Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




НазваниеІшкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/7
Дата конвертации14.01.2013
Размер0.69 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7


Облыс әкімдігінің

2009 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 347 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН


ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ

2010-2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

(бөлінген лимиттер бойынша)

Орал қ. - 2009 ж.




Орал, 2009
М А З М Ұ Н Ы


1

Ішкі істер департаментінің миссиясы мен пайымы

-

1 бетте

2

Ағымдағы ахуалды талдау

-

1- 4 бетте

3

Ішкі істер департаменті қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері. Ішкі істер департаментінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

-

5 – 12 бетте

4

Ішкі істер департаментінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қауіп-қатерлер

-

13 – 20 бетте

5

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуге негіз болған нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі

-

21 бетте

6

Ішкі істер департаментінің бюджеттік бағдарламалары

-

22 – 38 бетте

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2010-2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

1. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің

миссиясы мен пайымы

Миссиясы. Азаматтардың өмірін, денсаулығын, конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің меншігін, мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан сенімді қорғауды қамтамасыз ету.

Пайымы. Құқық бұзушылықтардың пәрменді алдын алуды көздейтін криминалдық процестерге қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді жүйесі және қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету.
II. Ағымдағы ахуалды талдау
1. Құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтардың алдын алу
Елімізде соңғы жылдары қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай, мақсатты бағытталған шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін жандандыруға мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда жалпы облыстағы криминогендік ахуал бір қалыпты. 2008 жылда да қылмыс санының төмендеу үрдісі сақталуда. Сондай-ақ, барлық бағыттағы қылмыстың саны 6,5% (с 4706 до 4398) және жалпы криминалдық бағыттағы қылмыс саны 7,2 % (с 4210 до 3908) төмендеген, соның ішінде кісі өлтіру 13,3 % (83-тен 72-ке дейін), денеге ауыр жарақатын салу фактілері 7,5 % (93-тен 86-ға дейін), тонау 7,8 % (525-тен 484-ке дейін), бұзақылық 19,6 % (419-дан 337-ге дейін), бөтеннің мүлкін ұрлау 9,0 % (2022-ден 1840-ге дейін), сонымен қатар қылмыстың ашылу көрсеткіштері жоғарылауда.

Алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру негізінде кәмелетке толмағандар 14,8 %, бұрын сотталғандар 10,8 %, ішімдік ішкендер 5,9 %, топпен 6,6 %, көшеде 7,8 % және қоғамдық орындарда 6,7 % жасалған қылмыстар санының төмендеуіне қол жеткізілді.

Қоғамдағы криминогендік ахуалды тұрақтандыру үшін, ең алдымен, елімізде құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін құру қажет.

Ішкі істер органдарының қызметін құрайтын алдын алу жұмыстары нығайтуды талап етеді, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар, патрульдік және жол полициясының саптық бөліністері оның негізгі буыны болып саналады.

Ауыр қылмыстардың жартысына жуығы орын алатын криминогендік жағдайы күрделі көшелер мен басқа да қоғамдық орындар патрульдік-бекеттік қызметтерді нығайтуды, полиция нарядтарының жедел қимылын арттыруды, автопатрульдердің санын көбейтуді, жылжымалы және станционарлық полиция бекеттерін ішкі істер органдарының бірыңғай деректер базасына қосылған компьютерлермен жабдықтауды талап етеді.

Облыстың қоғамдық орындары мен көшелеріндегі жағдайларды техникалық құралдармен бақылауға мүмкіндік беретін ІІД Жедел басқару орталығын, аудан орталықтарындағы шағын-ЖБО және «Қауіпсіз аула» жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз ету қажет.

Бұл мәселелердің шешілуі ішкі істер органдарының кадрлар және техникалық базасын нығайтуды, ең алдымен учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың, мектеп полиция инспекторлары институтының әрі қарай дамуын, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің мүмкіндіктерін пайдалануды талап етеді.

Облысқа келуші шетел азаматтарының санының өсуі заңсыз көші-қон мәселесін және соған сәйкес қылмыстарды күрделендіреді. Осыған орай көші-қон бақылауын күшейту, барлық құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, заңсыз көші-қонды дер кезінде анықтап, келу жолдарын жабуды қамтамасыз ету үшін елімізге келуші шетелдіктерді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу қажет.

Азаматтық қоғамдағы институттар мен тұрғылықты халықтың қолдауынсыз облыста қылмыстың алдын алудың жалпы жүйесін құру, аймақтағы криминогендік жағдайды толықтай сауықтыру мүмкін емес. Қылмыстың көп орын алатын салаларында: отбасылық-тұрмыстық жағдайда, бұрын сотталғандар арасында, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы қылмыстың алдын алудың тиімді үлгісін енгізу қажет.

Облыстың автокөлік жолдарындағы апаттық жағдайы күрделі мәселе ретінде қалып отыр. 2008 жылдың ішінде 305 жол-көлік оқиғасы орын алып, 88 адам көз жұмса, 297-сі жарақат алған. Облыстағы жол-көлік кешені күрделі жағдайда қызмет атқарады. Автокөлік саны қазіргі таңда 100 мың бірліктен асады, оның көбею қарқыны көше жолдары тораптарының даму қарқынынан айтарлықтай алда. Республикалық және жергілікті жолдардың басым бөлігінің жағдайы қажет етілетін талаптарға сәйкес емес, қайта жаңартуды қажет етеді. Автокөлік жүргізушілерінің дайындық және тәртіп деңгейі әлі де төмен болуы салдарынан ЖКО 70%-да жүргізушілер кінәлі болып отыр. Басты себептер: жылдамдықты белгіленген деңгейден асыру, қарсы бетке шығып кету, жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу және көлікпен маневрлеу болып табылады.

Жолдардағы құқық бұзушылықты көзбен шолып бақылаудан жаңа техникалық құралдарды қолдануға, жолдардағы ахуалды автоматты түрде жазып алатын құралдарына көшуді басым бағыт ретінде қарау қажет. Бұл жол қозғалысына қатысушылары арасындағы даулы жағдайларда бір жақты баға беруге жол бермей, жолдардағы жалпы тәртіпті нығайтады. Жүргізушілер мен полиция қызметкерлерінің арасындағы тікелей байланыстар санын азайтып, жол полициясындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетеді.

2. Қылмысқа, оның ішінде оның ұйымдасқан түрлеріне қарсы күрес. Есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл
Ішкі істер органдарының басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары жалпы еліміздегі криминогендік ахуалды тиісті бақылауға, қылмысты әлеуметтік тиімді деңгейде ұстауға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды толық көлемде қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметінің сапасын түбегейлі жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Халық өзінің қауіпсіздігі мен мүлкінің сақталуына алаңдаушылық танытуда.

Соған қарамастан облыс көлемінде жалпы криминалдық қылмыстардың жартысын құрап отырған тонау, қарақшылық шабуыл, бұзақылық, ұрлық әрекеттері бой алып отыр. Сондықтан, қылмыстық әрекеттердің көпшілігі ашылмайды. Қылмыскерлердің көпшілігіне тергеу мен соттан ұзақ уақытқа жасырынып жүруге мүмкіндік туады.

Мұндай жағдай қылмыстың алдын алу шараларының жеткілікті деңгейде жүргізілмеуі, жедел-іздестіру қызметінің төмен деңгейдегі жұмыс нәтижелері, кадрлар тұрақтамаушылығы мен криминалдық полиция бөліністерінің және басқа да жедел қызметтердің материалдық-техникалық базасының төмендігі салдарынан орын алып отыр. Қылмысқа қарсы күресте әлі де болса жаңа ақпараттық-талдау жүйелері, заманауи техникалық құралдары, криминалистиканың жетістіктері кеңінен қолданылмай отыр.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте шет елдердің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтың тиімді тетіктері құрылған және оларды одан әрі дамыту талап етіледі.

Жыл сайын облысқа келетін шетелдіктердің, оның ішінде еңбек мигранттарының өсіп жатқан ағымына байланысты заңсыз көші-қон мен оған байланысты қылмыс проблемасы шиеленісуде. Осыған байланысты көші-қон бақылауын күшейту жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ заңсыз мигранттарды реадмиссиялау мәселелерін заңнамалық тәртіппен шешу талап етіледі.

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар кеңінен таралып отыр. 2008-2010 жылдарға арналған есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан кешенді іс-шаралар, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, героин секілді есірткінің ауыр түрінің айналымының өсуі ерекше қауіп төндіріп отыр. Облысқа заңсыз есірткі затын әкелу арналары дер кезінде жойылмайды. Есірткі бизнесінің халықаралық жүйесі Қазақстан аумағын, соның ішінде біздің облысты Ресейге есірткі тасымалдау үшін пайдаланып отыр.

Нашақорлықтың алдын алу және нашақорларды емдеуді ұйымдастыру жұмысы әлі тиімсіз. Нашақорлықтың ерте кезде алдын алу жүйесін құру, сондай-ақ, мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Ішкі істер органдарының тергеушілері мен анықтаушылары жыл сайын облыстағы орын алған қылмыстың 90% тергейді. Ішкі істер департаменті жұмысының нәтижелері алдын ала тергеу және анықтау жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру деңгейіне байланысты.

Бұл қылмыстық істерді уақтылы және сапалы тергеуді қамтамасыз ету, заңды бұзуға жол бермеу, маңыздылығы аз және қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстарды тергеу рәсімдерін жеңілдету бойынша ұйымдастырушылық, практикалық және заңнамалық шаралар кешенін қабылдау қажеттігіне байланысты.

Тергеу және анықтау бөліністерінің кадрларын, осы қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, олардың қызметіне қазіргі заманғы криминалистикалық және ұйымдастырушылық техниканы, инновациялық технологияларды енгізуге байланысты мәселелерді шешу қажеттігі туындады.

Сондай-ақ, әлемдік қаржы дағдарысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы, жұмыс орындарының қысқаруы жағдайында құқық қорғау қызметін жүзеге асыру негізінде ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуі мен қатар қоғамдағы криминогендік жағдайдың деңгейі артуы мүмкін.
__________________________________________

III. ІІД қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері



Көрсеткіштің атауы

­өлш. бірл.


есепті кезең

жоспарлы кезең

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2010-2014 жылдарға арналған Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің стратегиялық жоспары Мазмұны
Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconБекітілген шаңтөбе кенті әкімі аппараты 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconГеолог селолық округі әкімі аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары атырау қаласы 2010 жыл Стратегиялық жоспардың құрылымы
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық
Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconБалықшы кенттік округі әкімі аппаратының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары балықшы кенті 2009 жыл
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық
Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon2009 жылғы 30 желтоқсан №2304 қаулысымен
Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconШымкент қаласының әкімдігінің 2010 жылғы
«Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мм 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ішкі істер департаментінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница