Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы




Скачать 323.19 Kb.
НазваниеТілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
страница1/3
Дата конвертации13.01.2013
Размер323.19 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

БаҒдарлама паспорты
Бағдарлама- Тілдерді қолдану мен дамытудың

ның атауы 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін Бағдарлама Қазақстан Республикасы

негіздеме Конституциясының 7, 93-баптарына,

“Қазақстан Республикасындағы тіл

туралы” 1997 жылғы 11 шілдедегі

Қазақстан Республикасының Заңына,

Қазақстан Республикасы Президенті-

нің “Мемлекеттік бағдарламалардың

тізбесін бекіту туралы” 2010 жылғы 19

наурыздағы №957 Жарлығына,

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан Халқы Ассамблеясының XV

сессиясында берген тапсырмаларын

орындау жөніндегі іс-шаралар

жоспарының 3-тармағына, Ұлт

бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді.

Бағдарла- Қазақстан Республикасы Мәдениет

маны әзірлеу министрлігі

үшін жауапты

мемлекеттік

орган

Бағдарла- Қазақстан Республикасы Мәдениет

маны іске министрлігі, Қазақстан Республикасы

асыру үшін Индустрия және жаңа технологиялар

жауапты министрлігі, Қазақстан Республикасы

мемлекеттік Байланыс және ақпарат министрлігі,

органдар Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігі, Қазақстан

Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі,

Қазақстан Республикасы Туризм және

спорт министрлігі, Қазақстан

Республикасы Әділет министрлігі,

Қазақстан Республикасы Экономика-

лық даму және сауда министрлігі,

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі, Қазақстан Республикасы

Жер ресурстарын басқару жөніндегі

агенттігі, Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

агенттігі, облыстардың, Астана және

Алматы қалаларының әкімдіктері

Бағдарла- Қазақстанда тұратын барлық этностар

маның бас- тілдерінің сақталуы жағдайында ұлт

ты мақсаты бірлігін нығайтудың маңызды факторы

ретінде мемлекеттік тілдің кең

ауқымды қызметін қамтамасыз ететін

үйлесімді тілдік саясат

Бағдарла- 1. Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің

маның негізгі факторы.

мақсаттары

2. Мемлекеттік тілдің кеңінен

қолданылуын көпшілікке тарату.

3. Дамыған тіл мәдениеті – зиялы

ұлттың күш-қуаты.

4. Қазақстан халқының лингвисти-

калық капиталын дамыту.

Міндеттер — Мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-

темесін жетілдіру және стандарттау;

— мемлекеттік тілді оқытудың

инфрақұрылымын дамыту;

— мемлекеттік тілді оқыту үдерісін

ынталандыру жүйесін құру;

— мемлекеттік тілді насихаттау және

қолдану аясын кеңейту;

— мемлекеттік тілді қолданудың

дәрежесін арттыру;

— мемлекеттік тілді қолдану аясын

кеңейту, тіршілік қызметінің барлық

саласына араластыру;

— қазақ тілінің лексикалық қорын

жетілдіру және жүйеге келтіру;

— қоғамның тіл мәдениетін дамыту;

— орыс тілінің функциясын сақтау;

— Қазақстан халқының басқа да тілдерін

сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету;

— ағылшын тілін және басқа да шет

тілдерін оқып-үйрену.

Іске асыру 2011-2020 жылдар

мерзімі бірінші кезең: 2011-2013 жылдар

екінші кезең: 2014-2016 жылдар

үшінші кезең: 2017-2020 жылдар

Мақсатты Мыналарды:

индикаторлар

мемлекеттік тілді меңгерген мектеп

түлектерінің үлесін 100 %-ға дейін;

мемлекеттік тілді меңгерген ересек

тұрғындардың үлесін 80 %-ға дейін;

мемлекеттік органдарда мемлекеттік

тілдегі іс қағаздарының көлемін

100 %-ға дейін;

республика халқының орыс тілін

меңгерген ересек тұрғындарының үлесін

90% деңгейде;

республика халқының ағылшын тілін

меңгерген тұрғындарының үлесін

20%-ға дейін;

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы

курстарда ана тілдерін оқитын этностық

топтар өкілдерінің үлесін 30%-ға дейін;

үш тілді (мемлекеттік, орыс және

ағылшын тілдерін) меңгерген халықтың

үлесін 20%-ға дейін ұлғайту және сақтау.

Қаржылан- 2011-2020 жылдары Бағдарламаны іске

дыру көздері асыруға республикалық және жергілікті

және көлемі бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының заңнама-

сында тыйым салынбаған басқа да

қаражат жұмсалатын болады.

2011-2020 жылдарға арналған Бағдарла-

маны қаржыландыру көлемі Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес

тиісті қаржы жылына арналған

республикалық және жергілікті

бюджеттерді қалыптастыру кезінде

нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

Тілдерді қолдану мен дамыту­дың 2011-2020 жыл­дар­ға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конститу­циясының 7, 93-баптарына, “Қазақстан Республика­сын­дағы тіл туралы” 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақ-стан Республикасының Заңына, Қазақ­стан Респуб­ликасы Тіл саясатының тұжырымдамасына, Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді.

Іске асырылуы он жылға есеп­телген Бағдарлама елі­мізде қалып­тасқан тіл құрылысын талдауға негіз­дел­ген, онда тіл проблема­ларымен айналысатын са­рап­шы қоғамдастықтың пікірлері мен ұсыныстары ескерілген.

Осы құжат қоғам өмірінің бар­лық саласында тілдерді қолдану, да­мыту және мемлекеттік тілді то­лық көлемде қолдану үшін жағдай жасау саласындағы өзекті пробле­маларды шешудің норма­тивтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назар­баев атап көрсет­кендей, “Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұра­тын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет”.

Мемлекеттік бағдарламада көзделген мақсаттар мен міндеттер Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру­дың бүкіл кезеңіне арнап уә­кілетті мемлекеттік орган әзір­лейтін және Қазақстан Республи­касы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы іске асырылады.

Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемле­кеттік тілді дамытудың басымды­ғына негізделген және азаматтар­дың рухани-мәдени және тілге қажеттілік­терін толығымен қана­ғаттандыруға бағытталған.

Бағдарламаны іске асырудың табыстылығы жос­пар­ланған іс-шараларды іске асырудың тиімді­лігін қам­тамасыз еткен жағдайда, қажетті нормативтік-құ­қық­тық ба­заны жетілдіру, негізгі бағдар­ламалық іс-шара­ларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жос­парларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
3.ХалыҚаралыҚ тӘжірибе

Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бай­ланыс­ты мәселелерді құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.

Әзірбайжан – Ел Консти­туциясы, “Әзірбайжан Республи­касындағы мемлекеттік тіл туралы” Заңы.

Армения – “Тіл туралы” Заң, “Мәдени заңнаманың негіздері туралы” Заң, “Білім туралы” Заң, Ар­менияның тіл саясаты бағдар­ламасы.

Беларусь – Ел Конституциясы, Ресей мен Беларусьтің одақтық шарты.

Бельгия – “Мемлекеттің тілдері туралы” Заң.

Франция – “Француз тілін байыту туралы” Заң, “Француз тілін пайдалану туралы” Заң, “Француз тілінің тазалығын қорғау туралы” Заң, “Міндетті бастауыш білім беру туралы” Ж.Ферри Заңы, Тубон Заңы, Білім кодексі, “Коммуникация еркіндігі туралы” Заң, Леотар Заңы, Француз тілін пайдалану туралы жазбаша өкім.

Израиль – Палестинадағы рес­ми тілдер туралы Король жарлығы, “Телекөрсетілімдер және радио-хабарлар туралы” Заң, “Иврит ті­лін­дегі әндерді қолдау туралы” Заң.

Ирландия – елдің ресми тілдерін дамыту жөнін­дегі “Ресми тілдер туралы 2003 жылғы акт” бағдарламасы.

Испания – Ел Конституциясы.

Үндістан – Ел Конституциясы, “Ресми тілдер туралы” Заң.

Канада – Ресми тілдер туралы заң.

Қырғызстан – Конституция, “Қырғыз Республикасындағы ресми (орыс) тіл туралы” Заң.

Латвия – “Мемлекеттік тіл туралы” Заң, “Тілдер туралы” Заң, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс.

Мальта – Мальта тілін дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құру туралы акт.

Молдова – Ел Конституциясы, “Тілдер қызметі туралы” Заң.

Норвегия – Ел Конституциясы.

Польша – “Поляк тілі туралы” Заң.

Ресей Федерациясы – “Мем­лекеттік тіл туралы” Заң, “Ресей Федерациясы халықтарының тілдері тура­лы” Заң, “Орыс тілі” Фе­дералдық мақсатты бағдар­ламасы, “Тілдер туралы” федера­ция субъектілерінің Заңы.

Сингапур – Халықтық іс-қимыл партиясының “Мандарин тілінде сөйлеңдер!” науқанын өт­кізу туралы және Ақпарат, комму­никация және өнер министрлігі жанындағы мандарин үшін науқанының хатшылығын құру туралы қаулысы.

Словакия – “Мемлекеттік тіл туралы” Заң.

Тәжікстан – Республика Конституциясы, “Тәжік­стан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы” Заң.

Түркіменстан – “Тіл туралы” Заң.

Өзбекстан – “Мемлекеттік тіл туралы” Заң.

Украина – Ел Конституциясы, Мемлекеттік тіл саясатының тұжырымдамасы.

Филиппин – Ел Консти­туциясы, Филиппин тілін дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы № 7104 акт.

Финляндия – Ел Конститу­циясы, “Тіл туралы” Заң.

Швейцария – Ел Консти­туциясы.

Эстония – Ел Конституциясы, “Тіл туралы” Заң.

ОАР – Ел Конституциясы.
4. Қазіргі ахуалды талдау

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңіс­тік құру тіл саясатын кезең-кезең­мен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.

1997-2000 жылдары – 1997 жылғы “Қазақстан Республика­сындағы тіл туралы” Қазақстан Рес­публикасы Заңының қабылда­нуына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама­сының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.

2001-2010 жылдары – Тілдерді қолдану мен дамы­тудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарлама­сын іске асыру шеңберінде тіл құ­рылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемле­кеттік тілдің әлеуметтік-коммуни­кативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сон­дай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша “Тілдің үш тұғырлылығы” ұлттық мәдени жобасын іске асыру басталды.

Бағдарламаны іске асыру нәти­желері Қазақстан Республикасындағы одан кейінгі тіл құрылысының іргетасын қалады:

— мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеу­лі түрде кеңіді (қазақ тілінде оқытатын балабақшалар - 940, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 68%-ға жоғары, мектептер – 3811, 2001 жылмен салыстырғанда 163-ке өсті, мемлекеттік тілді оқытатын 101 орталық құрылды);

— іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге аудару үдерісі белсенді түрде іске асуда (мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы шамамен 67%-ды құрайды);

— мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқу-әдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үш тілді 8 салалық сөздік шығарылды);

— мемлекеттік тілді меңгеру үдерісіне жаңа ақпа­раттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, олар тұрақты түрде жаңартылып отырады (20-дан астам сервис түрі, әлемнің 50 елінен белсенді пайдаланушылар аудиториясы);

— мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекеттік БАҚ контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70%-дан астам, 2750 БАҚ басылымдарының 68%-ы толық немесе ішінара қазақ тілінде шығады).

— шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде;

— Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7576 мектептің 1598-і орыс тілінде, 62-сі өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-уі тәжік тілінде оқытады, 2089-ы – аралас мектептер; 2003 мектепке дейінгі мекеменің 260-ы орыс тілінде, 2-уі өзбек тілінде оқытады, 801 балалар оқу орындары – аралас; этно­мәдени бірлестіктердің 190 жексенбілік мек­тептерінде 30 этностық топ ана тілін оқиды, қазақстандық 50 театрдың 9-ы аралас, 15-і орыс тілінде, 1-еуі — кәріс, 1-еуі — неміс, 1-еуі — өзбек және 1-еуі — ұйғыр тілінде жұмыс істейді).

Алдағы он жылда – 2011-2020 жылдардағы кезеңде тіл құрылысының логикасы еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына елеулі қауіп-қатер әкелуі мүмкін бірқатар проблемалық аспектілердің болуынан туындайды.

Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл проблемалық аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандартының болмауына, қазақ тілі оқытушылары мен мамандары даярлығының төмен деңгейіне, оқыту инфрақұры­лымы қызметінің бірыңғай стандарттарының болмауына, мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру және мониторинг жүйесінің жоқтығына тікелей байланысты.

Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Осы бағыт­тағы проблемалық мәселелер, ең алдымен, халықара­лық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық сала­сында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологияның тілі ретінде дамытуға байланысты. Сонымен қатар мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде танытып, кеңінен тарату мәселелерінің маңызды тізбесі, сондай-ақ тіл саласындағы келеңсіз дақпырттардың және таптаурын ұғымдардың орын алуы проблемалық жағдай болып табылады.

Қазақстандық қоғамда тіл мәдениетінің төмен­деуі. Лингвистикалық кеңістікті аталған аспектіде одан әрі дамыту терминология, антропонимика және оно­мастика проблемаларымен, сөйлеу және жазу мәде­ниетін жетілдіру, сондай-ақ толерантты тілдік орта құру қажеттігімен айтарлықтай салмақ түсіріп отыр.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын сақ­тау және нығайту қажеттігі. Бұл аспектіде қазақ­стандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдение­тінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этнос­тардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар топтамасы бар.

Осы проблемаларды шешудің басымдықты қажеттігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттеріне негіз болды.
5. БаҒдарламаныҢ маҚсаттары, міндеттері, маҚсатты индикаторлары жӘне оны іске асыру нӘтижелерініҢ кӨрсеткіштері

Бағдарламаның басты мақсаты –

Қазақстанда тұратын барлық этностар тілін сақтау жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды фак­торы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданы­луын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Бағдарламаның мақсаттарына бірқатар міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі:
1-МАҚСАТ. Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы

Мақсатты индикаторлар:

— Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

— Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп

түлектерінің үлесі

— Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында

мемлекеттік тілге деген сұраныс дәрежесі

Міндеттер:

1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау

Нәтиже көрсеткіштері:

— Стандарт-технология әзірлеу

— Жаңа стандарттар бойынша өңделген және
  1   2   3

Похожие:

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconА Қ пара т қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы №1246 қаулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 Қаулысы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығы
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon«Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығы
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Курчатов және Риддер қалалары
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде Курчатов және Риддер қалаларының...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon2011 жылғы тамыздағы № қаулысына
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2011–2013...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница