Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл




НазваниеАтырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл
страница1/6
Дата конвертации14.01.2013
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6



атырау герб

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС, АВАРИЯЛАР МЕН ДҮЛЕЙ АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ ЖӘНЕ ЖОЮДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2010 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРДАН ЕСЕБІ

Атырау қаласы 2011 жыл


любимый городатырау04renko
Басқарма, Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 21 ақпандағы №65 қаулысымен «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі» болып құрылып, облыс әкімиятының 2006 жылдың 14 қаңтардағы №11 қаулысымен «Атырау облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы болып қайта құрылды.

Басқарманың негізгі міндеттері:

Атырау облысы халқын, қоршаған ортаны және шаруашылық субъектілерін төтенше жағдайлардан қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

Басқарма, өз қызметі аясында:

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы №100-І «Азаматтық қорғаныс», 1996 жылғы 5 шілдедегі №19-І «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар», 1996 жылғы 22 қарашадағы №48-1 «Өрт қауіпсіздігі», 1997 жылғы 16 маусымдағы №127-І «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру», 2000 жылғы 27 қарашадағы №106 «Мемлекеттік материалдық резерв», 2003 жылғы 5 наурыздағы №391 «Соғыс жағдайы», 1998 жылғы 26 маусымдағы №233 «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық қауіпсіздік», 1999 жылғы 15 наурыздағы №349 «Мемлекеттік құпия», 2005 жылғы 7 қаңтардағы №129-ІІІ «Қазақстан Республикасының қорғанысы және қарулы күштері», 2001 жылғы 19 қаңтардағы №146-ІІ «Мемлекеттік қорғанысқа тапсырыс беру» туралы Заңдарын басшылыққа алады.


ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ:

Басқарма бойынша 2010 жылы 4 облыс әкімдігінің қаулысы, 2 облыс әкімінің шешімі, 1 облыс әкімінің өкімі дайындалып қабылданса, 5 облыс әкімдігінің қаулысы мен 1 облыс әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қабылданған құжаттарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылы 11 ақпандағы №21 «Атырау облысын 2010 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» қаулысы:

1 тармақ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау облысын 2010 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық штаб құрылды.imga0187

2 тармақ:

1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері осыған ұқсас штабтар құрып, атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді.

2. Қала жане аудан әкімдіктерінің тараптарынан берiлген мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша су тасқыны кезінде топырақ алатын барлығы 68 карьер анықталды. Атап айтқанда: Атырау қаласында-4 карьер, Индер ауданында-8 карьер, Қызылқоға ауданында-11 карьер, Исатай ауданында-6 карьер, Махамбет ауданында-17 карьер, Жылыой ауданында-3 карьер, Құрманғазы ауданында-19 карьер.

Елдi мекендерде су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерін күшейту үшiн топырақ алуға қажеттi қазба орындарын басқа мақсатқа топырақ алдырмаудың шараларын алу үшін Атырау облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы бақылауға алған.

3 тармақ:

1. 2010 жылы 10 наурызда №16 және 2010 жылы 26 наурызда №20 селекторлық мәжілісте «Облыста 2010 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жөнінде» және 2010 жылғы 13 сәуірдегі №1 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі» комиссия отырысында талқыланып, тиісті мекеме мен қала, аудан әкімдеріне атқаратын жұмыстары нақтыланып, тапсырма берілді.

2. Қала және аудан әкімдіктерінде 2010 жылдың көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және іске асыру туралы мәжілістер өткізілді. Су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қала және аудан аумағындағы мекемелер мен ұйымдардан тартылатын адамдар және арнайы техникаларды жұмылдыру жоспарланып, жанар-жағар май қоры құрылды. Облыс бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарына тартылатын адам саны 4212, техника-1043, жанар-жағар май қоры: дизельдік отын-31,89 тонна, бензин-20,63 тонна көлемінде анықталды.

Қала, аудандар әкімдері өз күштерімен инерттік материалдардың қорын дайындаса, «Қазселденқорғау» ММ-і елді мекендердегі бөгеттердің аса қауіпті учаскелеріне жеткізу үшін инертті материалдардың қорын дайындады.

Облыс аумағында су тасқынын бақылауға халық арасында құрамында 1063 адамы бар 50 ерікті топ құрылды.

3. Қала және аудан әкімдіктерінде 2010 жылдың көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және іске асыру туралы мәжілістер өткізіліп, су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қала және аудан аумағындағы мекемелер мен ұйымдардан тартылатын адамдар және арнайы техникаларды жұмылдыру жоспарланып, жанар-жағар май қоры құрылды.

Сонымен қатар, қауіпті учаскелерді бақылауда ұстау, ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменттерімен және аудан әкімдерінің бақылауына алынып, қадағалау бекеттері құрылды. Көктемгі су тасқыны кезеңі басталған күннен қала, аудан әкімдіктері, су тасқынынан қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы ақпаратты күнбе күн басқармаға жолдап отырды.

Облыс аумағындағы Индер, Жылыой, Исатай аудандарына су тасқыны қауіпі бар 9 учаскелер анықталып, аталған учаскелерге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» ММ Атырау филиалы облыстық пайдалану басқармасы өкілдерімен өзара бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізілді.

Исатай, Махамбет, Жылыой, Қызылқоға аудандары бойынша өз күштерімен жалпы дайындалған инертті материал қоры:

Қапшық-3400 дана, топырақ-6200 м3, қамыс-1000 дана, плита жабындысы-15 дана, қиыршық топырақ-20 тонна, фундаменттік блок-10 дана, ағаш-10 м3.

Сонымен қатар, қала және аудан әкімдіктерімен елді мекендердегі бөгеттердің аса қауіпті учаскелеріне инертті материалдарын жеткізуге «Қазселденқорғау» ММ-нің инертті материалдар қоры дайындалды. Атап айтқанда:

Томар-200 дана, құрылыс материалдар (қап)-35465 дана, тақтай-29,66 м 3, қиыршықтас-84 м 3, арматура-2935, 76 кг, топырақ-165 тн, күректер-76 дана.

4. Көктемгі су тасқыны кезені басталған күннен қала, аудан әкімдіктері, су тасқынынан қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы ақпаратты күнбе күн басқармаға жолдады.

5. Атырау қалалық және аудандық жедел әрекет ету тобы дайындық қалпына келтірілді.

4 тармақ:

Атырау гидрометериологиялық орталығы, еншілес мемлекеттік кәсіпорны, гидрометериологиялық бекеті көктемгі су тасқыны жөніндегі болжамдарды басқарманың 354809 телефон номеріне уақытында ұсып отырды.

5 тармақ:

Облыс көлеміндегі республикалық, облыстық маңыздағы авто және темір жолдар бойындағы көпірлер мен су өткізгіш тұрбаларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Республикалық автокөлік жолы бойында 252 су өткізгіш тұрба орналасса, оның тазартылуға тиіс 213 тұрбасы, облыстық автокөлік жолы бойында орналасқан 244 су өткізгіш тұрбалардың ішінен 145 тұрбасы, темір жол бойында орналасқан 204 тұрба мен 58 көпір өткелдері толықтай тазартылды.

6 тармақ:

Атырау облысы Ішкі істер департаменті су тасқына қарсы жұмыстар кезінде осы жұмыстарға тартылған инженерлік техниканың кедергісіз өтулерін қамтамасыз етуі үшін, арнайы бұйрық шығарып, іс-шаралар жоспарын бекітті.

7 тармақ:

«Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы көктемгі су тасқыны кезеңінде елді-мекендер мен шаруашылық объектілерін электр энергиясымен үздіксіз және сенімді қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шараларды қабылдап, толықтай дайындыққа келтірілді.

8 тармақ:

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының облыстық телекоммуникациялар дирекциясы облыстың көктемгі су тасқыны кезеңінде елді-мекендер мен шаруашылық объектілерді байланыспен үздіксіз және сенімді қамтамасыз етуге толықтай дайын.
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 мамырдағы №130 «Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 тамыздағы №193 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жөю жөніндегі облыстық комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы:

Кадрлық ауысуларға байланысты, бекітілген комиссия құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 маусымдағы №141 «Облыс әкімиятының 2006 жылғы 13 ақпандағы №44 қаулысымен бекітілген басқарманың ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы:

«Облыстың аумағындағы ұйымдардың жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ жергілікті жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардағы авариялық-жұмылдыру резервтерінің сақтығын қамтамасыз етуді, болуы мен сапалы жай-күйін бақылау туралы» тармақшасы енгізілді.
Атырау облысың әкімдігінің 2010 жылғы 30 маусымдағы №158 «Облыстық көшіру комиссиясын, көшіру іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі топтарды құру» қаулысы:
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 тамыздағы №192 «2010 жылға арналған орман және дала өрттерінің алдын алудың қосымша шаралары туралы» қаулысы:чс-1 (7)

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау облысының орман шаруашылықтарының 2010 жылдың өрт қауіптілігі кезеңіне даярлығын анықтау жөніндегі облыстық штаб құрылды.

2. 2010 жылдың 11 тамыз күні, Атырау облыс әкімінің орынбасары-штаб төрағасының төрағалығымен «Облыс көлеміндегі орман шаруашылығының өрт қауіпті кезеңінің дайындығын анықтау жөнінде» облыстық штабтың мәжілісі өтті.

2.1. Атырау қаласындағы және Құрманғазы, Индер аудандарындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің техникасының, адам қорының, орман алқабында өрттерге қарсы әрекет етуді хабарлау жүйелерінің дайындығына тексеру жүргізіліп, акт жасақталды.11092009(011)

2.2. Атырау қаласындағы және Құрманғазы, Индер аудандарындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің орман алқабында өрт болған жағдайда тартылатын 213 кәсіпорындар мен мекемелер және 81 су таситын, 99 вакуум техникаларының тізбесі шығарды.

2010 жылдың өрт қауіпті кезеңіндегі Атырау облысы аумағындағы орман және дала өрттерінің алдын алу және жою үшін жауапты адамдар бекітілді.

2.3. Атырау қаласындағы және Құрманғазы, Индер аудандарындағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің алқабында өрттердің алдын алу және оны болдырмау жөніндегі «2010 жылдың өрт қауіпті кезеңіндегі Атырау облысы аумағындағы орман және дала өрттерін алдын алуды және жоюды ұйымдастыру» және «2010 жылдың өрт қауіпті кезеңіндегі Атырау облысы аумағындағы орман және дала өрттерін алдын алуды және жоюдың бірінші кезектегі ұйымдастыру» туралы іс-шаралар жоспарлары бекітілді.

3. Атырау қаласы және аудандар әкімдері осыған ұқсас штабтар құрып, атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді.

Атырау облысы әкімінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі №298-ө «Атырау облысы Азаматтық қорғанысының қорғаныс имараттарының техникалық жағдайын анықтау жөніндегі жұмыс комиссиясын құру туралы» өкімі:

Азаматтық қорғанысының қорғаныс имараттарының техникалық жағдайын анықтау үшін облыс аумағында орналасқан 39 имараттар тексерілді. Тексеру барысында 39 қорғаныс имараттарының 6-ы иесіз және жойылғандығы анықталды, олар:

Иесіз тұрған қорғаныс имараттары:

1. «Атырау жылу жүйесі» АҚ;

2. Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі ММ;

3. Бұрынғы «Геолог» ПИК.

Бұзылған қорғаныс имараттары:

1. «Айдын» АҚ;

2. Бұрынғы «Атырауқұрылыс» АҚ;

3. «Бытремстрой» ЖШС.

Тексеру кезеңінде «Айдын», «Атырауқұрылыс» акционерлік қоғамдары мен «Бытремстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2000-2009 жылдар аралығында банкрот болуына байланысты, осы мекемелердің балансындағы қорғаныс имараттары жойылғандығы анықталды.

«АМӨЗ» ЖШС-нің аумағында 3 қорғаныс имараты орналасқан. Тексеру нәтижесінде зауыты қайта жөндеу нәтижелерінде жойылған. Осыған орай, кәсіпорын Омск қаласының жобалау институтымен бірігіп, сыйымдылығы 1200 адамды құрайтын жаңа қорғаныс имараттарының жобасын дайындады. Құрылыс жұмыстары 2011 жылға жоспарлануда. сс 038

Комиссия құрамы, Геолог поселкесінде орналасқан бұрынғы Геолог ПИК қорғаныс имаратын иесіз қалғандықтан қалалық коммуналдық меншікке беру жөнінде ұсыныс әзірленді.

Тексерудің қорытындысы бойынша, «Айдын», «Атырауқұрылыс» акционерлік қоғамдары мен «Бытремстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін есептен шығару үшін, 2010 жылдың 6 желтоқсанында №01-5/168 қбпү хатымен ҚР Төтенше жағдайлар министрілігіне акттердің көшірмесін жолдай отырып, қорғаныс имараттары туралы ақпарат жолданды. img_0453

Қазіргі уақытта Азаматтық қорғанысының қорғаныс имараттары ҚР ТЖ Агентігінің 2000 жылғы 18 мамырындағы №121 «Азаматтық қорғаныс имараттарын бейбітшілік және соғыс уақытында қолдану нұсқаулығының талаптарына» сәйкес емес, себебі Атырау облысы бойынша азаматтық қорғаныс имараттары 80% техникалық жарамсыз болып келеді.

Сараптау нәтижесінде, 2009 жылмен салыстырғанда қорғаныс имараттарының дайындығының жоғарлағандығы байқалды. Атап айтқанда, 2009 жылы 39 нысанның дайындығы-12,8% болса, ағымдағы жылы-25,6% құрап отыр.

2010 жылдың азаматтық қорғаныс имараттарының тексеру нәтижесінде имараттың дайындығы 25,6% құрап отырса да бұл нәтиже өте төмен, себебі инженерлік коммуникациялық құрылғылардың қанағатсыз жай-күйі, сыртқы күйінің қирауы, сондай-ақ құжаттардың жоқтығы, нысандардың дайын болмауына нақты себептер болып, республика бойынша облысымыздағы азаматтық қорғаныстың қорғаныс имараттарының инженерлік қауіпсіздігі жүйесінің көрсеткіштерін төмендетеді.
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылы 14 қазандағы №252 «Атырау облыс әкімиятының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №349 «2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы:

Басқарманың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 7 бөліміне (бюджеттік бағдарламасына) өзгерістер енгізілді.
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы №315 «Облыс әкімиятының 2006 жылғы 13 ақпандағы №44 қаулысымен бекітілген басқарманың ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы:

Басқарманың құрылымдық бөлімшлерінің өзгеруіне байланысты өзгерістер енгізілді.
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Облыс әкімиятының 2006 жылғы 13 ақпандағы №44 қаулысымен бекітілген басқарманың ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы:

Басқармада гендерлік теңдікті қалыптастыру мақсатында жауапты қызметкер тағайындалып, басқарма ережесіне өзгерістер енгізілді.
Басқарма тарапынан жеке құрам бойынша 97 бұйрық, басқарманың негізгі қызметі бойынша 102 бұйрық жасақталды.

Негізгі құрам бойынша

Жеке құрам бойынша

Комиссия құру

9

Еңбек демалысы

28

Іс-сапар

30

Қызметке қабылдау/тағайындау

20

Жауапты етіп тағайындау

18

Ескертпе беру

2

Үстемақы беру

1

Қызметтен босату

13

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің еңбек өтілін анықтау

2

Сөгіс беру

1

Кезекшілік ұйымдастыру

8

Тағайындау




Байланыс жүйелеріне мәліметтер белгілеу

1

Аттестациядан өткізу

3

Арыз шағым жәшігін қарау

2

Еңбек демалысынан шақырту

8

Сыйлық ақы

5

Өз жұмысына кірісу

3

Бірінші және екінші қол қою құқығын беру туралы

2

Өзгеріс енгізу

1

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсына жіберу

2

Бала күтіміне байланысты демалыс беру

2

Регламент бекіту

1

Ескерту

5

Тозығы жеткен негізгі және құны аз заттарды есептен шығару

1

Оқу еңбек демалысы

2

Бұйрыққа өзгеріс енгізу

3

Материалдық көмек

1

Лауазымның санаттарын бекіту

2

Жүктілігіне байланысты демалыс беру

1

Бугалтерлік есептен шығару

1

Еңбек шартын ұзарту

3

Сенбілік

1

Жазаны мерзімінен бұрын алып тастау

2

Тауарлармен қызмет көрсетіді ұйымдастыру

2

Еңбек демалысының жәрдемақысын беру

1

Басқарма мүлкіне түгендеу жүргізу

1

Жалақы сақталмайтын демалыс беру

1

Сараптау комиссиясы

2







Аттестация жүргізу комиссиясын құру

1







Тәртіптік комиссия құру

1







Есептік құжаттарды қабылдау

1







Қысқарту

1







Электронды құжат айналымға ауысу

1







Гендерлік саясатты іске асыру

1







Жарнама беру

1







Бір көзден сатып алу тәсілі

1







Барлығы:

102

Барлығы:

97
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconБекітемін Басқарма бастығы К. Мұқанов 2012 жыл
...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconҚаралатын істің күні мен уақыты Сот пен судьяның атауы
«Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл icon2009 жылғы оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің № қаулысымен бекітілді
ОҢТҮстік қазақстан облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconҰсынылған бағамен іске асырылатын мемлекеттік товарларды сатып алуды және қызметтерді жариялау
Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconҰсынылған бағамен іске асырылатын мемлекеттік товарларды сатып алуды және қызметтерді жариялау
Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconҰсынылған бағамен іске асырылатын мемлекеттік товарларды сатып алуды және қызметтерді жариялау
Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconҰсынылған бағамен іске асырылатын мемлекеттік товарларды сатып алуды және қызметтерді жариялау
Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconАлдағы конкурс туралы хабарландыру
«Алматы облысы жұмылдыру дайындығы, Азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұймдастыру басқармасы»...
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconАтырау облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау, 2009 жыл Мазмұны
Миссия – облыстың халқы мен ұйымдарына мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну
Атырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница