Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»




Скачать 149.87 Kb.
НазваниеБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Дата конвертации13.01.2013
Размер149.87 Kb.
ТипДокументы
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының № 303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 мекен-жайы бойынша орналасқан «Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекеме, тауарлар мен қызмет көрсетуге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2009 жылға мемлекеттік сатып алуды өткізеді.

Мемлекеттік сатып алу.

  1. Жақтауларды дайындау;

  2. Рұқсатнамалар дайындау;

  3. Бланкілер дайындау;

  4. ДУ 15 суық су есептегіш жинақталымда және ДУ 15 көлбеу суөлшегішті бөлшектеу, құрастыру; қызмет көрсету орны Тынышбаева көшесі 3, Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің Түркісіб аудандық қазынашылық басқармасы.

  5. Шаруашылық тауарлар;

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтің қысқа сипаттамасы №1 қосымшада келтірелген.

Жеткізіп беру шарты:

Өнім беруші сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі қажет.

Тауарларды жеткізу және қызмет көрсету орны:

Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83.

Тауарлар мен қызмет көрсету мерзімі:

2009 жыл мамыр айы.

Төлеу шарты:

Төлем Өнім беруші Тапсырыс берушіге шот-фактурасны (орындалған жұмыс актісін) ұсыну жолымен көрсетілген қызметтерге жүргізіледі.

Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге тауарлар мен қызмет көрсетуге баға ұсыныстарын мөрленген конверт арқылы 2009 жылдың 04 мамырынан 08 мамырына дейін 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 мекен жайы бойынша табыс етуі қажет.

Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысы бар мөрленген конверттің бет жағында келесі деректерді көрсетуі тиіс:

  1. Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және пошталық мекен-жайын;

  2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электронды хабарландыруында көрсетілген мәліметтеріне сәйкес келетін атауын және пошталық мекен-жайын;

  3. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстары көрсетілетін тауарларды, жұмыстарды, қызмет қөрсетулерді сатып алулардың атаулары.

707 бөлме, әкімшілік бөлім.

Баға ұсыныстары бар конвертерді ұсынудың түпкілікті мерзімі 2009 жылдың 08 мамырын қоса алғанда сағат 17-00 дейін.

Әлеуетті өнім беруші қызмет көрсетуді жеткізуге байланысты барлық шығыстарды баға ұсынысына енгізу қажет.

Елеулі шарттары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылады.

Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіден тауарлар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын алған уақытынан бастап бес жұмыс күннің ішінде қол қою қажет.

Әлеуетті өнім беруші тек бір ғана баға ұсынысын береді.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ресімдеуіне қойылатын талаптар:

  1. атауы, заңды және нақты мекен жайы (заңды тұлғалар үшін), патенттің және жеке куәліктің нөмірі (паспорт), тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін), СТН-і және әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері;

  2. Тауарлар мен қызметтің атауы, сипаттамасы және саны;

3) Тауарлар мен қызметтің көрсетілу орны мен мерзімі;

4) Енгізілген шығыстар туралы мәліметтері тауарлар мен көрсетілген қызметтің бір бірлігінің құны. Қосымша ақпаратты және анықтаманы төменде көрсетілген телефон бойынша алуға болады:

8(7272) 279-88-01, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы-бас бухгалтер Манкеева Жумагуль Медрасуловна.

№1 Қосымша


  1. Жақтауларды дайындау; саны – 50дана. Жалпы сомасы – 47 500тг.

А4 пішімді

  1. Рұқсатнамалар дайындау: саны - 1000 дана, жалпы сомасы – 26 000 тг.

ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті үшін.

  1. Бланкілер дайындау; жалпы сомасы – 3 500 тг.

Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Алқасының қаулысы.

Саны – 100 дана (мемлекеттік тілде – 50 дана, орыс тілінде – 50 дана).

Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің Алқа отырысының хаттамасы. саны – 100 дана(мемлекеттік тілде – 50 дана, орыс тілінде – 50 дана).

  1. ДУ 15 суық су есептегіш жинақталымда саны – 1дана және ДУ 15 көлбеу суөлшегішті бөлшектеу, құрастыру; жалпы сомасы – 25 000тг.

  1. Шаруашылық тауарлар; жалпы сомасы – 223 000тг.

Comet 500гр. қатты қаптамада – 25 қаптама.

Берзент қолғаптар – 30дана.

Е 27, R 63 айналы шам – 100дана.

Атауыз – 3дана.

7 дана бұрынды жинақталымы – 3дана.

0,8кг балға – 3дана.

Көк изолент – 50дана.

Коннектор – 100дана.

Телефон кабелі – 305м.

Фрекен БОК қоқысқа арналған қаптар, тығыз 120 литров 10шт./уп. – 10 қаптама.

Сүрткіш мата – 100м.

МИФ қолмен жууға арналған кір жуғыш ұнтақ– 40дана.

Фрекен БОК резеңке қолғаптар М – 50дана.

Фрекен БОК резеңке қолғаптар L – 50дана.

Кір сабын 200гр. – 90дана.

м/м қолғаптар – 50шт.

PILA шам РL А55 230V 60-100W Е27 – 240дана.

Сыпыртқы (Сорго) – 20дана.

Шилі сыпыртқы – 10дана.

Шыны жууға арналған Мистер Мускул, 500мл – 10дана.

Унитаз тазалауға арналған құрал Морской 0,5л. – 30дана.

ПВА желім, 801, 0,8кг – 25дана.

Ағызғыш арматура – 5 дана.

Қысқа толқынды пешке арналған құрал – 10дана.

Күлсалғыш көше қоқыссалғыш - 2дана.

PILA шам РL В35 230V 60W Е14 – 100дана.

Тауарлар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу

туралы шарттың жобасы

Алматы қаласы 2009 ж. ___ _____________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын мемлекеттік мекеме Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменті__________________________________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан ________________________________________________________,

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын __________________________________________________атынан

(өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

______________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғының, Ереженің және т.б.)

_________________________________________________________,

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу (баға ұсыныстары тәсілімен) қорытындылары негізінде _______ жылы ___ __________ өткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

217 ҚР Қаржы Министрлігі

Бағдарлама –001 – мемлекеттік бюджеттің атқарылуын орындауды және бақылауды қамтамасыз ету

Кіші бағдарлма – 000

149 Ерекшілігі – өзгеде қызмет көрсету мен жұмыстар

1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

3) «Көрсетілетін қызметтер» Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді білдіреді;

4) «Тауарлар» нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;
5) «Тапсырыс беруші» – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

6) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

7) Өнім беруші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) Тапсырыс берушіге (конкурсты ұйымдастырушының) беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.

Ақы төлеу нысаны аударым___________________________________

(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)

8) Төлеу мерзімі төлем кестесіне сәйкес.

9) Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

шот-фактура және атқарылған, көрсетілген қызметтердің актісі

(шот-фактура немесе қабылдау-беру актісі және т.б.)

Төлем кестесі:



Мерзімі

Сомасы





























Мемлекеттік сатып алу туралы шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарын көздеуге тиіс.

Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

2) егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

6. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немес ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

7. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда саналаманған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

8. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

9. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.

10 Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ___ және ___-тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

11. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Өнім берушінің көрсеткен баға ұсынысына сәйкес келуге тиіс.

12. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

13. . Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

14. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші Тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

15. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызмет бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

16. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

17. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

18. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

19. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

20. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

21. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

22. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс. .

23. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

24. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

25. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

26. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

27. Осы Шартта Тапсырыс беруші пен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

28. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуден өткізгеннен орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін енеді.

29. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

Тапсырыс беруші Өнім беруші

____________________________ ___________________________

(толық атауы) (толық атауы)

____________________________ ___________________________

____________________________ ___________________________

(мекен-жайы) (мекен-жайы)

____________________________ ___________________________

(телефоны, факсы) (телефоны, факсы)

____________________________ ___________________________

(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)

____________________________ ___________________________

(қолы) (қолы)

______ ж. «___»_____________ ____ ж. «___» ______________

М.О. М.О.




Похожие:

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Алматы облысы бойынша қазынашылық департаменті Балқаш, Кербұлақ, Панфилов, Саркан, Райымбек аудандық қазынашылық басқармаларының...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алудың ұзартылуы туралы қайталап хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы»
П алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жайы бойынша орналасқан...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Еттік мекеме, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментіне және аудандық (қалалық) қазынашылық...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру туралы хабарландыру 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»
А сәйкес Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, 130/132 мекен-жайы бойынша орналасқан мемлекеттік мекеме «Алматы облысы бойынша қазынашылық...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconҚр мемлекеттік Орталық музейі
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconҰйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен
Жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың атауы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік тудың сабын, ұштығын және...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (одан әрі Заң) және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік...
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үзіліссіз қоректену көзін сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар Тапсырыс беруші: «Әйелдер мен балаларға арналған Қостанай қалалық бейімделу орталығы»
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жарияландыру: өзге тауарлар
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» iconҚр мемлекеттік Орталық музейі
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (одан әрі Заң) және 2011 жылдың № баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница