Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы




НазваниеЖоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы
страница1/18
Дата конвертации14.01.2013
Размер2.55 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



ЖОБА


Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу

ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 58-бабының
4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнің

2007 жылғы «__» ___________

____ қаулысымен

бекiтiлген


1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi (бұдан әрi – Ереже) мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-әрекетінің тәртiбiн айқындайды.



2-бөлiм. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларын әзірлеу,

жасау және бекіту тәртібі

Қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібі
2-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспары
2. Жылдық қаржыландыру жоспары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешімін iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес әзiрленедi.

3. Жылдық қаржыландыру жоспары бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекiту (нақтылау, түзету) кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып, жетілдiрілген бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi құрамында ұсынылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шығыстардың есебi негiзiнде жасалады.

4. Tиiсті қаржы жылына арналған бюджеттiк бағдарламаларды жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдар бекiтедi және оны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілеттi органға бередi, сондай-ақ оны бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне алдағы жоспарланған жылдың жиырма бесiншi желтоқсанынан кешiктiрмей жiбередi.

5. Бюджетті атқару процесiнде бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлетті орган бюджеттік бағдарламалардың паспорттары тиiсiнше өзгерген, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен немесе жергілiктi атқарушы органның шешiмiмен бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар бөлiнген кезiнде, сондай-ақ экономикалық сипаттамасы бойынша бюджеттің шығыстарын түзетудi талап ететiн басқа да құқыққа сәйкес факторлар пайда болған кезде осы Ережемен белгіленген тәртiппен тиісті өзгерiстер енгiзу арқылы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық көлемiне, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзе алады.

6. Бюджетті нақтылаған, түзеткен жағдайда, жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерiстердi бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекiтедi және оны бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бередi, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне паспорттардың тиiстi өзгерiстерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдық қаржыландыру жоспарлары ерекшелiктерiнiң мемлекеттік мекемелер өткiзетін бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарындағы iс-шараларда көрсетiлген операциялардың түрлерiне сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

3-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлері
7. Бюджетті атқару үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерiн:

мемлекеттік мекемелер – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын (бұдан әрі – қаржыландырудың жеке жоспарлары);

бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мiндеттемелер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары) және төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары);

бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламалардың бекiтiлген паспорттарына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтiнiшiне, Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ҚР ББС) сәйкес және осы Ережемен белгiленген тәртiппен әзiрленедi.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтiрден кейiн бiр белгiсi бар санмен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдығынсыз бүтiн санмен мың теңгемен қалыптастырылады.



4-тарау. Қаржыландырудың жеке жоспарларын, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту тәртібі
8. Бюджетті атқару процесінде қаржыландырудың жеке жоспары мынадай: мiндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменi қаржыландырудың жеке жоспары (бұдан әрі – мiндеттемелер бойынша жеке жоспар) және төлемдер бойынша мемлекеттiк мекеменi қаржыландырудың жеке жоспары (бұдан әрі – төлемдер бойынша жеке жоспар) нысанында осы Ережеге
1-4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменiң негiзгi құжаты болып табылады.


9. Мiндеттемелер бойынша жеке жоспар қаражаттың көлемiн айқындайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды iске асыру үшін мiндеттемелер қабылдайды.

10. Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары қаражаттың көлемiн айқындайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдер жүргiзеді.

Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын мынадай талаптардың негізінде әзірленедi:

бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекiту немесе нақтылау кезiнде қабылданған шешiмдердi ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінiмiнде (бұдан әрі – бюджеттiк өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептерi;

бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нормативтік құқықтық актілер;

басқа да нормативтік құқықтық актілер;

бекітілген паспорттың бюджеттік бағдарламасын (кіші бағдарламасын) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі;

міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;

өткен қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалу серпіні;

міндеттемелер бойынша жеке жоспарлардың жобаларын әзірлеген кезде шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы.

Экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері бөлінісінде мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) паспортында көзделген міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, іс-шараларды орындау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуi тиіс.

Төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу паспортта көзделген әрбiр бюджеттiк бағдарлама және кiшi бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы iшiнде іс-шараларды iске асыру мерзiмiне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдердi жүзеге асыру мерзiмiне сәйкес келуi және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс.

11. Қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларына, оларға есептерге және жоспарларды айға бөлу негіздемесiне бiрiншi басшы немесе өзі уәкілеттік берген тұлға және олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды, ал соңғылары болмаған кезде, тиiсті бұйрықтармен мiндеттерiн атқару жүктелген тұлғалар қол қояды, мемлекеттік органның мөрімен расталады және оларды бекіту мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін белгіленген мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бередi.

12. Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жеке жоспарларының жобалары жасалуының дұрыстығын, олардың сомаларының сәйкестігін және оларды тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.

13. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мiндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ережеге 5-8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады.

Бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген сомаға сәйкес келуі тиіс, ал бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландырудың жоспарларын бастапқы қалыптастыру мен бекіту кезінде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлінісінде жылдық жоспарлы тағайындаулар бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуi тиiс.

14. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi жоспарланған жылдың алдындағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанынан кешіктірмей бюджетті атқару жөнiндегi уәкілетті органға бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес, бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобаларын айларға бөле отырып, оларға есептерді және жоспарларды айға бөлу негіздемесін ұсынады.

Төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тұтастай, сол сияқты төмен тұрған бюджеттердің бөлінісінде де ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына Облыс әкімі немесе төмен тұрған бюджеттің уәкілетті органының басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанда қағаз және магнит тасығыштарында, қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын тек магнит (электрондық) тасығыштарында ғана ұсынады.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарлары жобаларының растығын, ресімделуінің дұрыстығын және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынудың уақтылығын қамтамасыз етеді.

15. Түсімдер жоспарларының жобаларын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмi қабылданғаннан кейін сегіз жұмыс күні ішінде жасайды.

16. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер жоспарлары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген сомаға сәйкес келуі және мемлекет активтерін сатудан және қарыздардан түсетін кірістер түсімдерінің, бюджеттік кредиттерді өтеу жоспарларынан тұруы тиіс.

17. Республикалық бюджеттiң кiрiстерi түсiмдерiнiң жоспарлары осы ережеге 9-12-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша салық, кеден және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар ұсынатын аумақтық бөліністегі кiрiстердiң түсiмдерi жоспарларының жобаларын және оларға есептерді, негіздемелерді ескере отырып, республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады.

Осы жобалар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің қаулысын, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті іске асыру туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Бюджеттік алу түсімдерінің жоспарын жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес және төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алуды айлық аударымдардың және төмен тұрған бюджеттер түсімдерінің айлық болжамды мөлшерін қолдана отырып, есептеудің негізінде осы Ереженің 10-тарауында айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.

18. Кiрiстердiң түсiмдерiн, бюджеттік кредиттердi өтеудi, қаржылық активтердi сатудан түскен түсiмдердi және қарыздарды айға бөлудi Қазақстан Республикасының заңнама актілерiне сәйкес бюджетке төленетін төлемдердi төлеудiң белгiленген мерзiмдерiн, өткен жылдарға бюджетке түсетiн түсiмдердiң серпiнiн, мемлекеттiк бағалы қағаздардың кiрістілiк серпiнiн және бағалы қағаздар рыногіндегi сұраныстар мен ұсыныстар деңгейiн талдауды, жасалған кредиттік шарттар, қарыз шарттары, гранттар туралы келiсiмдер талаптарын ескере отырып, бюджетті атқару жөнiндегi уәкілетті орган жүргізедi.

Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген бюджеттік кредиттер бойынша, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берiлген бюджеттiк кредиттердi өтеу бойынша сыйақылар (мүдделер) жөніндегі жоспарлардың жобаларын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкілетті орган аталған түсiмдердiң коды бойынша тұтастай және сол сияқты төмен тұрған бюджеттер бөлiнiсiнде жасайды.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconРеспубликалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу

Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconРеспубликалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу
Бұдан әрі «Банк» деп аталатын, Жарғы және 200 ж. № сенімхат негізінде әрекет ететін
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердің 2007 жылдың республикалық бюджетінен жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі...
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconКодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалу Ережесін бекіту туралы»
Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 5 ақпандағы №110 қаулысын, Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған кезекті XLII сессиясының...
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердің мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына...
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconРеспубликалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту тура лы
Р президентінің Жарлығы " Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы " №1443 (17. 09....
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №63 Қаулысы
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді...
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабын іске...
Жоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы iconЖоба Ақшұқыр селосы бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница