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек.

Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдық, материалдық және техникалық жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабының талабы, сондай-ақ, халықтың түрлі типтегі оқу орындарында оқу мүмкіндігі жоқ ересектер тобына қатысты болуға тиіс. Өз бетімен оқып-үйренуге арналған теле- және радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ тілі сабақтарын өткізудің түрлі нысандарын кеңінен енгізу қажет.

Алайда мұндағы басты бағыт мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған тегін тіл үйрету курстарының жүйесін ұйымдастыру мен қолдану болуға тиіс. Курстарда оқудың нәтижелілігіне мүдделілікті арттырудың тиімді тетіктерін әзірлеу керек. Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту және салт-дәстүрін насихаттау орталығы» мен ОҚО әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығындағы» курстарда оқудың нәтижесі қызметкерлердің негізі кәсіби қызметінің нәтижелерімен бір деңгейде қаралуға тиіс. Жуырдағы уақытта облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығын құру қажеттілігі туындап отыр. Бұл орталық жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы тиіс.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес ресми пайдаланылатын тілдің қолданылуы қоғамдық өмірдің көптеген салаларында іс жүзінде сақталуда және мемлекеттің күш-жігері осы жағдайды қолдауға бағытталуға тиіс.

Облыстағы этникалық қауымдастықтар (диаспоралар) тілдерін қолдау мақсатында қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға конституциялық құқықты іске асыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету қажет. Ана тілін үйрететін ең үздік жексенбілік мектептер тәжірибесін жинақтау мен тарату мақсатқа сай келеді. Жексенбілік мектептерге мүмкіндігінше мемлекеттік қолдау, соның ішінде кітап және оқу-әдістемелік қорын құруға көмек көрсету керек. Облыстың орта арнаулы оқу орындарында ұлт тілдерін оқытатын мамандарды даярлау жөніндегі жұмысты жалғастырған жөн.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық сақтау мен халыққа қызмет көрсету салаларындағы тілдік даму

Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық әрі көріністі нысандарға айрықша назар аудару қажет. Бұл – кино, мультипликация, телешоу, сазды бағдарламалар, жастарға арналған ақпараттық басылымдар.

Мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етудің неғұрлым күрделі учаскелерінің бірі халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл осы саладағы тілдік қызметті мемлекеттік реттеудің қиындығымен сабақтасып жатыр. Сондықтан да Бағдарлама денсаулық сақтау, сауда, көлік және байланыс сияқты салаларда мемлекеттік тілді кеңінен қолдану мен дамытуды көздейді. Бұл үшін, бірінші кезекте, облыстың мамандандырылған – жоғары, арнаулы орта және кәсіптік оқу орындарында мамандарды тиісінше даярлауды кеңейту қажет.
Бағдарламаны іске асыру тетіктері

Бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары) көзделген іс-шаралар жүйесін жылдар бойынша кезең-кезеңімен орындау болып табылады. Өңірлік бағдарлама міндеттерін кезең-кезеңімен іске асыру нәтижесінде бұдан алдыңғы кезеңде болған өзгерістерді ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы әрбір келесі екі жылға Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды. Мұндай жоспарлау Бағдарлама ережелерімен айқындалған ұзақ мерзімді стратегиялық перспективаларды міндетті түрде ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен бірге, бұл тікелей орындаушылардың жауапкершілігі мен Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін арттыруға жәрдемдеседі.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда оның қолданылуының аумақтық және әлеуметтік тынысын кеңейтетін қалалық, аудандық және салалық бағдарламалар елеулі рөл атқаруға тиіс.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру мынадай негізгі қағидаттарды сақтау негізінде ғана мүмкін болады:

1) сандық және сапалық деңгейдегі тұрақты өсуді (жинақтауды) қамтамасыз етуді көздейтін кезеңдік және бірте-бірте іске асыру;

2) орындалуына қатаң бақылау жасаумен ұштастырылған жан-жақты мемлекеттік қолдау;

3) тілді меңгеру саласындағы талаптарды мемлекеттік тілді еркін және тегін оқып-үйрену үшін мүмкіндіктер жасаумен ұштастыру;

4) моральдық және материалдық мүдделілік жағдайын жасау;

5) қоғамдық пікірді белсенді түрде қалыптастыру;

6) тіл құрылысын жүзеге асыру кезінде функционалдық-лингвистикалық тепе-теңдікті сақтау;

7) тілдерді дамыту бағдарламасындағы іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету.
6. бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарламаны іске асыруға қажетті қаржыландыру облыстық, аудандық және қалалық бюджеттерде көзделетін қаражат шегінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Ол үшін облыстық бюджеттен 2005 жылға – 7200,0 (жеті миллион екі жүз мың) теңге, 2006 жылға 13400,0 (он үш миллион төрт жүз мың) теңге қаражат бөлінді. Өңірлік бағдарламаны іске асыру облыстық бюджеттен алдағы 2007 жылға – 15500,0 (он бес миллион бес жүз мың) теңге, 2008 жылға 16500,0 (он алты миллион бес жүз мың) теңге қаражатты қажет етеді.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік тілдің қолданылу аясын және оның әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейтуге, этникалық топтардың тілдерін дамыту үшін оңтайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол мыналарды:

1) қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нақты іске асыруды, оның заң жүзінде бекітілген әлеуметтік функцияларын облыс аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыруды;

2) орыс тілінің Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген негізгі функцияларын сақтауды;

3) Қазақстан халықтарының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін және әрбір азаматтың ана тілінде қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға Конституциялық құқығын іске асыруға жағдай жасауды көздейді.

Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының аясында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбында Қазақстан халықтары тілдерінің облыстық фестивалін, кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекеттік мекемелер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында 40 облыстық конкурстар ұйымдастырылып, өткізіледі. Тілдерді дамытудың өзекті проблемаларына қатысты 1 өңірлік семинар-кеңес, 1 семинар-тренинг, облыстық 4 семинар-кеңес, 2 кеңейтілген мәжіліс, 9 «дөңгелек үстел» мәжілісі, мекемелердегі аудармашылар мен іс жүргізушілердің қатысуымен 2 семинар-тренинг, «Ана тілі және отбасы» атты арнайы жобаны іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға ұлттық-мәдени бірлестіктерді тарту, облыстың әкімшілік-аумақтық картасын мемлекеттік тілде шығару, Баспасөз күніне орай бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап жүрген журналистерді жылда марапаттау, 2 тарихи-топонимикалық және 14 социологиялық зерттеу жүргізу, қазақ тілін оқытып-үйретуге арналған 4 көмекші оқу құралын, 5 шағын сөздік, 4 анықтамалық, қызметтік құжаттарды дұрыс ресімдеу үлгілері бар 8 құрал, тілдердің өзекті проблемалары жөнінде және тіл саясаты туралы 17 брошюра, 6 ақпараттық-әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиет және 4 мультимедиялық оқыту бағдарламаларын (СD) әзірлеп шығару, компьютер жүйесін қазақ тіліне көшіру мақсатында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге арналған кешенді құрал − «WINTRANSLATE» компьютерлік бағдарламасын тарату және түсіндірме жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шаралар жоспарлануда.
Орындалу мерзімі

Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру мерзімі 2007-2008 жылдарға есептелген

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығы
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығы
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың iconА Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған...
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы АҚпарат
Жылғы қызметі Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы...
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде Курчатов және Риддер қалаларының...
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың iconҚұрметті министр! Қадірлі әріптестер!
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде қаралатын «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған...
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді және бұршақты (дәнге) дақылдардың жиналған өнімі 295,3 мың тоннаны құрады
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары туралы»
Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №293 қаулысының 2009 жылдың 3 тоқсанында орындалуы туралы
Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың iconӘдістемелік құрылымда іс жүргізуді ұйымдастыру. Әдістемелік құрылымда іс жүргізуді ұйымдастыруда басшылыққа алатын құжаттар
Республикасы Президентінің 2001ж. 07. 02. №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 ж арналған мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница