Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
страница1/4
Дата конвертации14.01.2013
Размер0.55 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi № 885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 3 шiлдедегi № 688 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 13 шiлдедегi № 287-288 (26132); "Казахстанская правда" от 12.08.2010 г., № 212 (26273)


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнде:
14-тармақтың екiншi бөлiгiнде «осы Ереженiң 9-12-қосымшаларына сәйкес» деген сөздер «қоса берiлетiн есептеулермен және негiздемелермен осы Ереженiң 10-12-қосымшаларына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысы қабылданғаннан кейiн 10 жұмыс күнi iшiнде төлемдер бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекiтедi.
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдiгi жергiлiктi бюджет туралы облыстық мәслихат шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейiн 8 жұмыс күнi iшiнде төлемдер бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекiтедi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi жергiлiктi бюджет туралы аудандық мәслихат шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдағаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде төлемдер бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекiтедi.»;
25-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
26-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң, бiрiншi абзацында «күнтiзбелiк күн» деген сөздер «жұмыс күнi» деген сөздермен ауыстырылсын, «өзiне» деген сөз «өздерiне» деген сөзбен ауыстырылсын;
36-тармақтың үшiншi бөлiгiнде «қабылдауы туралы» деген сөздер «орындауы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
41-тармақтың үшiншi бөлiгiнде «бағамдық айырманы,» деген сөздерден кейiн «форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванстың төлемнiң мөлшерiн азайтуды» деген сөздермен толықтырылсын;
57-тармақта:
бiрiншi абзацта:
«2),» деген сан алып тасталсын;
«мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға» деген сөздер «мынадай құжаттардың дайындығын жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «, дамуға арналған нысаналы трансферттердi қоса алғанда» деген сөздер алып тасталсын;
58, 59-тармақтарда және 62-тармақтың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
91-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
«аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеме арасында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келiсiмнiң түпнұсқасы.»;
99-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Бiрiншi немесе екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiрiнiң қолтаңбасын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тұлғаны тағайындау туралы және мiндеттi уақытша атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшiрмесiн бере отырып, оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, тиiстi қолтаңбалар үлгiлерi бар уақытша құжат ресiмделедi. Қайта ұсынылған құжаттар мемлекеттiк мекеменiң құжаттар жинағына тiгiледi.»;
113-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«113. Жабылатын ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да немесе шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттiк мекеме қағаз тасығышта, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiмен Келiсiм жасасқан жағдайда - «Қазынашылық - клиент» ақпараттық жүйесi бойынша (бұдан әрi - «Қазынашылық - клиент» АЖ-сi) электрондық түрде жабылатын:»;
114-тармақта «он жұмыс күнi iшiнде» деген сөздер «үш жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
128-тармақтың екiншi бөлiгiнде «Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
132-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
147-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жалақы және басқа да ақша төлемдерiн, оның iшiнде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақыны төлеудi, салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi, жәрдемақыларды, алименттердi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, банк қызметтерiне ақы төлеудi қоспағанда, түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттiк алулардың сомасын толық аударғанға дейiн тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
154-тармақта «сомалар мен жұмыс көлемiн» деген сөздер «соманы» деген сөзбен ауыстырылсын, «, жұмыстардың көлемi» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 160-1-тармақпен толықтырылсын:
«160-1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берiлмейдi.»;
162-тармақтың оныншы абзацында «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
165-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте «түпнұсқасын» деген сөзден кейiн «және көшiрмесiн» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      «Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты шартты тiркеу үшiн азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, жобалау-iздестiру жұмыстарын әзiрлеу жөнiндегi қызмет және олардың мемлекеттiк сараптамасы шарттың құнына енгiзiлген шартты қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын мiндеттi түрде қоса бере отырып ұсынады.»;
      166-тармақта:
      бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасының екiншi абзацы «немесе жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi» деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiкте «нөмiрi көрсетiлген, банктiң шотының болуы туралы банктiң анықтамасын» деген сөздер «өзгерiстер енгiзiлетiн деректемелердi растайтын осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген тиiстi құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      170-тармақта:
      он бесiншi абзацта «, банктiң қаласы» және «және банк қаласы» деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi бөлiктiң бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сомасы» ашық жолында сомасы цифрлармен көрсетiледi;»;
      188-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ-да ақша жеткiлiксiз болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен айқындалған бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдер жүргiзедi, қалған төлемдер төлеуге берiлетiн шоттардың түсу кезектiлiгi тәртiбiмен жүргiзiледi. Бұл ретте қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен ҚБАЖ-ға енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты орындау үшiн жеткiлiктi сомада ақша болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, төлеуге берiлетiн шот қайтару себебiн негiздей отырып, төлеуге берiлетiн шот келесi күнге орындамастан мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.»;
      189-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте «төлеуге берiлетiн шоттарды» деген сөздерден кейiн «қағаз тасығышта» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк мекемелерден келiп түскен төлеуге берiлетiн шоттарды электрондық түрде «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы қабылдауды жұмыс күнi iшiнде сағат 16.00-ге дейiн жүзеге асырады. Сағат 16.00-ден кейiн келiп түскен құжаттар келесi жұмыс күнi орындалады.»;
      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «190. Мемлекеттiк мекеме:
      мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету кестесiнiң сақталуын;
      төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн;
      төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
      ақша алушылардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыру бойынша мiндеттемелердiң уақтылығы мен толық орындалуын;
      жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын;
      тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша аванстық төлемнiң сомасын қоспағанда, төлем жүргiзген кезде шот-фактуралардың немесе тауарларды жеткiзу туралы жүкқұжатының (актiнiң) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсiнiң көшiрмелерiн немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге құжат түрiн берудi;
      олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы даярлау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды қамтамасыз етедi.»;
      193-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «193. Осы Ереженiң 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығыштағы төлеуге берiлетiн шот және төлеуге берiлетiн шоттың электрондық түрi онда көрсетiлген күннен он күнтiзбелiк күн iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне беруге жарамды.
      «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы төлеуге берiлетiн шот осы Ереженiң 74-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жiберiледi.»;
      194-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      «Қазынашылық - Клиент» АЖ арқылы электрондық түрде жiберiлген төлеуге берiлетiн шоттарды жүргiзген кезде төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмдерi берiлмейдi.»;
      195-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте:
      «жағдайларда» деген сөзден кейiн «қағаз тасығышта» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы төлеуге берiлетiн шоттың электрондық түрiнiң және оған қоса берiлген құжаттың осы Ереженiң 24-29-тарауларында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және сәйкес келген жағдайда төлеуге берiлетiн шоттың электрондық түрiн бекiтедi.»;
      2) тармақшаның екiншi абзацы «немесе жеке кәсiпкердi тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн» деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiкте «нөмiрi көрсетiлген, банктiк шотының болуы туралы банктiң анықтамасын» деген сөздер «осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      197-тармақта:
      бiрiншi бөлiкте «төлеуге берiлетiн шот» деген сөздер «қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шот және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот мынадай:»;
      екiншi абзацта «төлеуге берiлетiн шот» деген сөздiң алдынан «қағаз тасығышта» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      «осы Ереженiң 185-тармағының екiншi абзацында көзделген талаптарды сақтамастан төлеуге берiлетiн шотқа хабарламаны «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы бекiту.»;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот қабылдау және одан әрi өңдеу кезеңiнде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған кезде төлеуге берiлетiн шот қайтару негiздемесi мiндеттi түрде көрсетiле отырып, электрондық түрде мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.»;
      198-тармақта «Мемлекеттiк мекеменiң» деген сөздерден кейiн «қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен» деген сөздермен толықтырылсын;
      199-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шот былайша толтырылады:»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «БСК» ашық жолағында бюджет атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның банктiк сәйкестендiру коды көрсетiледi;»;
      отыз үшiншi абзацта «және қаласы» деген сөздер алып тасталсын;
      отыз алтыншы абзацта «коды» деген сөзден кейiн «шетел валютасын айырбастауға немесе қайта айырбастауға төлемдер жүргiзген кезде ерекшелiк коды» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Төлемнiң тағайындалуы» ашық жолағы:» тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) бойынша төлеуге берiлетiн шоттың электрондық нысанында төлемнiң тағайындалуында төлемнiң мәртебесi былайша көрсетiледi: «ағымдағы», «түпкiлiктi»;
      қырық бесiншi абзацта «М.О.» ашық жолағында» деген сөздердiң алдынан «қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шоттың» деген сөздермен толықтырылсын;
      кырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шоттың «Басшының тегi, аты-жөнi Қолы» ашық жолағында құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегiнiң басқы әрiптерi) көрсетiледi. Электрондық нысандағы төлеуге берiлетiн шотта «Басшының тегi, аты-жөнi Қолы» ашық жолағында орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегiнiң басқы әрiптерi) көрсетiледi.»;
      қырық жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шоттың «Бас бухгалтердiң тегi, аты-жөнi Қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегiнiң басқы әрiптерi) көрсетiледi. Электрондық нысандағы төлеуге берiлетiн шотта «Бас бухгалтердiң тегi, аты-жөнi Қолы» ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегiнiң басқы әрiптерi) көрсетiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 199-1-тармақпен толықтырылсын:
      «199-1. Электрондық төлеуге берiлетiн шоттарды жасау кезiнде тиiстi электрондық ашық жолақтарда төлем түрiн көрсету қажет:
      1 - қарапайым төлем;
      2 - қосымшасы бар жиынтық 10% зейнетақы төлемi;
      3 - еңбекақыны және дивидендтердi аудару;
      4 - қосымшасы бар әлеуметтiк аударымдар.
      Шығыс есептiлiк нысандарында қамтылған мәлiметтердi бұрмалауға жол бермеу мақсатында мемлекеттiк мекеме жасаған, бiрақ мемлекеттiк мекеменiң басшысы қол қоймаған төлеуге берiлетiн шоттарды айдың соңғы күнiнiң сағат 16.00-дегi жағдай бойынша, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бұл күн ерте болуы мүмкiн, қазынашылық Жүйеден алып тастайды,»;
      202-тармақтың жетiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ төлемдер мен ақша аударымын жүргiзген кезде «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.»;
      207-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берiлетiн шоттарды қағаз тасығышта, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiмен Келiсiм жасасқан жағдайда «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде ай сайын 28-i күнiне дейiн, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырмасыншы желтоқсанға дейiн аумақтық қазынашылық органдарына бередi.»;
      209-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Қазынашылық - клиент» АЖ жұмыс iстеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiмен Келiсiм жасасқан мемлекеттiк мекеме осы Ереженiң 80-қосымшасына сәйкес 5-15а «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтiк есептеулер аудару бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (бұдан әрi - үзiндi көшiрме) қалыптастырады.»;
      211-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «211. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес «Қазынашылық - клиент» АЖ-де төлемдердi жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме сканирленген:
      төлеуге берiлетiн шотты ұсынған кезде хабарламаны, тауарларды беру туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актiнiң) көшiрмесiн немесе жасасқан шартқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжатқа (бұдан әрi - растайтын құжаттар) сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсiн ұсынған кезде хабарлама, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектiлердi күрделi жөндеуге байланысты және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгiзiлген объектiлерден басқа шығыстары бойынша алдын ала төлемнен кейiнгi төлем жүргiзу кезiнде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысы қосымша ұсынылады;»;
      212-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «түпкiлiктi төлемдi» деген сөздер «алдын ала (аванстық) төлеудi қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      213-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «213. Аванстық (алдын ала) төлемдi жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн (аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне төлеуге берiлетiн шоттарды қағаз тасығышта берген жағдайда) және төлеуге берiлетiн шоттарды бередi.»;
      216-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
      «216. Төлемдер жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтiруге және банк қызметтерiн өтеуге төлеуге берiлетiн шоттармен бiрге ұсынылатын қолма-қол ақшаны және чектi алуға өтiнiмдердi қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiмен Келiсiм - «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде жасалған жағдайда, осы Ереженiң 215-тармағында санамаланған құжаттарды растайтын қағаз тасығыштағы қосымшасыз төлеуге берiлетiн шотты ұсынады.»;
      235-тармақтың екiншi бөлiгiнiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
      237-2-тармақта «ашылған» деген сөз «ашылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
      237-7-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
      254-тармақтың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацында «Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне» деген сөздерден кейiн «сот актiлерi,» деген сөздермен толықтырылсын;
      257-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      «257. Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаты есебiнен трансферттердi қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттердi белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң негiзiнде бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi төмен тұрған бюджеттердiң кiрiсiне аударады.»;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Нысаналы даму трансферттерi жоғарғы тұрған бюджеттен төменгi тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң және белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негiзiнде оларды объектiлер бойынша бөлместен, бiр сомамен аударылады.»;
      260-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi «шығыстарды арттыруға және (немесе) түсiмдердi азайтуға әкеп соқтыратын заңнамалық актiлердi» деген сөздер «шығыстарды арттыруға әкеп соқтыратын заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiн қолдану кезеңiнде шығыстарды арттыруға және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн қысқартуға әкеп соқтыратын заңнамалық актiлердi, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн қабылдаудан туындайтын төменгi тұрған бюджеттердiң залалын өтеген жағдайда, жоғарғы тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердi аударуды белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негiзiнде жоғарғы тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi жүзеге асырады.»;
      262-тармақта:
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттердiң бюджеттiк қаражатының қалдығы есебiнен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етiлген нысаналы трансферттердiң сомасы ағымдағы қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған жағдайда тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердiң сомасын «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердi қайтару» түсiмдер кодына республикалық бюджеттiң кiрiсiне аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешiктiрмей қайтаруға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлiнген, өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған), ағымдағы жылы жылдың басындағы бюджет қаражаты қалдықтары есебiнен одан әрi пайдалану (түгел пайдалану) туралы олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi қабылданбаған нысаналы трансферттердiң сомаларын қайтару тиiстi бюджеттi түзету және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның ҚР ББС түсiмдердiң сыныптама кодына оларды бөлген жоғары тұрған бюджеттiң кiрiсiне аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн жүргiзiледi.»;
      264-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi екiншi сөйлемде «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздер «бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
      266-тармақта:
      үшiншi абзацта «сондай-ақ, сапа және тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi (нәтиженiң көрсеткiштерi)» деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «жергiлiктi атқарушы органның қол жеткiзiлген тура және түпкiлiктi нәтижелерi туралы есептi тиiстi жоғарғы тұрған бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне ұсынуы туралы мiндеттеменi;»;
      мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      «тараптардың шешiмi бойынша анықталатын басқа да талаптар.»;
      267-тармақта:
      бiрiншi абзацта «Келiсiм» деген сөзден кейiн «бiр қаржы жылына» деген сөздермен толықтырылсын;
      268-тармақтың екiншi абзацында «2, 3 және 4-қосымшаларды» деген сөздер «1, 2 және 3-қосымшаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      269-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «269. Келiсiм жасасу кезiндегi негiзгi сәттер:
      1) Келiсiм жасасу кезiнде мақсаттарды, мiндеттердi, тiкелей және соңғы нәтижелердi ескерген жөн, онда:
      «Мақсаттары» деген 2.2-тармақта мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына сәйкес түпкiлiктi нәтижеге қол жеткiзуге бағытталған мақсаттары көрсетiледi;
      «Мiндеттерi» деген 2.3-тармақта мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына сәйкес мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған мiндеттерi көрсетiледi;
      «Тiкелей нәтижелер» деген 2.4-тармақта Әкiмнiң нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзуi тиiс орындалатын мемлекеттiк функциялардың, көрсетiлетiн қызметтердiң, iс-шаралардың (оның iшiнде сандық сипаттамасының) көлемi көрсетiледi. Нысаналы даму трансферттерi бойынша аяқталуға тиiс инвестициялық жобалардың атаулары көрсетiледi, жалғаспалы сипаттағы объектiлердiң iске асырылуы жағдайында ағымдағы қаржы жылында орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi көрсетiледi;
      «Түпкiлiктi нәтижелер» деген 2.5-тармақта бюджеттiк бағдарламаның және мемлекеттiк орган қадағалайтын саланың (жүйенiң) мақсатына қол жеткiзуге тура нәтиженiң әсер ету деңгейi (дәрежесi) көрсетiледi.
      Түпкiлiктi нәтиженi айқындау кезiнде, мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердi ұстауға, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға және ғимараттардың, құрылыстардың күрделi жөнделуiне бағытталған бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, саладағы (қызмет аясындағы) бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға байланысты проблемалардың шешiлуiн көрсеткен жөн.
      3.2-тармақта (аудару мерзiмi) нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша немесе нысаналы даму трансферттерi бойынша нысаналы трансферттiң түрiн ескерген жөн;
      2) Келiсiмнiң 1-қосымшасын толтыру бойынша:
      Бұл қосымшада нысаналы трансферттердi айларға бөлу келтiрiледi, бұл ретте бөлу жоғары тұрған бюджеттiң төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына, түсiмдерiнiң жоспары мен төмен тұрған бюджеттiң төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес болуы тиiс;
      Келiсiмнiң 1-қосымшасы мынадай тәртiппен жасалады:
      «Нысаналы трансферттiң атауы» деген жолда жоғарғы тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферт iске асырылатын бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетiледi;
      «Кезең» деген жолда жоғары тұрған бюджеттiң нысаналы трансферттердi бөлу кезеңi көрсетiледi;
      «Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң сомасы көрсетiледi;
      «Өлшем бiрлiгi» деген жолда өлшем бiрлiгi көрсетiледi;
      «Бағдарлама» және «Кiшi бағдарлама» деген бағандарда жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер iске асырылатын төмен тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының және кiшi бағдарламасының атаулары толтырылады;
      «Барлығы» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң жалпы сомасы көрсетiледi;
      «Қаңтар», «Ақпан», «Наурыз», «Сәуiр», «Мамыр», «Маусым», «Шiлде», «Тамыз», «Қыркүйек», «Қазан», «Қараша», «Желтоқсан» деген бағандарда жоғарғы тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке аударуға жататын нысаналы трансферттердiң сомасы көрсетiледi;
      3) Келiсiмнiң 2-қосымшасын толтыру бойынша:
      Нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзулер туралы аралық есепте тiкелей нәтижелерге нақты қол жеткiзу туралы, осы кезеңге жоспарланған нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу себептерiн көрсете отырып, нысаналы трансферттер сомасының белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi игерiлуi туралы деректер келтiрiледi.
      Келiсiмнiң 2-қосымшасы мынадай тәртiппен жасалады:
      «Мемлекеттiк органның атауы» деген жолда Келiсiм жасасқан жергiлiктi атқарушы орган көрсетiледi;
      «Нысаналы трансферттiң атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының атауы көрсетiледi;
      «Есеп кезеңi» деген жолда есептi қаржы жылының жарты жылдығы көрсетiледi;
      «Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда 1 шiлдедегi жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң сомасы көрсетiледi;
      «(бюджеттiк бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер iске асырылатын төмен тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының (кiшi бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
      «Тiкелей нәтиже» деген жол бойынша:
      «Көрсеткiштер атауы (жоспардағы iс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келiсiмде көзделген, жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлуi тиiс жоспарланатын (орындалатын) iс-шаралар көрсетiледi. Нысаналы даму трансферттерi бойынша бұл бағанда iс-шаралар әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша көрсетiледi;
      «Iс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткiзу сатысы» деген бағанда iс-шаралардың нақты орындалуы, яғни жартыжылдық қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны және қызметтер көрсетiлгенi, жұмыстар мен қызметтердiң орындалу кестесiнiң сақталуы көрсетiледi, жұмыстар мен қызметтердiң жартыжылдықтағы орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Нысаналы даму трансферттерi бойынша тiкелей нәтижелер әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
      «Нәтижелерге қол жеткiзбеу себептерi» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тiкелей нәтижелердiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу себептерi егжей-тегжейлi сипатталады. Жоспарланған iс-шаралар кестеден кешiккен жағдайда кешiгу себептерi көрсетiледi;
      «Жоспар мың теңгемен» және «Фактi мың теңгемен» деген бағандарда есептi қаржы жылының 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша жоғарғы тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы мен олардың есептi қаржы жылының 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша нақты атқарылуы көрсетiледi;
      «Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы мен олардың есептi қаржы жылының 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетiледi;
      4) Келiсiмнiң 3-қосымшасын толтыру бойынша:
      Нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзулер туралы қорытынды есепте тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге нақты қол жеткiзу туралы, нәтижелердiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу себептерi көрсетiле отырып, ағымдағы қаржы жылының нысаналы трансферттер сомасының игерiлуi туралы деректер келтiрiледi.
      Келiсiмнiң 3-қосымшасы мынадай тәртiппен жасалады:
      «Мемлекеттiк органның атауы» деген жолда Келiсiм жасасқан жергiлiктi атқарушы орган көрсетiледi;
      «Нысаналы трансферттiң атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының атауы көрсетiледi;
      «Есеп кезеңi» деген жолда есептi қаржы жылы көрсетiледi;
      «Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң сомасы көрсетiледi;
      «(бюджеттiк бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттер iске асырылатын төмен тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының (кiшi бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
      «Тiкелей нәтиже» деген жол бойынша:
      «Көрсеткiштер атауы (жоспардағы iс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келiсiмде көзделген, жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлуi тиiс жоспарланатын (орындалатын) iс-шаралар көрсетiледi. Нысаналы даму трансферттерi бойынша бұл бағанда iс-шаралар әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша көрсетiледi;
      «Iс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге кол жеткiзу сатысы» деген бағанда iс-шаралардың нақты орындалуы, яғни, жыл қорытындылары бойынша жұмыстар неше пайызға орындалғаны және қызметтер ұсынылғаны, жұмыстар мен қызметтердiң орындалу сатысы көрсетiледi, жұмыстар мен қызметтердiң есептi жылдағы орындалу (тауарларды сатып алу) сатысы сипатталады. Нысаналы даму трансферттерi бойынша тiкелей нәтижелер әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
      «Нәтижелерге қол жеткiзбеу себептерi» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тiкелей нәтижелердiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу себептерi егжей-тегжейлi сипатталады. Жоспарланған iс-шаралар кестеден кешiккен жағдайда кешiгу себептерi көрсетiледi;
      «Жоспар мың теңгемен» және «Фактi мың теңгемен» деген бағандарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомасы мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылуы көрсетiледi;
      «Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердiң сомалары мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетiледi;
      «Түпкiлiктi нәтиже» деген жолда:
      «Жоспарланған көрсеткiштер (iс-шаралар)» деген бағанда жасасқан Келiсiмде көзделген түпкiлiктi нәтижелер, яғни, кол жеткiзiлген тiкелей нәтиженiң мақсаттарға қол жеткiзуге күтiлетiн әсерi көрсетiледi. Нысаналы даму трансферттерi бойынша түпкiлiктi нәтижелер әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
      «Нәтижелерге нақты қол жеткiзу» деген бағанда түпкiлiктi нәтижелердiң нақты орындалуы, яғни, қол жеткiзiлген тiкелей нәтиже салаға қандай әсер көрсеткенi, ондағы проблема қаншалықты шешiлгенi көрсетiледi. Нысаналы даму трансферттерi бойынша түпкiлiктi нәтижелер әрбiр бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша толтырылады.
      «Нәтижелерге қол жеткiзбеу себептерi» деген бағанда түпкiлiктi нәтижелердiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу себептерi егжей-тегжейлi сипатталады;
      5) 3) және 4) тармақшаларда көрсетiлген есептерге еркiн нысанда толтырылған, нысаналы трансферттер есебiнен саладағы (қызмет аясындағы) проблемалардың шешiлуi, қол жеткiзiлген мақсаттар, нәтижелердiң көрсеткiштерi туралы түсiндiрмелердi қамтитын талдамалық жазба қоса берiледi.
      Талдамалық жазба облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген нысаналы трансферттердi пайдалануы туралы ақпаратты қамтиды, олардың есептi кезеңдегi жұмсалуының негiзгi бағыттарын, қол жеткiзiлген мақсаттар мен нәтиже көрсеткiштерiнiң талдауын, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелердiң жоспарланған көрсеткiштерiне қол жеткiзбеу негiздемелерi және себептерiмен бiрге нысаналы трансферттердiң игерiлген және игерiлмеген сомаларының сипаттамасы қамтылады;
      6) Нысаналы трансферттердiң түрiне және бағытына қарай Келiсiмде басқа да ерекше, заңнамаға қайшы келмейтiн (мiндеттер, құқықтар, жауапкершiлiк, Келiсiмге өзгерiстер енгiзу шарттары) шарттар көзделуi мүмкiн.»;
      278-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      «Электрондық нысандағы төлеуге берiлетiн шотта және/немесе шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер болған, оларда қандай да бiр қажеттi деректемелер болмаған, қойылған қолдар қойылған қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiлерiне сәйкес келмеген, электрондық нысандағы төлеуге берiлетiн шот сомасының шетел валютасын айырбастауға арналған электрондық нысандағы өтiнiм сомасына сәйкес келмеген кезде, төлеуге берiлетiн шот және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм қайтару себептерi көрсетiлiп, «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде, орындамастан мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.»;
      291-тармақта «БСК-ға» деген сөзден кейiн «түсiмдердiң БСК-ға, мемлекеттiк мекеменiң демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға,» деген сөздермен толықтырылсын;
      376, 377, 378, 379-тармақтарда «Жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер алып тасталсын, «ақшасын» деген сөз «Ақшаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
      411-тармақта «бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн» деген сөздерден кейiн «ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейiн» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 411-1-тармақпен толықтырылсын:
      «411-1. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен шетел валютасында бөлiнген ақшаны пайдаланбаған немесе iшiнара пайдаланған жағдайда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi шетел валютасында бөлiнген пайдаланылмаған ақшаның бөлiгiн резервтен қаражаттың бастапқы жүргiзiлген шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайтарылуын қамтамасыз етедi.»;
      50-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы icon"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы n 819 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы n 819 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы icon56 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы №84 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы №1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 желтоқсандағы №1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница