Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы




НазваниеҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы
Дата конвертации15.01.2013
Размер37.6 Kb.
ТипДокументы



Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 20 қаңтар №15 Астана қаласы
Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 123-бабының 2-тармағына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Р.ТҮСІПБЕКОВ.

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылғы 20 қаңтардағы №15

бұйрығымен бекітілген

Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды

есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесі
1. Осы Ереже «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 123-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу тәртібін реттейді.

2. Ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу мақсатында жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабы (бұдан әрі – депозиттік кітап) жүргізіледі.

3. Депозиттік кітап нөмірленеді, тігіледі, жеке сот орындаушысының қолы қойылып, мөрімен куәландырылады.

4. Депозиттік кітапта: ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні; атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі; төлем құжатының атауы мен нөмірі; борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өндіріп алушы өкілінің деректері; түскен соманың мөлшері; төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн; төленген соманың мөлшері, егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі, алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); төленбеген соманың қалдығы көрсетіледі.

5. Депозиттік кітапты ашу кезінде оған жеке сот орындаушысының сол күнгі банктегі ағымдағы шотында бар қалдық сома түгелдей енгізіледі. Кейіннен банктен үзінділердің келіп түсуіне қарай жазба жүргізіледі.

6. Жеке сот орындаушысының ағымдағы шотынан соманы аудару туралы өтінішін алу кезінде, жеке сот орындаушысы ақшалай қаражатты аударуға арналған үш данада төлем шотын ресімдейді.

Аталған төлем шотының орындалуы туралы банктің белгілеуінен кейін жеке сот орындаушысы депозиттік кітапта тиісті жазба жүргізеді. Төлем шотының бір данасы атқарушылық іс жүргізу материалдарына тіркеледі, екіншісі хронологиялық тәртіпте нарядқа жеке тігіледі. Атқарушылық құжат бойынша тиесілі соманы аудару туралы өтініші де атқарушылық іс жүргізу материалдарына тігіледі.
Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды

есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесіне

қосымша

Нысан




Ағымдағы шоттағы соманы есепке алу кітабы (депозиттік кітап)


Р/с №

Ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні

Атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі

Төлем құжатының атауы мен нөмірі

Борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

Өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өнідіріп алушы өкілінің деректері

Түскен соманың мөлшері

Төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн


Төленген соманың мөлшері (егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі), және алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

Төленбеген соманың қалдығы


Ескертпе

1

2

3

4

5

6


7

8

9

10

11



Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6754 болып енгізілді.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м а. 2010 жылғы...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 28 наурыз №132 Астана қаласы
«Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconНотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3 тармақшасына сәйкес бұйырамын
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы
Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2010 жылғы 9 желтоқсан №326 Астана қаласы Бағалау стандарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, бұйырамын
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2 тармақшасына сәйкес бұйырамын
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы
Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасында медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігін жіктеу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы n 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №33 бұйрығы «Нотариат туралы»
Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустермен куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница