Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже




Скачать 498.6 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже
страница1/5
Дата конвертации15.01.2013
Размер498.6 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
«БЕКІТЕМІН»

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы

Н.ШЕРУБАЕВ

2011 жылғы « » __________
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының

ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер


1. Ұйымдастыру - инспекторлық бөлім (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі - аппарат).

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің штаттық саны облыс әкімі бекітетін аппараттың штаттық кестесімен белгіленеді.

4. Бөлім туралы Ережені аппарат басшысы бекітеді.

Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Бөлімнің негізгі міндеттері:

5.1. облыс аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы билік органдары басшыларының, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қатысуымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру;

5.2. облыс әкімінің өңірдің қалаларына, аудандарына, жергілікті мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жұмыс сапарларын ұйымдастыру;

5.3. әкімнің және облыстық әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдамалық, хаттамалық, құжаттамалық қамтамасыз ету;

5.4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің қойған міндеттерін іске асыру бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру (басшылық ету);

6. Бөлім қойылған міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

6.1. қажетті құжаттарды дайындау және

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы билік органдары басшыларының, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қатысуымен өтетін іс-шараларға;

- облыс әкімінің, оның орынбасарларының қалалар, аудандар мен жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарымен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешу;

6.2. облыстық әкімдік мәжілісінде қарауға арналған мәселелердің жарты жылдық тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыстық әкімдік мәжілістеріне материалдар әзірлеу, материалдарды, облыстық әкімдік мәжілісінің хаттамаларын ресімдеу және тарату, әкімнің және облыстық әкімдік актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;

6.3. облыс әкімінде, оның орынбасарларында, аппарат басшысында өтетін кеңестерді ұйымдастыру;

6.4. облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының қатысуымен өтетін кеңестердің қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалардың жобаларын әзірлеу;

6.5. облыстың мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп облыс дамуының өзекті мәселелері бойынша талдамалық және ақпараттық жазбаларды әзірлеу және облыс әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына ұсыну;

6.6. қалыптастыру және үнемі жаңартып отыру:

– қалалар мен аудандар дамуының барлық өзекті мәселелері бойынша деректер банкін;

- қалалар мен аудандардың ірі және орта шаруашылық жүргізуші субъектілерінің паспорттарын;

- қала, аудан әкімдеріне, олардың орынбасарларына, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппарат басшыларына ақиқат –анықтаманы;

6.7. облыстың, облыстың қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы паспорттарын әзірлеу;

6.8. қалалар мен аудандар әкімдерінің, олардың аппараттарының, облыстық басқармалардың жұмысына үнемі кешенді тексеру ұйымдастыру және жүргізу. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен лауазымды тұлғаларды жазаға тарту бойынша қабылданған шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

6.9. қалалар мен аудандар азаматтарының арыздары мен өтініштерін қарау мен тексеруді ұйымдастыру;

6.10. өз құзырының шегінде аппараттың, облыстық әкімдіктің өзге де құрылымдық бөлімшелерімен, облыстың мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесу;

7. Бақылауға жататын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президент Әкімшілігінің тапсырмаларын, орталық атқарушы органдардың хаттамалық тапсырмаларының, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

8. Негізгі міндеттер мен өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзырының шегінде құқылы:

8.1. қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі кез-келген, оның ішінде құпия, ақпараттық деректер банктерін пайдалануға;

8.2. облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының қалалар мен аудандар аппараттарында, қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, облыстың мемлекеттік органдарында орындалуына кешенді тексеру ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

қалалар мен аудандар әкімдерін, облыстың мемлекеттік органдары басшыларын Мемлекет басшысының, облыс әкімінің, оның орынбасараларының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындамағаны және ойдағыдай орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

8.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері


9. Бөлімді аппарат басшысының ұсынуымен облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын меңгеруші басқарады.

10. Бөлім меңгерушісі тікелей аппарат басшысының, оның орынбасарының басшылығымен жұмыс істейді.

11. Бөлім меңгерушісі:

11.1 Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауапкершілік көтереді;

11.2. Бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымды өкілеттіктерін анықтайды;

11.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ұйымдастыру-инспекторлық

бөлімнің меңгерушісі Б.Закирьянова
БЕКІТЕМІН:

Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы

___________Н.ШЕРУБАЕВ

2011 жылғы «___» ________

Облыс

әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі қызметкерлерінің

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
1.Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі:

Облыс әкімінің аппарат басшысының тікелей басшылығымен жұмыс істейді;

бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтерге дербес жауапты болады;

бөлімнің әрбір қызметкерінің міндеттерін және лауазымдық өкілеттігін белгілейді;

бөлімнің жұмысын жоспарлауды, облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

облыс әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Үкіметі, Парламенті, Орталық сайлау комиссиясы, министрліктері мен ведомстволарының тиісті бөлімдерімен, жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді;

облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және аппараты басшысының тапсырмаларының орындалуына бақылау ұйымдастырады;

облыс әкімі мен облыс әкімі аппараты басшысының атына атқарушылық тәртіптің жағдайы жөнінде ақпараттар, қызметтік хаттар әзірлейді;

облыс әкімі аппаратының, әкімінің, облыстық басқармалардың ай сайынғы негізгі іс-шаралар (оқиғалық) жоспарын жасайды;

облыс әкімдігі мен әкімі аппаратының жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізеді;

азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің қаралуын және тексерілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

қала және аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесуін өткізуін қамтамасыз етеді;

бөлімге кадр таңдауға және орналастыруға, облыс әкімі аппараты басшысына қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ұсыну, оларды көтермелеу мен оларға жаза белгілеу, кезекті еңбек демалысын беру және қызметтік іс-сапарларға жіберу жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысады;

сайлауға дайындықты және өткізуді ұйымдастырады, тоқсан сайын сайлаушылар тізімін салыстырып тексеруді, ОСК, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы және облыстық мәслихатпен өзара қарым-қатынас жасайды.

бөлімдегі істер номенклатурасын жүргізуді, бөлім қызметкерлерінің құпиялық режімін сақтауын ұйымдастырады;

облыс әкімінің және аппарат басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлеріне, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен лауазымдық тұлғаларына орындалуы міндетті тапсырмалар береді;

бөлім қызметкерлеріне облыс қала және аудан әкімі аппараттарын, облыстық басқармаларды бекітеді;

бас инспекторлар арасындағы өзара алмасушылықты айқындайды;

облыс әкімі, оның орынбасарлары және аппараты басшысының атына өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдай мәселелері жөнінде ақпараттар, қызметтік хаттар әзірлейді;

қала және аудан, ауылдық және кенттік округ әкімі аппаратының қызметіне кешенді тексеру ұйымдастырады, олардың жұмысының стилі мен әдісін жетілдіруге көмектеседі. Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және лауазымды тұлғаларды жазалау жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;

әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерімен айналысады;

ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі жоқ кезде оның міндетін облыс әкімі аппараты басшысының, оның орынбасарының келісімі бойынша облыс әкімінің бас инспекторларының біреуі атқарады.

2. Облыс әкімінің бас инспекторы:
облыс аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының қатысуымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;

күнделікті қала және аудан әкімдерінің, басқармалар бастықтарының жүрген жері туралы ақпаратты жиынтықтауды жүзеге асырады;

облыс әкімдігі мен облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің қатысуымен өткізілетін іс-шараларға байланысты қажетті құжаттарды дайындауға, ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысады;

өзі жетекшілік ететін қалаға/ шаруашылық жүргізуші субьектілерге облыс әкімінің жұмыс сапарын ұйымдастыруға қатысады;

қала әкімінің, облыс мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді (жетекшілік етеді);

облыс әкімдігінің отырыстарында қаралатын жарты жылдық мәселелер тізбесін дайындау үшін ұсыныстар енгізеді;

облыс әкімі, аппарат басшысы жанында кеңес өткізуді ұйымдастырады;

облыстың мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, облыстың дамуының өзекті мәселелері бойынша облыс әкіміне, аппарат басшысына ұсыныстар әзірлейді;

жетекшілік ететін қала бойынша барлық өзекті даму мәселелері бойынша деректер қорын, ірі және орта шаруашылық жүргізуші субъектілердің паспорттарын ұдайы жаңалап отырады;

қаланың жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық даму паспортын дайындауға көмектеседі, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерімен шұғылданады;

қала және аудан әкімі аппаратының жұмысына кешенді тексеру ұйымдастырады және өткізеді, тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және лауазымды тұлғаларды жазалау жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;

қала әкімі аппаратындағы құжаттама жүргізу және атқару тәртібінің жағдайын талдайды, ұйымдастыру, кадр жұмысы, іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді;

қала азаматтарының шағымдары мен өтініштерін қарауға және тексеруге қатысады;

өзінің құзыреті шегінде аппараттың, облыс әкімінің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, облыстың мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынас жасайды.

Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің қызметін жүзеге асыру мақсатында өзінің құзыреті шегінде:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдардың басқаруындағы кез-келген, осының ішінде құпия, ақпараттық дерек қорларын пайдалануға;

облыстың қала және аудан әкімі аппараттарында, мемлекеттік органдарында облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына кешенді тексеру ұйымдастыруға және қатысуға;

облыстың қала және аудан әкімдерін, мемлекеттік органдарының басшыларын облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындамағаны және талапқа сай орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Облыс әкімінің бас инспекторы:
облыс аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің қатысуымен өткізілетін іс-шараларға байланысты қажетті құжаттарды дайындауға, ұйымдастыру мәселелерін шешуге қатысады;

өзі жетекшілік ететін қалаға, шаруашылық жүргізуші субьектілерге облыс әкімінің жұмыс сапарын ұйымдастыруға қатысады;

қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылған сыни ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысын тексереді, ақпараттар дайындайды;

қала әкімінің, облыс мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді (жетекшілік етеді);

облыс әкімі, аппарат басшысы жанында кеңес өткізуді ұйымдастырады;

облыс әкімі аппаратының, әкімінің, облыстық басқармалардың ай сайынғы негізгі іс-шаралар (оқиғалық) жоспарын, облыс әкімі жұмысының желілік кестесін әзірлейді;

облыстың мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, облыстың дамуының өзекті мәселелері бойынша облыс әкіміне, аппарат басшысына ұсыныстар әзірлейді;

жетекшілік ететін аудандар бойынша барлық өзекті даму мәселелері бойынша деректер қорын, ірі және орта шаруашылық жүргізуші субъектілердің паспорттарын ұдайы жаңалап отырады;

қаланың жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық даму паспортын дайындауға көмектеседі, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерімен шұғылданады;

аудандар әкімінің жұмысына кешенді тексеру ұйымдастырады және өткізеді, тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және лауазымды тұлғаларды жазалау жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;

аудандар әкімі аппаратындағы құжаттама жүргізу және атқару тәртібінің жағдайын талдайды, ұйымдастыру, кадр жұмысы, іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді;

азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарауға және тексеруге қатысады;

өзінің құзыреті шегінде аппараттың, облыс әкімінің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, облыстың мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынас жасайды.

Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің қызметін жүзеге асыру мақсатында өзінің құзыреті шегінде:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдардың басқаруындағы кез-келген, осының ішінде құпия, ақпараттық дерек қорларын пайдалануға;

облыстың қала және аудан әкімі аппараттарында, мемлекеттік органдарында облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына кешенді тексеру ұйымдастыруға және қатысуға;

облыстың қала және аудан әкімдерін, мемлекеттік органдарының басшыларын облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындамағаны және талапқа сай орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconАқмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Б. З. Жұпыновке Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың сәуір айына Жоспары
Атбасар ауданының аумағында көктемгі ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. ШерубаевқА
Ж. Б. Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» кмқК филиалдары директорлары
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconКурчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
Ру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі (ары қарай – Бөлім) қала әкім аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады,...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconҚазахстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және ШҚо тжд «ӨС және АҚЖҚ»
Жоспарын және Аягөз ауданының тжб жұмысын жетілдіру мақсатында Аягөз ауданының инженерлік-инспекторлық құраммен ҚР «Өрт қауіпсіздігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница