2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер




Скачать 89.84 Kb.
Название2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
Дата конвертации14.01.2013
Размер89.84 Kb.
ТипДокументы
6-қосымша


«Самұрық-Энерго» АҚ

Директорлар кеңесімен

2007 жылғы 5 қыркүйектегі

БЕКІТІЛДІ

№3 хаттама

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ –

КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


Астана қ.

2007 жыл

1-бап. Жалпы ережелер
1.1. «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі қарай - Ереже) Директорлар кеңесі туралы Ереже мен Қоғамның өзге де ішкі құжаттары негізінде әзірленді.

1.2. Директорлар кеңесінің хатшысы – Корпоративтік хатшы (бұдан әрі – Корпоративтік хатшы) Қоғамның директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметін жүзеге асырады. Корпоративтік хатшы Қоғам мен оның органдарының Қазақстан Республикасының заңнама нормалары мен ережелерін, Жарғы ережелерін және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарын сақтауға бағытталған рәсімдерді Қоғам қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары, органдары тарапынан сақталуын қамтамасыз етеді.

1.3. Корпоративтік хатшы осы Ереже мен Қоғам Жарғысы және онымен жасасқан еңбек шарты негізінде әрекет етеді.

1.4. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне бағынады және олардың алдында жауапты болады.

1.5. Корпоративтік хатшы өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2-бап. Корпоративтік хатшы өкілеттілігін тағайындау немесе тоқтату
2.1. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесімен мәжіліске қатысқан Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілігінің дауыс беруі арқылы тағайындалады.

2.2. Директорлар кеңесінің кез келген мүшесі Корпоративтік хатшы лауазымына үміткерлер ұсына алады.

2.3. Корпоратвитік хатшы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті болатын қажетті кәсіби біліктілікке ие болуы қажет. Оның ішінде:

2.3.1. жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі;

2.3.2. үш жылдан кем емес кәсіби тәжірибе, сонымен бірге корпоративтік басқару немесе корпоративтік құқыққа байланысты жұмыс тәжірибесі;

2.3.3. корпоративтік қаржы, бухгалтерлік есеп және бағалы қағаздар нарығы қызметінің принциптерін білуі;

2.3.4. Қоғамға ықпалдастығының болмауы;

2.3.5. тіл табысқыштық, жауапкершілік, корпоративтік қарым-қатынас қатысушыларының арасындағы дауларды басу шеберлігі секілді жеке қасиеттері;

2.3.6. ұйымдастырушылық және талдау жасау дағдылары.

2.4. Үміткер Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер тұлғаны қарау үшін Директорлар кеңесіне келесі ақпаратты ұсынуы қажет:

2.4.1. үміткердің тегі мен аты-жөні;

2.4.2. туған күні мен жылы;

2.4.3. білімі;

2.4.4. соңғы 5 жылда жұмыс істеген орындары туралы мәліметтер;

2.4.5. Қоғамға ықпалдастығы (болмағаны) жөніндегі мәліметтер;

2.4.6. Үміткердің Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындалуына жазбаша келісімі;

2.4.7. оның Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындалуы туралы шешімге ықпал етуге қабілетті өзге де ақпаратты.

2.5. Басқарма Төрағасы Директорлар кеңесінің шешімі негізінде Корпоративтік хатшы ретінде Директорлар кеңесі тағайындаған тұлғамен еңбек шартын (немесе еңбек шартына қосымша келісім) жасасады.

2.6. Директорлар кеңесі кез келген уақытта әрекет етіп отырған Корпоративтік хатшының өкілеттігін тоқтатып, орнына жаңасын сайлай алады.

2.7. Корпоративтік хатшы лауазымына үміткер (үміткерлер) тұлғаның Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшы тағайындау туралы мәселені шешу жөніндегі мәжілісіне қатысуы міндетті болып табылады.

2.8. Корпоративтік хатшы өз қызметінде Қоғамдағы басқа қызметтерді қосымша алып жүруге, сонымен бірге Директорлар кеңесінің келісімінсіз басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқығы жоқ.
3-бап. Корпоративтік хатшының қызметі, құқығы және міндеттері
3.1. Корпоративтік хатшы көпшілік қабылдаған халықаралық стандарттарды негізге ала отырып, Қоғамның корпоративтік басқару саясатын әзірлеуге және мезгіл-мезгілімен қайта қарауға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен шет елдерде осы саладағы тәжірибесіне талдау жасауға қатысады.

3.2. Корпоративтік хатшы Қоғам қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының, органдарының Қазақстан Республикасының корпоративтік қарым-қатынастар саласындағы заңнамасын, Жарғысын және Қоғамның ішкі құжаттарын сақтауға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

3.3. Корпоративтік хатшы Қоғам қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларының, органдарының корпоративтік басқарудың белгіленген принциптерін, оның ішінде ішкі корпоративтік тәртіп режелерін сақтауға мониторинг жүргізеді, сонымен қатар Директорлар кеңесінің атына қажетті түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды құрастырады.

3.4. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі қызметі мен оның мүшелерінің Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындау барысында ұйымдастырушылық және хаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

3.5. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің мәжілісін ұйымдастыру (мәжіліс өткізу туралы хабарлама, мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдерінің жобалары, алдын ала танысуға арналған құжаттардың жобалары және басқалары) және өткізу үшін қажетті құжаттарды (материалдарды) құрастыруды және таратуды қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің қарауына берілген құжаттардың уақытылы және дұрыс ресімделуін қадағалауды жүзеге асырады, Директорлар кеңесі мүшелерінің сұраулары бойынша қажетті құжаттарды (ақпараттарды) ұсынуды және дайындауды ұйымдастырады, Директорлар кеңесі атынан хаттар мен сұрауларға жауап дайындайды, Директорлар кеңесі бекіткен құжаттарды таратады – Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау барысына бақылау жасауды ұйымдастырады.

3.6. Корпоративтік хатшының қызметіне Директорлар кеңесі мүшелерінің Қоғам акционерлерімен, Басқармамен, Басқарма Төрағасымен, Қоғам бөлімшелерінің қызметкерлері және басшыларымен Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында үйлестірілген және жылдам жұмысын қамтамасыз ету кіреді.

3.7. Корпоративтік хатшы осы Ережеде, өзге де ішкі құжаттармен қарастырылған басқа да қызметтерді, сонымен қатар Директорлар кеңесі мен Төрағаның тапсырмаларын орындайды.

3.8. Корпоративтік хатшы корпоративтік басқарудың халықаралық тәжірибесі мен заңнамадағы соңғы өзгерістерден хабардар болуға тырысады және мезгілімен осыған сәйкес ақпараттарды Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасына ұсынып отырады.

Корпоративтік хатшы Қоғам органдарының арасында ақпарат алмасудың тиімділігіне септігін тигізеді және басқарудың барлық мәселелері бойынша Директорлар кеңесінің барлық мүшелері үшін кеңестер өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жауапты тұлға болып табылады.

3.9. Корпоративтік хатшы Қоғамда орын алған барлық Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғысының, корпоративтік басқарудың белгіленген принциптерінің, ішкі корпоративтік тәртіп ережелерінің, Директорлар кеңесінің немесе акционерлердің Жалпы жиналыс шешімдерінің бұзылғаны жөнінде Директорлар кеңесінің Төрағасын уақытылы хабардар етуге міндетті.

3.10. Корпоративтік хатшы заңнаманың, Жарғының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің мәжілістерін дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Соның ішінде Корпоративтік Хатшы:

3.10.1. Директорлар кеңесі төрағасымен бірлесіп Директорлар кеңесінің жылдық мәжілістер кестесін құрастырады және Директорлар кеңесі мәжілісінің өткізілуі туралы Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне мәжіліс болатын күннен үш жұмыс күні бұрын хабарлама таратуды қамтамасыз етеді;

3.10.2. бюллетеньдер құрастырады, Директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беруі үшін бюллетеньдердің тапсырылуын қамтамасыз етеді, толтырылған бюллетеньдерді, мәжіліске қатыспаған Директорлар Кеңесі мүшелерінің жазбаша пікірлерін алады және оларды Директорлар Кеңесі төрағасына тапсырады;

3.10.3. Директорлар Кеңесі мәжілісін өткізу рәсімдерінің заңнаманың, Жарғының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес тиісті түрде сақталуын қамтамасыз етеді.

3.10.4. Директорлар Кеңесі шешімдеріне хаттама жасайды және толтырады, оларға өкілетті тұлғалардың уақытылы қол қоюына жауап береді;

3.10.5. Директорлар кеңесі мүшелерінің шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттарды алуын қамтамасыз етеді және сол үшін оларды Басқарма мәжілістерінің стеннограммалары және хаттамаларымен, Басқарма Төрағасының бұйрықтарымен, Қоғам органдарының өзге де құжаттарымен, Қоғам аудиторының қорытындыларымен таныстырады;

3.10.6. Директорлар кеңесінің қайта сайланған мүшелеріне Қоғам қолданысындағы Директорлар кеңесі мен Қоғамның өзге органдары қызметінің ережелерін, Қоғамның ұйымдық құрылымын түсіндіреді, Қоғамның лауазымдық тұлғалары туралы ақпарат береді, Қоғамның ішкі құжаттары мен Директорлар кеңесі және акционерлерінің Жалпы жиналысы шешімдерімен таныстырады, Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін тиісті түрде орындауы үшін маңызға ие өзге де ақпаратты ұсынады;

3.10.7. Директорлар кеңесі мүшелеріне Қоғам жөніндегі ақпаратты ашуға, Директорлар кеңесі мәжілістерін дайындаудың және өткізудің рәсімдік мәселелеріне қатысты заңнаманың, Жарғының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарының түсіндірмелерін ұсынады;

3.10.8. Директорлар кеңесі жанындағы комитет мәжілістерін ұйымдастыру дайындығын жүзеге асырады;

3.10.9. комитет мүшелері мен шақырылған тұлғаларға Директорлар кеңесі жанындағы комитет мәжілістерінің шақырылымы туралы хабарлайды;

3.10.10. Директорлар кеңесі жанындағы комитет мүшелеріне Директорлар кеңесі жанындағы комитет мәжілістерінің күн тәртібіндегі мәселелері бойынша материалдар жинайды және жібереді;

3.10.11. Директорлар кеңесі жанындағы комитет мәжілістерінің хаттамасын жүргізеді;

3.10.12. Директорлар кеңесі жанындағы комитет ұсынымдарын Директорлар кеңесі мәжілістерінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарына қосып тіркейді.

3.11. Корпоративтік хатшы Қоғам органдары арасындағы ақпарат алмасу арналарын құруға және тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

3.12. Қоғамның лауазымды тұлғалары даулы жағдайлар пайда болған жағдайда Корпоративтік хатшыға дау туындағаны туралы уақытылы хабарлауы тиіс. Корпоративтік хатшы өзіндегі бар ақпараттың негізінде Директорлар кеңесі мүшелерінің барлық мүмкін болатын және нақты мүдделер дауы туралы Директорлар кеңесі Төрағасына хабарлайды.

3.13. Корпоративтік хатшы Қоғамдағы корпоративтік дауларды шешуді ұйымдастыруға жауапты болады.

3.14. Корпоративтік хатшы өзіндегі міндеттерін орындау күшіндегі құжаттарды Қоғам мұрағатына уақытылы тапсыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Корпоративтік хатшы осы тектес құжаттардың Қоғам мұрағатына тапсырылуына дейінгі сақталауына жауапты. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларынан алынған үзіндіні растайды.

3.15. Корпоративтік хатшы өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында келесі құқықтарға ие болады:

3.15.1. сауал жолдауға, ал лауазымды тұлғалар мен Қоғамның құрылымдық бөлімше басшылары Корпоративтік хатшыға өз міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты (материалды) беруге міндетті;

3.15.2. сауал жолдауға, ал лауазымды тұлғалар мен Қоғамның құрылымдық бөлімше басшылары Директорлар кеңесі шешімдерінің орындалу барысы туралы есебін беруге міндетті, орындалу мерзімі бұзылған немесе орындалмаған жағдайда шешімдердің уақытылы орындалмағаны немесе орындалмау себептері туралы түсініктеме беруге тиіс;

3.15.3. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің Директорлар кеңесі құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі материалдарын дайындауын ұйымдастыру;

3.15.4. Қоғамның құрылымдық бөлім басшылары мен лауазымды тұлғаларынан Жарғы мен Қоғамның өзге де ішкі құжаттарын бұзатын немесе корпоративтік даулардың пайда болуына әкеп соқтыратын әрекеттерін тоқтатуды, бір мезгілде Директорлар кеңесін хабардар ете отырып, талап етуге;

3.15.5. Қоғамдағы корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған рәсімдер мен ережелерді әзірлеу және енгізу немесе Қоғам органдары арасындағы өзара ықпалдастықтың тиімділігін арттыру жөнінде бастамалар көтеруге.

3.16. Корпоративтік хатшыға Қоғам осы Ережеде қарастырылған міндеттерді орындау және ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін ресурстар береді және мүмкіндіктер жасайды.
4-бап. Директорлар кеңесі Хатшылығы
4.1. Қоғамдағы Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Корпоративтік хатшы басқаратын Директорлар кеңесі Хатшылығы (әрі қарай - Хатшылық) құрылуы мүмкін.

4.2. Хатшылық қызметкерлері тікелей Корпоративтік хатшыға бағынады. Хатшылық қызметкерлерінің санын Директорлар кеңесі анықтайды.

4.3. Хатшылық қызметкерлері Корпоративтік хатшының ұсынуымен Басқарма Төрағасымен тағайындалады немесе жұмысқа қабылданады.

4.4. Хатшылық қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілікке ие болуы қажет.

4.5. Хатшылық қызметкерлері бір мезгілде Қоғамдағы басқа да қызметтерді қоса алып жүре алмайды, сонымен қатар Корпоративтік хатшының келісімінсіз басқа ұйымдарда жұмыс істей алмайды.





Похожие:

2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер iconI- тарау. Жалпы ережелер 1-шi бап. Студенттiк ұйымның ұйымдастыру формасы
«Тура би» бұл осы жарғыдағы нақтылы мақсаттарға жету үшін,студенттердің өз еркін білдіру арқылы құрылған дербес, студенттік ұйым
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер icon11-БӨлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу 42-тарау. Жалпы ережелер 307-бап. Осы бөлімде реттелетiн қатынастар
Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер icon503-бап. Жалпы ережелер
Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi...
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер icon9-БӨлім. Акциздер 38-тарау. Жалпы ережелер 277-бап. Акциздердi қолдану
Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген...
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер iconЖалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар
Осы Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi
2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер iconАукциондардан алынатын алым 463-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница