Салыстырмалы кесте




НазваниеСалыстырмалы кесте
страница1/6
Дата конвертации14.01.2013
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ



Құрылым-дық

элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме




Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі

112-бап

1-тармақ

1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін оқу демалыстары беріледі.

1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасынан өту үшін оқу демалыстары беріледі.

Осы норма негізгі Заң жобасын іске асыру мақсатында енгізіледі.

256-бап

1-тармақ

1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Республикалық ұланда, ішкі әскерлерде, әскери-тергеу органдары мен әскери полицияда, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.

1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, әскери барлауға қарсы және әскери полиция органдарында, Республикалық ұланда, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар жатады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң жобасымен әскери қызметтің критерийлері енгізіледі, олар бойынша әскери қызмет агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануды, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тактикалық жоспарлауды, жедел жоспарлауды болжайды. Көрсетілген функциялар ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі үшін тән емес болып табылады.




2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі

54-бап

1-тармақ

2) тармақша бесінші абзац

облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету бойынша жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

Толықтыру жиын және әскерге шақыру пункттерін ұстау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын, сондай-ақ оларды жергілікті атқарушы органдардың балансына беруді бекітуге мүмкіндік береді.

55-бап

1-тармақ

2) тармақша үшінші абзац

республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

Толықтыру жиын және әскерге шақыру пункттерін ұстау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын, сондай-ақ оларды жергілікті атқарушы органдардың балансына беруді бекітуге мүмкіндік береді.

56-бап

1-тармақ

2) тармақша екінші абзац

аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;


аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету және ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

Толықтыру жиын және әскерге шақыру пункттерін ұстау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын, сондай-ақ оларды жергілікті атқарушы органдардың балансына беруді бекітуге мүмкіндік береді.




«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы»

1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы

15-бап

екінші бөлік

Бейбiт уақытта Штабтар бастықтары комитетімен бiрлескен iс-әрекеттер нұсқаларын жоспарлайды

Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бiрлескен iс-әрекеттер нұсқаларын жоспарлайды.




17-бап

бірінші бөлік

Ішкi әскерлер жеке құрамымен «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эксаумақтық және аумақтық принциптер ұштастырыла отырып жасақталады.


Ішкі әскерлер жеке құрамымен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасақталады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң жобасымен «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жоюға жатады.

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға

берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы»

1995 жылғы 28 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңы

16-бап

төртінші абзац

Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi;


Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi;

«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» Заң жобасымен «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жоюға жатады.

16-бап

алтыншы абзац

Қайтыс болған генералдардың, адмиралдардың және осы әскери қызметшiлер iшiнен зейнеткерлердiң асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын әйелдерiнiң, "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмiрiнiң соңына дейiн сақталады.


Қайтыс болған генералдардың, адмиралдардың және осы әскери қызметшiлер iшiнен зейнеткерлердiң асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын әйелдерiнiң, «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмiрiнiң соңына дейiн сақталады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердің мәртебесі туралы» Заң жобасымен «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жоюға жатады.




«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы»

1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап

үшінші бөлік

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери құрама болып табылады.



Алып тасталсын

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң жобасымен әскери қызметтің критерийлері енгізіледі, олар бойынша әскери қызмет агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануды, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тактикалық жоспарлауды, жедел жоспарлауды болжайды. Көрсетілген функциялар ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі үшін тән емес болып табылады.

10-бап

10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлердiң атыс қаруын, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнiнен әлсiн-әлi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.

Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейдi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.


10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің атыс қаруын, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнінен әлсін-әлі тексеруден өтiп тұруға мiндеттi.

Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкері, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Президенттiң Күзет қызметi қызметкерінің өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкеліп соғады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң жобасымен әскери қызметтің критерийлері енгізіледі, олар бойынша әскери қызмет агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануды, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тактикалық жоспарлауды, жедел жоспарлауды болжайды. Көрсетілген функциялар ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі үшін тән емес болып табылады.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

Салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Салыстырмалы кесте icon«Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

Салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
Салыстырмалы кесте iconСалыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасынң кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан...
Салыстырмалы кесте iconӨзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына салыстырмалы кесте
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Салыстырмалы кесте icon«Аналитикалық мәлімет» 2011 жылдың 6 айында 2010 жылдың салыстырмалы кезеңінде тіркелген төтенше жағдайларға салыстырмалы мәлімет

Салыстырмалы кесте icon«Ветеринариялық препараттарды өндiру және сату жөнiндегi объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы №101 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы №101 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан...
Салыстырмалы кесте icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Салыстырмалы кесте iconСабақтың тақырыбы: ms excel электрондық кестесі, кесте құрылымы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница