Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары




Скачать 54.73 Kb.
НазваниеАтырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары
Дата конвертации14.01.2013
Размер54.73 Kb.
ТипДокументы


Атырау облысының Статистика департаментінің

2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №1424 қаулысымен бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарында және Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылға арналған жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстар толық көлемде орындалды.

Статистикалық жұмыс жоспарының орындалуы
Статистикалық бизнес тіркелімінде 2012 жылдың 1 қаңтар жағдайына 11654 заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері тіркелген, оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 66,1%.

Статистика департаменті олардан жалпы мемлекеттік статистикалық байқауларды жинап, өңдеуді жүзеге асырады. 2011 жылы Статистика департаментімен, есеп беру кезеңділігін қоса, барлығы 745 статистикалық байқаулар орындалды, оның ішінде 530 - айлық, 99 - тоқсандық, 15 - жартыжылдық және 101- жылдық есептер.

Жарияланатын статистикалық материалдардың тізбесіне сәйкес, 2011 жылы ай сайын «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» ақпараттық-талдамалы журналы, «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» қысқаша статистикалық бюллетені, «Ауыл (село) дамуының мониторингі» жинағы, «Атырау облысының статистикалық жылнамасы» алдын-ала деректері, «Атырау облысы 2011 жылы» статистикалық жылнамасы және 15 салалық жинақ, 298 (2010ж. - 295) статистикалық бюллетень, 215 (2010ж. - 202) жедел ақпараттар дайындалып жарияланды.

Барлық жарияланымдық материалдар ҚР Статистика агенттігінің әдістемелік ұсыныстарына сәйкес жасақталды. Статистикалық материалдардың негізгі пайдаланушылары мемлекеттік органдар болды.

Статистикалық материалдарды тарату реестріне сәйкес, 2011 жылы 35 мемлекеттік орган статистиканың әр саласы бойынша жарияланымдарды ай сайынғы негізде алып отырды. Атырау қаласының кітапханаларына Департаментпен жарияланатын және Агенттіктен түсетін барлық материалдар табыс етілуде. Бұдан басқа да, ҚР Статистика агенттігінің арнайы тізбесіне сәйкес, ҚР Үкіметінің Кеңсесіне, ҚР Парламенті Палаталарының салалық бөлімдеріне және бірқатар Министрліктердің ұйымдастыру бөлімдеріне тиісті статистикалық материалдар мерзімінде толық жіберілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың 1200-ге жуық ресми сұратулары орындалды, жедел статистикалық ақпараттар күн сайын қағаз тасушыда және электрондық түрде жіберіледі. Сонымен қатар, 2011 жылы барлық сала бойынша 500-ден аса респонденттерге консультациялық қызмет көрсетілді.

Жұмыс сапасын арттыру мақсатында, аудандық статистика басқармаларымен 2011 жылдың маусым және желтоқсан айларында жиналыс өткізілді. Олардың жұмыс қортындылары тыңдалып, Статистика департаментінің 2012 жылы алға қойған міндеттері туралы айтылды.

1-КО нысаны бойынша жаңа статистикалық байқаудың енгізілуіне байланысты және Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағына (аумағынан) тауарларды әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді толық қамту мақсатында, аумақтық кеден және салық органдарымен тығыз жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2011 жылдың қараша айында облыстық әкімдікте аудандық және облыстық деңгейдегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қатысуымен «Әкімшілік есепке алу мәселелерін түсіндіру» және барлық деңгейдегі округтер әкімдерінің қатысуымен «Әр шаруашылық есепке алу кітаптарының жүргізілуі» тақырыптарында семинар-кеңестер өткізілді.

Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы түсіндіру жөніндегі іс- шаралардың 2011 жылға арналған жоспарына сәйкес, 2011 жылдың тамыз айында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ал қараша айында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Интернет

Статистика департаментінің веб-сайты пайдаланушыларға статистикалық ақпараттарды жедел ұсынуда үлкен рөл атқарады. Порталды қолданушылар департамент сайтынан әртүрлі сипаттағы статистикалық ақпараттарды таба алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесіне сілтеме орнатылды. Сайт үнемі жетілдіріліп отырады.

Сонымен қатар, қоғамның барлық өкілдерінің статистика саласына қатысты толғандырып жүрген сұрақтарына веб-сайттың «Сұрақ-жауап» айдары арқылы сапалы және дәйекті жауаптар жедел түрде беріліп отырады.

ҚР Статистика агенттігімен және ҚР Байланыс және ақпарат министрлігімен бірігіп бекітілген Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесін ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органдарында бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізу және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстардың Жоспар-кестесіне сәйкес, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Атырау филиалының мамандары 2011 жылдың наурыз айынан бастап дайындық шараларын жүргізіп, барлық мамандарды оқудан өткізді.

2011 жылдың мамырынан электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесі іске қосылып, Департаменттің барлық салалық басқармаларында орнатылып, бүгінгі күні барлық қызметкерлер осы жүйеде жұмыс жасауда.

Департаменттің Интернет-ресурсын жетілдіру мақсатында, веб-сайт «Мемлекеттік статистикасында инновациялар» және «Респонденттер үшін» бөлімдерімен толықтырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің блогына сілтеме орнатылды.

Қоғаммен байланыс
Статистика департаменті өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті және сапалы ақпаратты мерзімінде ұсынып отырады.

Статистика департаменті қазіргі таңда жергілікті басылымдармен, телеарналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 2011 жылы 164 (2010ж. - 124) баспасөз-хабарламалары жарияланды және Департамент қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық даму туралы әртүрлі аспектілердегі 34 (2010ж. - 20) сөз сөйлеулері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Департамент басшылары облыстық телеарнаның тікелей эфиріндегі «Әлеумет» бағдарламасына үнемі қатысып отырады.

Бұл бағдарламаларда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары, Статистика департаменті мен Ақпараттық есептеу орталығының қызметі мен қазіргі тыныс-тіршілігі сөз болады.

Статистикалық ақпараттарды пайдаланушыларды шығарылатын статистикалық өнімдермен таныстыру мақсатында, жыл сайын тұрақты түрде «Ашық есік күні» өткізіліп келеді. 2011 жылғы «Ашық есік күні» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып өткізілді.
Респонденттермен жұмыс
2011 жылдың жоспарына сәйкес, салалық статистика басқармаларымен респонденттерге арналған 17 оқыту-семинары өткізілді.

2011 жылы мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсынбау, уақытылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға, яғни алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзуға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 381 бабына сәйкес 67 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде 61 заңды тұлға ескерту, 6 заңды тұлға әкімшілік айыппұл есебінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 181440 теңгені құрап, толықтай өндірілді.
Статистика департаментінің құрылымы және қаржыландырылуы
Атырау облысының Статистика департаментінің құрылымына облыстық деңгейде 9 салалық және 7 аудандық деңгейдегі басқарма кіреді, Департамент қызметкерлерінің штаттық саны 120 (нақты 118 адам) адамды құрайды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің қызметкерлердің біліктілігін арттыру Жоспарына сәйкес, Департаменттің 26 қызметкері статистика салалары бойынша семинарларға қатысты.

Сонымен қатар, облыстық деңгейде Департаменттің 24 қызметкері Атырау облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында оқу семинарларына қатынасты.

2011 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес, Атырау облысының Статистика департаментіне жалпы сомасы 151622,9 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Игерілген қаражат сомасы 151553,0 мың теңге немесе 99,95% құрады.


Похожие:

Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2010 жылғы атқарған қызметі туралы есебі
Стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Жауапты хатшысымен бекітілген Атырау облысының Статистика департаментінің...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және
«Қрса 2011–2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының іске асырылуы, Қрса операциялық жоспарының орындалуы, 2011 жылға аумақтық...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2012 жылға арналған Жұмыс жоспары
Р бп қСжае алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына электронды карточкаларды ұсыну
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары icon«Бекітемін» Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры
...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің бастығы
Ауданның/қаланың басқармасы (әрі қарай Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментінің (әрі қарай Департамент) құрылымдық...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconҚазақстан Республикасының Статистика агенттігі Ақтөбе облысының статистика департаменті
Ақтөбе облысының 2011 жылғы сәуірде ірі және орта кәсіпорындарында жұмыс күшінің қозғалысы туралы
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconҚазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Сөйтіп, сауда жасайтын кәсіпорындардың тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-ақпан 19158,9 млн теңге құрады немесе 2011 жылғы...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconҚазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Сөйтіп, сауда жасайтын кәсіпорындардың тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-сәуір 37600,3 млн теңге құрады немесе 2011 жылғы...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconҚазақстан Республикасының Статистика Агенттігі Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Сөйтіп, сауда жасайтын кәсіпорындардың тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-мамырда 48106,2 млн теңге құрады немесе 2011 жылғы...
Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары iconАтырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Мөлдір бұлақтан »

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница