Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы




Скачать 74.33 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
Дата конвертации14.01.2013
Размер74.33 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

ғылыми-техникалық кеңесі отырысының

ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы № 11 2010 жылғы 28 сәуір

Төрағалық етуші: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

вице-министрі Петров В.В.
Қатысушылар: 1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңес

мүшелері;

2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

министрлігі құрылымдық бөліністерінің

басшылары мен мамандары;

3) «АрселорМиталл Теміртау» АҚ, «Қазақмыс

Корпорациясы» ЖШС және Д.А.Қонаев атындағы

Тау-кен істері институтынан шақырылғандар

КӨМІР ЖӘНЕ ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ТАРАТУ САЛАСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Петров В., Ғаббасов С., Қараторғаев М., Әмірғалинов С., Хамимолда Б., Элиманов К., Баймухаметов С., Лавецкий В., Шамганова Л.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарының негізгі мақсаттарының бірі - техногендік авария, зілзала және табиғи апат залалдарын азайту мен қатерді төмендету бойынша жағдай жасауға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі - ҒТК) ҰСЫНАДЫ:

1. Министрліктің құрылымдық бөліністерінің басшылары мен мүдделі ұйымдардың өкілдері ұсынған есептер мен баяндамалар мәліметке алынсын:

1.1 «АрселорМиталл Теміртау» АҚ Көмір Департаментінің (бұдан әрі - КД) көмір шахталарындағы топтық қайғылы оқиғалардың себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия шешімі аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗЖ) орындау нәтижелері;

1.2 «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС 2008-2010 жылдары өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында ҒЗЖ орындау нәтижелері;

1.3 Министрліктің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰҒЗО» РМК) 2009-2010 жылдары аяқталған қолданбалы ҒЗЖ тәжірибелік жүзеге асырудың нәтижелері;

1.4 2011 жылы «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 Республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жүргізілген қолданбалы ҒЗЖ дайындық кезеңдерінің есептері.

2. Министрліктің ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – ТЖжӨҚ МБК) (Ахметов С.Б.) және Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті (Құнанбаев Н.С.) басшылары:

«Абай» және «Тентек» шахталарында топтық қайғылы оқиғаларды тексеру актілері бойынша шаралардың орындалу мерзімдерін сақталуын, сондай-ақ «2008-2012 жылдары «АрселорМиталл Теміртау» АҚ КД шахталарында таукен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді арттыру бойынша шаралар жоспарын» бақылауды қамтамасыз етсін.

3. «АрселорМиталл Теміртау» АҚ КД және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басшылары Министрліктің «ҰҒЗО» РМК бірге ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін:

3.1 Министрліктің ҒТК осы отырысында қаралған мәселелерді шешу мақсатында көмір және тау-кен өндіру салаларының қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында өзекті ғылыми-техникалық сұрақтар бойынша орташа жеделдіктегі бағдарлама өңделсін (қоса беріледі);

3.2 Қарағанда облысы ТЖД өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы салалық нормативтік актілерді өңдеу кестесі оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестікке келтіру мақсатымен келісуге ұсынылсын.

4. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (Дяченко С.Н.) басшысы назар аударсын:

4.1 Жезқазған кен орнындағы пайда болған күрделі геомеханикалық жағдай мен Жезқазған және Лермонтов елді мекендерінің тұрғын аудандарында күндізгі бетке шыққан тау жыныстары қабаттарының опырылуымен байланысты болуы мүмкін техногендік аварияларға;

4.2 метан газының пайда болуы мүмкін Жомарт кенішінде тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге.

5. «АрселорМиталл Теміртау» АҚ КД (Мұхамеджанов Д.Ж.) басшысы «Абай», «Тентек» шахталарындағы топтық қайғылы оқиғалардың себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия шешімдері аясында ҒЗЖ уақытылы орындалмауына назар аударсын, атап айтқанда:

5.1 өндірілген кеңістік өлшемін есепке алумен тіреу қысымы аймағын анықтау мақсатында «Көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық» нормативтік құжатына толықтырулар;

5.2 «Көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулыққа» толықтыруларды есепке алумен, көмір мен газдың тосын лақтырылуы бойынша қауіпті аймақтар қабаттардың автоматтандырылған құрылуы әдістемесін өңдесін.

6. «ҰҒЗО» РМК 2009-2010 жылдары мынадай тақырыптар бойынша аяқталған қолданбалы ҒЗЖ нәтижелерін Министрліктің өндірісі мен қызметіне тәжірибелік енгізу туралы ұсынылған есептерді аяқталған деп есептеу:

- Таукен металлургиялық кәсіпорындарында технологиялық газдар мен атмосфералық ауаның нақты тығыздығын анықтау әдістемесін талдау;

- Химия, мұнай-химиясы және мұнай-газ өңдеу өнеркәсіптерінде техногендік сипаттағы апаттар мен авариялар мониторингі, модельдеу мен болжау;

- Мұнайгаз өндіретін кәсіпорындардың қышқыл газын өңдеу үшін жылу-масса алмасу жабдығының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру;

- Салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың ТЖ кезіндегі төзімділігінің әдістемесін әзірлеу, ТЖ кейін ғимараттар мен құрылыстардың одан әрі пайдалануға жарамдылығын оларды күшейту әдістерін әзірлеумен анықтау;

- Металлургия өнеркәсібі үшін қатты шаң түріндегі отын: оны пайдалану, қауіпсіздігі, экология;

- Техногендік жүктеме және табиғи ортада төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігінің алдын алу деңгейі бойынша Солтүстік-Шығыс Каспий айдынын қоса, Атырау облысы аумағын аудандастыру.

7. Министрліктің ТЖжӨҚ МБК (Ахметов С.Б), Өртке қарсы комитет (Әубәкіров С.Г.), «ҰҒЗО» РМК (Әмірғалинов С Т.), ӨҚжАҚ ҒЗО РМК (Жұмағалиев Р.М.), «ҰҒЗО» РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорындар (Хамимолда, Б.Ж., Шарафиев А.Ш.) басшылары ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін:

7.1 Министрліктің ҒТК ескертулері мен ұсыныстарын есепке алумен, мынадай ғылыми тақырыптар бойынша 2011 жылға қолданбалы ҒЗЖ дайындық кезеңдерінің ұсынылған есептерін толықтыра өңдеу

- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың қауіптілік сыныбының мониторнигінің компьютер жүйесі мен әдістемесін өңдеу және авариялық, өндірістік жарақат пен кәсіптік ауру бойынша көпфакторлы талдама негізінде қатерді бағалау;

- Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың себептері мен салдарын модельдеу мен мониторингі бойынша интеграцияланған логистиканың жүйесін өңдеу;

- Қазақстан Республикасының мұнай газ саласында өрт қауіпті технологиялық процестер қатерін басқару мен бағалау бойынша зерттеулер жүргізу.

7.2 жоғарыда аталған есептерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 80 бұйрығымен бекітілген Министрлікте ҒЗЖ жүргізу мен ұйымдастыру ережелері талаптарына сәйкес, Министрліктің Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым және жаңа технологиялар департаментіне ұсынсын.

8. Министрліктің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК (Әжібеков С Б.) және ӘАҚҚ «Көмір» филиалы (Қаппасов Н.К.) басшылары ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін:

Министрліктің ТЖжӨҚ МБК құтқару және алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша техникалық құралдар мен озық әдістерді пайдаланумен көмір және тау-кен кәсіпорындарында болуы мүмкін аварияны тарату мен жайылтпауға жедел-техникалық дайындықты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.

9. Министрліктің бағынысты ұйымдары және мүдделі мемлекеттік органдардың ғылыми ұйымдары өңдеген 2012-2014 жылдарға «ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер» 009 республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жүргізуге жоспарланған қолданбалы ғылыми-зерттеулердің кешенді ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша ақпаратты мәліметке алынсын және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына ұсынсын, атап айтқанда мынадай тақырыптар бойынша:

- Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған таукен жыныстары және топырақтар массиві аймағында қауіпті аймақтар өлшемдерін болжау мен бағалау әдістерін өңдеу;

- Қазақстан Республикасы өрт қауіпсіздігін ғылыми-техникалық жобалау жүйесін зерттеу мен өңдеу жүргізу;

- ҒАЖ технологияны пайдаланумен Қазақстанның Оңтүстік Шығыс аумағының таулы аймақтарында селді, көшкінді және шөгінді қатерге тартылудың ғылыми-негізді картасын құру және зерттеу жүргізу;

- Селдің, көшкіннің және шөгінді қатердің таралу аумағы мен туындау ошағына ғылыми зерттеу жүргізу және ҒАЖ технологияны пайдаланумен Іле Алатауы бассейндерінің паспортын құру;

- Микросейсмикалық деректер бойынша жер сілкінуді қысқа мерзімде болжау желісін құру;

- Кешенді электр магнитті және температуралық өлшемдерді пайдаланумен қатты жер сілкінісін қысқа мерзімде болжаудың ғылыми негізін өңдеу;

- Сейсмикалық қауіптілікті бағалау негізінде ҒАЖ технологияны пайдаланумен Қазақстан аумағында және іргелес аудандарда қатты жер сілкінісінің атласын өңдеу;

- Әр түрлі ТЖ медика-санитарлық салдарын болжау мен жоспарлау жүйесін жетілдіру;

- Табиғи және эндогенді өрттермен күрес әдістерін өңдеу;

- Қазақстан аумағында табиғи және техногендік сипаттамадағы төтенше жағдайлардың жер беті-ғарыштық мониторингінің ғылыми-әдістемелік негізін дамыту;

- Алматы облысы Іле Алатауының солтүстік баурайы өзендері бассейндерінде жынысты қауіпті үйінді және теңіз-мұзды көлдер каталогын құру;

- Кіші Алматы өзендері бассейндерінде селді қатерді тарату бойынша шаралардың ғылыми және техника-экономикалық негізі мақсатында № 6 өзен мен мұзды-теңіз кешенін, М.Маметова атындағы мұз айдынын зерттеу;

- Қауіпті геодинамикалық және техногендік процесстердің пайда болу масштабы мен қатерді бағалау және Қазақстан аумағында Іле Алатауы баурайында (Алматы маңы ауданы) қорғаныс шаралары жүйесін ұсынымдарын өңдеу;

- Су жинау құрылыстары жұмысын жетілдіру және артық энергияны түншықтыру, авария қатерін төмендету мен төменгі бьефтің шайылуын түзету есебінен гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігін арттыру;

- Гидротехникалық құрылыстарда авария туындаған кезде су басқан аумақта болуы мүмкін залалды бағалаумен қатер талдамасы әдістері мен модельдерін өңдеу.

10. Министрліктің СЖАТЖҒЖТД (Ғаббасов С.Ғ) басшысы:

- министрліктің бағынысты ұйымдарының халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи апаттан, зілзаладан, авариядан қорғау, сондай-ақ медицина апаты саласындағы ғылыми-қолданбалы қызметін жалпы үйлестіруді жалғастырсын.

11. Осы хаттаманың шараларын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есеп белгіленген мерзімдерде, сондай-ақ тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-на Министрліктің Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдама жұмыстар, ғылым және жаңа технологиялар департаментіне ұсынылсын.

12. Осы хаттама қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

13. Осы хаттаманың орындалуын өзім бақылаймын.

Вице-министр В. Петров

Похожие:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
Жылы жүргізілген төтенше жағдайлардың алдын алу саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулерді орындау нәтижелері және министрліктің бағынысты...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
Азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің ОҢ Қорытындысын алған министрліктің бағынысты ұйымдарының Ғылыми-қолданбалы...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі мәжілісінің хаттамасы
Стратегиялық жоспарының (бұдан әрі- министрліктің Стратегиялық жоспары) негізгі бағыттарын нәтижелі іске асыру мақсатында Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының
Төрағалық етті: Божко В. К. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Көкшетау техникалық институты»

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТөтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, төраға орынбасары (келісім...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы icon2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы
Республикасы Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелерінің мәртебесін арттыру мақсатында, БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТаблица на гос языке
Р төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасы...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconТаблица на гос языке
«ҚР төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Нұра ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі» мм...
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы iconХимия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы Требования промышленной безопасности в химической промышленности Астана 2009
Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница