Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы




НазваниеАлматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы
страница1/12
Дата конвертации13.01.2013
Размер1.33 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Алматы облысы әкімдігінің

2010 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 243 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық даму жоспары

Мазмұны



1. Миссиясы және пайымдауы ....................................................................................................................................................................... 3 парақ
2. Ағымдағы ахуалды талдау және әлеуметтік-еңбек саласында дамудың беталысы........................................................................ 4 парақ

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелі көрсеткіштер .................................................................................................................................................... 10 парақ
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелі көрсеткіштер ............................................................................................................................................ 10 парақ
3.2. Мемлекеттік органдарда стратегиялық бағыттар мен міндеттердің мемлекеттік

стратегиялық міндеттеріне сәйкестігі ................................................................................................................................................. 16 парақ
4. Функционалдық мүмкіндіктердің дамуы ................................................................................................................................................ 17 парақ
5. Ведомствоаралық өзара әрекет етуі ......................................................................................................................................................... 18 парақ
6. Қатерлерді басқару ....................................................................................................................................................................................... 19 парақ
7. Бюджеттік бағдарламалар .......................................................................................................................................................................... 21 парақ




Алматы облысы әкімдігінің

2010 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 243 қаулысымен бекітілген

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған

Стратегиялық даму жоспары
1 бөлім. Миссиясы және пайымдау

Миссиясы: Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.

Пайымдау: Лайықты еңбектің ілгерілеуін және әлеуметтік қорғаудың конституциялық кепілдерінің іске асырылуын қамтамасыз етуші мемлекеттік орган.

2 бөлім. Ағымдағы ахуалды және тиісті қызметтер саласында дамудың үйлесімді беталысын талдау

1-стратегиялық бағыт. Халықты нәтижелі түрде жұмыспен қамтуды арттыру

1.1) Тиісті қызмет саласында реттемелі даму саласының негізгі көрсеткіштері

Алматы облысы айтарлықтай өндірістік–экономикалық қарымды аграрлы-индустриалдық аумақ болып табылады. Жылдар бойы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты дамуы және адамдар санының индексімен ерекшеленеді.

Жыл сайын халық саны өсуде, яғни 2010 жылдың 1 желтоқсанына халық саны – 1856,1 мың адамды құрайды, яғни көші-қонның оң сальдосынан тұрады.

Дағдарыстың салдарынан 2008 жылдың аяғында жұмыспен қамтылған халық санының ахуалы төмендеп, Алматы облысында 2009 жылы жұмыссыз халық саны 56,3 мыңға дейін өсті. Яғни, 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 мың адамға артық немесе жұмыссыздық деңгейі 6,4%-дан 6,5%-ға дейін артты.

2009 жылы халықты жұмыспен қамту мақсатында «Жол картасын» іске асыру үшін аумақты іс-шаралар жоспары жасалынып, антикризистік шаралар қолданылды. Алматы облысында 2009 жылға «Жол картасын» іске асыру мақсатында 12,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 5,0 млрд. теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, төрт инвестициялық бағыттар бойынша 303 әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, өңдеу және жылыту мақсатында 19847 жаңа жұмыс орындары ашылып, оған 19847 жұмыссыз жұмыспен қамтылды.

Дамудың беталысы жұмыспен қамту саласында жаңа импульс берді және жұмыспен қамтылған халық санының артуына зор мүмкіндігін тигізді, 2009 жылдың аяғында жұмыспен қамтылған халық саны 2008 жылмен салыстырғанда, яғни 805,5 мың адамнан 807,0 мыңға дейін артты. Әлеуметтік бағдарламалардың қарқынды дамуы мен жұмыспен қамтудың белсенді саясаты экономикалық белсенді халық санының артуына және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне әжептеуір әсерін тигізді.

2009 жылы облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 863,4 мың адамды құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 9,2 мың адамға немесе 1,1 пайызға артты. Жұмыспен қамтылғандардың арасында жалдамалы жұмыскерлер 467,0 мың адамды (өсуі-4,9 мың адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 340,1 мың адамды құрады.

Облысты дамытудың негізгі басымдылығы адам капиталын дамыту және тұрғындардың өмір сүру деңгейінің артуында болған және болады. Осы мақсатты іске асыруда әлеуметтік бағдарламалардың барлығы халықтың жұмыспен қамтылуын және де еңбек ресурстарының нақты даму жүйесіне бағытталған.

Алматы облысының халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдірудің 2008-2010 жылдарға арналған іс шаралар Жоспарын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздестіру және іріктеу, жұмыссыздар мен халықтың нысаналы топтарының басқа да өкілдерін оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу және т.б. пайдаланылды.

Облыста жыл сайын әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылады, олардың басымы ауылды жерлерде ұйымдастырылады. 2010 жылдың басынан 18757 жұмыс орындары, оның ішінде 11870-і ауылды жерлерде ашылған (жалпы көрсеткіштің 63,3% құрайды).

Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға 2010 жылы 27441 адам жүгінген, 2009 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы уәкілетті органға жүгінгендер саны азайған. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру деңгейі 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, яғни 93,0%-дан 95,6%-ға дейін артқан. 2010 жылы 26236 адам жұмыспен қамтылған.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2544 адам, оның ішінде 2146-сы «Жол картасы» шеңберінде және 9347 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 50 мамандық пен кәсіп бойынша 4478 адам, оның ішінде 1200 адам «Жол картасын» іске асыру үшін қажетті мамандықтар бойынша жіберілді. Кәсіптік оқуды аяқтағандар ішінде 4067 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды, жұмыспен қамтылу деңгейі 91,7%-ды құрады.

Алматы облысының халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдірудің 2008-2010 жылдарға арналған іс шаралар Жоспарын іске асыру шеңберінде жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат жыл сайын артуда. 2008 жылы 420,1 млн. теңге игерілсе, 2009 жылы 531,8 млн. теңге бөлінген, ал 2010 жылға 561,7 млн. теңге қаржы бөлінді.

Ағымдағы жылы «Жол картасы» бағдарламасы өз жалғасын табуда, бұл мақсатқа 14141 жаңа жұмыс орындары ашылып, оған 14418 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылды, нысаналы топтарға жататын азаматтар арасында 2146 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 1852 жас түлектер «Жастар тәжірибесіне» қатысты.

Облыста әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеуде жұмыстар жалғастырылуда. Алматы облысының әкімдігі, Алматы кәсіподақ Одағы және Алматы облысының қызметкерлер бірлестігі арасында 2008-2010 жылдарға арналған үшжақты Келісім іске асырылады. 2010 жылы еңбек қатынастарын реттеу, сондай-ақ әлеуметтік салаға қатысты сұрақтарды шешуде облыстық үшжақты комиссияның екі отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық-шарттар қатынасы жүйесін арттыруға аса көңіл бөлуде. Облыс аумағында «Ұжымдық шарт қабылдаңыз!» акциясын ұйымдастыру нәтижесінде 2009 жылы 2008 жылға қарағанда кәсіпорындар мен мекемелер арасында ұжымдық шарт қабылдау көрсеткіші 771-ден 5571-ге дейін артты, оның ішінде ірі (89,5%-дан 946%-ға артты) және орта (92,4%-дан 98,2% -ға артты) кәсіпорындарында ұжымдық шарт қабылдау көрсеткіштерінің өсімі орын алды.

Әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту және тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылы Алматы облысының әкімдігі, Алматы кәсіподақ Одағы және Алматы облысының қызметкерлер бірлестігі арасында 2011-2013 жылдарға арналған Келісімді дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Облыста еңбек қатынастарын реттеу шеңберінде әлеуметтік әріптестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі дамуда. 2010 жылдың есеп беру кезеңінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 221 Меморандум 618,5 млн. теңгеге жасалынды. Онда аз қамтамасыз етілген отбасыларына, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, зейнеткерлерге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Сондай-ақ жазғы демалыстарда аз қамтылған отбасылар балаларының демалулары үшін мектептерге де қайырымдылық көмектері көрсетілді.

Кәсіпорындарда ахуалды тұрақтандыру және жұмыс орындарын сақтап қалу шараларын қолдануда жұмыстар жалғастырылуда. Яғни, қызметкерлердің еңбек құқықтарын және кепілдігін қамтамасыз етуде облыс бойынша 301, оның ішінде 68 – ірі, 233 – орта кәсіпорындармен Меморандумдар жасалынып, бүгінгі күнде жұмыстар жалғасын табуда.

Реттелмеген көші-қонды төмендетуде, еңбек нарығы қысымын төмендетуде және көші-қонды пайдалануда:

- 2009 жылы шетелдік жұмыс күштерін тарту үшін берілетін квотаның шегі үш есеге қысқарған, немесе 2008 жылға 10914 бірлік болса, 4020 бірлікті құрады, ал 2010 жылға квота 4188 бірлікке белгіленді.

- жылдан жылға тартылатын шетелдік жұмыс күштері төмендеуде. Еңбек нарығында шетелдік мамандарды жұмысқа тарту 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 5919 адамнан 2563 адамға дейін азайды, ал ағымдағы жылдың он бір айында 1736 шетелдік мамандар жұмысқа тартылды. Шетелдік мамандарды жергілікті кадрлармен алмастыру саясатын жүргізу мақсатында, кәсіптік даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыра отырып, олардың жұмыспен қамтылуы осының барлығына мұмкіндік туғызды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер үшін жергілікті мамандарды кәсіптік даярлау үшін ең алдымен олардың сапалық құрамы, және де уәкілетті орган кұрделі шарттарды орындауда жұмыс беруші жіберген мамандар даярлауға жіберілген. Сондай-ақ уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуда ең алдымен жоғары білікті мамандарды жіберуде жәрдем көрсетті.

Барлық қолданылған шаралар негізінде 2009 жылы 2008 жылға қарағанда жоғары білікті 1 және 2 санаттағы шетелдік жұмыс күшін тарту 30,6%-дан (1813 бірлік) 63,1%-ға (1618 бірлік) дейін өсуге, ал білікті жұмысшылар саны 40,1%- дан (2371 бірлік) 36,9%-ға (945 бірлік) дейін төмендеуге мүмкіндік туғызды.

2009 жылы беріліп отырған аса күрделі шараларды орындау үшін жұмыс берушілермен бірлесіп, 1529 адамға кәсіптік даярлау және қайта даярлау ұйымдастырылды, 851 қазақстандық азаматтарды біліктілігін арттыруға, сондай-ақ 1133 қазақстандық азаматтар үшін жұмыс орындары ашылды. 441 шетелдік азаматтарды қазақстандық мамандармен алмастыруға.

2010 жылдың 1 желтоқсанынаоның ішінде әрекет етіп отырған рұқсаттар бойынша облыстағы 74 кәсіпорын мен ұйымда 1119 шетелдік және 9598 қазақстандық азамат еңбек етуде.

Жыл басынан шетелдік жұмыс күшін тартып отырған кәсіпорындар 574 адамға кәсіптік даярлау және қайта даярлау ұйымдастырылды, біліктілігін арттыруға 1863 қазақстандық азаматтар, сондай-ақ оларға 1683 жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылып, 557 қазақстандық азаматтар шетелдік мамандармен алмастырылды.
1.2) Негізгі мәселелерді талдау

Сонымен бірге, Алматы облысының еңбек нарығындағы ахуалда проблема да жоқ емес, оның басты салдары болып мыналар табылады: жұмыссыз азаматтардың кәсіби-біліктілік құрылымының лайықты болмауы. Азаматтардың басым деңгейінің орта және жоғары кәсіптік білімдері жоқ. Жұмысшы мамандықтарына жаппай тапшылық сақталып келеді, жұмыс күші сапасының төмендігі мен тиімсіз жұмыспен қамтудың (аграрлық салада жұмыс істейтіндердің үлес салмағы жоғары) орын алуы болып табылады. Облыста экономиканың дамуы басқарусыз көші-қон және көлеңкелі жұмыспен қамтудың мүмкіндік туғызуы қаупінің пайда болуы.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны әжептәуір сақталып отыр, оның ішінде 365,3 мың адам немесе 43,4%-ы өзінің жеке үй шаруашылығымен айналысады. Сондай-ақ жұмыссыздық сақталуда, әсіресе әйелдер жұмыссыздығының деңгейі жоғары.

Халық санының 70%-ы ауылды жерлерде тұрады. Бұл тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, еңбек шамасының біліктілік деңгейінің жетіспеушілігіне әкеп соғады. Бұдан басқа тұрақты жұмыстың болмауынан және ауылды жерлерде еңбекке ақы төлеу төменгі деңгейде жүргізілуінен тұрғындардың ауылдан көшуіне әкеп соғады.
1.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобасын іске асыруда өндірісті техникалық жабдықтаумен дамыту, кәсіпорындарда жоғары білікті жұмыс күштеріне сұраныстар экспортты бағдар ретінде қалыптасады.

Бұл орайда, ортамерзімді болашақта өнімді жұмыспен қамтуды жоғарылату үшін, салаларды дамыту болжамы есебінен кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау стратегиясын іске асыру жоспарланған. Бұл Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының стратегиялық бағытының басты әрекеті болып табылады.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, көші-қонның заңсыз әрекеттерінің қаупін төмендету және оларға жол бермеу, біліктілігі жоқ жұмыс күшінің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ көші-қон саясатын жаңарту үшін шара қолдануға тиімді әрекет ету, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттарды беру жолдарын жеңілдету.
2-стратегиялық бағыт. Облыс халқының аз қамтамасыз етілген тобының табысын арттыру және кедейшілікті төмендету

2.1) Даму саласының негізгі көрсеткіштері

Халықтың экономикалық белсенді және кіріс өсімі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің артуы кедейшілік деңгейінің төмендеуіне мүмкіндігін тигізді.

Облыс бойынша күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі 2000 жылы – 46,2%, 2001 жылы – 39,3%, 2002 жылы -36,3%, ал 2009-15,5%, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш үш есеге дейін төмендеген.

Кедейшілік шегінен төмен тұратын халық санының үлесі 2002 жылы 8,5%-ды (132,5 мың адам) құраса, қабылданған шаралар негізінде 2011 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіш 0,3%-ға (5,7 мың адам) дейін төмендеді және де кедейшілік деңгейі 2002 жылмен салыстырғанда 28 есе дейін төмендеген.

Бұл көрсеткіштерге халықты жұмыспен қамтудың тиімділігі есебінен жетіліп отыр, яғни қосымша жұмыс орындарының ашылуы, ақылы қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу, сондай-ақ халықтың әлеуметтік көмекке анағұрлым мұқтаж топтарына атаулы әлеуметтік көмектер тағайындау үшін құрылған учаскелік комиссияның сапалы жұмыстарының нәтижесінде болып отыр.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынының барлық жағынан алғанда (балалар, бала күтімінде отырған тұлғалар, жұмыссыздар, мүгедектер, өз-өзін жұмыспен қамтығандар, жұмыс істейтіндер) олардың әрқайсысына санаттарына қарай әлеуметтік қолдаудың әртүрі көрсетіледі. Халықтың жұмысқа жарамсыз кедей бөлігіне жататындарға әлеуметтік қолдаудың ең тиімді түрі – материалдық көмектер көрсетіледі. Ал халықтың еңбекке жарамды бөлігіне жұмыстың қолайлығына қол жетімділігі.

2010 жылы аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаражат көлемі өсті.

Облыс бойынша 2010 жылы әлеуметтік көмектің әртүрінен 128 мыңнан астам адам 1772 млн. теңгеге көмек алды. Оның ішінде кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер төленеді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) 2010 жылы 2271 отбасына, оның ішінде 10017 адамға 174,5 млн.теңге тағайындалып, төленді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3631 адамға (13648 алушы) кем. Талдау жұмыстары бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың басымы -балалы отбасылар-62,9%, өз-өзін жұмыспен қамтығандар – 13,9%, бала күтімімен отырғандар - 11% және жұмыссыздар – 2,2%. 2011 жылдың 1 қаңтарына МАӘК алатындар саны - 5681 адамды немесе тұрғындар санының - 0,3%-ын құрайды.

Ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды сатысы болып табылады. Жыл басынан облыс бойынша 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 58049 балаға (19802 отбасына) 703,1 млн. теңге тағайындалып, төленді, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6655 балаға кеміді.

Барлық азаматтарға, коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары шегінде отбасының жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі төленеді. Жыл басынан тұрғын үй көмегі 19511 отбасына 462,7 млн. теңгеге төленді.

Облыс әкімінің гранты бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларының және жетім балалардың ішінен 354 студентке оқу орнында оқуына облыстық бюджеттен 80,5 млн. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларда тәрбиелеп отырған отбасыларына төленетін көмек мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіштен 8 айлық есептік көрсеткәшке дейін өсіп, ағымдағы жылға бюджеттен  56,9 млн. теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп (2009 жылы бұл мақсатқа 29,0 млн. теңге бөлінген).

Бұл төлемдердің барлығы біздің облыстағы әлеуметтік жағынан әлжуаз санаттағы азаматтарға нақты қолдау болып отыр.


    1. Негізгі мәселелерді талдау

Әлеуметтік қолдау жүйесінде сақталатын және шешілмейтін мәселелер әліде бар:

1. ауылдағы кедейшілік

2. ауылда кедейшілікті шектеу

3. көпбалалы отбасыларында кедейшіліктің болуы.

Кедейшілік сақталуының басты себептері:

- жұмыссыздық, әсіресе әйелдер арасында;

- ауылды жерлерде еңбекақы төлеудің ең төменгі деңгейде болуы;

- кедейшіліктен шығу үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің төмендігі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconАлматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы «26» «желтоқсандағы»
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconАлматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №236 Қаулысымен
Миссиясы: білім саласындағы мемлекеттік саясатты аумақтық деңгейде іске асыру, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconҚаулы 2011 жылғы 01 шілдедегі №315 Қала әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңдардағы №29 Арқалық
Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңдардағы №29 «Арқалық қалалық мәслихатының 2009 жылдың 23 желтоқсандағы №212 «Арқалық...
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconОқып жатқан жалпы білім беру мектептерінің түлектеріне оқуына ақы төлеу үшін аз қамтылған отбасынан, жетім, жартылай жетім
Заңының 27 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына және Алматы облысы мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2011-2013...
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconҚызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы «30» желтоқсандағы №281 қаулысына
Туристің сұранысын қанағаттандыра алатын облыстың бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымын дамыту
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconПавлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы " "
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21. 12 №28/07 қаулысына 2 қосымша
«2008 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы» Қарағанды облыстық Мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІII сессиясының...
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconЕңбекшiқазақ ауданы Түрген ауылдық округiнiң Сазы ауылын Ақши ауылдық округiне әкiмшiлiк бағыныштылыққа өткiзiп беру туралы
Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 10 сәуiрдегi n 58 қаулысы және Алматы облысы мәслихатының 2008 жылғы 10 сәуiрдегi n 8-50 шешiмi....
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы iconЖоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3166 «Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница