Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер




Скачать 61.11 Kb.
НазваниеЕреже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер
Дата конвертации14.01.2013
Размер61.11 Kb.
ТипДокументы
ЕРЕЖЕ

облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы
1. Жалпы ережелер

Бұл ереже байқаудың мәртебесі, мақсаты мен міндеттерін, өтілу мерзімі мен тәртібін, байқауға қатысу жағдайын, қорытындысы мен марапатталуын анықтайды.

2. Байқауды ұйымдастырушылар

Байқаудың ұйымдастырушылары Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы және Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты. Байқауға қатысушыларды марапаттау үшін демеушілер тартылуы мүмкін.

3. Байқаудың мақсаты

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен оқушылармен интерактивті жұмыстарды ұйымдастыруды жариялау, белсенді педагогтарды марапаттау және педагогикалық қоғамдастықтағы олардың қызметінің нәтижесін көрсету.

4. Байқау міндеттері

  • білім беру үрдісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізуді ынталандыру

  • мұғалімдердің ІТ-құзырлылығын қалыптастыру үрдісін белсендендіру

  • қатысушылардың желілік өзара әрекеттесу тәжірибесін игеруі

  • интернет-педагогтардың үздік педагогикалық тәжірибелермен алмасуы (диссеминация), жағымды педагогикалық тәжірибе тарату және білім беру үрдісінде АКТ пайдалану тәжірибесін тиімді алмасу мақсатында on-line режимінде интерактивті сабақтар банкін құру

  • шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерді марапаттау, ғылыми білімдерге, өзін-өзі тануға мұғалімдердің жағымды мотивациясын қалыптастыру

  • мұғалім профессионализмының жоғарылауына көмектесу.

5. Конкурстың өту мерзімі

Байқау 2011 жылдың 18 сәуірі мен 20 мамыры аралығында өткізіледі.

6. Байқауға қатысушылар

Конкурсқа Батыс Қазақстан облысындағы орта білім мекемелерінің пән мұғалімдері қатысуға құқылы.

Әрбір аудан ( Орал қ. ), қашықтықтан байқауға қатысу үшін 2 мұғалім (қоғамдық - гуманитарлық циклдан 1 мұғалім және жаратылыстану-математикалық циклдан 1 мұғалім), әр облыстық мектептен - 1 мұғалім (бағдар - мектеп таңдауы бойынша).

7. Байқаудың мазмұны

Байқау 3 кезеңді қарастырады:

1 кезең - ұйымдастырушылық:

  • 2011 жылдың 7-11 сәуірі аралығында АББ, ҚББ, облыстық мектептер сұраныс береді;

  • 2011 жылдың 13 сәуірі күні ZKOIPK. KZ сайтында «Үздік on-line сабақ» қашықтықтан байқау сабақтарының өту кестесі» жарияланады («кесте» байқауға түскен сұраныстардың негізінде жеребе салу әдісімен құрылады );

  • 2011 жылдың 14 сәуірі күні ZKO IPK бөлмесінде sabak. kz сайтында «Интерактивті сабақтарды дайындау және өткізу технологиялары» кеңестік семинар-тренинг өткізіледі.


2 кезең - конкурстық:

Конкурсқа қатысушылардың сөз сөйлеуі, жеңімпаздарды анықтау - 2011 жылдың 18 сәуірі мен 20 мамыры аралығында.

Сабақтар ZKO IPK бөлмесінде sabak.kz сайтында «Үздік on-line сабақ» қашықтықтан байқау сабақтарының өту кестесіне» сай өткізіледі. Сабақтың өту ұзақтығы 45 минут.

Әр қатысушы сабағын өткізгеннен кейін ұйымдастыру комитетіне 2 күннің ішінде келесі материалдарды ұсынуға тиісті:

1. сабақты өзіндік талдау;

2. сабақ конспектісі;

3. сабақ барысында қолданылған мультимедиялық авторлық сабақтар

Материалдар zkoipk@mail.ru e-mail-на «Yздік on-line сабақ» байқауына деген белгімен жіберіледі.

2011 жылдың 18 сәуірі мен 20 мамыры аралығында zkoipk.kz сайтында байқау сабақтарын бағалау бойынша Интернет - дауыс беру ұйымдастырылады, барлығы белсенді қатысуы тиіс.

3 этап –конкурсты қорытындылау:

Жеңімпаздарды жариялау білім қызметкерлерінің тамыз маслихатында мұғалімдердің үздік жұмыстарын презентациялау түрінде өтеді, жеңімпаздарды марапаттау - 2011 жылдың тамыз айы.
8. Бағалау өлшемдері:

«Оn-line» режиміндегі конкурстық сабақ келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

  1. Сабақ тақырыбының, оқитын материалдың маңыздылығын арттыра білу (5 ұпай) 

  1. Сабақ барысында пайдаланатын жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістерінің ауысу жиілігі мен таңдау үйлесімділігі (5 ұпай) 

  2. Жұмыстың белсенді әдістерінің болуы (5 ұпай)

  1. Кері байланысты ұйымдастыру біліктілігі (5 ұпай)

  1. Өз бетінше шығармашылық бағыт жасау, өзгешелігі, авторлық шешімінің ерекше болуы (10 ұпай)

  1. Педагогикалық шеберлік: сыныпты басқара білуі, саралап бағыттауы, дүниетанымының кеңдігі, сыныптың белсенді жұмыстануы үшін пайдаланатын психологиялық жаттығулар, оқушылармен байланыс орнату, сабақ барысындағы мотивацияны қолдауы (10 ұпай).

Сабақты өзіндік талдау келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

  1. Методологиялық бағыттың бар болуы (5 ұпай)

  1. Сабақ бойынша қорытындылардың сарапшылар қорытындысымен сәйкес келуі (5 ұпай)

Сабақ конспектісі келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

  1. Мақсаттың болуы (2 ұпай)

  1. Мақсатқа жету жолдарын анықтаудың болуы (2 ұпай)

  1. Ойлылығы (2 ұпай)

  1. Саралау бағытының болуы (2 ұпай)

  1. Күтілетін нәтижелерді сипаттау айқындылығы (2 ұпай)

Мультимедиялық авторлық сабақтар келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

  1. Пайдаланылған мультимедиялық сабақты безендіру әсемдігі және дизайны (5 ұпай)

  2. Ақпараттық-коммуникациялық ресурстарды қолдану түрлері мен әдістерін таңдау үйлесімділігі және ұтымдылығы (рационалдығы) (5 ұпай).

9. Конкурс материалдарын рәсімдеуде қойылатын талаптар

Конкурстық материалдар келесі құжаттардан тұрады:

9.1. Байқауға қатысуға сұраныс.

Сұраныс байқауды ұйымдастырушының атына жіберіледі және келесі мазмұнда болуы керек:

• АББ (ОББ, ҚББ) басшысы педагогтарды байқауға қатыстыру туралы сұранысты келесі мәліметтерді көрсетіп жіберуі керек: аты-жөні, әкесінің аты; жұмыс орны, пәні, еңбек өтілі, санаты, сабағының тақырыбы, сыныбы.

Байқауға қатысуға сұраныстар 2011 жылдың 11 сәуіріне дейін қабылданады.

9.2. Байқау сабағын өзіндік талдау, сабақтың тақырыбы, өтетін орны, автордың толық аты-жөні көрсетіліп, фотосы салынуы керек. (Сабақты өткізгеннен кейін 2 күн ішінде орындалуы керек).

9.3. Мультимедиялық сабақ (разработка), сабақтың конспектісі электронды түрде салынуы керек (Сабақты өткізгеннен кейін 2 күн ішінде орындалуы тиіс).

9.4. Өткізілген сабақтың бейнежазбасы электронды түрде (CD дискіде) 2011 жылдың 20 мамырына дейін тапсырылуы керек.

Байқау материалдары қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастыру комитетіне төмендегі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 090002, Орал қ., Евразия д., 238, БҚО ПКБА ж ҚДИ, тел.:8(7112)54-37-00, e-mail: zkoipk@mail.ru

10. Қазылар алқасы және байқаудың ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқаудың тұжырымдамасын, оның өтілу тәртібін айқындайды, ережесін жасайды. Қазылар алқасының құрамын, ағымдағы құжаттарды және байқаудың өтілу мерзімін, бағалау мазмұны мен өлшемдерін бекітеді.
Қазылар алқасы сараптама жасайды және жұмыстарын бағалайды.

Қазылар алқасының шешімі Ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен хатшысының қолы қойылған, хаттамамен рәсімделеді, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бұйрығы жасалады.

11. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі.

11.1. Байқау жеңімпаздары жоғарыда көрсетілген өлшемдер мен талаптар негізінде сараптама комиссиясымен анықталады. (8 п.)

11.2. Байқау лауреаттары дипломдармен марапатталады. Байқауға қатысушылардың барлығы қатысушылар сертификатына ие болады.

11.3. Байқауды қорытындылау, қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтеді.

  • Жүлделі орындар белгіленеді: I, II, III ( екі орыннан - қоғамдық

гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер циклдары бойынша).

Көзге түскен қатысушылар номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады:

- «Сабақ жоспарын құрудағы үздік авторлық шешім»

- «Ең белсенді сабақ»

- «Жарықтық және презентациялылық»

- «Интернет – дауыс берудің жеңімпазы»
Үйлестірушілердің байланыс бағыттары:
Абдрахманова Анаргүл Жұмабайқызы

тел.: 8 (3112) 54-37-01, 8774187330, e-mail: anargul_32@mail.ru

Коровина Светлана Валерьевна,
тел.: 8 (3112) 54-37-01, 87772480910, e-mail: sv-url@rambler.ru
Обыденкина Лариса Валентиновна,
тел.: 8 (3112) 23-75-26, факс. 8(3112)54-37-00, e-mail: risa-8@mail.ru

Похожие:

Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер icon«Үздік on-line сабақ»
Облыстық білім басқармасының 2011 жылғы 12 cәуір №228 бұйрығына сәйкес облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау...
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер iconҮздік on-line сабақ қашықтықтан байқау сабақтарының өту кестесі

Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер icon2011 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің қатысуымен республика мектептерімен on-line режимінде өтетін «Білім күніне» арналған интерактивті сабақта кері байланысқа шығатын 17 мектептің тізімі
Премьер-Министрі К. Мәсімовтің қатысуымен республика мектептерімен on-line режимінде өтетін «Білім күніне» арналған интерактивті...
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер icon«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы жөнінде ереже (бұдан әрі Байқау) Жалпы ережелер «Қуатты қалам»
«Қуатты қалам» журналистік шеберлік байқауы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі бақ) өкілдерінің арасында өткізіледі. Байқаудың...
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер iconКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер iconАтырау инженерлік-гуманитарлық институты «Үздік оқу сабағы (дәріс, практикалық, зертханалық сабақ)» байқауы туралы ереже
«Үздік оқу сабағы (дәріс, практикалық, зертханалық сабақ)» байқауын (бұдан әрі Байқау) Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (бұдан...
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер iconУроков в режиме on-line «Лучший on-line урок»
Настоящее положение определяет статус, цели и задачи конкурса, сроки и порядок его проведения, условия участия в конкурсе, подведение...
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер iconЖемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан былай – Байқау) жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін...
Ереже облыстық қашықтықтан on-line режимінде өтетін «Үздік on-line сабақ» байқауы Жалпы ережелер iconЕң үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ашық байқауы туралы ереже
Ең үздік Партиялық бақылау бекеті бойынша «Нұр Отан» хдп байқауы (бұдан әрі – Байқау) әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница