Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі




Скачать 268.1 Kb.
НазваниеКiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
страница1/2
Дата конвертации13.01.2013
Размер268.1 Kb.
ТипДокументы
  1   2
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

АСАН ДОСМАХАНБЕТ СЕЙДIНБЕКҰЛЫ

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Түркістан 2010ж

КIРIСПЕ



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық жағдайдағы экономиканы тұрақтандыру үрдісі нарық заңдылығына сәйкес экономикалық категория қызметтерiн басқару тетіктерi мен тұтқаларын пайдалану арқылы дамиды. Олардың еркін және тиімді қызмет атқаруына қажетті жағдайларды жасап, үйлестірілген біртұтас жүйе орнату нарықтық реформалар барысындағы ескi шаруашылық тетіктерінiң орнына нарық заңдылығындағы жаңа шаруашылықты шұғыл қалыптастыруға ықпал етеді. Бірақ оларды заңдастыру және өзара үйлестіру ұзақ уақытты талап етері даусыз. Шаруашылық тетіктері толық үйлестірілмейінше және нақты заңдастырылмайынша олар тиімді қызмет атқара алмайды. Дегенмен, жергiлiктi жердегi экономикалық категориялардың атқаратын қызметтерi баға беру көрсеткiштерiн енгiзу нәтижесінде туындап жатқан кемiстiктердi жоюға негіз болмай отыр. Бұл әлi қолға алынбай келе жатқан тың бағыттар. Осы көрсеткiштер негiзiнде әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықтың (тұрақсыздықтың) даму бағасын берiп, жергiлiктi әкiмшiлiк шешiмдерiн қабылдауды енгiзу бүгiнгi күннiң ең маңызды талаптарының бiрi. Нарық қатынастарында әркiмнiң жеке әрекетi әр түрлі қайшылықтар мен кедергілер арқылы орын алып отырады. Экономика ғылымдарының көрнекті өкілдері, әсіресе жаңа институционализм (неоинституционализм) бағытының өкілдері экономиканың тұрақты дамуы қазіргі жағдайда ең алдымен институционалды факторларға тәуелді. Осы мәселелерге орай Н.Ә.Назарбаев: ”Ендiгi жерде сөз осы жылдары талдау жасалып, заңдылық нормативтiк құқық базаны нақты мазмұнмен толықтыру туралы болып отыр”, - деп дәлдiкпен айтты. Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақты ету үшiн әрбір облыс пен аудандар (қалалар) экономикасының дамуын бөлек алып қарастырып, оған нақтылай баға беріп, кемшiлiктердi анықтау, талдау, нәтижелеу арқылы ақшалай және қаржылай қолдау көрсету және соған сәйкес шешiм шығару қажет. Бұл бастама “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында да бастау алған.

Кейбір облыстардың, аудандардың (қалалардың) аймақтық даму деңгейінің әртүрлілiгiне байланысты болып отыр. Бірінде табиғи ресурстар, қаржы капиталдары, адам ресурстары жеткілікті болса, енді біреулері әлі де болса өз ресурстары мен мүмкіншіліктерін жасай алмай, орталықтан көмек сұрап отыр. Дегенмен, нарықтық қатынастар экономикасы әрбір облыс пен қаланы, аудандарды өзіндік даму мүмкіншілігіне бағыттап, жауапкершіліктерін күшейтеді. Осыған орай, жергiлiктi қаржы ресурстарын тиімді пайдалану қатынастарын қалыптастыру, несиелік жағынан қамтамасыз ету, инвестициямен қамтамасыз ету, бюджеттік қаржымен қамтамасыз ету, өндірістерді дамыту, тұрмыстық-әлеуметтік қызметтерді өсіру сияқты бүгінгі күннiң ең маңызды мақсаттарын көлденең тартсақ та болады. Жергiлiктi жердегі реттеу, басқару, талдау, тексеру, бағдарлау, жоспарлау әрекеттерін енгiзу арқылы әкiмшiлiк басқаруды жетiлдiре түсу - осы диссертацияға өзек болған негізгі мәселелердің бірі. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторын дамыту тек әрбір аймақтың (облыстағы, қаладағы, аудандардағы) тұрақтылыққа қабілеттенуінен ғана пайда болады.

Экономиканың дамуындағы негізгі күретамырдың бірі еліміздің аграрлық кешені мен ауылдық аумақтардың дамуын тұрақтандыруға байланысты туып отыр. Мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық заңдылықтарды нарық талаптарына сай үйлестіру әрекеттері бұған дәлел. Әсіресе, ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 млрд теңге қаржы бөлінсе, соңғы жылдары оның мөлшері екі есеге артып, 57,5 млрд теңгені құрағанын мысал етсекте жетедi. Бірақ осы бөлінген қаржының тұрақтандыру өлшемiн басқаруды қолға алғанымыз жоқ. Ал, бұл мәселенi дәл қазiр қолға алмасақ, қанша қаржы бөлгенiмен, тұрақсыздық туа беруi мүмкiн. Осыған орай, ауылшаруашылық, банктік, бюджеттік, салықтық, салымдық инвестициялық, инновациялық, әлеуметтік және т.б. экономикалық қатынастарды түбегейлі нарықтық негіздерде ұйымдастыру ең басты талаптардың бірі болып отыр. Жамбыл облысы экономикасының тұрақты (тұрақсыз) даму өлшемiн тауып, ол көрсеткiштi экономиканы дамытуға енгiзу арқылы басқару мәселелерiнiң шешiмдерiн табу - диссертацияның тағы бір жаңалығы. Кейбiр жағдайларда, әсiресе, бюджеттiк несие мен банктiк несиелер экономикасы мәселесінде қаржының тұрақталған нысандарға берiлуi оның қайтарылу принципiн сақтап, тұрақсыздықты тұрақтандыра алмайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейi. Жоғарыда айтылған жайларды ескере отырып, ғылыми жұмыстың тақырыбы экономика ғылымының әдiснамасын дамытуға, нарықтық қатынастарды қалыптастырып, құру барысындағы қоғамдық өлшем мен басқару тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін мәселені қозғаған деп түйіндеуге болады. Экономика дамытуға қандай бір ғылыми-зерттеу еңбектері болмасын, оның барлығы белгілі бір тақырыптар аясындағы ғылыми жаңалықтар мен ғылыми ашылымдарды баяндайды. Бірақ, экономиканың тұрақты дамуындағы кешенді көрсеткіштер өлшемi тұрғысынан келгенде, әрбір аймақтың, аумақтың салыстырмалы дамуына баға берiп кеткен еңбектер аз. Сол саладағы кемiстiктердi анықтап, оны алдағы уақытта жою бағыттарына қол жеткізiлмеген. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі зерттелiм мәселесі осы талап дәрежесiн анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудiң механизмдерiн жетiлдiру жүйесiн ғылыми-тәжiрибелiк және теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеу болып табылады. Осыған орай зерттеулу жұмыста Жамбыл облысының дамуы деңгейiн зерттей отырып, экономикалық тұрақтылықтың даму қарқыны мен тұрақсыздықты тудыратын көрсеткіштерді анықтау арқылы ортақ салыстырмалы тұрақтылықты бағалау міндеті қойылды. Осы мақсатқа жету жолында келесi мiндеттердi орындау қарастырылды:

  • тұрақты дамудың экономикалық маңызы мен ерекшелiктерiнiң теориялық аспектiлерiн зерттеу;

  • бір облысын экономикасын тұрақты дамытудың қарқындық көрсеткiштерiн талдау;

  • бір облысын экономикасын тұрақты дамуының тиiмдiлiгiн анықтау;

  • экономикалық және әлеуметтiк тұрақты дамытудың механизмiн жетiлдiру;

  • экономикалық тұрақтандыруды дамытуда жергiлiктi бюджеттi тиiмдi пайдалану механизмдерiн жетiлдiру жолдары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

  • бір облысы аудандарының әлеуметтiк-экономикалық даму нәтижелерiн бағалаудың жетiлдiру әдiстемесiн енгiзу.

Зерттеудің теориялық және әдiстемелiк негіздерi ретінде кейнстік, неокейнстік, институционалдық және монетаризм бағыттары, шетелдік және отандық ғалым-экономистердің еңбектері, монографиялар, ғылыми-практикалық конференциялар мақалалары кеңiнен қолданылды.

Жұмыстың зерттелуінің ғылыми жаңалығы. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде ғылыми жаңалығын анықтайтын келесi ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк нәтижелер алынды:

  • экономиканың тұрақты даму концепциясын одан әрі дамыту мақсатында теориялық сипаттамалары жетiлдiрiлдi;

  • экономикалық, демографиялық, экологиялық тұрақтылық тепе-теңдігiн сақтай отырып, нарықтық бәсекелестіктегі экономиканы тұрақты дамыту жолын жетiлдiрудегi қаржылық қатынастар механизмдерi анықталды;

  • тұрақтылық (тұрақсыздық) көрсеткiштерiн анықтай отырып, қаржылық қатынастарды дамыту арқылы жергiлiктi (облыстық – аудандық, аудандық - ауылдық) әкiмшiлiк басшылығындағы шешiмдердiң қабылдану iс-әрекеттерi реттелген жүйесi ұсынылды;

  • бір облыстың әкiмшiлiк басқарудың экономиканы тұрақты дамыту қызметiн арттыру жүйесiн жетiлдiру жолдары ұсынылды;

  • жергiлiктi жердегi экономиканы тұрақты дамыту мен тұрақсыздықты тудыратын статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру негiзiнде аймақтың даму бағасын беру арқылы және оны экономика жүйесiне енгiзу мақсаттарындағы тұрақты (тұрақсыз) дамудың көрсеткiштерiнiң жүйесi және есептеу әдiстемелiгi ұсынылды;

  • әкiмшiлдiк басқару бағдарламасын енгізудегі нәтижелі межелерге жету жолындағы тұрақты даму балансын (ТДБ) қолдану жолын ұсыну негiзiнде оның орындалуын қадағалау жолдары жетiлдiрiлдi.

Ғылыми жұмыстың нгегізгі нәтижелері:

1. Зерттеудiң орындалу барысындағы жергiлiктi экономиканы басқару негiзiнде келесi жаңа сөздiктердiң анықтамасын кiргiзiп, оның пайдалануға ұсынылғаны:

  • тұрақты даму кезеңдерi (ТДК): нарықтық қатынастарын қалыптастыруға өту кезеңдерi, нарықтық экономика қатынастарын тұрақтандыру кезеңдерi, нарықтық қатынастардың өркендеу кезеңдерi;

  • тұрақты даму қарқыны (ТДҚ) – тұрақты және тұрақсыздық өлшемдiлiгi;

  • тұрақты (тұрақсыз) дамуды есептеу әдiстемелiгi (ТДӘ) – экономика мен әлеуметтiктiң дамуын есептеудегi көрсеткiш нәтижелерiнiң анықталуы;

  • тұрақты даму мониторингi (ТДМ) – тұрақты (тұрақсыз) даму мониторингi көрсеткiштерiн басшылыққа алу жүйелерiн жетiлдiрiлуi;

  • тұрақты даму көрсеткiштерiнiң нәтижелерi (ТДКН) – экономикалық категориялар қызметтерiнiң жиынтығынан анықталынатын бағалау нәтижесi;

  • тұрақты даму қауiпсiздiгi (ТДҚ) – экономиканың дамуындағы адамдардың әлеуметтiгi мен экологиялық мәселелерiн шешуi;

  • тұрақты даму балансы (ТДБ) – бiр облыстың жалпы даму деңгейiндегi ондағы қалалар мен аудандарға ортақ көрсеткiш арқылы теңсiздiк ауытқудың (артық, кемуi) анықталуы.

2. Экономикалық қатынастарды реформалаудағы нарық заңдылықтарын
енгізу арқылы оның аумақтық (облыс, аудан, қала) біртұтастығындағы
тұрақтылығының көрсеткiштерiн реттеп, басқарудың әдістемелік шешімдерін іс жүзіне асыру жолдары;

3. Бір облыс экономикасының тұрақты (тұрақсыз) даму көрсеткіштерін енгізу, оны талдау арқылы жіберілген кемшiлiктерге іс-шараларды кеңiнен қолдануы;

4. Бір облыстың тұрақты (тұрақсыз) экономикалық даму бағасы анықталғаннан кейiнгi талдау әдiстерiн енгiзудiң сараптамалық нәтижелерiнiң анықталуы.
Жұмыстың негiзгi мазмұны

Экономиканы тұрақты дамытудың мәнi мен мазмұны

Экономиканы тұрақты дамытудың басты мақсаты тек - дамыған өркениетті ел қатарына қосылумен бiрге ішкі жақтан баршаға барынша мүмкіндіктер беріп, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін және экологияны қорғайтын қоғам құру. Ал экономиканың тұрақты дамуы тарихи ұғым. Қоғамның даму барысындағы кезеңдерде бірнеше экономистердің көзқарастары бар. Сондықтан осы мәселелерді қарастырып барып оның бүгінгі дамуына жол көрсету диссертацияның басты мақсаты.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев біздің елде он жыл ішіндегі қол жеткен реформаландыру қорытындыларын талдай келе: «Бұл айтылғандар республика реформалар кезеңінің көптеген қиындықтарын ойдағыдай еңсеріп, тұрақты экономикалық даму траекториясына шыққанын көрсетеді»,-деп ойын түйіндеген. Сондықтан тұрақты даму процесінің мәні мен мазмұнын зерттеу біздің елде экономикалық теорияның негізгі мәселелерінің біріне айналып отыр.

Тұрақты даму концепциясы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының «XXI ғасырдың күн тәртібі» конференциясында адамзат қауымының алдына алғаш рет ұсынылды. Бұл конференцияда тұрақты дамудың мәні - қазіргі кезеңдегі қажеттіліктерді қанағаттандырумен қатар, болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына мүмкіндік жасау деп танылды. Болашақ ұрпаққа, олардың өмір сүру ортасына қамқорлық ету - тұрақты даму концепциясының негізгі идеясы болып табылады. Бұл анықтамада әлеуметтік және экологиялық аспект басым. Оның себебі - адамзат өміріне қажетті өте маңызды бірсыпыра табиғи ресурстардың таусылу қаупінің нақты екендiгiнде.

Қазіргі таңда теориялық экономикалық ғылым мен әлемдік өркениетті тәжірибеде тұрақты даму концепциясы өзінің лайықты орны мен бағасын алды. Тың мәселе болғандықтан ғалымдар, саясаткерлер мен экономистер тарапынан оған деген қызығушылық орасан зор. Сондықтан ғылыми әдебиеттер мен баспа ақпарат көздерінде тұрақты даму мен экономиканы тұрақты дамыту мәселелеріне арналған біраз құнды еңбектер мен мақалалар жарыққа шықты.

Тұрақты дамудың көптеген анықтамалары мен көрсеткiштерi қалыптасуда. Олар кең диапозонда: жай тепе-теңдіктен жүйелік және біртұтастық түсініктері арасында қолданылып келеді. «Тұрақты даму» түсінігі көпжақты кең көлемде қолданатын ұғымға айналып отыр. Тұрақты дамуды экономика тек қана оңды дамып отырған кезең деп біржақты қарамауы керек. Тұрақты даму ұғымы қолданылғанда ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылады да, көптеген процестер мен көрсеткіштердің негізінде сондай тұжырым жасалынады. Ойланудың абстрактілі тәсілі қолданылу барысында зерттеушілер зерттеліп жатқан құбылыстарға тән емес, оның түпкілікті мәнін ашпайтын кездейсоқ белгілер мен қосалқы процестерден ойын алшақтатады. Сөйтіп зерттеуші құбылыстың немесе процестің ішкі дүниесіне еніп, олардың нағыз мәнін ашады.

Экономиканың тұрақты дамуындағы жүйелiк тәсiлдiң әдiснамалық негiздерiнiң өзi, оның мониторингiндегi аймақтың, аумақтың жергiлiктi жердегi нарық реформаларының барысындағы экономика инфрақұрылымындағы жүргiзу тактикасы мен стратегиясы. Осы тұрғыда қарағанда экономиканы тұрақты дамытудағы жүйелiк тәсiлдiң әдiснамалық негiздерiндегi тапсырмасының орнын белгiлейтiн болсақ, ал макро және микро деңгейiнiң ортасындағы облыстың, ауданның әлеуметтiк-экономикалық тұрақты дамытудағы әдiснамалық әсерiн жетiлдiру

Экономикалық өсу экономиканың үдемелі қозғалысын, оның алға басуын және дамуын көрсетеді. Экономиканың үдемелі қозғалысының тереңде жатқан себептері - ол қоғамдық өндіріс пен оның мақсаты - адамның қажеттілігін қамтамасыз ету арасындағы күрделі және қарама-қайшылықтарға, байланыстарға негізделген. Адамның экономикалық қажеттіліктері өндірістен туындайды. Жаңа өнім шығарып және оған қажеттілік туғызып, өндіріс осы қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жағдайларын қалыптастырады. Экономикалық өсу мәселелері мына бірізділікте қарастырылады: біріншіден, оның түсінігі мен мәнін анықтау; екіншіден, оны талдаудың болашақ моделін жасау; үшіншіден, оның төңірегіндегі тұжырымдау мен ойларға қысқа шолу және де оған ынталандырудың жүйелік шараларын қалыптастыру. Экономикалық өсу факторларын АҚШ және Еуропа елдерінде жүргізілген зерттеулер еңбек өнімділігін көтерудің жалпы ұлттық өнімнің өсуіне еңбек шығынын өсіруден әлдеқайда жоғары әсер ететінін көрсетті. Бірақ, еңбек тиімділігін көтеру оңай емес. Оған техникалық прогресс, қормен қаруландырудың өсуі, жұмыс күшінің сапасын жақсарту, еңбек ресурстарын төменгі өнімділікті салалардан жоғарғы өнімділікті салаларға ауыстыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Бұрынғы одақтық экономиканың ыдырауына байланысты Қазақстан тәуелсіз мемлекет қатарында дүниежүзілік экономикалық жүйеге енді. Бұл жағдайда республиканың алдында тұрған басты міндет - ол ұлттық экономиканы әлеуметтік-нарықтық экономика негізінде қайта құру болатын. Алғашқы он жыл ішінде Қазақстан нарықтық экономикалық қарым-қатынастарда кеңінен қол жеткізді. Республикада нарықтық экономика қалыптасты. Рас, оның кемшіліктері аз болған жоқ; барлық нарықтар өз мүмкіншіліктерін әлі де толық пайдаланбауда. Өткен әкiмшiлiк-әмiршiлдік жүйенің кейбір элементтері ұзақ мерзім сақталып келді. Нарықтық экономиканың негізгі заңдылықтары қалыптасты, меншік түрлері, әр түрлі нарықтардың өзара байланыстылығы және өзара бағыныштылығы, кәсіпкерліктің түрлері және экономика салаларындағы алатын орындары, нарықтағы бәсекелестік, өкімет пен бизнестің өзара қатынастары және басқалар. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер ішкі экономика да жеке меншік мүддесі түрғысынан ырықтандырылған, кәсіпкерлерге үлкен экономикалық бостандық берілген, өз инфрақұрылымдары бар тауар және ресурстар нарықтары құрылып, қалыпты жұмыс істеуде. Бұл айтылғандардан шығатын бірден-бір қорытынды елде тек қана нарықтық экономика емес, экономиканың болашақтағы даму моделі де қалыптаса бастаған.

Экономикада нарықтық механизмдердi іске қосу және жаңа жүйеге ауыстыру барысында белгілі бір қозғалыс болғаны анық. Бұл процесс нарықтық реттеу және шаруашылық жағдайын мемлекеттік жүйеге келтіруді іске асырады. Сыртқы экономикалық іс-әрекет еркіндендірілді, елде шет елдік капиталға жол ашылды, валюталық ережелер тұрақтылығы орын ала бастады. Мемлекет өз қажеттілігін қамтамасыз ету үшін басқа нарықтық субъектілермен тең жағдайдағы қарым-қатынасқа көшті. Бұл қарым-қатынастар биржалық саудада форвордтық, фьючерстік және тағы басқа да келісімдер арқылы іске асырылды. Осыған байланысты ұсыныс пен сұранысқа сай еркін баға қалыптастырылып отырды.


Теориялық және әдiстемелiк тұрақтылық жасаудағы көзқарастар





Әлеуметтiк тұрақтылық
Қаржы ресурстарының тұрақтылығы







Қоғамдық тұрақтылықтың даму көздерi





Халықтың әлеуметтiк даму тұрақтылығы

Субъектiлiк экономикалық тұрақтылық (экономикалық категориялар қызметтерiн жетiлдiру)

Экологиялық тұрақтылық

ээээээээээээ







  1. Халықтың әлеуметтiк тұрақты дамуы:

  • халықтың материалдық байлығының тұрақты дамуы;

  • халықтың тұрмыстық шығындарының тұрақ-ты дамуы;

  • халықтың рухани (саяси, идеология) даму тұрақтылығы;

  1. Халықтың жеке мен-шiктегi қатынастары-ның экономикасы;

  2. Халықтың әлеуметтiк экономикасы;

  3. Халықтың әлеуметтiк психологиясы;

  4. Халықтың нарықтық әлеуметтiк даму логикасы;

  5. Халықтың нарықтық әлеуметтiк құқықтығы;

  6. Халықтың қоғамдық даму саясаты мен идеологиясы;

  7. Халықтық әлеуметтiк-экономикалық қаты-настарды басқару психологиясы

  1. Мемлекеттiк реттеу:

  • заңды тұлғалық субъек-тiлiк шаруашылықтар экономикасы;

  • Мемлекеттiк бюджет;

  • ұлттық қорлар мен бюджеттiк емес қорлар;

  • Мемлекеттiк несие;

  • қаржы нарығы;

  • зейнетақы қорлары;

  • бюджеттiк мекемелер (бiлiм, ғылым, денсаулық, спорт. т.б.);

  • 1, 2 деңгейдегi банктер жүйесi,

  • құқық қорғау;

  • сыртқы экономикалық қатынастар мен бiрлестiк-тер және одақтар. т.б.

  1. Жергiлiктi әкiмшiлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасының енгiзiлуi.

Құқықтық қатынастар


Экономикалық қатынастардағы сұраныстар мен ұсыныстар





Экономикалық-әлеуметтiк тұрақты даму көрсеткiштерiн енгiзу арқылы тұрақтылықты басқарудағы бақылау, талдау, жоспарлау, болжау, реттеу арқылы әкiмшi-лiк қызметтердi жетiлдiру






Сурет 1- Әлеуметтiк - экономикалық тұрақтылық жүйелерi

Ескерту- Автор құрастырған
Белгiлi бiр облыстағы аудандар мен қалалар, ауылды мекендердiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын белгiлi статистикалық көрсеткiштерiмен ғана салыстырып баға берiледi. Жоғарғыдағы суретте жергiлiктi әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты анықтаудың жан-жақтылығы көрсетiледi.

Бiрақ барлық дамудағы әлеуметтiк пен экономикалық, статистикалық көрсеткiштердiң жиынтығынан тұрақты дамуды қорытындылау (сараптау) арқылы баға беру жолын таңдап әр түрлi шешiмдер қабылдануы тиiс. Оның негiзгi мазмұндық желiсi экономиканың қозғаушы күштерiнiң бағыттарын екi жақты қарастыру. Олар экономиканы дамытудағы объектив жағы мен оның субъективтiк жағы. Бұл екi жақты нақты айырмай тұрып, бiз нарықтық экономиканың мән-жайын толық қабылдай алмаймыз және қабылдата бiлмеймiз. Мысалы, экономиканы тұрақты түрде дамытып әлеуметтiктi кемiте беру – толыққанды тұрақтылықты анықтамайды. Қоғамдық тұрақтылықтың даму қозғаушы көздерi: әлеуметтiк, экологиялық, экономикалық қатынастардағы қаржылық қатынастарды реттеу арқылы тепе-теңдiк құқықтығын жасау. Мысалы, субъективтiк экономиканың дамуындағы оның ұсыныстары мен сұраныстарындағы халықтың оған ұсыныстары мен сұраныстарының сәйкестiк теңдiк құқығын орнату, дамудың ең негiзгi тұрақтылық бағыты.

Біз тұрақты экономикалық дамудың ғылыми негізін тек өткен реформалау жылдарын жан-жақты, терең зерттей келе жасай аламыз. Әсіресе, оның басым бағыттарын - институционалдық, потенциалдық, инвестициялық және даму кезеңдерін жете түсініп, объективті түрде бағалап, тұрақты даму процесінің теориялық-әдістемелік негізін жасауға пайдалану қажет.

Экономика мен әлеуметтiктi тұрақтандыру – алғашқы экономикалық категориялар қызметтерiнiң жиынтық нәтижелерiнен туындайтын көрсеткiштер. Сондықтан әрбiр категорияның нәтижесiн анықтауда тағы да бiрнеше категориялар өз қызметiн атқарады. Категориялардың екiншi өзгешiлiгi, оның макро және микро деңгейде қолдану мүмкiншiлiгiнде. Мысалы, жеке тұрған орта және шағын бизнестегi экономиканың тұрақты даму қызметтерiндегi экономикалық категориялар. Немесе, республикалық бюджеттiң тұрақты дамуы қызметтерiндегi экономикалық категориялар.

Экономикалық тұрақты даму категориясының қызметтерiне баға беретiн оның мемлекеттiк реттеу макро деңгейiндегiсi: ақша курстарының реттелуi, бюджет қатынастарының реттелуi, салық мөлшерiнiң реттелуi, несие мөлшерiнiң реттелуi, тауар құндарының реттелуi, банк жүйелерiндегi қатынастардың реттелуi, қаражат қорлар қатынастарының реттелуi (зейнетақы қорлары, әлеуметтiк қорлар, мемлекеттiк қорлар, сақтандыру қорлары) т.б. Мұны жалпы қоғамдық реттеу деп атауға болады. Жалпы қоғамдық экономикалық категориялардың реттелуi белгiлi заң құқықтарын қабылдауда және оны орындауда жүргiзiледi. Экономикалық категориялардың қызметтерiне реттеу жүргiзiлуiнiң басты мақсаты экономикалық тұрақты даму жолын табу. Сондықтан реттеудiң негiзгi мақсаты жалпы қоғамдық қатынастардың тұрақты дамуындағы шешiмдер мен iс-шаралар экономикалық категориялар – экономикалық қатынастар жүргiзудегi тетiктер болса, экономикалық категориялар жиынтығы – экономикалық басқару механизмi.

Экономика мен әлеуметтiктiң тепе-теңдiгiн анықтап, оны ұтымды тұрақты дамытудағы ескi деңгейлiк мәселелердiң шешiмiн макро және микро деңгейiне пайдаланудың өзiндiк өзгешелiк iс-әрекеттер бар. Экономиканың макро деңгейдегi жалпы қоғамдық реттеушiлiк қасиетте болса, макро деңгейi экономика мен әлеуметтiктiң даму қайнар көзi болуымен қатар өзiндiк нарықтық қатынастар реттелуi бар. Сондықтан, микро деңгейдегi әр түрлi жеке меншiктегi кәсiпкерлiктi басқара бiлу қатынастарын реттеу психологиясы мен логикасы жетiлмейiнше, белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу белгiлi бiр уақыт аралығын қамтиды. Мысалы, жеке шаруа (фермер) қожалықтарындағы нарық психологиялық процестер (түйсiк, сезiмдiк таным, ойлау, қиял, ес, сана, қабiлет); нарықтық психологиялық iс-әрекеттерi (зейiн, ерiк, ерiк саналары, этика, эстетика); нарықтық логика мен ақыл қызметтерi (түсiнiстiк, пайымдау, дәлел мен мойындау, ой қорытынды, ақыл, ақыл тұжырымдары). Әрине осы және де басқа мәселелер жетiле дамымай жеке шаруа мен жеке кәсiпорындар әр түрлi кедергiлерге душар болып, кейде тоқырауға түсетiнi де рас. Жалпы экономиканың тұрақты даму сатыларын келесi суретте қарастыруға болады:

Б
Тұрақты даму көрсеткiш-терi:

- экономикалық кедергi-лердi сараптау;

- экономиканың тұрақты-лығын жасау (қайшылық-тар, қуат мүмкiншiлiгi, өрiс, қауiпсiздiк, тәуекелдiлiк, бизнестiк iстер, амалдау, есептеу, жоспарлау, болжау, бас-қару, қаржыгерлiк қабiлет, демеушiлiк, әлеумет-тiлiк, тиiмдiлiк, кәсiпқой-лық, экспорт, аудит т.б. )

екiтiлген заңды құжаттар, актiлер, нормативтер, нұсқаулар т.б.


Басқару негiздерi



Облыстық әкiмшiлiктiң экономиканы тұрақты дамытудағы экономикалық қатынастарды реттеушiлiгi


Реттеу негiздерiндегi бағдарламалар





Ауылдық және аудандық әкiмшiлiк-тегi экономика қатынастарын реттеушiлiк iс-шаралар


Реттеудi енгiзудегi iс-шаралар






Ж
Жанұя бюджетiнiң әлеуметтiгi
еке кәсiппен жанұя бюджетiне қарасты жеке шаруа (ферма)



Халықтың экономи-калық-әлеуметтiк тұрақты даму деңгейi

Сурет 2 - Әлеуметтiк пен экономиканы тұрақтандыру жолындағы жүйе құрылымдары.

Ескрту - Автор құрастырған
Қазiргi күнi экономика мен әлеуметтiктердi тұрақтандыруда жергiлiктi әкiмшiлiктердiң өзiндiк әрекеттерi әрбiр сапалар бойынша жеке дара даму бағдарламасын енгiзумен шектелуде. Екiншi жағынан дамуға бөлiнiп жатқан қаражаттың дамудағы үлестiлiгiн есептеп, iс-шаралар қолдану мәселелерi қолға алынбаған. Сондықтан болар аудандық жердегi ауыл тұрғындарының өмiр сүру деңгейi өте төмен болды. Сонымен халықты ауыл шаруашылық тауарларымен қамтамасыз ететiн жалғыз көзi - ауылдық жердегi шаруа (фермер) қожалығы.
Әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамудың болашағы мен негiзгi бағыттары

Жергілікті жердің (біртұтас облыс немесе оның ішіндегі аудандар мен қалалар) экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының өзін бюджеттерге жергілікті жерден түсетін көздеріндегі үлес салмағы мен оның шығыстарды қамтамасыз ету мүмкіншілігімен салыстыра қарап білуге болады. Бірақ жергілікті жердегі экономиканың сала құрылым түрлері бойынша оның әр түрлі механизмдік құрылымдары бар. Осы механизмдік құрылымдарда басқару жиынтығы негізіне байланысты жалпы даму деңгейіне баға беруге болады. Жергілікті жердегі жалпы әкімшіліктің басқаруындағы экономика саласының механизмдік басқару құрылымының жалпы жүйелерінің түрлері келесі суретте қаралған.

Банктердiң жүйелiк механизмдiк құрылымы

Бюджет және бюджет жүйелерiнiң механизмдiк құрылымы




Жергiлiктi әкiмшiлiктiң экономи-каны басқару тетiктерiн жетiлдiру мүмкiншiлiктерi




Өндiрiс және тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерiнiң механизмдiк құрылымы

Бюджеттiк мекемелердiң жүйелерiндегi механизмдiк құрылымы






Халықтың әлеуметтiк даму деңгейi



Сурет 3 - Жергiлiктi жердегi әлеуметтiк және экономикалық даму объектiлерiндегi механизмдiк құрылымдар.

Ескерту - Автор құрастырған.
Суретте әрбір экономика саласы бойынша тұрған жеке механизмдік құрылымның басқару тетіктері арқылы өзіндік дамуы болғанымен олардың бір-біріне қатынастарының дамуын реттеу арқылы әкімшілдік ықпалдылықтағы басқару механизмдерiнiң мүмкіншіліктері жетілуі керек. Ол үшін жергілікті жердің жалпы механизмдік құрылымдар дәрежесіндегі жалпы тұрақты даму бағасын (ТДБ) анықтағаннан кейін әр түрлі әкімшілдік шешімдер қабылдауға болады.

Экономикадағы бір механизмдік құрылым екіншісінсіз дами алмайды. Мысалы, жергілікті бюджет қабілеттілігіндегі кірістердің шығыстарды қамтамасыз ету мүмкіншіліктеріне байланысты бюджеттiк дефициттер, бюджеттік трансферттер, бюджеттік несие беру мүмкіншіліктері. Жергілікті жердегі бюджет көздерін байыту тек экономиканы тұрақты дамытуда ғана туады. Ал бюджет көздері тұрақтанған сайын халықтың рухани, материалдық және әлеуметтілігі өсе түсіп тұрақтанады. Демек, экономика және әлеуметтілікті тұрақтандыруды дамыту, қаржы бөлу мәселелеріне келіп тіреледі. Сондықтан қаржы (инвестиция, бюджеттік несие мен трансферт т.б.) беру, бөлу мәселелеріне тұрақсыздықты тұрақтандыруда жергілікті әкімшіліктердің реттеу шешімдері керек.

Жергілікті әкімшіліктің өз көлеміндегі жалпы экономикалық-әлеуметтік құрылымдарды басқару тетіктерін жетілдіру үшін ең алдымен экономиканың даму қарқынын (ЭДҚ) есептеудегі оның жалпы тұрақты (тұрақсыз) дамуды есептеу әдістемелігі (ТДӘ) керек. Экономиканың даму қарқынының өзін тұрақтандыру кезіндегі қарқын (ТКҚ) - есептеп табу және өзін-өзі тұрақты даму қарқыны (ТДҚ) - енгізу деп бөлуге болады. Тұрақтандыру кезіндегі қарқын мен тұрақты даму қарқыны – тұрақты даму кезеңдері (ТДК). Тек тұрақтандыру кезіндегі қарқынды есептеу арқылы тұрақты даму бағасын (ТДБ) анықтауға болады. Тұрақты даму бағасын анықтаудың басты мақсаты тұрақты даму баланстық (ТДБ) көрсеткішін енгізу. Тек тұрақты даму балансы арқылы белгілі жергілікті аумақ пен аймақтың даму өлшем бірлігіндегі олардың әрқайсысының одан артық немесе кем болуына сәйкес тұрақтылық пен тұрақсыздықты салыстырмалы түрде анықтауға болады.

Жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы (тұрақсыздығы) дегеніміздің өзі бірнеше жалпы белгілі бір облыстың соңғы жылдар ішіндегі барлық экономикалық-әлеуметтік даму қарқындық көрсеткіштерінің тұрғылықты халық санына қатынастық үлесі деп есептеуге болады. Жамбыл облысы аудандары мен қалаларының тұрақты даму көрсеткіштерін анықтау үшін 2001 жылдан 2004 жылғы аралықтағы жетi көрсеткіштердің өткен жылдарға салыстырмалы оның өсім қарқынын тауып, оны халық санына үлестілігі табылған. Бұл үлестілікті табудың негізгі мақсаты облыс бойынша әрбір аудандар мен қалалардың тұрақтылық (тұрақсыздық) өлшемін табу. Ол үшін, әрине біз облыс көлеміндегі көрсеткіштердің ортақ даму қарқынын тауып, аудандар мен қалаларды оған салыстырмалы қарауымыз керек. Ескеретін нәрсе біз қолданған жетi статистикалық көрсеткіштердің көп немесе кем етiп қолдану жолдары бар. Кейде бір көрсеткіштерменде салыстыра қарауға болады. Бірақ қолданатын көрсеткіш бір облыс ішінде бәріне бірдей болуы тиіс.

Әрбір ауданның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін салыстырмалы бағалауда оларға келесі ортақ формуланы қолдануды ұсындық:

=; (1);

мұндағы:

- аймақтық (облыстық) әлеуметтік-экономикалық ортақ тұрақты даму баланстық көрсеткіші;

- өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өсім (кемуі) сомасы

- негізгі қорлар инвестициясының салыстырмалы өзгермелілігі, сомасы;

- бөлшек сауда айналымының салыстырмалы өзгермелілігі, сомасы;

-дебиторлық қарыздардың кредиторлық қарыздардан артықшылығындағы орта есептегі өзгермелілігі, сомасы;

- пайда мен залалдың бұрынғы жылдарға салыстырмалы өзгермелілік сомасы;

- еңбекақы қорларының бұрынғы жылдарға салыстырмалы өзгермелілік сомасы;

- бюджетке барлық түсімдер сомасының салыстырмалы өзгермелілігі

Хс- осы жылдардағы тұрғылықты халықтың саны.

Осы формуланы пайдаланып әрбір аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне талдау нәтижелеріне баға беру, олардың орташа даму деңгейімен анықталады.

Жалпы бiр облыс iшiндегi аудандар мен қалалардың тұрақтылық (тұрақсыздық) өлшем өзгермелiгiн салыстыра анықтауға келесi формуланы пайдаланамыз.

немесе ; (2);

Мұндағы:

ЭТД – белгілі бір облыс ішіндегі аудандар мен қаланың тұрақты (тұрақсыз) даму көрсеткіші;

- әрбiр аудан бойынша өсiм қарқынының жан басына есептеу көрсеткiшi.

Облыстағы әрбір аудандар мен қаланың тұрақты және тұрақсыз үлес пайызын анықтауға келесі формуланы қолданамыз:

ЭТД ; (3);

Тұрақты экономикалық дамуды бір облысының деңгейiнде қамтамасыз ету үшiн ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етудiң келесi механизмдерi қажет:

  • бiр жағынан өнiм мен инвестицияларды экспорттау мен iшкi нарықтың дамуымен келiсiмде болатын стратегиялық мақсаттарға негiзделуi қажет, екiншi жағынан оны iс жүзiне асыратын экономикалық, ұйымдық-құқықтық заңдар мен механизмдерiн қамтамасыз ету керек болатын ғылыми негiзделген экономикалық саясатты жоспарлау;

  • экономиканың барлық саласы мен сферасын қамтитын бәсекелес нарықтардың тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ететiн нормативтi-құқықты базаны жетiлдiру;

  • инновациялық орталықтарды құру мен дамытудың ұйымдық-құқықтық заңдылықтарымен нақты қамтамасыз етiлетiн, ғылыми-технологиялық ойластырылған заттарды коммерциялық өнiм деңгейiне жеткiзiп, ғылым мен өндiрiс байланысын дұрыс бағытқа қоюға болатын, жаңалық енгiзу үшiн iшкi және сыртқы инвестициялардың келуi үшiн қолайлы жағдай жасауға болатын бәсекелеске түсуге дайын экономиканың негiзгi дерек көзi ретiнде инновациялық ортаны құру;

  • әлеуметтiк-экономикалық жүйе мүдделерiн қамтамасыз ететiн билiктiң атқарушы және заң тараптарының арасында тепе-тең қатынас орнатудың жаңа балансы.

Сыртқы саяси стратегиялық өзгеруi мен iшкi экономикалық саясат - оның бағыттары, құндылықтары, iске асыру механизмдерi өзгередi. Жалпы мемлекет бағыт алған экономикалық қалыпты даму серпiнiн өзгертедi.

Дәстүрлi экономикалық саясатқа ғаламданудың әсер етуiнiң күшеюi реттелген ұлттық экономикалық шекарасында тиiмдi емес жағдайға жетедi. Өйткенi оның басты құралдары ақша-несие саясаты, технологиялық инновация әлемдiк тенденцияларға тәуелдi болып қалады. Ғаламдану жағдайында ұлттық экономиканың өзiн-өзi қамтамасыз етудiң басты қағидасы өз аймағында өндiрiс факторларының сапасы мен ұлттық компаниялар және фирмалардың бәсекеге түсуге қабiлетiн көтеруге негiзделген халықаралық аренадағы бәсекеге қабiлетiн көтеру болып табылады.

Қазақстан бiр жағынан әлемдiк нарықтың өзара әсерiн дезинтеграциялау, екiншi жағынан ғаламдық экономикада қызмет ету мүмкiндiгi қамтамасыз ететiн ел экономикасының конструктивтi даму бағыттарын қатайту қажет таңдаулар алдында тұр. Бiрiншi жағдайда мәселе экономикалық реформациялауды күшейту жолымен шешiледi, екiншi жағдайда интеграциялау тенденцияны әлемдiк нарықпен де, ТМД жағымен де жүргiзудi күшейту.

Бiздiң көзқарас бойынша Қазақстанның ғаламдық экономикаға интеграциялаудың үш варианты бар:

Бiрiншiсi, әлемдiк экономикалық кеңiстiк iрi ұлттық компаниялардың минералды шикiзаттық ресурстарды өндiруде интеграциясы. Елдiң экономикасын жаһандану процесiне қосу тек шикiзаттық сектор есебiнде iске асады.

Екiншiсi, ерекше назар аударылмай келе жатқан аймақтық интеграцияны күшейту.

Үшiншiсi, ел экономикасын дамытуға байланысты. Экономикалық өсудiң қалыптасқан қарқыны оның техникалық-технологиялық негiзгi түпкiлiктi қайта құрумен байланысты жаңа технологиялардың жеткiлiктi болуы әлемдiк экономикада әлеуметтiк экономикалық қайта құру процесiнiң негiзi болды. Технологияның дамуы көп жағдайда қоғамның өнiмдiлiгi, өмiр сүру деңгейi және экономикалық ұйымдардың әлеуметтiк формаларымен анықталады.


Қорытынды




  1   2

Похожие:

Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconЗерттеу тақырыбының өзектілігі
Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconУстабаева жансая мамыровна тәуелсіздік жылдарындағЫ Қызылорда облысының ауылшаруашылығы саласының жағдайы (1991-2011)
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отан тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын облысымыздың тарихын тәуелсіздік алған жиырма жылындағы...
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconЖҰмыстың жалпы сипаттамасы зерттеу тақырыбының өзектілігі
Санадағы бұл ақпараттар концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың...
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconБанкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-1 Заңы
Р 01. 07. 98 ж. №256-1 Заңымен; 2008. 05. 07. №60-iv қр заңымен (бұр ред.қара) кiрiспе өзгертiлдi; 2012. 17. 02. №564-іv қр заңымен...
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconКөздеген нәтижесіне беріктігін білдіріп отыр. Жұмыстың өзектілігі
Жұмыстың өзектілігі сол, ол әр ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдардың еңбектеріндегі жадыңда өмір бойы өшпейтін із қалдырар толғанысы,...
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconКіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос»
Демек, антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулерде тіл тек жүйе ретінде ғана зерттелмей, тіл мен адамның, тіл мен танымның, тіл...
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Жылудың реттелуі. Зерттеу әдістері»
Мақсаты: Физикалық және химиялық жылу реттелуді және оларды зерттеу әдістерін зерттеу
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау «Гемодинамика көрсеткіштері мен тамыр реакцияларын зерттеу әдістері»
Мақсаты: Гемодинамикалық көрсеткіштерді зерттеу әдістерімен танысу; қан айналымы реттелуінің негізгі механизмдерін зерттеу
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconТақырыбы: Сыртқа дем шығару қызметін зерттеу. Спирография. Пикфлоуметрия. Кредит:і пәні: pvbsdt 2211 «Ішкі аулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі»
Мақсаты: Өз бетімен сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу әдістерін және науқасты зерттеу жүргізуге дайындау
Кiрiспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconСтерилді тазалық сақтау зерттеу әдістемелері және шарттары Анализ және зерттеу үшін қан компоненттерінің және оның ірікеуі
Сондықтан қан және оның құрамбөліктеріне әбіден тазартылуды бақылаудайындалған сыйымдылықтың жалпы мөлшерінен таңдап алынған нұсқаларды...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница