Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері!




Скачать 35.44 Kb.
НазваниеҚұрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері!
Дата конвертации14.01.2013
Размер35.44 Kb.
ТипДокументы
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

бастығы Е.Шпановтың 2011 жылғы 14 қазандағы Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен өткізілетін

селекторлық мәжілістегі баяндамасы

Құрметті Болат Асылұлы!

Құрметті комиссия мүшелері!
"Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасы бойынша бүгінгі күні жұмыссыздар, өзін-өзі қамтитындар, аз қамтылған отбасы санатына жататындар есебінен 4978 адам тартылды.

Cлайд №1.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіби даярлауға 9 және 11 сынып бітірген түлектердің 600 –і оқуға жіберілді, оның ішінде Жұмыспен қамту бағдарлоамасы бойынша – 500 адам және 100 адам – Жол картасы бойынша.

Слайдта көрсетілгендей оқуға тартылған түлектердің ең көбі аграрлық техникалық колледжді таңдады -133 адам, педагогикалық колледжге-109 адам, медициналық колледжге-77 адам, политехникалық колледжге-73 түлек қабылданса, 108 түлек кәсіптік лицейге жіберілді. Оқуға ниет білдіргендер саны анағұрлым көп болды. Алайда солардың ішінен сынақты жақсы тапсырған аз қамтылған отбасылар санатына жататын түлектер қабылданды.

Cлайд №2.

Келесі слайдта көрсетілгендей ең көп оқуға қабылданған Атырау қаласында-282, Жылыой ауданында - 43, Құрманғазы -39 және Махамбет ауданында 35 адам байқалады.

Cлайд №3.

Жоспар бойынша қайта даярлауға 4610 адам жіберілу қажет, оның ішінде 4100 адам «Бизнес Жол картасы -2020» бағдарламасынан ауыстырылса, 510-ы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған адам. Бүгінгі күні қайта даярлау курстарына 4027 адам жіберілді.

Слайдта көргендей, белгіленген жоспар толықтай Жылыой ауданында орындалып отыр. Атырау қаласында, Махамбет ауданында жоспар 90 пайыздан жоғары, Индер, Мақат аудандарында жоспар 80 пайыздан жоғары, ал Құрманғазы, Исатай ауданында жоспар тек қана 60 пайызға орындалып отыр.

Жоспарды орындамау қаржының толықтай игерілмеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, сондықтан аудан әкімдері барлық күш жігерін осы жұмысты ұйымдастыруға жұмылдыруын сұраймыз.

Cлайд №4.

Бірінші бағыт бойынша күні бүгін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 52 жұмыс берушілермен келісім-шарт жасақталып, 328 адам әлеуметтік жұмысқа орналастырылды. Келісім - шарт жұмыс берушілермен бір жылға жасақталып, жалақының 50 пайызын мекемелер төлесе, қалған 50 пайызы бюджеттен төленеді. Биылғы жылы осы бағытта 54,3 млн теңге қаржы бөлініп, 1-ші қазанға 4,2 млн теңгесі ғана игеріліп отыр. Осы бағытта игерілмейтін қаржыны кері қайтару барысында барлық қала, аудан әкімдеріне хат жолданған болатын. Алайда, әкімдердің қолымен осы қаражатты жыл аяғына дейін толық игеретіндері жөнінде хат алынып отыр.Осыған байланысты, Атырау облысы бойынша бөлінген қаражатты иегеретініміз жөнінде Министрлікке хат жіберілді. Сондықтан, біз осы жұмысты ұйымдастырып бөлінген қаражатты толық игеруіміз қажет.

Cлайд №5.

„Жастар тәжірибесі" жобасы келесі жылдан бастап Жұмыспен қамту бағдарламасына енгізіліп, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асады.Биылғы жылы жастар тәжірибесіне 310 адам жоспарланған болса, бүгінгі күні 175 жұмыс берушілермен келісім шарт жасақталып, оларға 506 жас маман жұмысқа жіберілді. Жыл аяғына дейін бөлінген қаражат толықтай игеріледі.

Cлайд 6.

Жұмыспен қамту бағдарламасының ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерін қолдау бағыты бойынша 212 адамның тізімі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына оқуға жіберіліп, осы айдың 20-нан кейін оқуға шақырамыз.

Бағдарламаның үшінші бағыт бойынша «Нұрсая» ықшам ауданына 20 пәтер алынып, бағдарламаға қатысушылардың кәзіргі уақытта тиісті құжаттары жинақталуда.

Cлайд №7.

„Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесімен қамтылады. ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және біздің басқарманың ұйымдастыруымен осы бағдарламамен айналысатын мамандар бірнеше рет оқудан өткізілді.

Бірақ, күні бүгінге дейін базадағы мәлімет тапсырылған есепке сәйкес келмей отыр, осы мәселе бойынша Еңбек министрлігі тарапынан бірнеше рет кемшіліктер туралы мәліметтер түсуде.

Еңбек министрлігіне жіберілген есеппен дерек қорында Атырау қаласы бойынша –517 адамға, Жылыой ауданында – 72, Индер ауданында – 47 адамға ауытқушылықтар анықталуда.

Апта сайын Еңбек министрлігінен база бойынша түскен ескертпелер жұмыспен қамту бөлімдеріне жолданылады, алайда күні бүгінге дейін ешқандай шара қабылданбай отыр.

Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, қала, аудандар әкімдерінен осы мәселені бақылауға алуыңызды сұраймын.
Құрметті Болат Асылұлы!

Соңғы бейне байланыс режимінде ҚР Еңбек министрінің қатысуымен өткен жиналыста Атырау облысына «Жұмыспен қамту» базаны сапасыз толтырылуы туралы ескерту айтылды. Күні бүгінге барлық әлеуметтік келісім шарттар қала мен барлық аудандар бойынша толықтай енгізілді.
Тыңдағаныңыздарға рахмет!

Похожие:

Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті Болат Икепұлы! Құрметті депутаттар!
Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет атқаруы...
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті Қайрат Пернешұлы ! Құрметті комиссия мүшелері!
Мемлекеттік рәміздер жүйесі мемлекеттік идеологияның маңызды құрамдастарының бірі болып табылады. Еліміздің азаматтарының сағасында...
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Үкімет мүшелері!
Выступление Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан Султанова Б. Т
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті үкімет мүшелері! Бағдарламаның мақсаты
Инвестицияларды тарту, аэа дамыту және экспортты ынталандыру бойынша салалық бағдарламаның
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! icon«Облыстағы айдалатын жерлерді оңтайлы пайдалану туралы» ақпарат Құрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті облыс әкімдігінің мүшелері!
Бұдан басқа, құзретті органдармен үнемі мониторинг жасалып, иесіз жер учаскелерін есепке алу және одан ары оларды тарату бойынша...
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті Серік Сұлтанғазыұлы! Құрметті Ләззат Қайдарбекқызы! Құрметті әріптестер!
Адамзат капиталының құрамында білім үлесі 60 пайыз құрайды. Осыған байланысты Білім беру ортасының сапасымен қоғам сапасы анықталатынын...
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті Григорий Васильевич! Құрметті депутаттар, шақырылғандар! Құрметті шемонаихалықтар!
Президентпен, Үкіметпен және облыс басшылығымен уақытында қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар әлемдік қаржы дағдарысының жағымсыз...
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Выступление акима района Мамалинова Ш. К. на сессии районного маслихата 21 сентября 2011 года
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! icon«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған өнегелі адамдар тізім І «Жамбыл ауданының құрметті азаматы»
«Жамбыл ауданының құрметті азаматы» атағы Жамбыл ауданы Әкімінің 1995 жылғы сәуірдің 27-дегі №4-97 қаулысымен бекітілген
Құрметті Болат Асылұлы! Құрметті комиссия мүшелері! iconҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница