Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және




НазваниеҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және
Дата конвертации15.01.2013
Размер91.3 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің

2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және

2012 жылға қойылған міндеттер туралы кеңейтілген алқа мәжілісінің

ХАТТАМАСЫ

(екінші бөлім)


2012 жылғы 2 ақпан Астана қ.

Төрағалық еткен:

ҚР Статистика агенттігінің

төрағасы Ә. Смайылов
Қатысқандар: тізім бойынша

1. «ҚРСА 2011–2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының іске асырылуы, ҚРСА Операциялық жоспарының орындалуы, 2011 жылға аумақтық статистика органдарының қызметін бағалау туралы», «Әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде атқарылатын жұмыс туралы»

(Орынханов)

  1. Стратегиялық даму департаментінің (бұдан әрі – СДД) директоры Қ.К. Орынхановтың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. СДД:

  1. кезекті алқа басталмас бұрын аумақтық органдарға және салалық департаменттерге алқа материалдарының 3 жұмыс күні ішінде таратылуын қамтамасыз етсін;

  2. Агенттіктің салалық департаменттерімен бірге ақпаратты пайдалану және көрсеткіштердің қайталануын болдырмау мәніне келісуге ұсынылатын әкімшілік дереккөздердің нысандарына егжейлі-тегжейлі талдау жүргізсін.

  1. Салалық департаменттер Агенттіктің Операциялық жоспары іс-шараларының сапалы жоспарлануын қамтамасыз етсін.

  2. Аумақтық органдар өңірлік деңгейде әкімшілік есепке алу нысандарын келісу бойынша әкімшілік дереккөздермен жұмысты жалғастырсын.


2. «Ұлттық шоттар департаментінің 2011 жылғы жұмыс қорытындылары және 2012 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы»

(Шоқаманов)

  1. Ұлттық шоттар департаментінің (бұдан әрі – ҰШД) директоры Ю.К. Шоқамановтың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. ҰШД:

1) Агенттік төрағасының атына 2011 жылы бекітілген әдіснамалық жұмыстарды енгізу бойынша есепті дайындасын;

2) басқа мемлекеттік органдардың статистикалық қызметін үйлестіруді қоса алғанда, 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ 2008) енгізудің 2011 – 2014 жылдарға арналған жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етсін;

3) ҰШЖ 2008 енгізу жоспарын іске асырудың проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстарды Мемлекеттік статистика жөніндегі кеңеске енгізсін.
3. «Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаментінің

2011 жылғы жұмысы, проблемалық мәселелері және

оларды шешу жолдары туралы»

(Епбаева)

  1. Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаментінің (бұдан әрі – ӨҚОСД) директоры А.Т. Епбаеваның ақпараты мәліметке алынсын.

  2. ӨҚОСД аумақтық органдардың ұсыныстарын есепке ала отырып, ҚР АШМ-ге ауыл шаруашылығы статистикасының деректерін жақсарту бойынша бірлескен шаралар туралы ұсыныстарды дайындасын.

  3. Аумақтық органдар мыналарды:

  1. «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көзделген нысаналы индикаторларды қалыптастыру үшін алғашқы деректердің дәйектілігі мен мезгілдігін қамтамасыз етсін;

  2. Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша ұсынылатын ақпараттың сапасына, мезгілдігі мен дәйектілігіне, Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген жобалық қуаттылыққа шығу мерзімдері және объектілер бойынша құндық және заттай көріністегі өндіріс көлемдері бойынша деректердің сапасына назар аударылсын;

  3. а.ж. 9 ақпанға дейінгі мерзімде астықтың қолда бары және қозғалысы туралы деректердің сапасын және әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берсін.



4. «Қызмет көрсету статистикасын қалыптастырудың өзекті мәселелері»

(Якупова)

  1. Қызмет көрсету статистикасы департаментінің (бұдан әрі – ҚКСД) директоры З.Р. Якупованың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. Аумақтық органдарға тұрақты негізде:

  1. респонденттердің тобын кеңейту және 1-КО (айлық) нысаны бойынша экспорт және импорт деректерін егжей-тегжейлі талдау бойынша жұмысты жүргізсін;

  2. Кеден одағы елдерімен өзара сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер тізбесі бойынша ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараты негізінде 1-КО (айлық) статистикалық нысаны бойынша респонденттердің тізімін өзектендірсін;

  3. 1-КО (айлық) статистикалық нысаны бойынша респонденттерді қамту бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Агенттікке тоқсан сайын ұсынсын.


5. «Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыс қорытындылары және 2012 жылға қойылған міндеттері»

(Қоқанова)


  1. Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің (бұдан әрі – ӘДСД) директоры Г.Ж. Қоқанованың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. ӘДСД және аумақтық органдары ҚР нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес халық санағы бойынша құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін.

  3. ӘДСД 2013 жылы статистикалық нысандарды қайта қарау және жандандыру шеңберінде қажет болған жағдайда «Денсаулық сақтаудағы желі, кадрлар және қызмет туралы есеп» (1-денсаулық, жылдық) статистикалық нысанын өзгертуді қарастырсын.

  4. Аумақтық органдар:

  1. «Қылмыстылық деңгейі және оның нәтижелерін тіркеу» халықты әлеуметтік-статистикалық зерттеуге дайындау және жүргізу бойынша барлық ұйымдастыру іс-шараларын жүргізсін;

  2. Агенттікке ӘАОЖ сапалы жандандыруға арналған жерлерде өткен әкімшілік-аумақтық бөлімшелер бойынша маслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен шешімдерінің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етсін.



6. «Жұмыс қорытындылары мен еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасын дамытудың перспективалары туралы»
(Евстафьев)


  1. Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің (бұдан әрі – ЕТДСД) директоры В.Е. Евстафьевтың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. Аумақтық органдар:

  1. жаңа байқаулардан сапалы нәтижелерді алу үшін интервьюерлермен нұсқау жүргізсін және олардың жұмысына бақылауды күшейтсін;

  2. байқауларды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген, интервьюерлердің жұмыстарын бақылау іс-шараларын жүзеге асырсын.

  1. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының және Алматы қаласының Статистика департаменттері «АЕО» РМК-мен бірге «Уақыт бюджеті» модулі бойынша бағдарламалық кешендерді сынақтан а.ж. 19 наурызға дейінгі мерзімде жүргізсін;

  2. Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарының Статистика департаменттері «АЕО» РМК-мен бірге Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу сауалнамасы бойынша бағдарламалық кешенді сынақтан а.ж. 13 ақпанға дейін жүргізсін.

7. «Баға статистикасы департаментінің

2011 жылғы негізгі қорытындылары және

2012 жылға баға статистикасының міндеттері туралы»
(Разживина)


  1. Баға статистикасы департаменті (бұдан әрі – БСД) директорының орынбасары И.М. Разживинаның ақпараты мәліметке алынсын.

  2. БСД-2011 Жаһандық раунды үшін ақпараттық материалдардың дайындалуын аяқтасын және ТМД Статкомитетіне тапсырылуын қамтамасыз етсін.



8. «2011 жылы атқарылған жұмысы мен тіркелімдерді және жарияланымдарды дамыту бойынша жоспарлар туралы»

(Қосбергенов)


  1. Тіркелімдер және жарияланымдар департаменті (бұдан әрі – ТЖД) директорының міндетін атқарушы С.Қ. Қосбергеновтың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. ТЖД (аумақтық органдардың ұсыныстарын ескере отырып) есептеулерді қайта қарасын және 1 баспа бетінің құны бойынша ұсыныстарды енгізсін.

  3. Агенттіктің салалық департаменттері аумақтық органдармен бірге каталогтарға тапсырыс кестелерінің сапалы қалыптастырылуын қамтамасыз етсін.

  4. Аумақтық органдар бұзушылықтарды анықтаған жағдайда лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартумен бірге, әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге бақылауды күшейтсін.



9. «2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» және «2012 жылғы қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу және құжатайналым туралы»

(Көшкімбаев)


  1. Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы Н.Ж. Көшкімбаевтың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. ҚҚҚД:

  1. ҚР Президенті Әкімшілігінің ПІБ-мен қосымша алаң бөлу мәселесімен жұмыс жүргізілсін;

  2. ҚР Қаржыминімен тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысты мәселемен жұмыс жүргізілсін және барлық аумақтық органдарға ҚР Қаржыминінің түсіндірмесі жолдансын.

  1. Аумақтық органдар:

  1. Жыл ішінде бюджеттік қаражатты 100 % игеруді;

  2. Электрондық құжатайналымның бірыңғай жүйесін пайдалану бойынша белсенді жұмыс жүргізуді;

  1. есептілік уақтылы ұсынуды, сондай-ақ Oracle өнеркәсіптік платформасы бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында тіркеуді қамтамасыз етсін.


10. «Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаментінің 2011 жылғы жұмыс қорытындылары туралы»

(Жасұзақов)


  1. Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі -ҚҰҚД) директоры С.С. Жасұзақовтың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. ҚҰҚД күнтізбелік 10 күн ішінде аумақтық статистика департаменттері құрылым жөніндегі Агенттік басшылығына ұсыныстарды жинасын және енгізсін.

  3. Маңғыстау, Атырау, Ақмола облыстарының Статистика департаменттері мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттырудың өте төмен деңгейде қамтылу себебі туралы түсініктеме берсін.



11. «Аумақтық статистика органына СМЖ енгізу тәжірибесі туралы»

(Искаков)


  1. Қарағанды облысының Статистика департаментінің (бұдан әрі -Департамент) бастығы Е.С. Искаковтың ақпараты мәліметке алынсын.

  2. Аумақтық органдар жұмыс орнында СМЖ енгізу жөніндегі жауапты тұлғаларды тағайындасын.


12. Алматы облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі

(Имирова)

  1. Алматы облысының Статистика департаменті (бұдан әрі -Департамент) бастығының орынбасары С.К. Имированың ақпаратын тыңдап, департамент жұмысын ұйымдастырудағы олқылықтары мен кемшіліктері атап көрсетілсін.

  2. Департамент бастығы жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.


13. Атырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі

(Қыстаубаева)


  1. Атырау облысының Статистика департаментінің (бұдан әрі -Департамент) бастығы А.Б. Қыстаубаеваның ақпаратын тыңдап, Департамент жұмысын ұйымдастырудағы олқылықтары мен кемшіліктері атап көрсетілсін.

  2. Департамент бастығы жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.


14. Маңғыстау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі

(Шақабаева)


  1. Маңғыстау облысының Статистика департаментінің (бұдан әрі -Департамент) бастығы А.Б. Қыстаубаеваның ақпаратын тыңдап, Департамент жұмысын ұйымдастырудағы олқылықтары мен кемшіліктері атап көрсетілсін.

  2. Департамент бастығы жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.


15. Әр түрлі


  1. ЖАТД Агенттіктің салалық департаменттерімен бірге 2012 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде 65 статистикалық есептілік нысаны бойынша есептерді он-лайн режимінде қабылдауды қамтамасыз етсін және қалған барлық нысандар бойынша есептерді он-лайын режимінде жинауды 2013 жылғы 1 шілдеге дейін қарастырсын.

  2. Агенттіктің департаменттері:

  1. Статистикалық әдіснамаларды жеделдетіп енгізуді қамтамасыз етсін;

  1. жыл сайын ОСД қатысуымен аумақтық органдар мамандарының білімдерін жоғарылау мақсатында семинар өткізілсін.

  2. Стратегиялық даму департаменті осы хаттаманың орындалуы бойынша 2012 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде жиынтық есепті ұсынсын.

  3. Осы тапсырмалардың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.



Төраға Ә. Смайылов

Похожие:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының м а. 2011 жылғы «21» қыркүйек №263 бұйрығымен бекітілген 007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары»
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде серверлік жабдықтың...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconАтырау облысының Статистика департаментінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы №1424 қаулысымен бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарында және Атырау облысының...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2011 жылғы 15 наурыз №73 Астана қаласы
...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының 2011 жылғы «23» қыркүйек №267 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде дербес компьютерлерді...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұйрығы 2011 жылғы 2 тамыз №211 Астана қаласы
Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы №233 Көлік статистикасы бойынша жалпымемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі жауапты хатшысының 2011 жылғы «15» шілде №192 бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің күрделі шығыстары» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде серверлік жабдықтың...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының
Статистикалық көрсеткіштер жіктелімінің және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпараттық-талдамалық жүйесінде оларға...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және icon2008 жылғы «28» мамырдағы №81 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
...
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы жұмыстарының қорытындылары және iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және сыныптамалар департаменті Әзірледі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница