Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы




Скачать 147.51 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы
Дата конвертации14.01.2013
Размер147.51 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасының аумағында

аң аулау ережесін бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі № 741 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 300-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы А. Есімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы «___»____________

№__ қаулысымен

бекітілген
Қазақстан Республикасының

аумағында аң аулау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейді.

2. Аң аулау – аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алу жүзеге асырылатын жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түрі.

Олжалау мақсатымен жануарларды іздеу, аңду және ізіне түсу, жануарлар дүниесінің объектілерін олжалауға әрекет жасау, аң аулайтын жерлерде адамдардың қабынан алынған аңшылық атыс қарумен және аң аулаудың басқа құралдарымен немесе олжаланған аңшылық өнімімен, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттермен және қыран құстармен жүруі аң аулауға теңестіріледі.

3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кәсіпшілік аң аулау;

2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау.

4. Кәсіпшілік аң аулау – кәсіпкерлік қызмет мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

5. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнімді жеке пайдалану үшін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

6. Аң аулайтын жерлер – бұл аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін аң аулау объектісін білдіретін жануарлар түрлерінің тіршілік ортасы болып табылатын аумақтар мен акваторилер.

7. Аң аулайтын жерлер:

1) аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілген;

2) аң аулайтын жерлердің резервтік қорында аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізуге және аң аулауға жол берілетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан жерлер болып бөлінеді.

8. Егер жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өзгеше белгілемесе, аң аулау бекітіліп берілген аң аулайтын жерлерде жүргізіледі.

9. Аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны және аң аулау құқығына рұқсат берілгені үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы белгі қойылған аңшылық куәлігі мен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе оған келген, он төрт жасқа толған жеке тұлғалардың (бұдан әрі – аңшы) осы Ережеде рұқсат берілген олжалау құралдарының түрлерін, иттер мен қыран құстарды қолданып, осында аң аулауға құқығы бар. Бұл ретте аңшылық атыс қаруын қолдана отырып, он сегіз жасқа толған, аңшылық атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған жағдайда жеке тұлғалардың аң аулауға құқығы бар.

10. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер үшін аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы ұйымымен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған шарттың және тұратын елінде олардың аң аулау құқығын және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алғандығын куәландыратын құжаттың негізінде туындайды.

Шетелдіктердің қатысуымен әуесқойлық (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

11. Аңшылық атыс қаруы, қыран құстар, иттер және аң аулаудың түріне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған барлық техникалық құралдарды қолдана отырып, жануарларды олжалау жүргізілетін құралдар жануарларды олжалау құралдары болып танылады.

12. Жануарлардың терілері (мамық жүнді тері, тері шикізаты, құстардың терісі), олардың еті, майы, қауырсыны мен мамығы, бұғы мүйізі, мускус, өті, бас сүйектері, мүйіздері (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), азу тістері және жануарлар денесінің басқа да бөліктері, құстар мен бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жануарлардың өздері аң аулау өнімдері деп танылады.
2. Аң аулау тәртібі
13. Аң аулау уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары аң аулауға беретін тиісті рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) негізінде жүргізіледі.

14. Аңшыда мынадай құжаттар болған кезде кәсіпшілік аң аулауға жол беріледі:

1) аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны және уәкілетті органның аумақтық органында тіркелгені туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;

2) рұқсат;

3) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсаты;

4) иттермен және қыран құстармен аң аулаған кезде – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін оларды тіркеу туралы құжаттар;

5) аңшылық шаруашылығы ұйымымен жасалған шарт;

6) аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамасы;

7) кәсіпшілік журналы.

Кәсіпшілік аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезінде аңшылық шаруашылығы ұйымы рұқсатты пайдаланғаны үшін жауапты адамды тағайындайды.

15. Аңшыда мынадай құжаттар болған кезде әуесқойлық (спорттық) аң аулауға жол беріледі:

1) аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны және уәкілетті органның аумақтық органында тіркелгені туралы белгісі бар аңшылық куәлігі;

2) рұқсат;

3) аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамасы;

4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсаты;

5) иттермен және қыран құстармен аң аулаған кезде – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін оларды тіркеу туралы құжаттар.

Тұяқты жануарлар мен аюды әуесқойлық (спорттық) аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезінде рұқсатты пайдалануға жауапты аңшының деректері рұқсаттың бет жағына, ал қалған қатысушылардың деректері олардың аңшы куәліктерінің нөмірлерін көрсетумен артқы жағына енгізіледі.

16. Егер бұл рұқсат нысанында көзделген болса, аң аулау аяқталғаннан кейін күн сайын аңшылық шаруашылығы ұйымының қорықшысы немесе ол болмаған кезде аңшының өзі рұқсатқа немесе жолдамаға, ал кәсіпшілік аң аулау кезінде – кәсіпшілік журналына нақты олжаланған жануарлар туралы белгі жасайды.

17. Мынадай жағдайларда:

1) жануарлар дүниесін қорғауды уәкілетті органның және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы ұйымының қорықшылар қызметі жүзеге асырған;

2) адамның денсаулығына және өміріне қауіп төнген, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларына айтарлықтай залал келтірілген;

3) жануарлардың басқа түрлерін аулауға рұқсаты болған кезде қасқырлар мен шибөрілерді олжалауға рұқсат талап етілмейді.

18. Аң аулау:

1) тегіс ұңғылы аңшылық атыс қаруын;

2) суда жүзетін жабайы құстардан басқасына, ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын;

3) қолдан жасалған құралдарды (қысқыш қапқандарды, құстар мен ұсақ аңдарды ұстайтын тұзақтарды, салмақты қысқышты, қаусырманы);

4) иттер мен қыран құстарды қолданып жүргізіледі.

19. Ірі жыртқыш жануарларды және саны реттеуге жататын жануарларды аулау мерзімінен тыс олжалау Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының негізінде жүргізіледі.

20. Жолдаманың күші қолданылатын аумақтан тыс жерде аңшы иттерді іздеген және шақырған кезде аңшы оғы алынып тасталған және бөлшектелген аңшылық атыс қаруымен болады.

21. Жолдаманың күші қолданылатын аймақтан тыс жерде жараланған тұяқты жануарлардың, аюлар мен қасқырлардың ізіне түсуге және оларды жинап алуға жараланған жануар жүрген аң аулайтын жерлерде аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкілетті тұлғасының келісімімен жол беріледі.

22. Аң аулау аяқталғаннан кейін, аң аулау аралығындағы үзілістерде, бір жерден екінші жерге көшкен кезде, сондай-ақ уәкілетті тұлғалар аң аулаудың заңдылығын тексеруі кезінде аңшы аңшылық атыс қаруын оғы алынған күйге келтіреді.

Мылтық қарудың оқ ұясында және оқшантайында патрон болмаған кезде оғы алынып тасталған болып есептеледі.

23. Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректілерді олжалау кезінде олжалаудың күні мен орны көрсетілген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгілер ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға одан әрі беру үшін аңшылық шаруашылығы ұйымының уәкілетті тұлғасына немесе уәкілетті органның аумақтық органына тапсырылады.

24. Аң аулау:

1) аң аулау минимумы бойынша емтихан тапсырғаны және уәкілетті органның аумақтық органында тіркелгені туралы белгі қойылған аңшылық куәлігінсіз;

2) ішкі істер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсатынсыз, ал шетелдік азаматтарға - ішкі істер органдарының аңшылық атыс қаруын әкелуге және әкетуге рұқсатынсыз;

3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен иттерді және қыран құстарды тіркеуге берілген құжаттарсыз;

4) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аң аулайтын жерлердің резервтік қорында;

5) аңшылық шаруашылығы ұйымдарымен кәсіпшілік мақсаттарда жасалған шартсыз;

6) оларды қолдану осы Ережеде көзделмеген олжалау құралдарымен;

7) тегіс ұңғылы аңшылық қаруын қолданумен елді мекендердің жерлерінде, сондай-ақ онымен шектесетін аумақтарда, олардың айналасында екі шақырым және ойық ұңғылы аңшылық қаруын қолданумен алты шақырым радиуста;

8) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерінде;

9) өнімді жинау аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

10) заңнамада белгіленген тәртіппен табиғатты пайлаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақтарды қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

11) авиа-, авто-, мото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы (қасқырларды аулауды қоспағанда) қолданып, әуесқойлық (спорттық) мақсаттарда;

12) алкогольдік немесе нашақорлық мастық немесе өзге де түрдегі интоксикация жағдайындағы адамдармен;

13) мүшкіл және дәрменсіз жағдайдағы (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалаған, су тоғандары арқылы жүзіп өту кезінде, көктайғақта, аштықтан тұралаған, жылым суларды паналаған суда жүзетін құстарға) жануарларға;

14) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне (оларды заңнамаға сәйкес аулау жағдайларынан басқа);

15) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатрға аңшылық қаруды қолданып;

16) кейіннен оларды қалпына келтіре отырып, аң аулайтын иттерді құтқару үшін індерді қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

17) құндыз бөгеттерін бұзып;

18) қозғалтқышы іске қосылған шағын көлемді кемелерді қолданып;

19) түнгі көздеуіштерді және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлік нысана көрсеткішті қолданып;

20) жарықтандыру приборларын қолданып (уәкілетті органның рұқсатына сәйкес қасқырды, шибөріні, түлкіні, қарсақты кәсіпшілік олжалауды қоспағанда);

21) дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды қолданып;

22) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесі объектілерін иммобилизациялауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

23) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

24) тегіс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иір ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолданып;

25) бос жерлерді, су бетіндегі өсімдіктерді жағумен, басқа да өсімдіктерді түбірімен қопарып және жойып;

26) өздігінен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескішті қолданып, құлама, аулау орларын құрып, адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, ілмектерді, найзаларды, сүңгі құс желімін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезінде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

27) торларды қолданып, су құю арқылы іннен шығарып (уәкілетті органмен келісім бойынша жабайы жануарларды мекенін ауыстыру немесе оларды ырықсыз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);

28) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолданып (уәкілетті органмен немесе оның аумақтық органымен келісім бойынша тышқан тектес кеміргіштерді, саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, аламандарды жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда);

29) рұқсатта көрсетілген саннан тыс аң аулау өнімдерін және рұқсатта көрсетілмеген жануарлардың басқа да түрлерін олжалау жолымен;

30) аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамасынсыз жүргізілмейді.
3. Аң аулауды жүргізу мерзімдері
25. Жануарлардың популяциясын сақтау, олардың өсімін молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және шаруашылық пайда алу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге қосымшаға сәйкес аң аулау мерзімдері белгіленеді.

Өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына байланысты уәкілетті орган ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша аң аулауды бастауды осы Ережеде белгіленген мерзім шегінде 15 күнтізбелік күнге дейін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдай алады.
4. Аң аулау ережесінің сақталуын бақылау органдары

және оны бұзғаны үшін жауаптылық
26. Осы Ереженің сақталуын бақылауды уәкілетті орган, ішкі істер органдары және оның аумақтық органдары, аңшылық шаруашылығы ұйымының қорықшылық қызметі жүзеге асырады.

27. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
________________________

Қазақстан Республикасының


аумағында аң аулау ережесіне

қосымша


Қазақстан Республикасының аумағында

жануарларды аулауды өткізу мерзімдері




Жануарлардың түрлері
Ондатр

Кәдімгі тиін

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкі, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкіс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзені, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), сілеусін (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян)
Зорман

Суыр (боз суыр немесе дала суыры)

Суыр (ұзын құйрықты немесе қызыл, сұр немесе алтайлық-тянь-шаньдық)
Бөдене, кептер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдімгі, үлкен), шалшықшы (қызғыш, күжіркей, шаушалшық, тауқұдірет, ауылдық тауқұдіреті, маңқы, тау маңқысы, орман маңқысы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кіші шырғалақ)
Маймаққаз (қара жемсаулы және қызыл жемсаулы), қаз (ақмаңдайлы, қырманқаз, сұр), қарашақаз, үйрек (барылдауық, отүйрек, сарыалақаз, қырылдақ шүрегей, ысылдақ шүрегей, даурықпа шүрегей, бозүйрек, сарыайдар үйрек, қылқұйрық, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуір, қызылбас сүңгуір, көк сүңгуір, айдарсыз сүңгуір, айдарлы сүңгуір, ұшқыр үйрек, сусылдақ, қара тұрпан, айдарлы үйрек, секпілтас бейнарық, бейнарық, кіші бейнарық), қасқалдақ
Шіл (аққұр, тундралық, сұр шіл, дала шілі, сақалды шіл), сұр құр

Құр, жылқышы

Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа)


Борсық
Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан
Сібір тау ешкісі, сібір елігі

Саңырау құр

Гималай ұлары, кекілік
Құндыз
Қырғауыл

Аң аулау мерзімдері



1 қаңтар - 15 ақпан

1 қазан - 31 желтоқсан
1 қаңтар - 15 ақпан

20 қазан - 31 желтоқсан
1 қаңтар - 15 ақпан

1 қараша - 31 желтоқсан
(аң аулайтын иттермен және

қыран құстармен қарсақ, түлкі

және қоянды солтүстік аймақта

15 қазаннан бастап аулау)
Ұйқыдан шыққаннан бастап –

30 сәуір
15 маусымнан бастап ұйқыға

жатқанға дейін
1 шілдеден бастап ұйқыға жатқанға

дейін
20 тамыз - 30 қараша (аң аулайтын

иттермен және қыран құстармен

15 шілдеден бастап ұшып кеткенге

дейін бөдене аулау, солтүстік

аймақта 15 шілдеден бастап, ұшып

кеткенге дейін шалшықшыларды

аулау)


20 тамыз -15 желтоқсан
аталық үйректерді көктемгі аулауға

1 наурыз - 15 мамыр кезеңіне

15 күнтізбелік күннен аспайтын

мерзімге рұқсат етіледі

1 қыркүйек - 15 қараша (аң аулайтын

иттермен және қыран құстармен

15 тамыздан бастап)
1 қыркүйек - 30 қараша
аталықтарын көктемгі аулауға

1 наурыз – 30 сәуір кезеңінде

15 күнтізбелік күннен аспайтын

мерзімге рұқсат етіледі
1 қыркүйек - 30 қараша
аталықтары мен қысыр қалған

аналықтарын көктемгі аулауға

15 сәуір – 15 мамыр кезеңінде

15 күнтізбелік күннен аспайтын

мерзімге рұқсат етіледі
1 қыркүйек - 31 желтоқсан
1 қыркүйек - 31 желтоқсан

1 қыркүйек - 31 желтоқсан

аталығына 1 тамыздан бастап
1 қазан - 30 қараша
аталықтарын көктемгі аулауға

1 наурыз - 15 мамыр кезеңінде

15 күнтізбелік күннен аспайтын

мерзімге рұқсат етіледі
1 қазан - 15 желтоқсан
15 қазан - 31 желтоқсан
15 қазан - 31 желтоқсан

(аң аулайтын иттермен және қыран

құстармен 1 қазаннан бастап)


____________________________

Похожие:

Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы icon1458 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 шілдедегі №901 қаулысы
«Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconБілім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы
Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconБілім беру қызметін лицензиялаудың Ережесін бекіту туралы
Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы
Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы №982 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы»
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconМемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының 10-бабының...
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесін бекіту туралы
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңы 8-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница