Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже




Скачать 498.6 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже
страница3/5
Дата конвертации15.01.2013
Размер498.6 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

9. Облыс әкімінің бас инспекторы:
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді;

Облыс әкімінің бірінші орынбасарының облыстық экономика және бюджетттік жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының жұмысын үйлестіру жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді, республикалық бағынышты департаменттермен: облыстық салық департаменті, Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті, қазынашылық департаменті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, статистика департаменті, «Ертіс» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің филиалы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың облыстық филиалымен, «Шығыс Қазақстан облыстының Кәсіподақтар кеңесі» қоғамдық бірлестіктер кеңесі, екінші деңгейдегі банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компанияларымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының жұмысын жоспарлауға қатысады; облыс әкімі орынбасарының ақпараттық-талдау, техникалық қызметін жүзеге асырады;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жұмыс сапарын ұйымдастырады;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады;

жетекшілік ететін облыстық басқармалармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады, оларға жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда, олардың жұмысының стилі мен әдісін жетілдіруде, кемшіліктерді жоюда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;

азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарауға және тексеруге қатысады;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының жанында өтетін кеңестерге қатысады;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмалар береді;

облыс әкімінің бірінші орынбасарына ұсынылатын материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының қызметін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық басқармалармен жедел өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан облыс әкімінің бірінші орынбасарының қарауында тұрған мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарға сұрау салады;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының қарауына өзінің қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсібі деңгейі мен біліктілігін арттырады;

облыс әкімі орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындайды;

сектор басшысы жоқ кезде оның міндетін облыс әкімінің бірінші орынбасарының келісімі бойынша бас мамандардың біреуі атқарады.

10. Бас маман
Облыс әкімінің бірінші орынбасарының басшылығымен жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Қаулыларының, өкімдерінің және басқа да заңнамалық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің бірінші орынбасарының хаттамаларының іске асырылуын бақылайды;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының күндік, апталық, тоқсандық жұмыс жоспарының жобасын жасайды, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

жұмыс жоспарларының іске асырылу барысы жөнінде есеп әзірлейді;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының кеңестеріне қатысатындардың тізімін әзірлейді және келіседі, кеңестердің хаттамаларын әзірлейді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіретін және шығатын хат-хабарларды қарауға әзірлейді және енгізеді;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының іс қағаздарын жүргізеді;

облыс әкімі орынбасарының ақпараттық-талдау, техникалық және өзге де қызметін жүзеге асырады;

секторға түсетін қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің, хаттардың және басқа да құжаттардың уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде жетекшілік ететін басқармалардың атына айтылған сыни ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысын тексереді; сектордың іс қағаздарын жүргізеді;

бақылаудағы құжаттар бойынша деректер банкін қалыптастырады және жаңартып отырады;

бөлімдегі істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарын ұйымдастырады;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады, кеңестердің хаттамаларын әзірлейді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне, семинарларға, кеңестерге материалдарды дайындауға қатысады;

облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімінің бірінші орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

облыс әкімінің бірінші орынбасарының және сектор басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды;

11. Облыс әкімінің бас инспекторы:
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді;

облыс әкімі орынбасарының облыстық ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, туризм, дене шынықтыру және спорт, тілдерді дамыту басқармаларының, Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жұмысын үйлестіру жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді, республикалық бағынышты департаменттермен: мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, балалар құқын қорғау департаменті, фармациялық және медициналық қызметті бақылау департаменті, медициналық қызметтерді төлеу департаментімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен жедел өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

жетекшілік ететін басқармаларға жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда, олардың жұмысының стилі мен әдісін жетілдіруде, кемшіліктерді жоюда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырысына, семинарларға, кеңестерге материалдар дайындауға қатысады;

облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмалар береді -облыс әкімі орынбасарының жұмысын жоспарлауға қатысады;

жетекшілік ететін облыстық департаменттер және басқармалармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан облыс әкімі орынбасарының қарауында тұрған мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарға сұрау салады;

облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреті шегінде әлеуметтік-саяси процесстерді зерделеу, саяси жағдайды және облыстың дамуының аса маңызды мәселелері бойынша қоғамдық пікірді мониторинг жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;

қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде жетекшілік ететін басқармалардың атына айтылған сыни ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысын тексереді;

облыс әкімі орынбасарының қарауына жетекшілік ететін басқармалардың жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырысына, семинарларға, кеңестерге материалдар дайындауды ұйымдастырады және қатысады;

жетекшілік ететін басқармаларда облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының қатысуымен іс-шаралар өткізуге байланысты қажетті құжаттарды әзірлейді және ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

облыс әкімі орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарын ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының кеңестерін дайындауға және өткізуге қатысады;

азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарауға және тексеруге қатысады;

облыс әкімінің орынбасарына ұсынылатын материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді;

облыс әкімі орынбасарының жұмысын жоспарлауға қатысады, облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырып отырады;

облыс әкімі орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындайды;

сектор басшысы жоқ кезде оның міндетін облыс әкімі орынбасарының келісімі бойынша бас мамандардың біреуі атқарады.

12. Бас маман -

әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат

жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы
Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен жұмыс істейді;

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Қаулыларының, өкімдерінің және басқа да заңнамалық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарының хаттамаларының іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының күндік, апталық, тоқсандық жұмыс жоспарының жобасын жасайды, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; облыс әкімі орынбасарының іс қағаздарын жүргізеді;

облыс әкімі орынбасарының кеңестеріне қатысатындардың тізімін әзірлейді және келіседі;

жұмыс жоспарларының іске асырылу барысы туралы есеп әзірлейді;

облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіретін және шығатын хат-хабарларды қарауға әзірлейді және енгізеді;

жетекшілік ететін басқармалардың облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады;

секторға түсетін қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің, хаттардың және басқа да құжаттардың уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының ақпараттық-талдау, техникалық және өзге де қызметін жүзеге асырады;

облыстың жергілікті атқарушы органдары және азаматтық қоғам институттарымен отбасы мүддесін қорғау және «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын» іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-әрекеттеседі;

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекіткен ережеге сәйкес Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

мыналарды қалыптастырады және тұрақты жаңалап отырады:

бақылаудағы құжаттар, осының ішінде бақылаудан алынған құжаттар бойынша деректер қорын, басқармалардың есептері бойынша деректер қорын;

облыс әкімі орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарын ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады, кеңестердің хаттамаларын әзірлейді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілістеріне, семинарларға, кеңестерге материалдарды дайындауға қатысады;

бөлімдегі істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;

сектордың іс қағаздарын жүргізеді;

облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;


13.Облыс әкімінің бас инспекторы,
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді;

облыс әкімі орынбасарының облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау, сәулет және қала құрылысы, энергетика және коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармаларының жұмысын үйлестіру жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді, республикалық бағынышты департаменттермен: қорғаныс істері, төтенше жағдайлар, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттандыру және байланыс басқармасымен, Автомобиль жолдары комитетімен, «Қазпочта» акционерлік қоғамының облыстық филиалымен, «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалымен, Көші-қон комитеті департаментімен, облыстық телекоммуникация дирекциясымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

облыс әкімі орынбасарының жұмысын жоспарлауға қатысады;

облыс әкімі орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарын ұйымдастырады;

жетекшілік ететін облыстық басқармалармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының жанында өтетін кеңестерге қатысады;

облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмалар береді;

облыс әкімінің орынбасарына ұсынылатын материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді;

облыс әкімі орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады, кеңестердің хаттамаларын әзірлейді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырысына, семинарларға, кеңестерге материалдар дайындауға қатысады;

облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

бөлімдегі істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;

облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен жедел өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан облыс әкімі орынбасарының қарауында тұрған мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарға сұрау салады;

облыс әкімі орынбасарының қарауына өзінің қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсібі деңгейі мен біліктілігін арттырады;

облыс әкімі орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындайды.

сектор басшысы жоқ кезде оның міндетін облыс әкімі орынбасарының келісімі бойынша бас мамандардың біреуі атқарады;

14.Бас маман

Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен жұмыс істейді;

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Қаулыларының, өкімдерінің және басқа да заңнамалық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарының және сектор басшысының тапсырмаларын орындайды;

жетекшілік ететін басқармаларға жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда, олардың жұмысының стилі мен әдісін жетілдіруде, кемшіліктерді жоюда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

облыс әкімі орынбасарының күндік, апталық, тоқсандық жұмыс жоспарының жобасын жасайды, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіретін және шығатын хат-хабарларды қарауға әзірлейді және енгізеді;

облыс әкімі орынбасарының ақпараттық-талдау, техникалық және өзге де қызметін жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен жедел өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының кеңестеріне қатысатындардың тізімін әзірлейді және келіседі, кеңестердің хаттамаларын әзірлейді және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілістеріне, семинарларға, кеңестерге материалдар дайындауға қатысады;

жетекшілік ететін басқармалардың облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады;

секторға түсетін қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің, хаттардың және басқа да құжаттардың уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

бақылаудағы құжаттар, осының ішінде бақылаудан алынған құжаттар бойынша деректер қорын қалыптастырады және тұрақты жаңалап отырады;

жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына кешенді тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;

қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде жетекшілік ететін басқармалардың атына айтылған сыни ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысын тексереді; сектордың іс-қағаздарын жүргізеді;

облыс әкімі орынбасарының және сектор басшысының жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзге де тапсырмаларын орындайды.
1   2   3   4   5

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconАқмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Б. З. Жұпыновке Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың сәуір айына Жоспары
Атбасар ауданының аумағында көктемгі ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. ШерубаевқА
Ж. Б. Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» кмқК филиалдары директорлары
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconКурчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
Ру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі (ары қарай – Бөлім) қала әкім аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады,...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconҚазахстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және ШҚо тжд «ӨС және АҚЖҚ»
Жоспарын және Аягөз ауданының тжб жұмысын жетілдіру мақсатында Аягөз ауданының инженерлік-инспекторлық құраммен ҚР «Өрт қауіпсіздігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница