Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер




Скачать 136.49 Kb.
НазваниеБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Дата конвертации14.01.2013
Размер136.49 Kb.
ТипДокументы
Институттың ғылыми Кеңесінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 4 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі

қашықтықтан оқыту туралы ереже
І. Жалпы ережелер

1.Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы, БАҚДИ-дың қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруын реттейді.

2.Қашықтықтан оқыту деп ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, үйренушілер мен оқытушы арасындағы өзара әрекеттестікті жүзеге асыратын білім беру технологиялары жиынтығын қолдануды айтады.

3.Кейстік технология, интернет-технология және коммуникациялық технология негізгі қашықтан оқыту технологиялары болып табылады.

4.Білім беру мекемелері мамандарының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жұмыстан қол үзіп, жұмыстан қол үйбей және ішнара жұмыстан қол үзу арқылы жүзеге асырылады.

5. Қашықтықтан оқыту формасы арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге көмек беру мақсатында қосымша кәсіптік білім беру мекемесі тиісті ғылыми-педагогикалық кадрлар арқылы консультация беріп, біліктілік арттыру деңгейіне ағымдық бақылау жүргізе алады.

6.Білім беру мекемесі толық немесе ішнара қашықтан оқыту арқылы бір немесе бірнеше бағдарламаны жүзеге асыра алады.

7. Қашықтықтан оқыту барысында дәстүрлі ақпараттық ресурстармен бірге арнайы мультимедиялық оқу құралдарын, электронды оқу-әдістемелік кешендерді (электронды оқулық, тренингтік компьютерлік бағдарламалар, виртуалды зертханалық практикумдар, оқу видеофильмдері, аудиожазбалар, т.б) пайдаланылады.

8.Оқу үрдісіндегі негізгі ақпараттық ресурс ретінде мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес келетін арнайы ақпараттық мәліметтер базасы қолданылады.
ІІ.Қашықтан оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік жақтары

1. Қашықтықтан оқытуға жазылу білім беру қызметкерінің өз өтініші бойынша білім бөлімінің тиісті сұранысы бойынша институт жоспарына сәйкес жүргізіледі.

2.Тапсырыстар негізінде қашықтан оқыту курсының жетекшісі білім беру қызметкерлерінің санаттары бойынша топтар жасақтайды.

3.Топтар саны институттың лицензиялық нормативтеріне сәйкес шектелуі мүмкін.

4.Институттың біліктілік арттыру жүйесіндегі қашықтан оқыту үйренушілерді оқу топтамаларымен қамтамасыз ететін электронды поштаны пайдаланатын, тиісті оқу модульдері мен өзіндік жұмыс тапсырмаларынан, бақылау сұрақтары мен тест сұрақтарынан тұратын кейс-технологияға негізделген.

5.Біліктілік арттыру жүйесіндегі қашықтан оқыту төмендегі кезеңдерден тұрады:

а)Электронды пошта жүйелік дискілер арқылы ақпаратты беру;

в)Модулдерге шолу мен бақылау жұмыстарын орындауға байланысты консультациялар мен сабақтар өткізу;

с)Бақылау жұмыстарын тексеру;

д)Келесі турға жіберу;

е)Курс соңындағы бағдарламаны меңгергендігіне байланысты қорытынды аттестация;

f)Біліктілік арттыру курсынан өткендігін растайтын сертификат немес куәлік беру.

6.Қашықтан оқыту жүйесінде педагог кадрдың жеке оқу траекториясын құруы үш бағытта жүзеге асырылады: 1)біліктілік арттырудың базалық мазмұнын игеру бойынша тапсырма нұсқалары мен деңгейлерін таңдау; 2)білімнің вариативті мазмұнын таңдау; 3)оқу қарқыны мен мерзімдерін таңдау.

7.Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

1) оқытуды даралау;

2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;

3)дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

8.Институтта қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін мынадай функцияларды орындау қажет:

1) оқу курстарын қолдау;

2) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;

3) кеңестер беру;

4) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру;

5) білім алушылардың білімдерін бақылау.

9.Институтта:

-білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының;

-телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;

-әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, электрондық оқу залдарының;

-CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік және/не сатылып алынған);

-желілік оқу мультимедиа контентінің (жеке меншік және сатылып алынатын);

-тестілеу кешендерінің;

-тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;

-жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;

-желілік тестілеу кешендерінің;

-оқытуды басқарудың желілік жүйелері (Learning Management Systems - LMS);

-оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.

10.Институтта қашықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым құрылады: ол үш бағытта жұмыс жасайды:

1.Оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару (қашықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастыру, қашықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізу, қашықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылау, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастыру).

2.Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу (қашықтықтан оқытудың электрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеу, сатып алу және игеруді жүзеге асыру, тестілеу жүйелері мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын, қашықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлеу).

3.Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету (қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлеу, игеру және оларды пайдалануды қолдау).

14.Оқу үрдісі базалық институтның басшысы бекіткен қашықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Институт білім беру процесінде кезінде қашықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін пайдаланады.
ІІІ.Қашықтықтан оқытудағы білім беру үрдісі

1.Оқу үрдісінің негізі оқу жоспары болып табылады.

2.Оқу жоспары негізінде қашықтан оқыту кестесі жасалады: тыңдаушыларды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мерзімі, білім беру бағдарламасын өздігінен оқып-үйрену және бақылау тапсырмаларын орындау мерзімі, қорытынды аттестация өткізу мерзімі.

3.Кабинет жоспарына курс жетекшілерімен келісе отырып, сабақтар мен дәріс беру мерзімдері енгізіледі, бақылау жұмыстарын тексеруге арналған сағаттар нақтыланады (бір бақылау жұмысына бір сағат).

4.Кейсті жіберу график бойынша үш турда жүзеге асырылады.

5.Аймақтарда қорытынды аттестация өткізу үшін бұйрықпен арнайы комиссия құрылады.

6.Қашықтан оқыту процесінде дәстүрлі оқу материалдары, оқыту әдістері мен тәсілдері, танымдық қызметті ұйымдастыру формалары қолданылады.

7.Оқу модульдері парақтарда немесе электронды түрде қолма-қол немесе электронды пошта арқылы берілуі мүмкін.

8.Оқыту әдістері мен тәсілдері нақты немесе виртуальді уақытта интерактивті технологиялар қолданылатын телеконференциялар режиміне сәйкес болуы мүмкін. Телефон немесе электронды пошта арқылы консультациялар, модульдерге шолу сабақтары (әр блокқа 6 сағат), тұрақты семинарлар (6 сағат) топтардың сұраныстары бойынша семинарлар өткзілуі мүмкін.

9.Топтарды жасақтау барысында тыңдаушыларға базалық және вариативті мазмұн таңдауға, игеру деңгейі мен оқу мерзімдерін таңдауға құқық беріледі.

Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

-оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару;

-қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

-ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.
ІV.Қашықтықтан оқытудағы білім беру үрдісінің қатысушылары

1.Мұғалімдер мен мектеп басшылары, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен меңгерушілері, білім бөлімі мамандары мен әдіскерлері, институт дәріскерлері мен әдіскерлері қашықтан оқыту субъектілері бола алады.

2.Қашықтықтан оқыту бойынша білім алатын тұлғалардың құқықтары мен институт жарғысында көрсетілген міндеттері дәстүрлі оқытудағы тыңдаушылардың құқықтары мен міндеттеріне теңестіріледі.

3.Институт әдіскерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамның құқықтары мен міндеттері Институт жарғысы негізінде анықталады.
V.Қашықтықтан оқытудағы білім беру бағдарламалары

1.Қашықтықтан оқытудағы білім беру бағдарламалары қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларына сай келеді.

2.Қашықтықтан оқытудағы білім беру бағдарламалары инвариантты және вариативті модульдердің талапқа сай өзгеріп отыратын қоспасынан тұрады.

3.Білім беру бағдарламаларын игеру кесте бойынша да, жеке жоспар бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.
VІ.Біліктілігін арттыру жүйесіне қашықтан оқытуды енгізудің кейбір жақтары

1.Техникалық жағы

Техникалық талаптар қашықтан оқыту тәсіліне байланысты өзгеріп отырады:

1)Кейс технология қолдану барысында тыңдаушылардың компьютерлері СД-ROM арқылы берілген ақпаратты оқи алса, тыңдаушының жеке электрондық поштасы болса, сол жеткілікті.

2)Интернет-технологияда коммуникацияны тұрақты қолдану қажеттілігі туындайды. Тыңдаушының интернетке еркін қол жетімділігі, дербес электронды мекен-жайы болуы қажет.

2.Технологиялық жағы

Қашықтықтан оқытудың технологиялық жағы екі мәселені қамтиды:

1)қашықтықтан оқыту курстарын дайындау технологиясы;

2)қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқыту технологиясы.

Қашықтықтан оқыту курстарын дайындау:

1)Мәтіндік файл түрінде пәндік саладағы мазмұндық бөлімді дайындау, иллюстарциялар іріктеу, сызбалар мен суреттер қосу;

2)Ақпараттық материалды құрылымдау, модульдер бойынша реттеу;

3)Құрылымдалған материалды компьютерге орналастыруғажәне пайдалануға ыңғайлы түрге келтіру;

4)Файлдар топтамасын бағдарламалық негізде серверге орналастыру.

3.Әдістемелік жағы

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру барысында бірнеше ерекшеліктерді ескеру қажет:

1.Икемділігі. Үйренуші өзіне қолайлы ортада, ыңғайлы уақытта оқиды.

2.Модульділігі. Курстар модульдік негізде жүзеге асырылады.

3.Параллелдігі. Үйренуші өндірістен қол үзбей оқи алады.

4.Алыс әрекеттігі. Үйренуші мекен-жайының оқыту орнынан алыстығы маңызды емес.

5.Асинхрондылығы. Үйренуші де, оқытушы да өзіне қолайлы кестемен жұмыс жасайды.

6.Бұқаралық қамтуы. Тыңдаушылар санына шек қойылмайды.

4.Әкімшілік жағы

1.Қашықтықтан біліктілік арттыру курстарының нормативтік құжаттармен сәйкестігі.

2.Қашықтықтан оқытудағы ақы төлеу жүйесі.

3.Күндізгі курстарды қашықтан оқытуға бейімдеу.

5.Кадр мәселесі

Қашықтықтан оқыту сапалы болу үшін жаңа кадрлық құрам қажет боуы мүмкін. Төменде мамандарға қойылатын талаптар беріліп отыр:
1.Курс авторы

Міндетті талаптар: 1.Маман ретінде пәндік саланы білуі. 2.Компьютерде пайдаланушы ретінде жұмыс жасай алуы. 3.Мәтіндік редакторларды білуі. 4.Интернет желісінде жұмыс жасай алуы.

Қосымша талаптар: 1.Фотобейнені, кестені, суретті өңдейтін арнайы бағдарламалармен жұмыс жасай алуы. 2.Мәтіндік файлды HTML форматында қалыптай алуы. 3.Электронды поштамен жұмыс жасай алуы.

2.Техник-маман

Міндетті талаптар: 1.Компьютерлік технологияларды білуі. 2.WEB-мастеринг негіздерін білуі. 3. HTML – редактор (Front Page, Drewear және т.б) сияқты арнайы бағдарламалармен жұмыс жасай алуы.

Қосымша талаптар: 1.Интерннет-технология мен WEB – дизайнды терең білуі. 2.Бағдарламалаудың арнайы (Perl , C++ и т.б) тілдерін білуі.
3.Тьютор

Міндетті талаптар: 1.Пәндік салада кеңес бере алуы. 2.Компьютерде пайдаланушы ретінде жұмыс жасай алуы. 3.Мәтіндік редакторларды білуі. 4.Интернет желісінде жұмыс жасай алуы. 5.Қашықтан оқытуға қажетті арнайы бағдарламалармен жұмыс жасай алуы. 6.Электронды поштамен жұмыс жасай алуы.

Қосымша талаптар: 1.Маман ретінде пәндік саланы білуі.
2010-2015 жылдарға арналған қашықтықтан оқыту арқылы біліктілік арттыру бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты – біліктілік арттыру жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді ендіру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, ақпараттық қоғам жағдайында шалғай ауылдардағы мамандардың кәсіби білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Бағдарлама паспорты


Тақырыбы

2010-2015 жылдарға арналған қашықтықтан оқыту арқылы біліктілік арттыру бағдарламасы

Әзірлеуші

Облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты

Мерзімі

2010-2015 жылдар

Дайындау негізі

2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» заңы;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы

ҚР президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдаулары

ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының 2004 жылғы 15 сәуірдегі №2.3 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы

Бағдарлама мақсаты

Кадрлар біліктілігін арттыру жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді ендіру

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге жағдай жасау

Ақпараттық қоғам жағдайында шалғай ауылдардағы педагогтардың кәсіби білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Бағдарлама міндеттері

Атырау мен басқа облыстар арасында біліктілік арттыру жүйелеріне салыстырмалы талдау жасау

Біліктілік арттыру қызметінің тиімділік көрсеткіштері мен өлшемдерін жасау

Қашықтықтан біліктілік арттыру жүйесінің тұжырымдамасы мен стандарттарын дайындау

Қашықтықтан оқытудың құрылымдық-функционалдық және басқарушылық үлгілерін жасау

Қашықтықтан оқытудың бағдарламаға сәйкес мультимедиялық электронды оқу құралдарын әзірлеу

Қашықтықтан біліктілік арттырудың формасын ендірудің дидактикалық шарттарын айқындау және оны сынақтан өткізу

Автоматтандырылған диагностикалық бағдарламалар арқылы қашықтан біліктілік арттырудың барлық бағыттары бойынша мониторинг жүргізу

Қажетті ресурс пен қаржы көзі

Бағдарламаны қаржыландыру 2010-2015 жылғы курстық және курстан тыс іс-шараларды қаржыландыру негізінде жүргізіледі


Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде

Атырау мен басқа облыстар арасында біліктілік арттыру жүйелеріне салыстырмалы талдау жасалады

Қашықтықтан біліктілік арттыру жүйесінің тұжырымдамасы мен стандарттары дайындалады

Қашықтықтан оқытудың құрылымдық-функционалдық және басқарушылық үлгілері жасалады

Қашықтықтан оқытудың бағдарламаға сәйкес мультимедиялық электронды оқу құралдары әзірленеді

Бағдарламаның тиімділігі

Экономикалық-әлеуметтік тиімділігі – біліктілік арттыруға кететін қаржы азайып, қол жетімділігі артады

Алынған нәтижелері негізінде түзетулер енгізіліп, толықтырылады:

1.Қашықтықтан біліктілік арттырудың формасын ендірудің дидактикалық шарттары

2.Біліктілік арттыру қызметінің тиімділік көрсеткіштері мен өлшемдері

3.Қашықтықтан біліктілік арттырудың ғылыми-әдістемелік кешені


Қашықтықтан оқыту арқылы біліктілік арттыру негіздері
Оқытуды ашық жоспарлау – курс жүйелерінің ішінен таңдау арқылы жеке білім игеру бағдарламасын әркімнің өзі жасауы;

Оқу мерзімі мен қарқынын өзі таңдау – тыңдаушыларды жыл бойы қабылдау, белгіленген шектеулі оқу мерзімдерінің болмауы;

Оқу орнын таңдау еркіндігі – тыңдаушылар оқу мерзімінің көп уақытын аудиторияда емес, өзі қалаған жерде өткізе алуы, қайда оқитынын өзі таңдауы;

Өмірлік білім алу қиғадасы – өмірлік білім алудан өмір бойы білім алуға көшу;

Білімдік қызмет көрсету – үйренушілердің білім іздеуінен оларға білім ұсынуға көшу;

Тұлғаның еркін дамуы – өзіне қажетті білімнің мақсаты мен мазмұнын тұлғаның өз бетімен таңдауы, қашықтан оқыту жүйесінің негізгі факторы.


Бағдарлама паспорты
Тақырыбы

2010-2015 жылдарға арналған қашықтықтан оқыту арқылы біліктілік арттыру бағдарламасы
Әзірлеуші

Облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты
Мерзімі

2010-2015 жылдар
Дайындау негізі

2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары

ҚР Білім және ғылым министрлігі алқасының 2004 жылғы 15 сәуірдегі №2.3 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы
Бағдарлама мақсаты

Кадрлар біліктілігін арттыру жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді ендіру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге жағдай жасау.

Ақпараттық қоғам жағдайында шалғай ауылдардағы педагогтардың кәсіби білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Бағдарлама міндеттері

Атырау мен басқа облыстар арасында біліктілік арттыру жүйелеріне салыстырмалы талдау жасау

Біліктілік арттыру қызметінің тиімділік көрсеткіштері мен өлшемдерін жасау

Қашықтан біліктілік арттыру жүйесінің тұжырымдамасы мен стандарттарын дайындау

Қашықтықтан оқытудың құрылымдық-функционалдық және басқарушылық үлгілерін жасау

Қашықтықтан оқытудың бағдарламаға сәйкес мультимедиялық электронды оқу құралдарын әзірлеу

Қашықтықтан біліктілік арттырудың формасын ендірудің дидактикалық шарттарын айқындау және оны сынақтан өткізу

Автоматтандырылған диагностикалық бағдарламалар арқылы қашықтан біліктілік арттырудың барлық бағыттары бойынша мониторинг жүргізу

Қажетті ресурс пен қаржы көзі

Бағдарламаны қаржыландыру 2010-2015 жылғы курстық және курстан тыс іс-шараларды қаржыландыру негізінде жүргізіледі.
Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде

Атырау мен басқа облыстар арасында біліктілік арттыру жүйелеріне салыстырмалы талдау жасалады.

Қашықтықтан біліктілік арттыру жүйесінің тұжырымдамасы мен стандарттарын дайындалады.

Қашықтықтан оқытудың құрылымдық-функционалдық және басқарушылық үлгілерін жасалады.

Қашықтықтан оқытудың бағдарламаға сәйкес мультимедиялық электронды оқу құралдарын әзірленеді.
Бағдарламаның тиімділігі

Экономикалық-әлеуметтік тиімділігі – біліктілік арттыруға кететін қаржы азайып, қол жетімділігі артады.

Алынған нәтижелері негізінде түзетулер енгізіліп, толықтырылады:

1.Қашықтан біліктілік арттырудың формасын ендірудің дидактикалық шарттары

2.Біліктілік арттыру қызметінің тиімділік көрсеткіштері мен өлшемдері

3.Қашықтан біліктілік арттырудың ғылыми-әдістемелік кешені

Похожие:

Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconҚашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары Жалпы ережелер Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 29 тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан...
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconБілім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер
Осы Білім беру грантын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес...
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconБілім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер
Осы Білім беру грантын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес...
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconҚазақстан казахстан kazakhstan
Білім басқармасы, Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconҚарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер icon«тмд мүшелігіндегі елдердің білім беру қызметкерлерінің біліктілікті арттыру жүйесіндегі интеграциясы» Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары

Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconТехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі өңіраралық орталықтарды құру туралы
Тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының 2007 жылғы 5 шілдедегі №3 қауылсының
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер icon2009 жылғы 4 маусымдағы №266 Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыру....
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconҚашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымд
Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 25 тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары...
Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница