Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі




Скачать 173.47 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі
Дата конвертации14.01.2013
Размер173.47 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Заңды тұлға қаруды сатып алған күннен бастап 7 күннің ішінде осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес оны сақтауға ішкі істер органынан рұқсат алады»;

22-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ішкі істер органдары осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес «Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолданылады» деген мөртабан қоя отырып, бес жыл мерзімге береді.»;

мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

«25-1. Осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсатты ішкі істер органы 15 күн мерзімге береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.»;

75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алу үшін рұқсат алғаннан кейін азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар.»;

87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87. Сатып алынған азаматтық қару сатып алған күнінен бастап жеті күн мерзімде оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдары бес жыл мерзімге беретін рұқсатты ала отырып, иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес ішкі істер органында тіркеледі.»;

20-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі

124. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес ішкі істер органы берген рұқсаттар бойынша ашады.

125. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсыннылады:

1) қарамағында атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділері бар ұйым басшысының қолы қойылған ашуға рұқсат беру туралы қолдаухат;

2) мыналарды: толық сауалнамалық деректерді (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты); денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды ұстауға қарсы көрсетілімдер жоқтығы туралы медициналық қорытындыларды; соттылығының жоқтығы және қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтамаларды қоса бере отырып, атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің жұмыс істеуі үшін жауапты және қаруға рұқсаты бар адамдар (әкімші, нұсқаушы) туралы мәліметтер;

3) заңды тұлға үшін – жарғының және ұйымының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;

4) жеке тұлға үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

5) жеке кәсіпкер үшін – жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;

6) заңды тұлғаның салық органында есепке қойылғаны туралы куәліктің көшірмесі;

7) мыналардың схемасын қоса отырып, меншік нысаны көрсетілген өндірістік-техникалық база жоспарының көшірмесі:

ашық атыс тирлері (атыс орындары) үшін аумақтар;

мамандандырылған ғимараттардың орналасуы (атыс тирлері, (атыс орындары), стенділер үшін);

қысқаша, оның ішінде техникалық нығайтылуы, күзет және өрт сигнализациясының бар-жоғы, өткізу режимі, қару мен оның патрондарын сақтау шарттары туралы түсіндірме жазбасымен үй-жайдың орналастырылуы.

Заңды тұлғалар үшін – құжаттардың көшірмелері ұйымының мөрімен және ұйымының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталады.

Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін құжат көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.

126. Рұқсатты ішкі істер органдарының қызметкері:

1) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болмаған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде - күнтізбелік он бес күн;

2) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде – күнтізбелік отыз күн ішінде береді (бас тартады).

127. Рұқсат беруден:

1) егер осы Ереженің 125-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаса;

2) сақтау орындары осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады.

128. Егер осы Ереженің талаптарына сәйкес өтініш иесі дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда, берілген рұқсат заңнамамда белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатады.

129. Атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің мекенжайы, жауапты адам ауысқан, жауапты адамдардың құрамы өзгерген кезде ұйым басшы атыс тирін (атыс орнын) және стендіні ашуға рұқсат берген ішкі істер органына бұл туралы үш жүмыс күні ішінде хабарлайды.

130. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері мен стенларділерін, айналасындағылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары сақталған жағдайда ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша ашады:

1) шағын калибрлi қарудан атуға арналған ашық тирлердi елдi мекендерге 2 шақырымнан жақын қашықтықта, ал iрі калибрлi қарудан атуға арналған тирлердi 6 шақырымнан жақын қашықтықта жабдықтауға тыйым салынады.

Жартылай ашық тирлердi қалаларда және қала үлгiсіндегі кенттерде орналастыруға тыйым салынады;

2) атыс аймағының сыртқы қоршаулары мен оқтарды ұстап қалу құрылғыларының сипатына қарай нысана ату спортына арналған құрылыстардың бірнеше үлгiлерi белгіленген: ашық тирлер (атыс орындары) оқ қабылдағыштары және бүйiрiнде топырақ үйiндiлерi мен қажеттi қауiпсiздiк аймақтары бар ашық жер учаскелерiнде орналасады, бірнеше ашық тирлер тұратын атыс алаңдары-кешендерi; көлденең және бүйiрiнен ұстап қалатын қалқандар көзделмеген оқ өтпейтiн қабырғалары мен төбесi бар жабылған (жабық) тирлер; оқ өтпейтiн қабырғалары, төбесiнде көлденең ұстап қалатын қалқаны бар жартылай ашық тирлер.

131. Тир (атыс орындары) мен стендінің пайдаланылу жарамдылығы ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдері жасаған актілерде айқындалады.

132. Атыс қаруы мен оның патрондарын Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, аудандарға бөлiнетiн iрi өнеркәсiптi қалаларда орналасқан спорт қоғамдарының қарамағындағы спорттық-атыс клубтарындағы, балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептеріндегі тирлердегi iшкi iстер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылған жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған күзет пультiне тартылған немесе орталықтандырылған бақылау пультiне қосылған бірнеше шепті күзету белгі беру құралдары бар, жұмыс уақытында белгi беру құралдары ажыратылған кезде қарулы күзет қойылатын және әкiмшiлiк қатаң өткізу режимi жүзеге асырылатын, осы Ереженің 7, 8 және 9-тармақтарының талаптарына сай келетін арнайы жабдықталған қоймаларында сақтауға жол берiледi. Тир үй-жайының күзетi ондағы қарудың сақталуын қамтамасыз ету, атыс қаруын иелену мақсатындағы шабуылға тойтарыс беру үшін қойылады және қызметтік қарумен (тапаншалармен немесе револьверлермен) қаруланады.

133. Өткізу және объект iшіндегі режим жөніндегі нұсқаулықты тир әкiмшiлiгi күзетiлетiн объект ерекшелiктерiн ескере отырып әзiрлейдi, ол аумақтық iшкi iстер органымен келісiледi және жоғары тұрған ұйымның басшысы бекiтедi. Тирге өткізу режимi кіру мен шығудың, қаруды, патрондарды және басқа материалдық құндылықтарды алып кірудiң, алып шығудың, (әкетудiң) қатаң тәртібін орнатуды көздеуi керек. Объект iшіндегі режим тир жұмысының iшкi тәртібін сақтауды (қызметкерлердiң жұмыс уақытының режимiн, қаруды, патрондарды беру мен тапсырудың тәртібін, тұрақты және бір жолғы материалдық рұқсаттамалар енгізудi) қамтамасыз ететiн iс-шараларды қамтиды. Өткізу және объект iшіндегі режимдi қамтамасыз ету мақсатында атыс тирiне (атыс галереясына) кіру есiктерi берiк iлмекпен, электр қоңыраумен және көру саңылауымен жабдықталады. Қызметкерлерді, атқыш-спортшыларды тирге өткізу кiлттер мен құжаттарды сақтауға арналған қажеттi жәшiктермен, рұқсаттамалардың, нұсқаулықтардың, секциялардағы сабақ кестелерiнiң үлгiлерi бар стендтермен жабдықталатын бақылау-өткізу пунктi арқылы жүргiзiледi.

134. Егер атыс галереясы мен қару-жарақ бөлмесi бір ғимаратта орналасқан болса, олар қосалқы үй-жайлардан (оқу сыныптарынан, демалыс бөлмелерiнен, жаттықтырушылардың кабинеттерi мен шаруашылық үй-жайлардан) болат торлы қалқандармен бөлінеді. Бұл қалқандар үкемі құлыппен жабылуға тиіс торлы есiктермен жабдықталады және сүргiленедi немесе пломба салынады. Қалқандар диаметрi кемiнде 15 мм болатын болат шыбықтардан жасалады. Торлы қалқандардың шыбықтары көлемi 150х150 мм-ден аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жерi дәнекерленедi. Тор шыбықтарының ұштары қабырғаға, төбеге, еденге кемiнде 80 мм тереңдiкке бекітілiп, бетонмен құйылады.

135. Атыс арасындағы үзiлiс кезінде атыс галереяларында, тирлерде атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ қару мен патрондарды атыс шебiнде қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.

136. Атыс тирі (атыс орындары) мен стендті ашуға рұқсатты ішкі істер органдары тек қана олардың басшыларның атына бес жыл мерзімге береді.

137. 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ге дейiнгі пневматикалық қарудан атуға арналған атыс тирлер iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз жұмыс iстейдi.»;

осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Ережеге 11, 12, 13, 14-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «7» қарашадағы

№1301 қаулысына

1-қосымша
Қазақстан Республикасындағы

қару мен оның патрондары айналымының

ережесіне 11-қосымша



____ РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ
20____жылғы «___»_____________
___________________________________________

(кәсіпорын бастығының немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні

__________________________________________

мекенжайы, қызметтік немесе үйінің телефоны)

жеке жауапкершілігіне____________________

(жауапты адамның тегі, аты-жөні.

___________________________________________

қызметтік телефоны, жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың № және күні)

__________________________________________

ашу, жұмыс, істеу, сақтау құқығына (керексізі сызылып тасталсын)

__________________________________________

(объектінің немесе қарудың, аңшылық -

__________________________________________

оқ дәрінің, патрондардың атауы, оның саны, сақтауға рұқсат берілген салмағы көрсетіледі)

__________________________ берілді
20__жылғы «___»_____дейін жарамды.

Бастық_________________________________

(қолы)

Рұқсат мерзімі 20___жылғы «____»_________дейін ұзартылды.

Бастық_________________________________

(қолы)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

___________________________________________

(ішкі істер органының атауы)

____ РҰҚСАТ
__________________________________________

(кәсіпорын бастығының немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні

__________________________________________

мекенжайы, қызметтік немесе үйінің телефоны)

жеке жауапкершілігіне____________________

(жауапты адамның тегі, аты-жөні.

__________________________________________

қызметтік телефоны, жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың № және күні)

__________________________________________

ашу, жұмыс, істеу, сақтау құқығына (керексізі сызылып тасталсын)

__________________________________________

(объектінің немесе қарудың, аңшылық -

__________________________________________

оқ дәрінің, патрондардың атауы, оның саны, сақтауға рұқсат берілген салмағы көрсетіледі)

__________________________ берілді
20__жылғы «___»_____дейін жарамды.

Бастық_________________________________

(қолы)

Рұқсат мерзімі 20___жылғы «____»_________дейін ұзартылды.

Бастық_________________________________

(қолы)




________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «7» қарашадағы

№1301 қаулысына

2-қосымша
Қазақстан Республикасындағы

қару мен оның патрондары

айналымының

ережесіне 12-қосымша


алдынңы беті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

_____________________________

(ішкі істер органының атауы)

____ Рұқсат
_____________________ берілді

(Т.А.Ә.)

___________________________


3х4 фотосурет орны

____________________ тұрады

(үйінің мекенжайы)

___________________________ ___________________________

______________ жұмыс істейді

(кәсіпорын атауы)

М.О.

_________________________лауазымында

Сақтау, сақтау және алып жүру құқығына (керексізі сызылып тасталсын) _____________________________

(қарудың әрбір бірлігінің маркасы, калибрі, нөмірі)

_____________________________

Рұқсат 20_жылғы «_» __дейін жарамды.
Бастық_______________________

_____________________________

(қолы, тегі, аты-жөні.)
М.О.

Берілген күні 20_жылғы «__» ________

Өлшемі 9,5 х 6,5 сантиметр

Сыртқы беті


Рұқсат мерзімі 20_жылғы «___» _____________ дейін ұзартылды.

Бастық_______________________

(қолы)
Рұқсат мерзімі 20_жылғы «___» _____________ дейін ұзартылды.

Бастық_______________________

(қолы)



Рұқсат мерзімі 20_жылғы «___» ___________________ дейін ұзартылды.

Бастық_______________________

(қолы)
Рұқсат мерзімі 20_жылғы «___» _____________ дейін ұзартылды.

Бастық_______________________

(қолы)


Өлшемі 9,5 х 6,5 сантиметр

______________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «7» қарашада

№1301 қаулысына

3-қосымша
Қазақстан Республикасындағы

қару мен оның патрондары

айналымының

ережесіне 13-қосымша



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

_________________________________

(ішкі істер органының атауы)

РҰҚСАТ ТҮБІРШЕГІ

____________________________________ берілді

(мекеме, кәсіпорын атауы)

________________________________ орналасқан

(мекенжайы)
Мынадай жүкті_______________________

(жүктің атауы және заттардың саны)

__________________________________________

(санмен және жазбаша көрсетіледі)

тасымалдауға __________________________________

(көлік түрі)

______________________________________ ден

____________________________________________ дейін Тасымалдауға _______________________

______________жауапты болып табылады

(Т.А.Ә.

___________________________________________

жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі)

Жол жүргенде жүкті күзететін адамдар:

1. ______________________________________________

2. ________________________________________

3. ________________________________________

20___жылғы «___»_______дейін жарамды.

Бастық___________________________________

(қолы)

М.О.

20__жылғы «____» ____________________

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

_________________________________

(ішкі істер органының атауы)

РҰҚСАТ

___________________________________ берілді

(мекеме, кәсіпорын атауы)

________________________________ орналасқан

(мекенжайы)
Мынадай жүкті_______________________

(жүктің атауы және заттардың саны)

_________________________________________

(санмен және жазбаша көрсетіледі)

тасымалдауға ____________________________

(көлік түрі)

______________________________________ ден

____________________________________________ дейін Тасымалдауға _______________________

______________жауапты болып табылады

(Т.А.Ә.

_________________________________________

жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы, нөмірі)

Жол жүргенде жүкті күзететін адамдар:

1. ________________________________________

2. ________________________________________

3. ________________________________________

20___жылғы «___»_______дейін жарамды.

Бастық___________________________________

(қолы)

М.О.

20__жылғы «____» ____________________


________________________


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы «7» қарашадағы

№1301 қаулысына

4-қосымша
Қазақстан Республикасындағы

қару мен оның патрондары айналымы туралы

қағидаларына

14-қосымша


20__жылғы «__»___________ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

№ рұқсат түбіршегі

__________________________________________

(рұқсатты алған адамның Т.А.Ә.,

__________________________________________

оның мекенжайы)

________________________ сатып алуға берілді

(әрбір қарудың бірлігінің маркасы,

калибрі, саны)


Берілген күннен бастап 3 (үш) ай

ішінде жарамды

М.О.

Бастық_________________________________

(қолы)

20____жылғы «______»______________ дейін

жарамды.

М.О.

Бастық_________________________________

(қолы)

Ескерту. Рұқсатты берген ішкі істер

органында қалады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігі

____________________________________________

(ішкі істер органының атауы)

20 жылғы «______»___________________
№____рұқсаттың толнұсқасы

____________________________________________

(рұқсатты алған адамның Т.А.Ә. оның

мекенжайы)

______________________________ сатып алуға берілді

(әрбір қарудың бірлігінің маркасы, калибрі, саны)

Берілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды

М.О.

Бастық _______________________________________

(қолы)

20 жылғы «___» _______________дейін жарамды.

М.О.

Бастық ______________________________________

(қолы)

Ескерту. Сатып алушының қолында қалады Қаруды сатып алған кезде сатушы ұйым сыртқы бетін толтырады және тіркеу кезінде ішкі істер органына ұсынылады


Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігі

____________________________________________

(ішкі істер органының атауы)

20 жылғы «______»___________________

№____рұқсат

_____________________________________________

(рұқсатты алған адамның Т.А.Ә. оның мекенжайы)

____________________________ сатып алуға берілді

(әр бірлік қарудың маркасі, калибрі, саны)

Берілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жарамды

М.О.

Бастық _______________________________________

(қолы)
20 жылғы «___» _______________дейін жарамды.

М.О.

Бастық _______________________________________

(қолы)

Ескерту. Сатушы ұйымда қалады және қаруды сатқан кезде сыртқы бетінде толтырылады






(сыртқы беті)

Қарудың түрі (қызметтік, азаматтық)

жүйесі

Калибрі

Нөмірі

Шығарылған жылы

Шығарушы зауыттың атауы

Қарудың түрі (қызметтік, азаматтық)

жүйесі

Калибрі

Нөмірі

Шығарылған жылы

Шығарушы зауыттың атауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 










 

 

 










20 жылғы__________________

20 жылғы__________________

 

 

 










 

 

 










Сатушы ұйымның мөртаңбасы

Сатушы ұйымның мөртаңбасы

_______________________










_______________________










 

(жауапты адамның қолы)

 

(жауапты адамның қолы)


____________________________________


Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 қараша №1297, Астана, Үкімет Үйі Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді
Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1302, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 15 қараша №1341, Астана, Үкімет Үйі
«Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 1 қараша №1259 Астана, Үкімет Үйі
Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1301, Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 4 наурыз №231 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница