Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы

НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
страница1/3
Дата конвертации13.01.2013
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

Қазақ тілі
(қарапайым және бастапқы деңгей)
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1-4 сыныптар

Аcтана

2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

Қазақ тілі

(қарапайым және бастапқы деңгей)
оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін

мектептің 1-4 сыныптарына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана

2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т., Дәулетбекова Ж.Т., Рахметова С.Р., Мадиева А.Т., Рауандина А.Қ., Қалиакпар Д. Қ., Қадашева Қ.Қ.

Оқыту қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы. (Қарапайым және бастапқы деңгей). – Астана, 2010. – 40 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І. ТҮСІНІК ХАТ

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына енгізілген және мектептің бастауыш білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.

Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттарының негізінде, Қазақстан Республикасының өзге тілді жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды. Соған сәйкес оқушының білім, білік, дағдылары бастауыш мектеп жүйесінде тілді меңгертудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді. Атап айтқанда: 1-сынып – қарапайым деңгей (бастапқы игерім), 2-4 сыныптар бастапқы деңгей ─ А 1 1.1 – Бастапқы ілгері игерім; А1.2. ­ ─ Бастапқы терең игерім; А1+ ─ Бастапқы терең толық игерім) болып екі деңгейге ажыратылды.

Қазақстан Республикасының көпұлтты сипаты мен жалпы білім беретін мектептердің өзге тілді жалпы білім беретін орта мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің Еуропалық жүйесі сарапталды. Соған орай, біріншіден, Европалық жүйеге сәйкестелген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптары бойынша сараланды. Екіншіден, бастапқы деңгейдің екі кезеңі айқындалды. Үшіншіден, бастапқы тілдік деңгейге негізделді. Төртіншіден, бастауыш деңгейдегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді. Бесіншіден, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар бастапқы деңгей бойынша сөйлесім әрекетінің бес түрі негізінде айқындалды. Алтыншыдан, әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша сараланып ұсынылды.

Оқыту қазақ тілді емес мектептердің бастауыш сыныптарында «Қазақ тілі» пәні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тілді үйренуге, қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйді ескере отырып, 1-сыныптан бастап оқытылады.

Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдар арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады. Атап айтқанда: басты мәселе ─ пәндік сөйлесім әрекеттеріне тән, тілдік және мәдени-танымдық құзіреттіліктіліктер мен қатысымдық (коммуникативтік), проблемалардың шешімін табу, ақпараттық түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік тудыру.

Оқыту қазақ тілді емес мектептердің бастауыш сыныптарында «Қазақ тілі» пәнін оқытудың жалпы мақсаты – қарапайым және бастапқы деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту.

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері:

  • оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;

  • оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;

  • қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту:

  • ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;

  • оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;

  • оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;

  • оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақтармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен таныстыру;

  • оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Бастауыш сыныпқа арналған бұл оқу бағдарламасының жаңалығы – бастауыш білім беруде қазақ тілін меңгертудің екі деңгейге: қарапайым және бастапқы деңгейлерге жіктелуінде. Тілді меңгертуді деңгейлерге бөлу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу әдебиеті мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушы деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды.
Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1-2 сыныптарда «Қазақ тілі» пәні аптасына 3 сағаттан, 3-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:

1-сынып –аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

2-сынып –аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

3-сынып –аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат;

4-сынып –аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіру мақсатында пайдаланылады. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде мұғалім жылжымалы бөлікті өз қалауы бойынша пайдалана алады. ілім мазмұнын толық игерген оқушыға үстеме ретінде немесе үлгерімі төмен оқушыға қосымша жұмыс істеуге пайдалануға болады. Мысалы, «Сауатты жазамыз», «Сөздер сыры», «Тіл дамыту» және т.б.тақырыптарды таңдауға болады.

ІІ. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.

«Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:

  • Әлеуметтік-тұрмыстық ая;

  • Әлеуметтік-мәдени ая;

  • Оқу-еңбек аясы

Әрбір аяда қамтылған тақырыптар мектептің негізгі және бағдарлы сатыларында бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің құралы ретінде ұсынылады.

2.1 Оқытудың екі деңгейіне (қарапайым және бастапқы) арналған базалық білім мазмұнына сипаттама

1-деңгей

1-сынып

Тілдік деректер, заңдар мен ережелер

Фонетика.

Қазақ тілінің төл дыбыстарының орфоэпиясы мен орфографиясы.

Лексика.

Белсенді лексикалық минимум: 110-120 лексикалық бірлік.

Грамматика.

Зат есім сөздер. Сан есім. Жіктеу есімдігі. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау. Септік жалғау. Жіктік жалғау. Сұраулық есімдіктер. Сұраулық шылаулар. Бұйрық етістіктер. Етістіктің шақтары. Болымсыздық етістіктер. Бұйрық рай. Сан есім сөздер. Сын есім сөздер. Үстеу сөздер. Болымсыздық есімдіктер. Сілтеу есімдігі

Сөз, сөз тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлем. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Орфографиялық, пунктуациялық нормалар.

Қатысымдық-сөйлесімдік бөлімі.

Айтылым. Диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Баяндаудың қарапайым түрі. Оқиғаны, құбылысты қарапайым баяндау, сипаттау. Затты қарапайым сипаттау.

Тыңдалым. Бағдарлама көлеміндегі тақырыптар бойынша мұғалім мен сыныптастарының сөздерін түсіну.

Оқылым. Тақырыпқа байланысты қысқа мәтіндерді түсініп оқу.

Тілдесім. Қарапайым үлгілерді басшылыққа ала отырып өзіне таныс тақырыптар аясында тілдесу, ұлттық этикеттік оралымдарды қолдану.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар, жұмбақтар).

2-деңгей

2-сынып

Тілдік деректер, заңдар мен ережелер

Фонетика.

Қазақ тілінің төл дыбыстарының орфоэпиясы мен орфографиясы.

Лексика.

Белсенді лексикалық минимум: 210-230 лексикалық бірлік.

Грамматика.

Кім? Не? Зат есім сөздер. Сан есім. Жіктеу есімдігі. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау. Септік жалғау. Жіктік жалғау. Сұраулық есімдіктер. Сұраулық шылаулар. Бұйрық етістіктер. Тұйық етістік. Етістіктің шақтары. Болымсыздық етістіктер. Бұйрық рай. Сан есім сөздер. Сын есім сөздер. Үстеу сөздер. Модаль сөздер. Болымсыздық есімдіктер. Сілтеу есімдігі

Сөз, сөз тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлем. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Орфографиялық, пунктуациялық нормалар.

Қатысымдық-сөйлесімдік бөлімі.

Айтылым. Диалогтік сөйлесім. Қысқа диалогтік сөйлеу. Монологтік сөйлесім. Баяндаудың қарапайым түрі. Оқиғаны, құбылысты қарапайым баяндау, сипаттау. Затты қарапайым сипаттау.

Тыңдалым. Бағдарлама көлеміндегі тақырыптар бойынша мұғалім мен сыныптастарының сөздерін, қарапайым хабарламаларды және үнтаспа, аудио-жазбаларды тыңдағанда түсіну.

Оқылым. Тақырыпқа байланысты қысқа мәтіндерді түсініп оқу.

Тілдесім. Қарапайым үлгілерді басшылыққа ала отырып өзіне таныс тақырыптар аясында тілдесу, ұлттық этикеттік оралымдарды қолдану.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар, тақпақтар, жұмбақтар). Қазақ халқына тән туыстық атаулар, ұлттық тағамдар, киімдер, тұрмыстық және аспаптық бұйымдар, тұрмыс-тіршілігіне тән этнолингвистикалық атаулар.

3-сынып

Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім бөлімі.

4-сынып

Тілдік деректер, заңдар мен ережелер

Фонетика.

Қазақ тілінің төл дыбыстарының орфоэпиясы мен орфографиясы.

Лексика.

Белсенді лексикалық минимум: 240-280 лексикалық бірлік.

Грамматика.

Зат есім. Сан есім. Жіктеу есімдігі. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау. Септік жалғау. Жіктік жалғау. Есімдіктердің түрлері: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік есімдіктері. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Көсемше. Болымсыз етістіктің жұрнағы. Септеулік шылаулар. Сұраулық шылаулар. Сөз тіркесі. Сөйлем түрлері.

Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім.

Айтылым. Диалогтік сөйлесім Тақырып бойынша өз ойын айта алу. Монолог. Заттарға сипаттама беру.

Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының және үнтаспадан тыңдаған шағын диалогтағы ақпараттарды тыңдап түсіне алуы.

Оқылым. Оқу бөлімдарын оқып, мәтіндердегі сөздердің мағынасын ажырата алу. Оқығанын ауызша қайта мазмұндап айта алуы.

Жазылым. Шағын мәтін құрап жаза алуы. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрап жаза алуы. Сұрақтарға жауап жаза алуы.

Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша диалог құру. Сұрақтарға жауап қайтару. Қарапайым этикеттік орамдарды пайдаланып, пікірлесу.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

Қазақ халқына тән туыстық атаулар, ұлттық тағамдар, киімдер, тұрмыстық және аспаптық бұйымдар, тұрмыс-тіршілігіне тән этнолингвистикалық атаулар.
2.2 Сыныптар бойынша базалық білім мазмұны

1-сынып

І. Әлеуметік- тұрмыстық ая – 48 сағат.

1. Сәлем, менің атым - Әлібек! - 10 сағат.

Тілдік бөлім:

Грамматика. Тәуелдік жалғауы. Жоқ. Берші. Ал.

Фонетика: Қазақ тілінің төл дыбыстары.

Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Бар/жоқ.
Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

Айтылым. Диалогтік сөйлесім. Амандасу. Танысу. Қысқа диалогтік сөйлеу. Диалог-сұрақ. Монологтік сөйлесім. Өзін таныстыру. Сөйлесімде бар/жоқ сөздерін қолдану.

Тыңдалым. Қысқа, нақты, қарапайым хабарламаларды көрнекілікке сүйеніп түсіну.

Оқылым. Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін дауыстап оқу. Таныс сөздерді оқу барысында лексикалық мағынасына сәйкестендіру, яғни түсініп оқу.

Тілдесім. Қарапайым үлгілерді пайдаланып тақырып көлемінде сөйлесу, этикеттік оралымдарды қолдану.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:

Қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері (санамақтар). Ең көп тараған қазақ құрдастарының аттары.

  1   2   3

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы iconҰсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница