Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны




Скачать 469.65 Kb.
НазваниеАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
страница1/3
Дата конвертации14.01.2013
Размер469.65 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3



Облыс әкімдігінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 330 қаулысымен

бекітілген

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП

БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010 – 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


Мазмұны:

  1. Миссия және пайымдау...................................................................................................................3 бет

  2. Ағымдағы жағдайды талдау...........................................................................................................3 бет

  3. Стратегиялық бағыттар...................................................................................................................16 бет

  4. Басқарманың функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер......................................23 бет

  5. Нормативтік құқықтық актілер.......................................................................................................25 бет

  6. Бюджеттік бағдарламалар................................................................................................................26 бет



    1. МИССИЯ ЖӘНЕ ПАЙЫМДАУ


Миссия: Өңірдегі кәсіпкерлік пен өнеркәсіптің дамуына арналған жағдайларды қамтамасыз ету. Әсіресе, мұнайхимя және басқа да салаларда сапалы қызмет көрсетуге және жоғары қосымша құнды өнім өндіруге бағытталған кәсіпкерлік пен өнеркәсіптің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал ету.
Пайымдау: Отандық және шетелдік тұтынушылар талап ететін өнімдер көлемін елеулі өсуімен сипатталатын, экономиканы тиімді әртараптандыру. Шекаралас Астрахань облысымен мәдени, экономикалық, сауда ынтымақтастығында өнімді сыртқы экономикалық қызмет жүргізу.

Халықаралық энергетика нарықтарында қатысушы ретінде өңірдің ролін күшейту. Өңірдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында облыс халқының жұмыспен қамтылу үлесін көбейту. Өңірдің өнеркәсібінде энергия үнемдеу технологияларын енгізу.

2. Ағымдағы жағдайды талдау
1. Индустриялық даму

Инвестициялық қамтамасыз ету

Инвестициялық жобалардың мониторингі
Мемлекет Басшысының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында өңірде Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған индустрияландыру картасын әзірлеу жұмысы басталды. Республикалық картаға 3 жобаны қосу жоспарланып отыр:

1. «Қуаты 75 МВт Атырау жылу электр орталығын кеңейтудің IV – кезегінің құрылысын салу», «Атырау жылу электр орталығы» АҚ. Пайдалануға беру мерзімі 2010 жыл.

2. Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту және жетілдіру.

3. «Атырау облысында кіріктірілген газхимия кешенінің құрылысы», «Kazakhstan Petrocemical Industries Inc.» ЖШС.

Өңірлік Индустрияландыру картасына Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан келесі инвестициялық жобаларды қосу жоспарланып отыр:

1. «Газтурбиналық қондырғылар мен жабдықтарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету зауытының құрылысы, қуаты жылына газды айдайтын агрегаттардың (ГАА) 18 күрделі жөндеуі және 12 ағымдағы жөндеуі», «КазТурбоРемонт» ЖШС, пайдалануға беру мерзімі 2010 жыл.

2. «Тауарлы бекіре фермасы», «КаспийБалық» қазақстандық бекіре компаниясы» ЖШС.

3. «Ас және техникалық тұз шығаратын зауыт», серіктес - «Промтехснаб» ЖШС, басқарушы компания - «Caspiy Salt» ЖШС.

«Атырау облысында құрылыс материалдары, бұйымдары және құрылымдары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасының» іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бастап Индер ауданында «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС-ның қуаты жылына 3,5 млн. дана гипс блоктарын шығаратын цехы іске қосылды. 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

2010 жылы келесі нысандарды пайдалануға қосу жоспарлануда:

  • «Констракшн KZ» ЖШС - Атырау қаласында тұрғын үй құрылысына арналған үшін жеңіл панельдер шығаратын зауыт, қуаты жылына 900 мың м2 панель. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, сынақтық іске қосу жұмыстарына дайындық жүруде. Зауытты 2010 жылы іске қосу жоспарланған.

  • «МеталПродукт» ЖШС – Құлсары қаласында қуаты жылына 30 мың тонна металлпрокат шығаратын металлургиялық комбинат құрылысы. Құрал-жабдықтар сатып алынып, орнатылуда. 2010 жылы іске қосу жоспарлануда.

  • «БИАС ТЭК» ЖШС – Индербор кентінде қуаты жылына 120 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығару зауытының құрылысы. Зауыт құрылысы басталды.

2015 жылға дейін іске асырылатындары:

  • «Индер-Цемент» ЖШС- Индербор кентінде қуаты жылына 10 млн. тонна цемент шығаратын зауыт құрылысы.

  • «Альянс СК» ЖШС – Атырау қаласында шыныпакеттер шығару цехын жаңарту, 20 % лизингке несиелеу мәселесі қаралуда.



Индустриялық инфрақұрылымның дамуы

Өнеркәсіптің дамуы
2008 жылы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 2 153 млрд.теңге болды, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 117,7 %.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 93 % құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 1972,8 млрд.теңге сомасында өнiм өндiрiлді, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,1 % - ға артық.

Облыс бойынша 21,6 млн. тонна немесе 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,6% мұнай өндiрілді, 9057,3 млн. текше м. ілеспе мұнай газы (123,3 %) өндiрілді.

Соның ішінде, «Теңiзшевройл» ЖШС-гі 17,3 млн. тонна мұнай өндірді, бұл 2007 жылдың тиісті кезеңінен 1,2 есеге артық, ілеспе мұнай газы – 8929,9 млн. текше метр (123,6%).

«Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы 2824 мың тонна мұнай (100,3%), 104,1 млн.текше метр ілеспе мұнай газын (99,1 %) өндірді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 162,3 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2007 жылдың деңгейінен 4,4 %-ға артық. Балық және балық өнімдерін өңдеу мен консервілеуде (16,6 %-ға), кокс, мұнай өнімдерін өндіруде (3,6%-ға), өзге де металл емес минералды өнім өндірісінде (1,5 есеге) өнімдер көлемінің ең жоғары деңгейде өсуі болды.

«АМӨЗ» ЖШС-де 3978,5 мың тонна көлемінде мұнай өңделді немесе бұл 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,8 %-ды құрады. 1566,2 мың тонна (1,4 есе) отындық мазут, 1175,4 мың тонна (115,4 %) газойл, 492,8 мың тонна (104,9 %) автобензин өндірілді.

872,8 мың тонна (99,7 %) пропан мен бутан және 5180,2 млн. текше метр (104,3 %) бензиннен ажыратылған газ өндірілді.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісінде:

2008 жылы өндіріс көлемі 4,0 млрд. теңгені құрады, өнімнің үлес салмағы облыс өндірісінің жалпы көлемінің 0,2%-ын құрады.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындары арқылы 4529,2 мың шаршы метр (94,4 %) гипсокартон, 70,5 мың тонна (92,5 %) бетоннан жасалған құрылыстық жинамалар, 15748,6 тонна (107,4 %) құбырлар және пластмассадан фитингтер өндірілді.

Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінде:

2008 жылы 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дайын тоқыма өнімдері өндірісінде 21,1%-ға, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінде 3,3 %-ға өсу байқалды. Тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісінде 26,6 %-ға, қағаз өнеркәсібі және баспа ісінде 54,4 %- ға өндірістің төмендеуі орын алды.

Өңдеу өнеркәсібі саласында жыл басынан бастап 2 жаңа өндіріс іске қосылып, 60 жаңа жұмыс орны құрылды:

- Исатай ауданында жобалық қуаты жылына 10 млн. кірпіш шығаратын кірпіш зауыты;

- «Атыраумұнаймаш» ЖШС-ң қайта құрылымданған және жетілдірілген машина жасау зауыты.

Мұнайхимия саласында

Республикада көмірсутек шикізатын терең өңдеу мен мұнай химиялық өнім шығарудың өндірістік қуатын құру бойынша министрлік «ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-мен және басқа да мұнай химиялық кәсіпорындармен бірігіп нақты серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне кірісті.

2007 жылдың желтоқсанында Елбасының Жарлығымен Атырау облысының әр түрлі географиялық аумағында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» Арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды.

ҚР ЭМРМ-нің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №116 бұйрығымен «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінің» «Әкімшілік арнайы экономикалық аймағының» Мемлекеттік мекемесі құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2009 жылғы 6 наурыздағы өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында Атырау қаласындағы мұнай-химиялық кешенінің құрылысы жалғасатынын атап өтті.

Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында ароматты көмірсутектер шығару кешенінің құрылысы» инвестициялық жобасын әзірлеп, іске асыруға дайындады.

Электр қуаты, газ және суды өндіру мен бөлуде 2008 жылы нақты көлем индексі 101 % - ды құрады, оның ішінде жылу энергиясын өндіру 3294,8 мың Г/кал или 84,5%, электрэнергиясы 2932 млн. кВт.ч (109%) құрады.

Қазақстандық үлестің дамуы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығын іске асыру шеңберінде облыс әкімдігі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуында қазақстандық үлесті арттыру мақсатында белсендi жұмыстар жүргізуде.

Мұнай операцияларын жүргізгенде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында қазақстандық үлесті ұлғайту мәселесі басқарма қызметiнің басым бағыттарының бiрі болып табылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта облыс аумағында iрi мұнай-газ жобалары іске асырылып жатқанын атап өту керек: олар Солтүстiк Каспий жобасы және Теңiз кен орнын игеру.

ҚР ИСМ-іне және басқа да жоғары тұрған мемлекеттік органдарға мемлекеттік ұйымдардан, ұлттық компаниялардың филиалдарынан, жер қойнауын пайдаланушылардан қазақстандық үлес бойынша ақпаратты жинау, талдау және беру бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 5 наурызында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары У.Е. Шөкеевтің қатысуымен қазақстандық үлесті дамыту мәселесі бойынша өңірлік (Атырау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан) кеңес өткізілді, қорытындылары бойынша жұмыстар, тауарлар және қызметтердің қазақстандық жеткізушілері және ұлттық компаниялар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Ахметовтің 2009 жылдың 3 маусымында қазақстандық үлес мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясының кезектi мәжiлiсiнде берген тапсырмасына сәйкес, ҚР ИСМ-нің, «Самұрық-Қазына Контракт» ҰК» АҚ-ның өкілдерімен бірлесе отырып, Атырау облысы бойынша жыл басынан бастап жасалған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізу туралы келісім-шарттар және меморандумдар бойынша есептік мәліметтер тексеріліп, келісілді.

01.10.2009ж. жағдай бойынша Атырау облысында жыл басынан бастап меморандумдарға, соның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату жөніндегі келісім шарттарға қол қойған кәсіпорындар тізіміне сәйкес жалпы сомасы 8 500 242 мың теңгені құрайтын 82 меморандумға қол қойылған, соның ішінде 1 740 872 мың теңге сомасында 107 келісім-шарт жасалған.

Соның ішінде ұлттық компаниялар бойынша:

-«ҚазАгроҚаржы» АҚ: сомасы 6 542 000 мың теңгені құрайтын 10 меморандумға қол қойылды. Шарттар жоқ.

- «Қазақстан Темір Жолы» АҚ: сомасы 181 568 мың теңгені құрайтын 2 меморандумға қол қойылып, оның ішінде, сомасы 302 317 мың теңгені құрайтын 13 шарт жасақталды.

- «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ: сомасы 1 776 674 мың теңгені құрайтын 70 меморандумға қол қойып, оның ішінде, сомасы 1 438 555 мың теңгені құрайтын 94 шарт жасақталды.

Меморандумдар шеңберінен тыс «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның несие комитеті Махамбет ауданында «Атырауөнімдері» ШҚ–ның құны 70, 0 млн. теңге тұратын, 80 гектар алаңда тамшылата суару жобасын мақұлдады. Қазiргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «Атырауөнімдері» ШҚ-ның арасында осы мәселе бойынша шарт жасасуға даярлық жүруде.

Облыс бойынша «Жол картасының» іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жыл басынан бері 46 конкурс жеңімпазына тауарлар, жұмыстар және қызметтердi сатып алғанда жергілікті тауар өндірушілерге басымдық беру туралы ұсынымдар берілген хаттар жолданды.

Қазақстандық үлес жөніндегі жұмыс тобы құрылды, қазақстандық үлесті ұлғайту бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары жасақталды, облыстағы тауар өндірушілердің каталогі жасалды, онда шамамен 80 жергiлiктi компания тiркелген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 наурыздағы №366 «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық үлестің кейбір мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында «Атырау балық» АҚ-ы мен «ИсиГипсИндер» ЖШС-і бойынша ай сайын қазақстандық үлеске мониторинг жүргізілуде.

«Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 2009 жылғы 14 ақпандағы № 04/09 шешімімен «Отандық тауар өндірушілерінің тізілімін жүргізу мен құру ережесі» бекітілді, оған сәйкес ықтимал жеткізушілер Тізілімге ену үшін алдын ала белгіленген құжаттар тізімін толтырып, «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС-нің уәкілетті бөлімшесіне тапсыруға құқылы.

Қазіргі уақытта аталған Тізілімге Атырау облысынан 29 отандық тауар өндірушілер енгізілді.

Отандық тауар өндiрушiлердің Тізіліміне енгізудің негiзгi талаптарының бiрi - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 11 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілген СТ KZ тауардың шыққан жері туралы сертификаттың болуы. 01.10.2009 ж. жағдай бойынша облыста 35 отандық тауар өндіруші сертификаттаудан өтті.

Қазіргі уақытта басқарма ҚР ИСМ-мен бірігіп «Қазақстандық үлестің интернет-порталын» құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде, онда біздің облыстың тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізетін 80 компаниясын тіркеу жоспарланып отыр.

Порталды енгізудің мақсаты - қазақстандық өндірушілер шығаратын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізілімін олар өндіретін өнімдердің каталогын жүргізу үшін бірыңғай автоматтандырылған бағдарламалық - техникалық кешен құру, сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызмет терді сатып алуларында қазақстандық үлесті көбейту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында нарықтағы сұранысты анықтайтын сатып алу жоспарларын бейнелеу болып табылады.

Қазіргі уақытта министрлiк мемлекеттік сатып алу субъектілері, «Самұрық-Қазына» Қоры ұйымдары, жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе түзуші кәсіпорындар үшін Жылдық жоспардың бірыңғай нысанын және жылдық жоспарды тапсыру үшін Бірыңғай нысанда толтырудың нұсқаулығын жасақтады.

Индустриялық даму саласындағы проблемалар:


  • өңдеу секторы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

  • кәсіпорындардың төмен технологиялық деңгейі, жабдықтардың физикалық тозуы және моральдық ескіруі;

  • айналым қаражатының жетіспеушілігі және төмен проценттік мөлшерлемемен ұзақ мерзімді несиеге қол жетімсіздігі;

  • өңдеу өндірісінің дамуы үшін салық, кедендік заңдылықтардағы әлсіз ынталандыру.


2. Инновацияның дамуы

Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру.
Бүгінгі күні, Атырау облысының ғылыми әлеуетінде ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық әзірлемелер жобаларын әзірлейтін 5 ғылыми-зерттеу институты және 2 базалық жоғары оқу орны берілген.

Қаржыландыруды талап ететін, келешекте инвесторларды қажет ететін Ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары тізбесі қалыптасуда.

Атырау – бизнес инкубаторы 25 жобамен өзінің қызметін жүзеге асырып ойдағыдай жұмыс істеуде.

Қойылған тапсырмаға сәйкес, 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустрияландыру картасы дайындалуда, оған өңірдің ресурстық базасын және инфрақұрылымды дамытуды байланыстыратын өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы енгізілетін болады.

Басқарма Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, соңғы 4 жыл ішінде (2005-2008жж.) «Атырау облысында ұлттық индустриалдық мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру жөнінде белсенді жұмыс жүргізді.

2007 жылы № 495 Ел Президентінің «Арнайы экономикалық аймақ құру туралы» Жарлығына қол қойылған болатын. Ұлттық технопаркі жоғары қосымша құнды инновациялық өнім өндіруге бағытталған технологиялық бизнес паркі ретінде дамиды, бұл оның құрылымында инновациялық технологияларды әзірлеу, байқаудан өткізу және жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық және білім орталықтарын құру қажеттілігін дәлелдейді.

«Атырау облысында Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ құрамына енгізу үшін Атырау облысының әлеуетті кәсіпорындарының, сонымен қатар, АЭА құрамына қосылу үшін, полиэтилен және полипропилен шығаратын Мұнайхимиялық кешен іске қосылғаннан кейін қызметтері жүзеге асатын әлеуеттік өндірістер тізбесі дайындалды.

Жуық келешекте ғылымды және инновацияларды дамыту саласын өңірлік қолдаудың маңызды бағыттары мынадай болады:

-жоғары технологиялық өнім экспортына бағдарланған, ғылымды көп қажетсінетін, ресурс жинақтаушы және экологиялық таза өндірістер әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту;

-ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетігін жетілдіруге жәрдемдесу.
  1   2   3

Похожие:

Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Миссия және пайымдау бет
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconПавлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы " "
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы Қаржы басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау 2009 ж. Мазмұны
Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін...
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау, 2009 жыл Мазмұны
Миссия – облыстың халқы мен ұйымдарына мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссия: Өңірде кәсіпкерлік пен өнеркәсіптің дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Әсіресе, мұнайхимя және басқа да салаларда сапалы...
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница