Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар




НазваниеОрта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
Дата конвертации14.01.2013
Размер91.3 Kb.
ТипДокументы
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

П.У.Баймишева,

Қызылорда медицина колледжінің оқытушысы

Қазіргі кезеңде орта арнаулы білім беретін колледждердегі оқу-тәрбие үрдісіне әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді.

Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүзеге асыруға негізделеді.

Педагогикалық инновациялық технология – оқу процесін жүзеге асыру техникасының мазмұны, жоспарланған оқыту процесінде жетістікке жету және педагогикалық теорияға, әдістемеге, мұғалімнің оқыту қызметін жоспарлауға бағытталған.

Педагогикалық технологияға тән ерекшеліктер:

  1. Болжайтын нәтижеге жету үшін алдын-ала белгіленген уақытта немесе мұғалім мен оқушы денсаулығының физикалық, техникалық қорын жұмсау деңгейін алдын-ала айқындау керек.

  2. Нақты жетістік критерийлер мен параметрлер арқылы зерттеледі.

  3. Педагогикалық технологияны кез келген мұғалім игеретініне кепілдік беруге болады.

4. Педагогикалық технологияны оқытуда іс-әрекет арқылы ықпал ету

теориясын міндетті түрде сақтауды қажет етеді.

Сонымен қазіргі заманғы арнаулы орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық және т.б.) өтіп, екінші баспалдақ – технология деңгейіне көтерілу қажет екені даусыз.

Педагогика саласындағы ғалымдардың көзқарасында педагогикалық технология дидактикалық процестермен, оқыту құралдарымен, ұйымдастыру түрлерімен байланысқан, оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болады. Осы оқыту жүйесі «нәтижелі қалай оқытуға болады» деген дәстүрлі сұраққа жауап береді. Яғни, педагогикалық технология дегеніміз, барлық бөлшектері ойластырылған оқу және педагогикалық іс-шаралардың жобаланған моделі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде оқушы мен мұғалімге барлық ыңғайлы жағдай туғызу және педагогикалық технология оқу процесін толық меңгеру идеясын іске асыруды болжайды.

Тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология мынадай міндеттерді шешеді: оқушының танымдық қызығушылығының жоғары деңгейі мен өз бетімен ойлау белсенділігін құрады және қолдайды. Сабақ уақытын үнемді және мақсатты пайдалану, оқушының ойлау әрекеттері тәсілдерін қалыптастыру және дамыту; оқушы мен мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынас; алынған білім, білік дағдысының көлемі мен тұрақтылығы.

Енді, осы инновациялық педагогикалық технологиялардың ішіндегі орыс ғалымы, академик В.М.Монахов ұсынып отырған технологиялық картамен тереңірек танысайық. Технологиялық карта – болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері беріледі.

1. Мақсат қою. 2. Диагностика. 3. Мөлшерлеу.

4. Болжаудың логикалық құрылымы. 5. Коррекция (түзету).

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы үш объектімен жұмыс жасауға негізделген: технологиялық карта (ТК), сабақтың ақпараттық картасы (САК) және оқушы дамуының ақпараттық картасы (ОДАК). Осы аталған технологияның жүйелілігі педагогикалық технология объектілерін жобалау процедурасын анықтайды. Бұған мысал ретінде өзім сабақ беретін «Физика және астрономия» пәнінен «Атом ядросының физикасы» тарауын алайық.

Тақырыптық жоспар жасау үшін технологиялық картадағы «Оқу процесінің логикалық құрылымы» жолына осы тарауда өтетін сабақтардың санын көрсетеміз. Содан соң оқушыларға тарау бойынша білім беруде жетістікке жетуге кепілдік боларлықтай, бірқатар кішігірім мақсаттарды қоямыз. Қойылған кішігірім мақсаттар арқылы жетістікке жету үшін «диагностика» қатарына қысқа мерзімді өзіндік жұмыстарды белгілейміз. Диагностика жүргізілетін сабақты «логикалық құрылым» қатарына белгілейміз. Диагностика төрт тапсырмадан тұрады: оның ішінде екеуі – білім стандартына сәйкес, ал қалған екеуі күрделі тапсырма (№3 – «жақсы» деген бағаға, №4 – «үздік» деген бағаға) болуы керек. Диагностиканың толық вариантын «диагностика» қатарына жазамыз. «Үй тапсырмасының мөлшері» қатарына диагностикаға жақсы дайындық боларлықтай есептер мен тапсырмалардың нөмірлерін көрсетеміз. «Коррекция (түзету)» қатарына оқушылардың дәстүрлі қиындықтары жазылады. Сабақ беру барысында технологиялық карта барлық оқушыда болуы тиіс. Бұл оқушыларға да, олардың ата-аналарына да оқу процесі кезінде бағыт-бағдар беруге, диагностикада күтілетін жұмыс пен тапсырманың мақсатын дәл білуге көмектеседі. Әрбір оқушы қалаған бағасына сәйкес жұмыстың қандай бөлігін орындауды өзі шешуі тиіс. Бұл технологияның жетістігі сол, оқушы мен ата-аналарға білім беру процесі толығымен айқындалған. Бұл оқушыларға сабақта жақсы жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Оқу

процесінің

логикалық

құрылымы

Технологиялық карта №1

«Атом ядросының физикасы»

І курс

Пән: «Физика және астрономия»

Д1 Д2 Д3

1 2 3 4 5 6 7

ЛЖ

Мақсат қою

Диагностика (болжау)

Коррекция (түзету)

М1: Элементар бөлшектерді тіркеу және бақылау әдістерімен танысу, зарядталған бөлшектердің тректерін зерттей білу. Радиоактивтілік, изотоптар ұғымдарын түсіну және радиоактивтік түрленулер мен радиоактивті ыдырау заңын қолданып есептер шығара білу.

Д1: 1. Гейгер есептегішіне жақын жерде радиоактивті құрал жоқ болса да, оның ионданған бөлшектердің пайда болуын тіркеп отыратынын қалай түсіндіруге болады?

2. Егер трек радиусы 4 см, ал магнит өрісінің индукциясы 8,5 мТл болса, Вильсон камерасына ұшып кірген электронның жылдамдығы қандай?

3. Уран радиоактивті ыдыраудың тізбектелген сериясының нәтижесінде қорғасынға айналды. Осы жағдайда ол қанша -түрленуге және қанша -түрленуге ұшырайды?

4. Радийдің -ыдырауының реакциясын жазу керек. Ыдырағанға дейін радий ядросы тыныш тұрған деп ысептеп, пайда болған ядролардың импульсі мен кинетикалық энергиясын салыстырыңдар.


Радиоактивті ыдырау заңын қолдануға математикадан көрсеткіштік теңдеулерді есептей білуі

М2: Атом ядросының құрылысы, ядролық күштер, атом ядросының байланыс энергиясына есептер шығара білу.

Д2: 1. Ядродан протон атылып шыққанда элементтің массалық саны және нөмірі қалай өзгереді? Нейтрон атылып шыққанда ше? Позитрон атылып шыққанда ше?

2. Д.И.Менделеев кестесін пайдаланып, фтор, аргон, цезий, және алтын атомдары ядроларындағы протондар мен нейтрондар санын анықтаңдар.

3. Ауыр сутегі – дейтрон ядросының байланыс энергиясы неге тең? Дейтронның салыстырмалы атомдық массасы – 2,01355, протондікі -1,00728, нейтрондікі – 1,00866, көміртегі атомының массасы – 1,995*10-26кг.

3. Азот ядросын протондарға және нейтрондарға ыдыратуға қажет ең аз энергия қандай?


Менделеев кестесін қолдана білуі

М3: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсерін ұғыну, ядролық, термоядролық реакцияларға есептер шығара білу.

Д3: 1. Бор ядросын протонмен атқылағанда берелий шығады. Осы реакция кезінде тағы да қандай ядро пайда болады?

2. Эйнштейнийді -бөлшектермен сәулелендіргенде нейтрон бөлініп шығумен бірге, менделевий элементі алынған болатын. Реакцияны жазыңдар.

3. Мынадай ядролық реакция кезінде қандай энергия бөлініп шығады:

4. Нейтронды қармап алып ядросының ыдырау нәтижесінде және ядролар және үш еркін нейтрон пайда болған. Барий ядросының меншікті байланыс энергиясы 8,38 МэВ/нуклон, криптондікі 8,55 МэВ/нуклон және урандікі 7,59 МэВ/нуклон. Уранның бір ядросы бөлінгенде шығатын энергия неге тең?


Ядролық және термоядролық реакция энергияларын есептеуде сақталу заңдарын білуі

Үй тапсырмасының мөлшері




«қанағаттанарлық»

«жақсы»

«үздік»

ҮТ1

1164, 1165, 1166

1167, 1169, 1170

1171

ҮТ2

1173, 1174

1172

1176

ҮТ3

1178, 1179, 1180, 1182

1183, 1184, 1185, 1186

1187, 1188, 1191, 1198

Технологияның келесі компоненті – сабақтың ақпараттық картасы (САК), яғни сабақ жоспары. Сабақтың ақпараттық картасы – тарау ішіндегі жекелеген тақырыптарға жасалады және тақырыпты оқытудың жобасы болып табылады. Ол өзіне:

  • оқу-педагогикалық іс-әрекет мазмұны (мұғалім оқулықтағы текстті тіркейді). Мұнда нені оқыту керек екендігі анықталады;

  • әдістемелік құралдар (оқытушының тапсырмаларға түсініктемесі). Мұнда оқыту мазмұнын оқушыларға қалай жеткізу керек екендігі анықталады;

  • рефлексия – «қарым-қатынас нәтижесі». Оған бірнеше функциялар кіреді: бағалау (өткен сабақ талдамасы) және берілген тараудағы сабақ санына түзету енгізу мүмкіндігі.

Технологияның келесі бөлімі болып табылатын – оқушы дамуының ақпараттық картасына тоқталайық:

Оқушы дамуының ақпараттық картасы

«Атом ядросының физикасы»


Са-бақ



Даму мазмұны

Оқытушының әдістемелік құралдары

Бағдар-

лама



Даму бағдары

1

Элементар бөлшектерді тіркеу және бақылау әдістері.

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару

О й қ о р ы т у

Логикалық ойлай білуі

2

Зарядталған бөлшектердің тректерін зерттеу.

Фронтальды сұрау

Лабораториялық жұмыс

Тест жұмысы

Есте сақтау қабілеті, жұмыс жасай білуі

3

Радиоактивті түрленулер және радиоактивті ыдырау заңы, изотоптар.

Жаңа материалды түсіндіру

Есептер шығару

Диагностика

Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

4

Ядроның құрылысы мен байланыс энергиясы.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Есептер шығару

Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

5

Ядролық реакциялар.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару

Диагностика

Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

6

Термоядролық реакциялар.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару

Есепті шығара білуі, ойша қорытынды жасай білуі

7

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.

Фронтальды сұрау

Жаңа материалды түсіндіру

Презентация көрсету

Есептер шығару

Диагностика

Логикалық ойлай білуі

Бұл тарауға оқытушылар шығармашылығына қарай тірек конспектісі мен тест жаттығуларын қосып, топтама жасауына болады.

Технологиялық картадағы негізгі компоненттердің нақтылығы мақсат қою, игерілетін материалдар, түзету және т.б. бөліктердің болуы оқу тапсырмаларының түсініктілігі мен оларды орындауға қызығушылық деңгейлерін жоғарылатады. Оқушылардың тапсырмаларды өз бетінше орындау нәтижесінен алатын қанағаттанушылық сезімі, осы сезімді бастан қайта кешіруге құмарлық, олардың тапсырманы өз бетінше орындай алу сенімін күшейтіп, оқу іс-әрекеттерін орындау мүддесі мен белсенділігін қалыптастырады.

Орта арнаулы білім беретін оқу орындарында осындай инновациялық технологияларды қолданып оқу процесін жүргізу, оқушыларды жаңа білімді тез игеруге, мамандыққа бағыттауға және еңбек ету барысында бәсекеге қабілетті болуға үйретеді.

Похожие:

Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар icon«№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы бойынша жасалынған жұмыстардың жылдық есебі

Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар iconМинап Г. Павлодар қаласы, Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Павлодар – 2012 сабақ жоспары
Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар icon«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
Жаттарында көрсетілген) негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары (бұдан...
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар iconАҚПараттық хат құрметті әріптестер!
«Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибесі мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік...
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар icon«Завуч-2013», «Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі-2013», «мдм әдіскері-2013» атты қалалық конкурстың ережесі. І. Жалпы ережелері «Білім беру мекемесінің инновациялық іс-әрекетін басқару
«Білім беру мекемесінің инновациялық іс-әрекетін басқару, қаланың жалпы орта білім берудің сапасын жетілдірудің факторы ретінде»-атты...
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар iconПрограмма научно практической конференции
«Постдипломдық білім беру процесіндегі инновациялық технологиялар» ғылыми-практикалық конференциясының
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар iconМектепке дейінгі тәрбие мен оқу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы (түзету), қосымша, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлерді аттестациялауға арналған әдістемелік ұсыным

Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар iconКҮнтізбелік-тақырыптық жоспар арнаулы курс информатика
Оқу ісінің меңгерушісімен №25 орта жалпы отырысында Ахмежанова Г. Н. білім беру хаттама № мектебінің директоры
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар iconЖҮйесі орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты
Білім беру мақсаты оқушыларға уаққыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру...
Орта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар iconАқпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі
«Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница