Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан




НазваниеҚазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан
страница1/6
Дата конвертации14.01.2013
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі

Министерство нефти и газа Республики Казахстан




Мұнай-газ саласының 2010 жылғы стратегиялық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған жұмыс жоспарлары

Итоги стратегического развития нефтегазовой

отрасли за 2010 год и планы на 2011 год

Астана қаласы, 2011 жыл

Мазмұны

I

1-стратегиялық бағыт. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы қатынастарды реттеуді жақсарту

4

1.1.

Жер қойнауын пайдаланудағы мемлекеттік басқарудың сапалық деңгейін көтеру

4

1.1.1.

Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара іс-қимылын автоматтандыру

9

II

2-стратегиялық бағыт. Мұнай және газ өнеркәсібін серпінді дамыту

10

2.1.

Мұнай ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру

10

2.1.1.

Экономиканың көмірсутектерге ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету

10

2.1.2.

Мұнайды сыртқы нарыққа тасымалдау бағыттарын әртараптандыру

12

2.2.

Газ ресурстарын ұтымды және тиімді пайдаланудан әлеуметтік-экономикалық тиімділікті арттыру

16

2.2.1.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығының өсіп отырған қажеттіліктерін газбен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету

16

2.2.2.

Жаңа газ тасымалдау қуаттарын жаңғырту және салу

20

III

Стратегиялық бағыт. Мұнай-химия саласы өдірістерін құруды қамтамасыз ету

22

3.1.

Мұнай-химия өдірістерін дамыту

22

3.1.1.

Көмірсутегі шикізатын өндіру деңгейін ұлғайту

22




Мемлекеттік инспекциялау Комитеттің 2010 жылғы жұмыс қорытындысы

30


Кіріспе

Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларындағы мемлекеттік саясатты, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің бір ведомствосы – Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті жұмыс істейді.

Министрліктің миссиясы бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, экономиканың көмірсутек шикізатына өскелең қажеттіліктерін қанағаттандыру, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту және тиімді пайдалану мақсатында отын-энергетикалық кешенді дамыту болып табылады.

Министрліктің жұмысы мынадай үш негізгі стратегиялық бағыттан тұрады:

  1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы қатынастарды реттеуді жақсарту.

  2. Мұнай және газ өнеркәсібін серпінді дамыту.

  3. Мұнай-химия саласының өндірістерін құруды қамтамасыз ету.

2010 жылы Министрлік бекітілген қаржыландыру көлемі 13 187,7 млн. теңге тұратын 9 бюджеттік бағдарламаны іске асырды, есепті жылда жұмыстың орындалуы 131749,5 млн. теңгені немесе бекітілген жоспарға 99,7%-ды құрады. Стратегиялық бағыттар бойынша 2010 жылдың республикалық бюджеттік бағдарламаларын іске асыру қорытындылары қосымшада келтіріліп отыр.

1-стратегиялық бағыт. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы қатынастарды реттеуді жақсарту.

1.1-мақсат. Жер қойнауын пайдаланудағы мемлекеттік басқарудың сапалық деңгейін көтеру.

Ағымдағы жағдай:

2010 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттардың саны – 206, оның ішінде:

- барлау келісімшарттары - 69

- Барлау және Өндіру жөніндегі бірлескен келісімшарттар – 68

- өндіру келісімшарттары - 53

- Өнімді бөлу (ӨБК келісімшарттары) және "Тенгизшевройл" ЖШС шарттарымен жүзеге асырылатын барлау және өндіру жөніндегі келісімшарттар – 16.

2010 жылы Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың атына міндеттемелерін бұзғандығы туралы 366 хабарлама жіберді, оның 220-сы – қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерінің бұзылғандығы туралы хабарлама.

Келісімшарттық міндеттемелерінің бұзылуына байланысты біржақты тәртіппен 21 келісімшарттың қолданылуы тоқтатылды, белгіленген мерзімдерінің бітуіне байланысты 4 келісімшарттың, тараптардың келісуі бойынша 3 келісімшарттың қолданылуы тоқтатылды.

2010 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті қатысқан кеңестің № 01-7.1-хаттамасының 1.2.2.-1.2.4-тармақтарын орындау үшін жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттардың қолданылатын салық режиміне сәйкестігіне, келісімшарттардың салықтық режимінің тұрақтылығын қайта қараудың орындылығына талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы қызметін Өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес жүзеге асыратын компаниялардың құрылтайшыларымен 15 мәжіліс-келіссөздер жүргізді. Қазіргі уақытта салықтық әкімшілік жүргізуді жақсарту және ӨБК жобаларының тиімділігін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.

2010 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевте өткен кеңестің № 17-5/005-1716,05-39-хаттамасын орындау үшін мүдделі министрліктердің, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдерінен құрылған Кіші жұмыс тобы жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындауын талдау бойынша алты мәжіліс өткізді. Кіші жұмыс тобы келісімшарттық міндеттемелерді орындау талаптары, келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікті арттыру мәселесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізді, 2010 жылы бұрынғы орындалмаған міндетемелер үшін қосымша келісімдерге қол қойылды.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы №291-IV Заңын іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 16 қаулысы және ҚР Мұнай және газ министрлігінің екі бұйрығы шықты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Имашев» кенорнын бірлесіп игеру шарттарын, «Хвалынское» және «Центральная» мұнайлы-газ конденсатты кенорындарын пайдалану кезінде Өнімді бөлу туралы келісімді қол қоюға дайындау жөнінде Ресей Федерациясының мүдделі мемлекеттік органдарымен жоспарлы жұмыс жалғастырылуда.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 маусымдағы №17-24/001-363 тапсырмасына сәйкес Маңғыстау облысында мұнай операцияларын жүргізіп жатқан компаниялардың мұнай операцияларын жүргізу технологиясын, қауіпсіздік техникасын сақтау, штаттан тыс жағдайларға ден қою және жүргізілетін жұмыстардың қоршаған ортаға әсерін бағалау қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 17.06.2010 жылғы № 7-16/525 хатына сәйкес жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың қолданылуына (5100 м белгіден төмен мұнайды өндіруге қатысты), сондай-ақ «Тенгизшевройл» ЖШС (ТШО) қызметіне шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде еңбек туралы заңнамаға жоспардан тыс кешенді тексеру жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 70-2-бабына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 37-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бірлесіп «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» консорциумы қазақстандық филиалының қызметіне лицензиялық-келісімшарттық талаптарды орындау және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Қазақстандық қамту бойынша

2010 жылдың ішінде қазақстандық қамту мониторингі және оны дамыту үшін негізгі заңнамалық база жасақталды: терминология бірегейлендіріліп, қазақстандық қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі бекітілді, отандық өндірушілерге сатып алудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидасына өзгерістер енгізілді. Есеп беру процесі автоматтандырылды.

Әзірленген заңнама тиімділігінің көрсеткіші жер қойнауын пайдаланушылар сатып алған тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың серпінді өсуі болып отыр. Мысалы, өткен жылдың 9 айында мұнай-газ компанияларының жалпы сатып алу көлеміндегі қазақстандық қамту 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13%-ға (47%-дан 60%-ға дейін) ұлғайды, бұл ретте бұл көрсеткіш тауарларда екі еседен артық өсті (7%-дан 15%-ға дейін).

Қашағанды игеру, Қарашығанақтағы өндірістік қуаттарды кеңейту және Теңізде жаңа зауыт салу секілді ірі жобаларды іске асырудың бастауында қазақстандық қамтуды дамытудың нақты тетіктерін енгізу және қолданыстағы тендерлік рәсімдерді қайта қарау бойынша ТШО және ҚПО, НСиОСи сияқты ірі операторлармен уағдаластыққа қол жетізу маңызды қадам болды. Осылайша, компаниялар қазақстандық тендерлерді өткізу секілді қазақстандық өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыруға дайын екендігін білдірді, яғни Қазақстанда не өндірілсе, ол қазақстандықтардан сатып алынуы, шетелдік тендерге қатысушыларға міндетті түрде қазақстандық қоса орындаушыны тарту туралы талап қойылуы, технологиялық жағынан күрделі емес тауарлар мен қызметтер үшін электрондық сатып алу өткізілуі, жергілікті өнім берушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасалуы тиіс.

Бұдан басқа, қазақстандық жобалау институттарын қазақстандық тауарларды пайдалана отырып іске асырылатын жобаларға сараптама жүргізуге тарту, қазақстандық өндірушілерге өнімді халықаралық сертификаттау бойынша жәрдемдесу, т.б. туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мысалы, осы бастаманың шеңберінде, ТШО тұрақты негізде сатып алынатын өнімнің қазіргі және болашақтағы қажеттілігіне талдау жасады, бұл отандық өндірушілерге өндірісті сұранысқа сәйкес құруға көмектеседі.

Осы үш компанияның мұнай-газ секторындағы тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шамамен 50%-ын сатып алатынын ескерсек, мұндай іс-қимылдың маңыздылығы айқын көрінеді.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңға сәйкес, мұнай-газ саласындағы білікті кадрларды қысқарту бойынша жер қойнауын пайдаланушылар неғұрлым көп талап етілетін техникалық мамандықтар бойынша ҚР азаматтарын дайындауға игерілмеген қаражаттарды жұмсайды. Мұндай мамандықтардың тізбесін Мұнай және газ министрлігі бекіткен. Оларды дайындау барысына қарай шетелдік жұмыс күшін отандық кадрлармен ауыстыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Қызметін жаңа заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, 54 жер қойнауын пайдаланушы келісімшартқа қосымша келісім жасасу бойынша өздеріне міндеттеме алды, олар сатып алудағы қазақстандық қамту, қазақстандық мамандарды оқыту бойынша анық мақсатты көрсеткіштерді, сондай-ақ қазақстандық қамтуды дамыту мен кадрлық құрамды ұлттандырудың өзіндік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі ережені қамтиды. Жер қойнауын пайдаланушылардың алдына қойылған міндеттерді толық және уақытылы іске асыруы мұнай-газ саласында жергілікті қамтуды дамытудың тетігі болмақ.

2011 жылға арналған міндеттер:

Министрлік:

1) ірі жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауын талдау және мониторинг өткізу;

- жер қойнауын пайдаланушының бастамашылығымен төрелік соттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

- Хвалынское және Центральная кенорындарында ӨБК дайындау;

- Имашев кенорнын игеруге арналған келісімшарт жобасын Ресей тарапымен бірлесіп дайындау;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттарды қазақстандық қамту бөлігінде қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру;

3) сатып алудың ашықтығын арттыру және қазақстандық қамтуды дамыту бойынша заң талаптарын елемейтін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты шаралар қабылдау;

4) қазақстандық қамту бойынша заңнама нормаларын үнемі бұзатын жер қойнауын пайдаланушылардан қазақстандық өндірушілердің өнімдері мен қызметтерін барынша сатып алуға тарту және олармен ұзақ мерзімдік шарт жасасу бойынша талаптарды қамтитын қазақстандық қамту бойынша орташа және ұзақ мерзімге арналған бағдарламалар әзірлеуді талап ету;

5) 2011 жылы жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарларда 8%, жұмыстар мен қызметтерде 81% көрсеткішке жету бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.

1.1.1-міндет. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара іс-қимылын автоматтандыру

Ағымдағы жағдай:

Жер қойнауын пайдаланудағы мемлекеттік басқарудың сапалық деңгейін көтеру мақсатында жер қойнауын пайдалану саласына қатысушыларды жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесімен қамту жөніндегі жоспардың барлық іс-шаралары 2010 жылы толық көлемінде орындалды.

7 мемлекеттік органа мен 8 жергілікті атқарушы орган қамтылды. Жер қойнауын пайдаланушылар тіркелген және есеп беріп тұрады. Қолданыстағы 206 келісімшарт бойынша толық электрондық мұрағат толтырылды.

Проблемалық мәселелер

2011 жылға арналған қаржыландырудың жоқтығы.

Өткен жылғы Алқа отырысында Мемлекет басшысы, Премьер-Министр берген тапсырмалардың орындалуы тапсырма жоқ.

2-стратегиялық бағыт. Мұнай және газ өнеркәсібін серпінді дамыту.

2.1-мақсат. Мұнай ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру

2.1.1-міндет. Экономиканың көмірсутектерге ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету

Ағымдағы жағдай:

2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 2009 жылға қарағанда 79,7 млн.тонна немесе 104,2% құрады. Мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемі 2009 жылға қарағанда 71,2 млн.тонна немесе 104,5% құрады.

Қазақстанның мұнай өндірісін жыл сайын айтарлықтай ұлғайтуы үшін қолданыстағы Қарашығанақ, Теңіз және Каспий теңізі айлағының қазақстандық секторын (КТҚС) барлауға бағытталған басқа да өзекті ірі жобалар бар, әлемдегі аса ірі кенорындардың бірі Қашаған игерілуге дайындық үстінде.

«МГӨ БДБ» АҚ-тың жедел ақпараты бойынша 2010 жылы отандық МӨЗ-дерде мұнай өндіру 2009 жылға қарағанда 13,7 млн.тонна немесе 112,8% құрады. Үш МӨЗ-де өңделген мұнайдың көлемінен өндірілгені:

- бензин - 2893,8 мың тонна (2009 ж. қ.-111,8 % );

- дизель отыны - 4073,8 мың тонна (2009 ж. қ.-107,3%);

- мазут- 3771,0 мың тонна (2009 ж. қ.-116,5 %);

- авиакеросин - 489,7 мың тонна (2009 ж. қ.-131,1 %).

2010 жылғы кезеңде бекітілген ел өңірлері мен облыстарына мұнай өнімдерін жеткізу кестесіне сәйкес, 1 696,25 мың тонна – Аи-92/93 таңбалы бензин, 1 010,91 мың тонна – Аи-80 таңбалы бензин және 2 651,49 мың тонна дизель отыны.

Елдің мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты, ЖЖМ бағасының ауысуы күтілмейді.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және ЖЖМ бағасын белгілеу жөніндегі жұмыс тобының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы кеңейтілген кеңесінің хаттамасына сәйкес 2011 жылғы қаңтарға АЗС-терде бөлшек сауда бағасының мынадай шегі белгіленді:

- Аи - 92 бензині - 96,0 теңге/литр;

- Аи - 80 бензині - 78,0 теңге/литр;

- дизель отыны - 79,0 теңге/литр.

Бұдан басқа, Министрлік соңғы жеті жыл көлемінде жылу маусымын өткізу кезеңінде Облыстарды, Астана және Алматы қалаларын мұнай мен мұнай өнімдері ресурстарының негізгі ұстаушыларына бекіту кестесіне сәйкес әлеуметтік мекемелерді кепілді түрде арзандатылған мазутпен қамтамасыз етіп келеді.

Мысалы, Министрлік 2010-2011 жылғы жылу беру кезеңінде бір тоннасының бағасы 32000 теңгеден аспайтын бағамен облыстарға 339,4 мың тонна мазут бөлді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Мұнай және газ министрлігі Мәскеуде өткен Кеден одағының комиссиясының жұмысына қатысты, онда «Мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын ұйымдастыру, басқару, жұмыс істеу және дамыту тәртібі туралы» келісім әзірленіп, соның шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы «Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы» екіжақты келісімге қол қою көзделген.

2011 жылға арналған жоспарлар

«МГМ-нің 2010-2014жылдарға арналған стратегиялық жоспарына» сәйкес 2011 жылы газ конденсатымен бірге мұнай өндіру көлемі 81 млн. тонна (немесе 2010 ж.деңгейдің 101,7%-ы) болмақ. Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін ұлғайту «Тенгизшевройл» ЖШС, Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В., «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ, «СНПС Интернэшнл (Бузачи) Инк», т.б. мұнай-газ кәсіпорындарының есебінен жүзеге асырылады.

Мұнай экспорты 73,0 млн. тонна деңгейінде күтілмек. 2011 жылы мұнай өңдеуші зауыттар 13,1 млн. тонна шикі мұнайды өңдемек.

2011 жылы Қазақстан Республикасының теңіз және ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспардың жаңа редакциясы әзірленеді.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconҚазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі Алқасының 2011 жылға арналған жоспары
Мұнай және газ Министрлігінің 2010 жылғы қызметінің қорытындылары және 2011 жылға қойған тапсырмалары
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconҚазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы
Республикасы мұнай және газ Министрлігі және салалық ұйымдар өкілдері арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан icon«Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау,салу және пайдалану» кафедрасы. Мұнай қоймалары
Тауарлық мұнай өнімдерінің негізгі түрлері және сапалық көрсеткіштері. Отын, оның қасиеттері және қолдану аясы
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі 2011 жылғы 25 тамыз №150 Астана қаласы
Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconМинистерство экономики и бюджетного планирования республики казахстан
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconҚазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі №912 қаулысы «Газ және газбен жабдықтау туралы»
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің
Дамыған мұнай-газ өнеркәсібі және көмірсутек шикізаты тасымалының және магистралдық құбыржол көлігінің дамыған жүйесі
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Атырау мұнай және газ институты
Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі...
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Атырау мұнай және газ институты
Студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын оқу-тәрбие жұмыстар жөніндегі кеңес жүзеге асырады, оның құрамына Атмги-ң факультеттеріндегі...
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан iconТауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі №927 қаулысы «Газ және газбен жабдықтау туралы»
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница