Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже

Скачать 498.6 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже
страница4/5
Дата конвертации15.01.2013
Размер498.6 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

15. Облыс әкімінің бас инспекторы
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді;

облыс әкімі орынбасарының ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу, жер қатынастары басқармаларының жұмысын үйлестіру жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді, республикалық бағынышты департаменттермен: Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаментінің бөлімшесі, орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің өңіраралық жер инспекциясы, Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, «Шығыссушар» су шаруашылығы жөніндегі Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығының ы-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серкітестігі, «Агро» ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің Шығыс Қазақстан ассоциациясы, аңшылар мен балықшылар қоғамымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

облыс әкімі орынбасарының жұмысын жоспарлауға қатысады;

облыс әкімі орынбасарының қызметіне ақпараттық-талдау, техникалық және өзге де қолдау көрсетеді;

облыс әкімі орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарын ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады, кеңестердің хаттамаларын әзірлейді;

жетекшілік ететін облыстық департаменттер және басқармалармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады; оларға жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда, олардың жұмысының стилі мен әдісін жетілдіруде, кемшіліктерді жоюда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

облыс әкімі орынбасарының кеңестеріне қатысатындардың тізімін әзірлеуге және келісуге қатысады, олардың орындалуына бақылау ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмалар береді;

облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіретін және шығатын хат-хабарларды қарауға әзірлеуге қатысады;

облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

облыс әкімінің орынбасарына ұсынылатын материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілістеріне, семинарларға, кеңестерге материалдар дайындауға қатысады;

жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына кешенді тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;

бөлімдегі істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;

облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен жедел өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан облыс әкімі орынбасарының қарауында тұрған мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарға сұрау салады;

облыс әкімі орынбасарының қарауына өзінің қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсібі деңгейі мен біліктілігін арттырады;

облыс әкімі орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындайды;

сектор басшысы жоқ кезде оның міндетін облыс әкімі орынбасарының келісімі бойынша бас мамандардың біреуі атқарады.

16. Бас маман
Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Қаулыларының, өкімдерінің және басқа да заңнамалық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларын орындайды;

облыс әкімі орынбасарының күндік, апталық, тоқсандық жұмыс жоспарының жобасын жасайды, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

жұмыс жоспарларының іске асырылу барысы жөнінде есеп әзірлейді;

облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіретін және шығатын хат-хабарларды қарауға әзірлейді және енгізеді;

облыс әкімі орынбасарының кеңестеріне қатысатындардың тізімін әзірлейді және келіседі,

жетекшілік ететін басқармалардың облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады;

секторға түсетін қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің, хаттардың және басқа да құжаттардың уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының қызметіне ақпараттық-талдау, техникалық және өзге де қолдауды жүзеге асырады;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне, семинарларға, кеңестерге материалдарды дайындауға қатысады;

облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде жетекшілік ететін басқармалардың атына айтылған сыни ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысын тексереді;

бақылаудағы құжаттар, басқармалардың есептері бойынша деректер банкін қалыптастырады және жаңартып отырады;

бөлімдегі істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;

17. Облыс әкімінің бас инспекторы

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді;

облыс әкімі орынбасарының облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жұмысын үйлестіру жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді;

республикалық бағынышты департаменттер және басқармалармен: техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті; ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңіраралық инспекциясы, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің басқармасы, «Шығысқазқойнау» геология және жер қойнауын пайдаланушылар комитеті аумақтық басқармасымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

сектордың жұмысын ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының жұмысын жоспарлауға қатысады;

жетекшілік ететін басқармалардың облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының ақпараттық-талдау, техникалық және өзге де қызметін жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарын ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады;

жетекшілік ететін облыстық департаменттер және басқармалармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады; оларға жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда, олардың жұмысының стилі мен әдісін жетілдіруде, кемшіліктерді жоюда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

облыс әкімі орынбасарының кеңестеріне қатысатындардың тізімін әзірлеуге және келісуге қатысады, олардың орындалуына бақылау ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмалар береді;

облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіретін және шығатын хат-хабарларды қарауға әзірлеуге қатысады;

облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

облыс әкімінің орынбасарына ұсынылатын материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілістеріне, семинарларға, кеңестерге материалдар дайындауға қатысады;

жетекшілік ететін басқармалардың жұмысына кешенді тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;

бөлімдегі істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;

облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен жедел өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;

аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан облыс әкімі орынбасарының қарауында тұрған мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарға сұрау салады;

облыс әкімі орынбасарының қарауына өзінің қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсібі деңгейі мен біліктілігін арттырады;

облыс әкімі орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындайды;

сектор басшысы жоқ кезде оның міндетін облыс әкімі орынбасарының келісімі бойынша бас мамандардың біреуі атқарады.

18. Бас маман
Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Қаулыларының, өкімдерінің және басқа да заңнамалық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларын орындайды;

облыс әкімі орынбасарының күндік, апталық, тоқсандық жұмыс жоспарының жобасын жасайды, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

жұмыс жоспарларының іске асырылу барысы жөнінде есеп әзірлейді;

облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша кіретін және шығатын хат-хабарларды қарауға әзірлейді және енгізеді;

облыс әкімі орынбасарының кеңестеріне қатысатындардың тізімін әзірлейді және келіседі,

секторға түсетін қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің, хаттардың және басқа да құжаттардың уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының қызметіне ақпараттық-талдау, техникалық және өзге де қолдауды жүзеге асырады;

облыс әкімі орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергілікті мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс сапарын ұйымдастырады;

облыс әкімі орынбасарының облыс басқармалары, департаменттері, кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларымен қызмет бабындағы кездесуін ұйымдастырады, кеңестердің хаттамаларын әзірлейді;

жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне, семинарларға, кеңестерге материалдарды дайындауға қатысады;

бөлімдегі істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимді сақтайды;

облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесі қызметкерлерімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде жетекшілік ететін басқармалардың атына айтылған сыни ескертулер мен ұсыныстардың орындалу барысын тексереді;

сектордың іс қағаздарын жүргізеді;

облыс әкімі орынбасарының және сектор басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды;

өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін көтереді.

19. Облыс әкімінің бас инспекторы,

бақылау секторының басшысы
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді;

Бақылау секторына басшылықты жүзеге асырады.

Бақылауға жататын Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заңнамалық актілерінің, орталық атқарушы органдардың хаттамалық тапсырмаларының, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің нормативтік құқықтық актілерін, орталық атқарушы органдардың хаттамалық тапсырмаларын тіркеуді, есепке алуды және сапалы, уақытында және толық орындалуына бақылауды жүзеге асырады; Сол бір мәселе бойынша тапсырмаларды бақылаудың қайталануына жол бермейді;

Бақылаудағы құжаттардың белгіленген мерзімдерде және толық көлемде орындалуын, уақытында бақылаудан алынуын, немесе, қажет болған жағдайда, бақылау мерзімінің ұзартылуын бақылайды; Орындау мерзімдеріне сәйкес, бақылауда тұрған құжаттарды орындау туралы орындаушылардың есіне салуды жүзеге асырады;

Облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін және хаттамалық тапсырмаларын орындауға бақылауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысын бақылайды және үйлестіреді;

Облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарында және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқармаларда құжаттандырудың жүргізілуіне және атқарушылық тәртіптің жағдайына талдау жасайды;

Облыстық басқармалардың жұмысына ұдайы кешенді тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізеді;

Мыналарды:

бақылаудағы, осының ішінде бақылаудан алынған құжаттар бойынша деректер қорын;

аппарат бөлімдерінің, облыстық басқармалардың есептері бойынша деректер қорын қалыптастырады және тұрақты түрде жаңартады;

Іс қағаздарын жүргізу мәселелері жөнінде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

Өзінің құзыреті шегінде орындалуы міндетті тапсырмалар береді;

Облыс әкіміне ұсынылатын материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді;

облыс әкімі тапсырмаларының орындалу барысы туралы әр апта сайын есеп әзірлейді;

«Lotus Domino Server» негізіндегі электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді;

Облыс әкімі аппараты басшысының, оның орынбасарларының, бөлім меңгерушісінің өзге де тапсырмаларын орындайды;

Сектор басшысы жоқ кезде оның міндетін облыс әкімі аппараты басшысының және бөлім меңгерушісінің келісімі бойынша бас мамандардың біреуі атқарады.

20. Бақылау секторының бас маманы
Бақылауға жататын облыс әкімдігі қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, облыс әкімінің облыс әкімдігінің отырыстарында берген тапсырмалары бойынша есепке алуды және іс қағаздарын жүргізеді;

Олардың белгіленген мерзімдерде және толық көлемде орындалуын, уақытында бақылаудан алынуын, немесе, қажет болған жағдайда, бақылау мерзімінің ұзартылуына бақылауды жүзеге асырады;

Басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдері аппаратының облыс әкімдігі қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауға бақылауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысын бақылайды және үйлестіреді;

Облыс әкімі аппаратының барлық қызметтерімен облыс әкімінің тапсырмаларын орындау және басшылыққа қажетті ақпарат беру мәселелері жөнінде өзара қарым-қатынас жасайды;

Орындау мерзімдеріне сәйкес, бақылауда тұрған құжаттарды орындау туралы орындаушылардың есіне салуды жүзеге асырады; Облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырмаларын орындау жөнінде берілген анықтамалар мен ақпараттарға талдау жүргізеді;

Өзінің құзыреті шегінде бақылаудағы құжаттарды уақытында және сапалы орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы;

Облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппаратында және басқармаларда құжаттандырудың жүргізілуіне және атқарушылық тәртіптің жағдайына талдау жасайды;

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқармалардың бақылаудағы құжаттарды орындауы жөніндегі жұмысына кешенді тексеру ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;

Бақылаудағы, осының ішінде бақылаудан алынған құжаттар бойынша деректер қорын; аппарат бөлімдерінің, әкімдіктің, облыстық басқармалардың есептері бойынша деректер қорын қалыптастырады және тұрақты түрде жаңартып отырады;

Облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріндегі және оның қатысуымен өткен іс – шаралардағы сол бір мәселелер бойынша тапсырмаларды бақылаудың қайталануына жол бермейді;

Іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді;

Облыс әкімдігі қаулалырының, әкімі облыс әкімдігінің отырыстарында берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде ай сайын есеп әзірлейді;

«Lotus Domino Server» негізіндегі электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істейді;

Бөлім және сектор меңгерушілерінің жекелеген тапсырмаларын орындайды.
1   2   3   4   5

Похожие:

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconАқмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Б. З. Жұпыновке Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың сәуір айына Жоспары
Атбасар ауданының аумағында көктемгі ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. ШерубаевқА
Ж. Б. Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» кмқК филиалдары директорлары
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconКурчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
Ру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі (ары қарай – Бөлім) қала әкім аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады,...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже iconҚазахстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және ШҚо тжд «ӨС және АҚЖҚ»
Жоспарын және Аягөз ауданының тжб жұмысын жетілдіру мақсатында Аягөз ауданының инженерлік-инспекторлық құраммен ҚР «Өрт қауіпсіздігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница